"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы

Дәреже: "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы

 

2017 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №827 Қаулысымен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. 

Бағдарламаның негізгі мақсаты – орта мерзімді перспективада цифрлық технологияларды пайдалану арқылы республика экономикасының даму қарқынын жеделдету және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада Қазақстан экономикасын болашақтың цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму жолына көшіру үшін жағдай жасау. 

Бағдарлама 2018-2022 жылдар кезеңінде іске асырылады және елдің флагмандық салаларын технологиялық жаңғыртуға қосымша серпін береді, еңбек өнімділігінің ауқымды және ұзақ мерзімді өсуіне жағдай жасайды.  

Бағдарламаның толық мәтінін жүктеп алу 

«Тест құрастыру платформаларының қолдану тиімділігі» атты тақырыпта семинар ұйымдастырып өткізілді

Пән мұғалімдері Г. А. Уркен, О. М. Елемес, А. Жаңғазықызы, А. М. Малибекова бірлесіп «Тест құрастыру платформаларының қолдану тиімділігі» атты тақырыпта семинар ұйымдастырып өткізді. Осы семинарда мұғалімдер келесі платформалармен танысты...

2023-02-16 13:32:58

Скачать Смотреть

«Мультимедиялық презентацияларды жасауға арналған Prezi. Powtoon. Piktochart сервистерін қолдану мүмкіндіктері» тақырыбында воркшоп

6 қаңтар күні қалалық Білім бөлімінің «Педагогтердің АКТ құзыреттілігін жоғарылату» жобасының жұмыс жоспары бойынша «Михаил Русаков атындағы мектеп-интернаты» КММ-нің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Коктаева Нургуль Нуроллаевна Zoom сервисі арқылы қала мұғалімдеріне «Мультимедиялық презентацияларды жасауға арналған Prezi. Powtoon. Piktochart сервистерін қолдану мүмкіндіктері» тақырыбында воркшоп ұйымдастырып өткізді.

2023-01-08 12:45:37

Скачать Смотреть

Online Test Pad, Quizlet ойындар мен тесттер жасау қызметтерінің қолдану тиімділігі» тақырыбында семинар

6 қаңтар күні қалалық білім бөлімінің «Педагогтердің АКТ құзыреттілігін жоғарылату» жобасының жұмыс жоспары бойынша «Михаил Русаков атындағы мектеп-интернаты» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Біләл Наздана Жаңабекқызы Zoom сервисі арқылы қала мұғалімдеріне «Бастауыш сыныптарды оқытуда Online Test Pad, Quizlet ойындар мен тесттер жасау қызметтерінің қолдану тиімділігі» тақырыбында воркшоп ұйымдастырып өткізді.

2023-01-08 12:43:43

Скачать Смотреть

«Презентация бағдарламасының қосымша мүмкіндіктері: схемалар, басқару элементтері, гиперсілтемелер» тақырыбында цифрлық сауаттылық сабағы өтті...

25 қараша күні Аманбекова Г. М., бастауыш сынып мұғаімі «Презентация бағдарламасының қосымша мүмкіндіктері: схемалар, басқару элементтері, гиперсілтемелер» тақырыбында цифрлық сауаттылық сабағы өтті. Мақсаты: Бағдарламаның негізгі мүмкіндіктері. Қазіргі таңдағы ақпараттық технология үрдісін қолдана отырып, презентация құруда слайдтармен жүйелі жұмыс жасау. Ұстаздар «PowerPoint» бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдалану ерекшеліктерімен бөлісті. Диаграммала жасау, схемалармен жұмыс жасау тиімділігін көрсетті.

2022-12-07 16:05:17

Скачать

«Мұғалім жұмысындағы бұлтты серверлер» атты мастер-класс өтті...

2022 жылдың 28 қазаны күні математика пәнінің мұғалімі Ахметова Д. Д. интернет қызметтерін қолдана отырып, құжаттарды құру, өзгерту және қарастыруда бірлесе жұмыс істеу мақсатында мұғалімдерге арналған «Мұғалім жұмысындағы бұлтты серверлер» атты мастер-класс өткізді. Мұғалімдерге: «Бүгінгі таңда деректерді жойылып кетуден сақтаудың қандай сенімді әдістерін білесіз?», «Өзіңнің деректеріңді әлемнің кез келген түкпірінде өңдеудің қандай мүмкіндіктері бар?» атты түрткі сұрақтарды қарастыру арқылы, бұлтты серверлердің түрлері қарастырылды. Бұлтты серверлердің жұмыс барысында «флеш-дискілерсіз» ақпаратты тасымалдауының, ақпаратты ұзақ мерзімге сақталуының артықшылықтары айтылды.

2022-12-06 15:57:56

Скачать Смотреть

«Мұғалім жұмысында MS Excel электрондық кестелерін қолдану» семинар-практикум өтті...

23 қыркүйек күні ұстаздарға «Мұғалім жұмысында MS Excel электрондық кестелерін қолдану» семинар-практикум өтті. Мақсаты: Ұстаздардың электронды деректерді құру білімдерін тереңдету, толықтыру. Семинар барысында 1) Кесте құруға және оларға ат қойып, дискіге сақтауға; 2) Сақталған кестелерді ашуға және оларға түзету жасауға; 3) Кестеге жол, баған, немесе ұяшықтар қосуға; 4) Кестеден жол, баған немесе ұяшықтардан алып тастауға; 5) Жол, баған немесе ұяшықтарды ішіндегісін көшіруге немесе орнын ауыстыруға; 6) Ұяшықтардан ішіндегісін өсуі немесе кемуі бойынша сұрыптауға; 7) Формулалар бойынша есептеулер жүргізуге; 8) Диаграмма тұрғызуға; 9) Графикалық объектілер кірістіруге; 10) Баспаға шығаруға мүмкіндік береді; Ұстаздар белсене қатысып, өздеріне электронды деректерді құру негізін меңгеріп шықты.

2022-11-03 09:35:44

Скачать Смотреть

«ПЕДАГОГТЕРДІҢ АКТ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ АЛАҢНЫҢ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

Мерзімі: 2022-2023 оқу жылы Мақсаты: мектеп мұғалімдерінің АКТ саласындағы білім, білік, дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру және оларды оқу іс-әрекетінде қолдану.

2022-09-20 16:21:43

Скачать Смотреть

"PDF ФОРМАТЫМЕН ЖҰМЫС: БҰЛ ФОРМАТТЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ" тақырыбында семинар ұйымдастырылды...

6 мамырда сандық құзіреттілікті дамыту аясында мұғалімдерге арналған «PDF ФОРМАТЫМЕН ЖҰМЫС: БҰЛ ФОРМАТТЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ» атты оқыту семинары ұйымдастырылды. Семинарда мұғалімдер PDF форматы мәтіндік және графикалық ақпаратты желіде сақтау және беру, мысалы, бланкілерді басып шығару немесе сауалнаманы веб-сайтта орналастыру үшін қолданылатынын білді. Жұмысты көрсету үшін тамаша: көрсету оңай, өңдеу қиын, зияткерлік меншік ұрлығын қиындатады. Мұғалімдер PDF құжаттарының редакторларымен іс жүзінде жұмыс істеді.

2022-05-05 16:21:47

Скачать Смотреть

Google формалары: қалай құру керек және жұмыста қалай қолдану керек

Наурыз айының 28 күні мектептің «АТ және АКТ құзыреттілігі» тақырыбындағы шығармашылық алаңның жұмыс жоспары бойынша "Google формалары: қалай құру керек және жұмыста қалай қолдану керек" тақырыбында тақырыбында семинар өтті. Мақсаты: Мұғалімдердің оқу іс-әрекетінде қазіргі заманның талабына байланысты әртүрлі бағдарламаларда жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Семинар барысында мұғалімдер мен тәрбиеші педагогтер қатысты. 3 топқа бөлініп, практикалық тапсырмаларды бойларынан өткізді. Әр топ белсене қатысып, өз жұмыстарымен бөлісіп таныстырды.

2022-04-04 14:43:46

Скачать Смотреть

«Сиқырлы квадраттар немесе QR kode» атты шебер сынып өткізілді...

2 ақпан күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылықты дамыту апталығы аясында «Сиқырлы квадраттар немесе QR kode» атты шебер сынып өткізілді. Іс-шара барысында мектеп кітапханашысы Анитова Светлана Айтмағанбекқызы QR код жасау мен өз тәжірибесінде қолдану бойынша ақпарат беріп бөлісті. QR код туралы ақпарат беріліп, мектеп кітапханасы басып шығаратын өнімдерге (кітапша) QR код қалай жасалатыны туралы практика жүзінде көрсетіп берді. Шеберлік сабақ соңында қатысушылар кері байланыс жасап, өз ойларымен бөлісті.

2022-02-07 14:49:16

Скачать Смотреть

«Фотосуреттер мен бейнелермен жұмыс істеу ережелері»...

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспары бойынша өткізіліп жатқан «Цифрлық әлем» апталығы барысында 2 ақпан күні педагогтерге семинар мен цифрлық сауаттылық сабақтарын өткізуге арналған. «Фотосуреттер мен бейнелермен жұмыс істеу ережелері» цифрлық сауаттылық сабағы тәрбиеші педагогтер үшін сағат 10.00-де онлайн форматта ұйымдастырылды. Мақсаты: педагогтерді фото, видео материалдарды түрлі форматтарға сапасын жоғалтпайтындай ауыстыру, олардың көлемін өзгерту, түрлі коллаждарды құрастыру, сонымен қатар, оларды интернет ресурстарына орналастыру ережелерімен таныстыру. Цифрлық сауаттылық дәрісінде педагогтерге пайдалы сілтемелер беріліп: https://converter-online.com/converter/compress-video/ https://video-converter.com/ru/ www.iloveimg.com/ru https://mycollages.ru www.ilovepdf.com/ru/pdf_to_word практикалық жүзінде сайттары арқылы фото, бейнематериалдармен жұмыс істеу нұсқаулықтары мен мүмкіндіктері таныстырылды. Цифрлық сауттылығы сабағында қосымша бонус ретінде PDF форматында жұмыс істеу бойынша ақпарат берілді. PDF форматындағы құжаттарды редакциялау, қол қою функциялары және тағы да басқа мүмкіндіктері қарастырылды. PDF пішімі қажетті қаріптерді (сызықтық мәтін), векторлық және растрлық кескіндерді, кескіндерді және мультимедиялық кірістірулерді ендіруге мүмкіндік береді. RGB, CMYK, Grayscale, Lab, Duotone, Bitmap, растрлық ақпаратты қысудың бірнеше түрлерін қолдайды. Оның басып шығаруға арналған өзіндік техникалық пішімдері бар: PDF/X-1a, PDF/X-3. Мұғалімдер дәріс соңында өздері білетін платформа мен қосымшаларда жұмыс істеу тәжірибелерімен де бөлісті.

2022-02-02 15:31:34

Скачать Смотреть

«Құжаттарды сканерсіз сканерлеу. Терудің жылдам әдісі» цифрлық сабағы өткізілді...

18 желтоқсан күні мектеп педагогтері арасында /пән мұғалімдері, тәрбиешілер/ «Құжаттарды сканерсіз сканерлеу. Терудің жылдам әдісі» цифрлық сабағы өткізілді. Мақсаты: педагогтердің АКТ құзырлығын жоғарылату. Мұғалімдер сканер құрылғысы болмаған жағдайда, смартфон арқылы қолжетімді бағадарламалар мен қосымшалардың функция, мүмкіндіктерімен танысты, сонымен қатар пернетақтада мәтінді қалай жылдам теруге үйренуге болатыны туралы нұсқаулықтармен танысты.

2022-01-18 13:06:09

Скачать

бiрiншiсi алдың. 1 2 3 соңғысы