Мектеп басшысының баяндамалары

Дәреже: Мектеп басшысының баяндамалары

8 наурыз мерекесімен құттықтау...

8 наурыз - жылдың ең аяулы, жарқын және тамаша күні! Құрметті арулар, шаңырақтарыңыз бен өмірлеріңіз жылулыққа толы болсын. Табиғаттың әсемдігі шабыт берсін. Көктемнің басы өмірлеріңіздегі өте қалаулы және әдемі оқиғаның бастамасын білдірсін! Мейрамдарыңызбен!

2023-03-06 16:51:42

Скачать

Алғыс күнімен құттықтау...

Қымбатты әріптестерім, біз көп уақытты бірге өткіземіз, сондықтан мен сіздерді менің отбасым деп айта аламын. Сіздер менің жұмыс істейтін отбасымсыз, және кез келген отбасы сияқты бізде бәрі бар - ортақ қуаныштар, ортақ жеңістер, кейде жанжалдар мен түсініспеушіліктер де болады. Сонда да біз бір бола аламыз. Біз әрқайсымыз жеке тұлға болғанымызға қарамастан, ортақ тіл табуды білеміз. Біз достасуды және көңіл көтеруді білеміз. Бір-бірімізбен кездескенде қуаныш көретіндей өмір сүрейік. Менің өмірімде болғандарыңыз үшін рахмет.

2023-03-01 15:56:57

Скачать Смотреть

Жаңа жыл мерекесімен құттықтау...

Құрметті мектеп ұжымы, ата-аналар, оқушылар! Сіздерді келе жатқан Жаңа 2023 жылмен кіршіксіз көңіл, ыстық ықыласпен құттықтаймыз. Жаңа Жыл – қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ең сүйікті мерекеміз. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, Жаңа Жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен, нық қадаммен аттағанды қалайды. Келер Жылда отбастарыңызға құт-береке, қызметтеріңізге өрлеу тілейміз. Ізгі ниетпен: мектеп әкімшілігі

2022-12-29 14:21:54

Скачать

«Час директора»

26 декабря с родителями проведена встреча в формате «Час директора» посредством облачного сервиса ZOOM. В ходе встречи социальный педагог А. Катенова через слайдовый материал предоставила информацию о профилактике правонарушений и соблюдении правил безопасности среди подростков во время зимних каникул, о вреде электронных сигарет и вейп, какое наказание применяется к тем, кто сообщает заведомо ложные сообщения о терактах, о соблюдении правил пожарной безопасности при использовании электротехнических устройств. Директор школы П. Жамшыбаева в дополнении к сказанному, отметила что в предстоящие каникулы ученики не должны оставаться без присмотра родителей, а также о необходимости организации досуга в зимние каникулы, участие в мероприятиях. Также шла речь об организации новогодних мероприятий и утренников. По окончании встречи родители сделали обратную связь, задавали вопросы.

2022-12-27 13:31:20

Скачать

Михаил Русаков атындағы мектеп – интернатының 2022 – 2023 оқу жылындағы 1 тоқсан білім сапасы

Директор баяндамасы

2022-12-02 16:34:53

Скачать Смотреть

25 қазан - Республика күнімен құттықтау...

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Биыл Қазақстан көп жылдардан бері алғаш рет ұлттық мереке – Республика күнін тойламақ! 25 қазан – еліміз үшін тарихтағы ең маңызды күндердің бірі. Өйткені, 1990 жылдың дәл осы күні Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Шын мәнінде, бұл еліміздің тәуелсіздікке жасаған алғашқы қадамы еді. Декларацияда еліміздің егемендігі жарияланып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланды. Онда тұңғыш рет территорияның тұтастығы, бөлінбейтіндігі және мызғымастығы, халықтар мен олардың тілдерінің мәдениетін дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту сияқты мемлекеттіліктің қағидалары бекітілді. Осы айтулы датамен шын жүректен құттықтаймыз! Бастарыңызға бейбіт аспан, келісім мен тұрақтылық тілейміз, әр шаңырақта бақыт пен береке орнасын! Сіздерге зор денсаулық, мейірімділік және сәттілік!

2022-10-22 16:10:18

Скачать Смотреть

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына “ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ” жолдауын жариялады...

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына “ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ” жолдауын жариялады.Еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайын одан әрі дамытуға бағытталған бұл жолдауды әр қазақстандық асыға және ерекше ықыласпен тыңдадық. Әсіресе, жас түлектерге жылдық 2-3 пайызбен білім алуға жеңілдетілген несиелер және ҰБТ нәтижесіне қарай 30 дан 100 пайызға дейін жаңа гранттар жариялау керектігін атап өтті.

2022-09-02 09:30:30

Скачать Смотреть

«Оқу жылының басталуына дайындық барысы» тақырыбында онлайн форматта “БАСШЫ САҒАТЫ” өткізілді...

10 тамыз күні «Оқу жылының басталуына дайындық барысы» тақырыбында онлайн форматта “БАСШЫ САҒАТЫ” өткізілді. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мектебіміздің директоры П. С. Жамшыбаева 1 және 10 сыныпқа оқушыларды қабылдау кампаниясы туралы ақпарат беріп, мектеп формасына қойылатын басты талаптарды атап өтті. Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған оқушыларға оқу жылына дайындық кезеңінде, әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету мақсатындағы дәстүрлі іс-шара «Мектепке жол» акциясы туралы әлеуметтік педагог А. К. Катенова толық ақпарат берді. Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға кері байланыс берілді.

2022-08-17 17:08:53

Скачать

Жазғы мектеп - 2022 ұйымдастыру. 9, 11 сыныптарда бітіру емтихандарын өткізудің мерзімдері мен ережелері

5 мамыр күні ата-аналар мен педагогтердің қатысуымен «Басшы сағаты» өткізілді. Күн тәртібінде жазғы мектепті ұйымдастыру және 9, 11 сынып оқушыларының қорытынды аттестаттау мәселелері қаралды. Ата-аналар жазғы мектепті ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстармен, емтихандардың өткізу мерзімдері мен ережелерімен егжей-тегжейлі таныстырылды. Оқушылардың қауіпсіз жазғы демалысын ұйымдастыру, мектеп жанындағы лагерьдің іске қосылу мәселелері де қарастырылды. Кездесу барысында ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.

2022-05-06 15:14:06

Скачать Смотреть

Басшы сағаты

Күн тәртібінде: 1. Көктемгі демалыс 19.03 – 30.03 аралығында оқушылар қауіпсіздігі. 2. ІІІ тоқсан қорытындысы. 3. 1 сыныпқа қабылдау науқанының басталуы туралы ақпарат. 4. Жазғы мектептің ашылуы, ата-ана өтініші негізінде /17 маусымға дейін/ 5. Мектеп лагерінің ашылуы 6. 9,11 сыныптар үшін қорытынды аттестациясы.

2022-03-16 17:54:23

Скачать Смотреть

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» атты Қазақстан халқына жолдауына пікір

Бүгінгі Жолдаудың мән-маңызы айрықша. Оның арқалайтын жүгі 1 жылмен шектелмейді, ауқымы кең, мазмұны да бөлек. Біз алдымызға биік мақсаттар қойып отырмыз. Өздеріңізбен бірге Жаңа Қазақстанды құруға кірістік» - деді Президент бүгінгі Жолдауында. Иә, бүгінгі Жолдауда Ел бірлігі, тұтастығы аса маңызды, асқақ ұғым екені аңғарылды. Сондай-ақ саяси жүйе мен әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгеріс енуі де болашаққа айқын қадам екенін көрсетеді. Конституциялық Сот құрылуы, Ұлттық құрылтай Жасақталуы – еліміздегі жарқын күннің, шуақты күндердің алыста емес екендігін білдіреді және Мен осыған сенемін! Жаңа Қазақстанның мақсаттары мығым, тұтастығы берік болсын!

2022-03-16 17:38:14

Скачать Смотреть

«Басшы сағаты»

15 қаңтар күні мектеп ата-аналарының қатысуымен «Басшы сағаты» болып өтті. Күн тәртібіндегі қарастырылған басты мәселе, ІІІ тоқсандағы оқу үдерісінің басталуы. Барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, мектебіміз штаттық режимде жұмыс жасайтындығы туралы ата-аналарға ақпарат берілді. Сондай-ақ, ата-аналар өздерін мазалайтын сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

2022-01-18 15:03:25

Скачать Смотреть

бiрiншiсi алдың. 1 2 3 4 соңғысы