Қашықтықтан оқыту жағдайында жаңа оқу жылына компьютерлік құрал-жабдықтармен қамтылу туралы ақпарат

Жаңа оқу жылының басында қашықтықтан оқыту жағдайында қосымша компьютерлік жабдықтарға мұқтаж Михаил Русаков атындағы мектеп-интернат оқушылары республикалық резервтен қажетті компьютерлік жабдықтармен, атап айтқанда ноутбуктар мен планшеттермен қамтамасыз етілді. Гаджеттер отбасыларға қаржылық жауапкершілікпен қайтару арқылы берілді. Компьютерлік техниканы беру процедурасы барлық ережелерге сәйкес жүзеге асырылды: ата-аналардың өтініштері ұсынылды, қабылдау-тапсыру актілері, инвентарлық номерлер таратылды, келісімшарттар жасалды, әр гаджеттің реттік нөмірлері жазылды, офис бағдарламалары жиынтыққа қосылған кілттерімен белсендірілді.

Сондай-ақ, оқу жылы басталмас бұрын жергілікті бюджеттен компьютерлер берілді, олардың кейбіреулері оқушыларға және олардың ата-аналарына барлық процедуралар мен қажетті құжаттармен толық көлемде таратылды.

Төмендегі кестеде барлық қажетті сандар көрсетілген.

 

Құрал-жабдық атауы

РБ берілді

ЖБ берілді

Оқушыларға уақытша пайдалануға берілді

Бір  дана үшін сомасы

Ескертпе

планшет

10

-

10

159900

жұмыс күйінде

ноутбук

60

-

60

69990

жұмыс күйінде

компьютер

-

20

20

143248

жұмыс күйінде

компьютер

-

21

21

184999

жұмыс күйінде

барлығы

70

41

111

17043859

жұмыс күйінде