МЕКТЕПТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТІ

Дәреже: Әлеуметтік педагог

1

Жаңа жыл қарсаңында Балқаш қаласының жеке кәсіпкерлері балаларды тәтті сыйлықтарымен қуантты...

Жаңа жыл қарсаңында Балқаш қаласының жеке кәсіпкерлері балаларды тәтті сыйлықтарымен қуантты. Мұқтаж, көп балалы отбасылардан және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 175-тен астам мектеп оқушылары тәтті сыйлықтар алды. Аяз ата мен Ақша қар ертегілер, мультфильмдер, комикстердің танымал және сүйікті кейіпкерлердің қатысуымен бейнеқұттықтау, жаңа жылдық әндер мен билер жолдады. Жаңа жылдық сыйлықтармен қуантқан қала меценаттарына оқушылар мен ата-аналарымыздан алғысымызды білдіреміз.

2020-12-30 23:33:03

Скачать

Рейдтер жүргізілді...

2020 жылдың 11 желтоқсанында мектептің әлеуметтік педагогы Г. Касимова бастаған мобильді топ (аналар кеңесі, әкелер кеңесі мүшелері, мектеп инспекторы, алғашқы әскери дайындық, дене шынықтыру мұғалімдерінен құралған) түнгі уақытта жасөспірімдердің ересек адамның қадағалауынсыз көшеде бос жүруін тексеру мақсатында қала ішінде орналасқан ойын-сауық орталықтарын, дүкендер мен жертөлелерді тексеріп рейд жасады. Сонымен қатар жайсыз отбасылардың, есепте тұратын оқушылардың үйлеріне барып, қал-жағдайларын білді. Рейд барысында оқушылар үйлерінде болды, ешқандай құқық бұзушылық жағдайлар орын алған жоқ.

2020-12-15 16:06:47

Скачать Смотреть

«Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» акциясы туралы ақпарат

Акцияның мақсаты: кәмелетке толмағандардың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру үшін жағдай жасау. Бір-біріне достық қарым-қатынасты қалыптастыру. Акция аясында ересектердің назарын қатыгез қарым-қатынас проблемаларына аударуға және жасөспірімдер арасында қатыгез көріністерге жол бермеу туралы ақпарат таратуға бағытталған кең ауқымды іс-шаралар өткізілді. Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін келесі іс-шаралар жүргізілді.

2020-11-18 20:49:13

Скачать Смотреть

Ата-аналар жиналысы «Зорлық-зомбылықтың алдын алу. Отбасы, мектеп, қоғам проблемасы» «Баланың құқықтары»

9 қараша күні сағат 18: 00-де ата-аналар жиналысы онлайн режимінде өтті. Күн тәртібіне келесі сұрақтар кірді: «Зорлық-зомбылықтың алдын алу. Отбасы, мектеп, қоғам проблемасы» «Баланың құқықтары». Мақсаты: Балаларға қатыгез және немқұрайлы қарау мәселесіне назар аудару және балаларға зорлық-зомбылықтың қолайсыз болып табылатындығына, сондай-ақ жасына, даму деңгейіне, әлеуметтік жағдайына қарамастан әрбір адамның өмірі мен әл-ауқаты өте құнды деген сенімдерді қалыптастыру.

2020-11-18 20:44:50

Скачать Смотреть

Республикалық "Мектепке жол" акциясына қатысқан демеушілерге алғысымызды білідіреміз...

Еліміздің келешегі тәрбиелі, білімді ұрпаққа байланысты болғандықтан, қамқоршысы жоқ, аз қамтылған, мүжәлсіз отбасы балаларының білім алуына мүмкіндік жасап, қоғамға пайдасын тигізетін азаматтар тәрбиелеу баршаға ортақ іс.

2020-11-18 20:39:36

Скачать Смотреть

Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің отырысы болып өтті...

23-қазан күні құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің отырысы болып өтті. Мақсаты: құқық бұзушылық алдын алу кеңесінің тиімділігі. Ерекше назар аударуды қажет ететін оқушылардың, тәуекел тобындағы балалардың мінез-құлқы мен оқу үлгерімін, сабақтан тыс жұмысын бақылау. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, ата-аналардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру.

2020-11-18 20:35:06

Скачать Смотреть

«Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» тақырыбымен тренинг өткізілді...

ЖББ М. П. Русаков атындағы №2 санаторлық мектеп-интернатында 12-13 қыркүйек күні Отбасы күніне орай әкелерге арналған «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» тақырыбымен тренинг өткізіліп, «Отбасым - бақыт мекенім» атты әлеуметтік ролик көрсетілді. Мақсаты: Бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы - отбасы. Сондықтан ата - ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау, өзін-өзі тануына бағыт беру, тәрбие жайлы пікір бөлісу. Ата-аналарға балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі, оның ішінде әкенің рөлі жайлы түсіндіру. Оқу орындарындағы мақсатты тәрбие жұмысы процесіне әкелерді үнемі қатыстыру; әлеуметтік-тәрбие жұмысын жүзеге асыра отырып, әкелердің әлеуметтік-педагогикалық мәдениетін арттыру.

2020-11-18 20:29:00

Скачать Смотреть