Емдік-алдын алу шаралары

Дәреже: Медициналық іс-шаралар

«Электронды темекінің зияны» тақырыбында өткізілген вебинарға қатысты...

3 ақпан күні Қарағанды облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен мектебіміздің 8-10 сынып оқушылары және мектеп дәрігері М. Сагимбекова ZOOM платформасы арқылы «Электронды темекінің зияны» тақырыбында өткізілген вебинарға қатысты. Вебинар барысында оқушылар темекінің адам ағзасына зиянды екені туралы мағлұматтар алып, сұрақтар қойды.

2023-02-06 15:18:39

Скачать

ЖИТС орталығы мамандарымен кездесу…

25 қаңтар күні мектебімізге қалалық ЖИТС орталығы мамандары келіп, оқушылармен кездесу өткізді. Кездесу барысында дәрігер-эпидемиолог А. А. Батырбекова оқушыларға ЖИТС және ВИЧ инфекциясының жұғу жолдары, ол аурудан қалай сақтануға болатынын және қазіргі таңда хайпқа айналып отырған электронды темекі жайлы тұшымды ойлар айтып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

2023-01-25 17:20:36

Скачать Смотреть

Инструктаж

1. 2022-2023 жылдардағы эпидемиялық маусымға тұмау және ЖРВИ бойынша санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізу туралы" 2. Білім беру ұйымдарында эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу талаптары: 3. Қорғаныс маскаларын кию ережелері 4. Сынып бөлмесінің санитарлық-гигиеналық жағдайын дұрыс ұстану талаптары 5. Дезинфекция түрлері 6. Мектепте ауыз су режимін сақтауын қамтамасыз ететін талаптар.

2022-12-14 14:15:53

Скачать Смотреть

Мұғалімдермен және ата-аналармен тұмауға қарсы екпе туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді ...

21 қазан күні қаламыздағы «Салауатты өмір салтын сақтау» бөлімінің меңгерушісі В. А. Омаров мектебімізге келіп, мұғалімдерге және ата-аналарға «Тұмауға қарсы екпе алу» жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ата-аналар өз сұрақтарына толықтай жауаптар алды.

2022-10-21 16:15:10

Скачать Смотреть

«Тұмаусыз күз» ата-аналар үшін ақыл-кеңес

Салқын тигеннен науқастанатын мезгілде балаларды шынықтыру үшін ата-аналарға арналған кеңесті ұсынамыз. Мақалада шынығудың негізгі ережелері мен әдістері бар. Оны басып шығарыңыз және топтағы стендке іліп қойыңыз немесе қыркүйек айында жиналыста ата-аналарға таратыңыз.

2022-10-20 16:24:32

Скачать Смотреть

Балқашта балаларға арналған заманауи оңалту орталығы ашылады.

Осы күзде Балқашта тірек-қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық аурулары бар балаларға арналған оңалту орталығы ашылады. Екі қабатты ғимарат жөнделді, қазір ол заманауи жабдықтармен жасақталып, қызметкерлермен толықтырылуда. Орталықта бір жарым жастан 18 жасқа дейінгі балалар қосалқы ем қабылдай алады. Мекеме 50 орынға есептелген. – Мұндай орталық біздің қаламызда алғаш рет ашылды. Біз бүкіл Қарағанды облысына қызмет көрсетеміз, – дейді тірек-қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық аурулары бар балаларға арналған оңалту орталығы директорының міндетін атқарушы Айнұр Кәрімова. – Штатта 60 адам, оның ішінде алты дәрігер болады. Жабдықты сатып алып, лицензия алу қалады.

2022-08-17 16:35:52

Скачать Смотреть

Бүгінгі күні вакцинация - бұл өзіңізді және айналаңыздағы адамдарды коронавирустық инфекциядан қорғаудың жалғыз сенімді тәсілі!

Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтары, бүкіл республика бойынша коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуіне байланысты Сovid-19 инфекциясынан тұрақты иммунитетті қалыптастыру үшін вакцинация мен ревакцинацияның толық курсынан өтуге шақырамын. Бүгінгі күні вакцинация - бұл өзіңізді және айналаңыздағы адамдарды коронавирустық инфекциядан қорғаудың жалғыз сенімді тәсілі!

2022-08-17 16:03:43

Скачать

Манту сынамасы жасалды...

Наурыз айында оқушылардың ағзасы туберкулез ауруына қарсы тұру иммунитетін тексеру мақсатында 110 балаға Манту сынамасы жасалды. Манту сынамасы тері ішіне жүргізіледі. Көрсеткіштер: туберкулезді жұқтыруды немесе туберкулинге сезімталдықтың жоғарылау жағдайын анықтау. Манту сынамасын жүргізу алдында дәрігер міндетті түрде қарап-тексеріп және термометрия жүргізіледі.

2022-04-05 15:21:49

Скачать Смотреть

"Туберкулез - жұқпалы ауру" тақырыбында қалалық фтизиопедиатрмен кездесу сұхбат өтті...

Наурыз айында мектебімізде 2 - 7 сынып оқушылары арасында қалалық фтизиопедиатр К. Маканалинамен "Туберкулез-жұқпалы ауру" тақырыбымен кездесу сұхбат өтті. Кездесуді ұйымдыстырып өткізген жоғары санатты мектеп медбибісі М. Қожахметова. Мақсаты: Туберкулез туралы дерек бере отырып оқушылардың өз денсаулығына, қоршаған адамдардың денсаулығына жауапкершілігін арттыру, жеке бас гигиенасы туралы түсiнiк қалыптастыру. Туберкулез сияқты аурудың пайда болуын, қоғамға, адамға осы аурудың зардабын түсіндіру, ашып көрсету. Жаман әдеттерден бойларын аулақ салуын, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру. Тазалыққа, ұқыптылыққа, жауапкершiлiкке тәрбиелеу.

2022-04-05 15:16:52

Скачать Смотреть

Қарағанды ​​облысы «жасыл» аймаққа енді!

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес облыс қазір «жасыл» аймаққа көшті. Айта кетейік, өткен тәулікте облыста COVID-19 инфекциясының 54 жаңа жағдайы тіркелді. Бұл ретте карантиндік шараларды жұмсарту «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа өткеннен кейін 7 күннен ерте емес жүргізіледі. Қарағанды ​​облысы бойынша ӨСБ баспасөз қызметі

2022-02-21 16:39:43

Скачать

Медициналық сақтандыру туралы

Бауыржан Жүсіпов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Дәрілік саясат департаментінің директоры: «Бүгінде медициналық сақтандыру қорындағы медициналық қызметтер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен төленеді. ГВФМК еліміздің барлық азаматтарына тегін беріледі, ол республикалық бюджеттен арнайы қарастырылған. Алайда, МӘМС тек сақтандырылған азаматтарға беріледі. Дегенмен, заң бойынша әрбір азамат міндетті медициналық сақтандыруға жарна төлеуге міндетті.

2022-02-21 16:38:37

Скачать Смотреть