"Жасыл Отан" экоклубы (мектеп жылыжайындағы жұмыстар)

Дәреже: Экоклуб "Жасыл Отан" (мектеп жылыжайының жұмысы)

Экология апталығы өтті…

19-23 желтоқсан аралығында «Экологтар күніне орай мектебімізде бірқатар іс-шаралар өткізілді. Қалдық заттардан жасалған «Біз таза әлемді қолдаймыз» атты көрме ұйымдастырылды. 5-6 сынып оқушылары «Экология мәселелері» тақырыбында эссе жазды. 7-8 сынып оқушыларына арналған мектепішілік биология-экология пәндік олимпиадасы өткізілді. Барлық сыныптар арасында «Әлем экологиясы» атты сынып сағаттары өтті. Мақсаты: Табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру. Қоршаған ортаның сапасы мен ластануы туралы білімдерін арттыру.

2022-12-26 16:23:06

Скачать Смотреть

7-8 сынып оқушыларына арналған мектепішілік биология-экология пәндік олимпиадасы өткізілді...

2022 жылғы 20 желтоқсан күні Михаил Русаков атындағы мектеп-интернатында 7-8 сынып оқушыларына арналған мектепішілік биология-экология пәндік олимпиадасы өткізілді. Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері: – Оқушылар бойында шығармашылық ойлау қабілеттерін анықтау және білімдерін қолдануды ұғыну; – Оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, олардың теориялық білімі мен практикалық дағдыларын дамыту. Мектепішілік олимпиадаға 14 оқушы қатысып, 8 оқушы жүлделі орындарды иеленді. 8 сынып бойынша: I орын - Ашықбаева Нұрайым, II орын - Бекежанова Асем, III орын - Иманбаева Аружан, Дәуренұлы Мейіржан. 7 сынып бойынша: I орын - Шакирова Аружан, II орын - Жасуланова Ерке, III орын - Ұйқасбаева Аяулым, Еділқызы Әнел.

2022-12-22 16:26:55

Скачать Смотреть

Оқушыларымыз "ProEco" экологиялық үгіт-насихат байқауында ІІІ орынға ие болды...

7 желтоқсан күні Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайында қалалық "ProEco" экологиялық үгіт-насихат байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: балалармен экологиялық жұмысты дамыту және насихаттау, экологиялық насихаттың дәстүрлі емес нысандары мен әдістері арқылы балаларды экологиялық проблемаларға тарту. Биология пәнінің мұғалімі Елемес О. М. жетекшілігімен оқушылар тобы байқауға қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!

2022-12-07 17:45:48

Скачать

Биыл 2022 жылы біздің мектебіміздің жылыжайына 10 жыл толып отыр...

2012 жылы қала әкімінің қолдауымен мектебімізде жылыжай салынған. Биыл 2022 жылы біздің мектебіміздің жылыжайына 10 жыл толып отыр. Жылыжайды құру максаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, жылыжайда эксперименттік-практикалық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы биология сабақтарында алған теориялық білімдерін толықтыру. Жылыжайларда жұмыс істеу мектеп бағдарламасын практикалық жаттығулармен толықтырады және мұғалімдерге сабақтан тыс қызықты сабақтар өткізуге тамаша мүмкіндік береді. Мектеп оқушылары көкөністер, шөптер өсіреді, ал жиналған өнім демонстрациялық жобалар мен жарыстарда пайдаланылады.

2022-12-01 16:46:14

Скачать Смотреть

Экологиялық акция...

19 қазан күні «25 қазан - Республика күніне» және мектебіміздің жылыжайына 10 жыл толуына орай мектебіміздің акция ұйымдастырды. Акция барысында мектебіміздің эко-агро сынып оқушылары, мектебіміздің экология министрі, «Жасыл отан» экоклуб жетекшілері қаламыздың «Ертөстік», «Алпамыс» және «Балақай» балабақшаларына барып, оқушыларымыз өздері егіп өсірген туя ағашын сыйға тартты. Келешекте туя ағаштарын өздерінің бақшаларында өсіреді. Ақциянын мақсаты - еліміздің экологиясын жақсарту.

2022-10-19 17:12:26

Скачать Смотреть

10 қыркүйек пен 8 қазан аралығында қалалар мен елді мекендерді абаттандыру, санитарлық тазалау және көгалдандыру бойынша айлық жарияланды...

Қарағанды облысы бойынша 2022 жылдың 10 қыркүйек пен 8 қазан аралығында қалалар мен елді мекендерді абаттандыру, санитарлық тазалау және көгалдандыру бойынша айлық жарияланды. Осыған орай сенбі, 24 қыркүйек күні облыстық сенбілік аясында мектеп қызметкерлері мектеп ауласында арам шөп жұлу, санитарлық тазалау бойынша жұмыстар жүргізді.

2022-09-25 23:20:02

Скачать Смотреть

Табиғатқа зиян келтірмей, оны көркейтуге үлес қосуымыз керек...

Міне санаулы күндерден соң жаңа оқу жылы басталады. Оқушыларымыз алтын ұя мектебімен қайта қауышады. Ұстаздар мен оқушыларымызды мектеп ауласындағы жайқала өскен гүлдеріміз қарсы алады. Жаз айы аяқталуға жақындаса да әсем гүлдеріміз мектеп ауласына әдемі реңк беріп тұр. Бұл біздің ұстаздар мен оқушыларымыздың көктем айында талмай еңбек етіп, жаз бойы баптаған еңбектің нәтижесі деп білеміз. Біз табиғатпен тығыз байланыста өмір сүреміз. Сондықтан табиғатқа зиян келтірмей, оны көркейтуге үлес қосуымыз керек.

2022-08-31 09:55:44

Скачать Смотреть

«Ғылым әлеміне қадам» атты оқушылар арасында биология, экология, биотехнология және география салалары бойынша XІІІ облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті...

22 сәуір күні 8 «А» сынып оқушысы Жүзбаев Әділ биология мұғалімі Хамитова С. К. жетекшілігімен Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ұйымдастырған «Ғылым әлеміне қадам» атты оқушылар арасында биология, экология, биотехнология және география салалары бойынша XІІІ облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, 3-орын дипломмен марапатталды, ғылыми жұмыс материалдары жинаққа енгізілді. Ғылыми жоба тақырыбы: “Мектеп жанындағы жылыжайдың агротерапия әдісі бойынша сауықтырудағы маңызы”.  Мақсаты: мектеп жанындағы жылыжайдың агротерапия әдісі бойынша сауықтырудағы маңызын көрсете отырып, ерекше білім беру қажеттілігі бар қамқоршысыз қалған балаларға арнайы сауықтыру шараларын ұсыну. Жылыжайдағы жұмыстар - көшеттерді егу, суару, қопсыту, тұқым жинау - шыдамдылыққа, мінез қалыптастыруға, оң сезіммен қарауға, еңбек сүйгіштікке, басқа оқушылармен қарым-қатынаста жаңа істер бастауға жетелейді.

2022-05-03 09:40:52

Скачать Смотреть

"Құстар мен табиғат" атты плакаттар сайысы өткізілді...

2022 жылдың 5-7 сәуір аралығында оқушылар сарайында "Құстар мен табиғат" атты плакаттар сайысы өткізілді. Біздің мектеп оқушылары қатысып дипломмен марапатталды. 1 орын - Тоқабаев Батырхан, 8 «А» сынып; 2 орын - Омарбай Асылжан, 2 «А» сынып; 3 орын - Серғазы Сабина, 7 «А» сынып.

2022-04-14 16:44:27

Скачать Смотреть

«Мен өз қаламды сүйемін» атты акциясы өтті...

«Біз сенбілікке шығамыз!», «Бізге қосыл! ұранымен 9 сәуір күні Балқаш қаласының 85 жылдығын атап өту аясында «Мен өз қаламды сүйемін» атты акциясы өтті. Акция аясында мектеп ұжымы сенбілікке қатысты. Барлық ұжым бірауыздан мектеп ауласын қоқыстан тазарту, арам шөптерді жұлу, гүлзарларды ретке келтіру, арықтар қазу, ағаштарды әктеу сияқты жұмыстар жүргізді. Бірлескен күш-жігердің арқасында бір-екі сағаттың ішінде мектеп ауласы өзгеріп, жаңарды. Сенбілікке қатысу – еңбек ұжымдарын жақындастыра түсетін, қоршаған ортаға қамқорлық жасауға, пайдалы жұмыс істеуге мүмкіндік беретін игі дәстүр. Біз бірлесе отырып қаламызды таза әрі жайлы етеміз! Біз өз қаламызды жақсы көреміз! https://www.facebook.com/100026234298594/videos/572328530519406/

2022-04-10 20:51:59

Скачать Смотреть

Мектеп ауласын абаттандыру...

31 наурыз күні мектептің «Жасыл Отан» экоклубының жұмыс жоспарына сәйкес мектеп ауласын абаттандыру, гүлзарларды жөндеу және жылыжайда гүл өсімдіктерін тұқым арқылы өсіру жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шара барысында мектеп педагогтері аулаға сенбілік жасап, тазалық жұмыстарын жасады.

2022-04-05 16:44:04

Скачать

«Табиғатқа дос ретінде кіріңіз» атты сынып сағаты өткізілді...

«Жасыл мамандықтар» экологиялық білім мен дағдылар апталығы аясында жоспарға сәйкес 5 сыныптарда «Табиғатқа дос ретінде кіріңіз» атты сынып сағаты, «Экологиялық сөмкелер» тәжірибелік жұмыс, 6 сыныптарда «Әлемді тазалықта ұстаймыз» сынып сағаты және «Мен экологпын» атты коллаждар жұмыстары ұйымдастырылды. Оқушылар тәжірибелік жұмыстарда өз белсенділіктерін танытты.

2022-02-27 19:37:28

Скачать Смотреть

бiрiншiсi алдың. 1 2 3 8 соңғысы