"Жасыл Отан" экоклубы (мектеп жылыжайындағы жұмыстар)

Дәреже: Экоклуб "Жасыл Отан" (мектеп жылыжайының жұмысы)

«Қоршаған орта» атты ертегілерді талқылау жұмыстары ұйымдастырылды...

24 ақпан күні «Жасыл мамандықтар»экологиялық білім мен дағды апталығы аясында 2-сыныптар арасында «Пластиктен жасалған раушан гүл шоғы» және 3-сыныптар арасында «Пластик көбелектердің ұшуы» атты тәжірибелік жұмыстар, 4-сыныптар арасында «Қоршаған орта» атты ертегілерді талқылау жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шара мақсаты оқушылардың мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту, мамандықтар туралы көзқарастарын қалыптастыру. Жүргізілген жұмыстарды оқушылар асқан қызығушылықпен орындап, «жасыл мамандықтарға» кімдер жататынын түсінді.

2022-02-24 21:04:59

Скачать Смотреть

«Живи елочка, деревце!»...

«Живи елочка, деревце!» атты экологиялық бейбітшілікті сақтау акциясы аясында мектебімізде «Жаңа жылдық шыршада», «Қысы-жазы бір түсте» атты бастауыш сынып оқушыларының фотоколлаждарын және тақпақтарын назарларыңызға ұсынамыз.

2022-01-11 13:34:09

Скачать Смотреть

«Бөл, тапсыр, қайта өңде» қалдықтармен жұмыс істеу фестивалі аясында...

«Қазақмыс» Корпорациясының қолдауымен Қарағанды экологиялық мұражайы ұйымдастырған «Бөл, тапсыр, қайта өңде» қалдықтармен жұмыс істеу фестивалі аясында мектеп ұжымы және осы іс-шараға жетекшілік еткен педагог Махмутова Динара алғыс хатпен марапатталды. Құттықтаймыз!

2021-12-28 14:54:05

Скачать Смотреть

«Экологтар күні»...

Табиғаттың адам өміріндегі зор маңыздылығын насихаттау, оны аялап, сақтауға, экологиялық білімдерін молайту, экологиялық тәрбие беру мақсатында мектебімізде жыл сайын 19- желтоқсан «Экологтар күні» аталып өтеді. Осы мақсатта 6-сыныптар арасында Г. Касимованың ұйымдастыруымен «Табиғат - сенің өз үйің» атты танымдық сабақ, 7-8 сыныптар арасында «Әлемдік эко-мұражайларға саяхат» атты виртуалды экскурсия сабақтары болып өтті. Сондай-ақ, аталмыш бағыт бойынша арнайы бұрыш ұйымдастырылып, «Экология және біз» атты теле бағдарлама оқушыларға таныстырылды. Қоршаған ортаны қорғау – басты міндеттері деп білген «жас экологтар» өткізілген шараларға белсене қатысты.

2021-12-21 22:43:23

Скачать Смотреть

Шығармалар мен плакаттар байқауы...

«Бөл, тапсыр, қайта өңде» қалдықтармен жұмыс істеу фестивалі аясында мектебімізде іс-шаралар өз жалғасын тапты. «Қоқыстан Жер-Ананы қорғау. Неліктен орманға, көлге қоқыстарды бейберекет шашпау керек?» тақырыбында 3-4 сыныптар арасында эссе ұйымдастырылса, 3-7 сыныптар аралығында «Адамдар Жер-Ананың тазалығын сақтауға міндетті» атты плакаттар байқауы болып өтті.

2021-12-10 16:36:14

Скачать Смотреть

«Бөл, тапсыр, қайта өңде» қалдықтармен жұмыс істеу фестивалі аясында...

«Бөл, тапсыр, қайта өңде» қалдықтармен жұмыс істеу фестивалі аясында мектебіміздің 9 «А» сынып оқушысы, экология министрі Төлеуқұл Алтын мектеп оқушыларына қалдықтарды қалай жинап, бөлу бойынша видео түсіндірме жұмыстарын жариялады. Сондай-ақ мектеп фойесінде оқушыларға арналған телебағдарлама да назарға ұсынылды.

2021-12-07 15:21:35

Скачать Смотреть

«Пайдаланылған қағаздардан не жасауға болады?» тақырыбында тәжірибелік сабақ ұйымдастырылды...

«Бөл, тапсыр, қайта өңде» қалдықтармен жұмыс істеу фестивалі апталығының екінші күні «Пайдаланылған қағаздардан не жасауға болады?» тақырыбында тәжірибелік сабақ ұйымдастырылды. Сабақ барысында 7-сынып оқушылары қағаздан әр түрлі, әдемі бұйымдар жасауға болатынын үйреніп, тәжірибе алмасты.

2021-12-03 15:42:35

Скачать Смотреть

«Қоқыс. Не үшін оларды бөлеміз?» атты танымдық сабақ болып өтті...

30 қараша күні мектебімізде «Бөл, тапсыр, қайта өңде» қалдықтармен жұмыс істеу фестивалі аясында тәрбиеші Г. А. Нөкербекованың ұйымдастыруымен 8- сыныптар арасында «Қоқыс. Не үшін оларды бөлеміз?» атты танымдық сабақ болып өтті. Қалдықтардың пайда болуын азайту және алдын алу, оларды қайта өңдеп, кәдеге асырудың жолын іздеуге бағытталған сабақта оқушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.

2021-12-02 14:31:09

Скачать Смотреть

Мектебіміздің «Агросынып» оқушылары Нұр-Сұлтан қаласындағы агротехникалық университетіне экскурсияға барды

24-26 қараша күндері мектебіміздің «Агросынып» оқушылары Нұр-Сұлтан қаласындағы С. Сейфуллин атындағы агротехникалық университетіне экскурсияға барып қайтты. Мектептің аграрлық бағыты бойынша теориялық және практикалық білімнің қалыптасуы үшін оқушыларымыз аталмыш оқу орнының инновациялық білім деңгейімен танысты. Май, шұжық, сүт өңдеу, өндіру және наубайхана цехтарына барып тәжірибе алмасты. Сондай-ақ, жер өңдеу технологиясының заманауи әдістерімен, техникасымен танысып, қуаңшылықтың алдын алу бойынша да оқушыларымыз көптеген мағлұматтар алды. Бұл экскурсия біздің «агросынып» оқушыларымыз үшін маңызды әрі қызықты практикалық сабақ болды деп айтуға болады.

2021-11-29 16:46:38

Скачать Смотреть

7-8 сынып оқушылары арасында "Агросыныптардың" тұсаукесері өтті...

Мектеп оқушыларына экологиялық-агроэкономикалық білім беруде, бейіндік оқытуды дамыту аясында Михаил Русаков атындағы мектеп-интернатында 7-8 сыныптар арасында "Агросыныптың" ашылу тұсаукесері өтті. Агрономияда жалпы білім беру дағдыларын қалыптастыру үшін мектепте шығармашылық және ғылыми жобаларды әзірлеуге белгілі жағдайлар жасалған. Сондай-ақ, ауылшаруашылық мамандықтарымен тереңірек танысу үшін биыл Нұрсұлтан қаласының Агротехникалық университетімен екіжақты меморандум жасалды. Оқушыларымызға осы жолда сәттілік тілейміз.

2021-11-22 10:20:56

Скачать Смотреть

"Гүлденген саябақ" байқауының жеңімпазы атандық...

Адамсыз табиғат, табиғатсыз адам өмір сүре алмайды. Өйткені адам баласы табиғатта тіршілік етеді. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес. Бүгін біз «Қазақмыс» корпорациясының қолдауымен, Қарағанды қаласы экологиялық мұражайының ұйымдастыруымен өткен «Гүлденген саябақ» байқауының жеңімпазы атандық. Акция барысында мектеп оқушылары мен жас экологтардың қатысуымен мектеп ауласына 65 ағаш көшеттерін отырғыздық. Қазақта «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөз бар. Байтақ жерімізді жайнату - әр азаматтың парызы деп ойлаймыз!

2021-10-30 16:53:43

Скачать Смотреть

Келесі маусымға тұқым дайындау бойынша жұмыстар жүргізілді...

Күз мезгілінің қазан айы келіп, күн суыта бастады. Келесі көктем мен жаз туралы ойлайтын кез келді. Биология пәнінің мұғалімдері А. Әбдірбай және А.Тусупбекова оқушыларға гүл тұқымын жинауды үйретті. Мектеп ауласына келер жылы қайтадан әр түрлі гүлдердің тұқымдары отырғызылатын болады. Осы жұмыс бағыты оқушыларымыз үшін тәжірибе және үнемді болмақ.

2021-10-06 17:27:10

Скачать Смотреть

бiрiншiсi 1 2 3 4 8 соңғысы