"Жасыл Отан" экоклубы (мектеп жылыжайындағы жұмыстар)
Дәреже: Экоклуб "Жасыл Отан" (мектеп жылыжайының жұмысы)
Мектептегі жылыжайындағы қысқы-көктемгі жұмыстардың нәтижелері..Ұлыстың ұлы Наурыз мерекесі қарсаңында біздің мектептің жас агрономдары қыс-көктем жұмыстарының қорытындысын шығарды. Көкөністердің соңғы өнімі жиналды: қызылша, редис, шөптер - ақжелкен, раушан, салат жапырақтары. Мектеп ауласын жақсарту үшін гүлді тұқым отырғызу үшін топырақтың дайындығы жүріп жатыр. |
2019-03-15 16:34:41 |
Скачать Смотреть |
«Сынып бөлмесін көгалдандыру керек пе?» мектеп жобасын жалғастырамыз...Біз «Сынып бөлмесін көгалдандыру керек пе?» мектеп жобасын жалғастырамыз. Бұл жобаның мақсаты – бөлме өсімдіктері туралы білімді кеңейту, өсімдікке күтім жасау әдістері туралы білімді тереңдету. Бүгінгі күні 6-сынып оқушылары «Бөлме гүлдерінің пайдасы мен зияны?» тақырыбында бөлме гүлдерін зерттеді. Бөлме өсімдіктерінің оқушылардың денсаулығына әсері зерттелді. Оқушылар үй өсімдіктерін өсіру қажетті екеніне көздері жетті. Өсімдіктердің пайдасы баға жетпес. Олар ауаны тазартады, интерьерді безендіреді, жақсы көңіл-күй сыйлап, тіпті емдік қасиеттері бар деген тұжырымға келді. |
2019-02-19 23:18:26 |
Скачать Смотреть |
Эко-журналдың кезекті шығарылымының тұсаукесері өтті ...Интернатта «ЭкоОтан»журналының тоғызыншы шығарылымы жарық көрді. Жас журналистер өздерінің жетекшісі Фарида Мұхамеджановамен бірге бірнеше беттер мен мақалаларды ұсынды. Журналдың кезекті номері 2018 жылдың маусым-желтоқсан айларында өткізілген ақпаратты қамтиды. |
2019-02-19 23:16:01 |
Скачать Смотреть |
«Улы және улы емес бөлме гүлдері. Дәрігерлік қасиеті бар бөлме өсімдіктері» тақырыбында тәжірибе семинары"Сынып бөлмесін көкалдандыру қажет пе және сынып бөлмесін көкалдандырудың оқушыларға етер әсері" мектепішілік жобасы серпінді өтіп жатыр. Бүгін, 23 қаңтар күні 5 «А» сынып оқушылары «Улы және улы емес бөлме гүлдері. Дәрігерлік қасиеті бар бөлме өсімдіктері» тақырыбында тәжірибе семинарын өткізді. |
2019-01-23 16:31:38 |
Скачать Смотреть |
Жылыжайдағы өтетін бейне сабақтарға шақырамыз...2019 Жаңа жыл қарсаңында өз жұмыстарымыздың қорытындыларын шығару және нәтиже алудың уақыты келді. Біз барлықтарыңызды санаторлық-интернаттың жылыжайында өтетін бейне сабақтарға шақырамыз. Алғашқы егінді жинау уақыты да келіп қалды. |
2018-12-27 13:08:58 |
Скачать Смотреть |
6 желтоқсан. Мектеп жылыжайына қош келдіңіздер!6 желтоқсан. Мектеп жылыжайына қош келдіңздер! «Эко-Агрозертхана» курсы бойынша қосымша сабақты география пәнінің мұғалімі Әбдірбай Айман Дінисламқызы жүргізеді. Сабақтың тақырыбы: «Өсімдіктердің агротехникалық қасиеттерін жақсарту үшін әртүрлі өңдеулер»... Сіздердің назарларыңызға сабақтың бейнематериалдарын ұсынып, сабақ кезінде балаларымыз не біліп үйренгенін тамашалауға шақырамыз. |
2018-12-07 16:38:10 |
Скачать Смотреть |
«Адам қоғам табиғат» үйірмесі аясында «Бөлме гүлдерінің түрлері және оның пайдасы» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді...Сыныптан тыс іс-шараның мақсаты: Бөлме гүлдерінің түрлері және пайдасы жайлы ақпарат беру. Гүлді күту, сыныпта бөлме гүлдерінің санын көбейту, күтіп өсіру. |
2018-11-29 16:46:37 |
Скачать Смотреть |
«Мектеп кеңістігін көкалдандыру» әлеуметтік мәні бар жоба бастау алды...№2 мектеп-интернатында «Мектеп кеңістігін көкалдандыру» әлеуметтік мәні бар жоба бастау алды. Бұл жоба сынып бөлмелеріндегі үй өсімдіктерінің қаншалықты қажет екені, балалар денсаулығына қалай әсер тигізеді деген сұрақтарға жауап береді. Мектеп оқушылары «Қоршаған орта үшін пайдалы өсімдіктер», «Үй өсімдіктерін көбейтіп өсіру әдісі», «Өсімдіктердің қоректенуі, дәрілік өсімдіктер», «Ата-аналардың сыныпты көкалдандырудағы ролі» және басқа да іс-шаралар бойынша зерттеулер жүргізеді. Сәуір айында «Оқушылардың денсаулығына сыныпта көкалдандару деңгейінің әсері» атты ғылыми-практикалық конференциясында жобалық зерттеулердің нәтижелері қорытындаланады. |
2018-11-09 13:52:27 |
Скачать Смотреть |
"Мен – эколог" зияткерлік сайысынан жеңіспен оралдық...2018 жылдың 27 қазан күні Қарағанды қаласының экономикалық университетінің Экология және басқару факультеті "Экология және бағалау" кафедрасының ұйымдастыруымен облыстық деңгейде "Мен – эколог" зияткерлік сайысы өткізілді. Бұл сайыстың негізгі мақсаты: жалпы білім беретін мекемелердегі білім алушылардың танымдық қызығушылықтары және интеллектуалдық шығармашылыққа ынталандыру. Сайыстың міндеттерінің бірі - оқушыларды өзінің туған өлкесін сүюге, табиғи ортасын аялауға, туған өлкесіне жанашырлық сезіммен қарауға тәрбиелеу. Мектебіміз, № 2 санаторлық мектеп-интернатының 9 сынып оқушылары: Омарова Айсұлу, Кәрібай Ерсұлтан, Аяғанова Баян "Мен – эколог" сайысына "Аяла" тобының құрамында қатысып, мектебімізде экология, сонымен қатар, "Туған жер" бағдарламасы төңірегінде құрылған "Тур-travel” жобасында жүргізліп жатқан жұмыстарымен таныстырып, жобадағы бағыттарын жан-жақты аша білді. Сайыс нәтижесінде, қорғаған жұмыстарымыз үздік танылып, І орын дипломы мен кубокпен марапатталды, оқушыларға естелік сыйлықтары тапсырылды. Оқушыларды сайысқа дайындап, бағыт берген ұстаздарымыз - Раxимберлина З. Н., Әбдірбай А. Д., Мұxаметжанова Ф. А., Жанат А. Ж. Жеңіс құтты болсын! |
2018-10-28 21:02:51 |
Скачать Смотреть |
«Гулзар» үйірмесі "Ең жасыл кабинет" байқауы өтетіні туралы хабарлайды...Мектебімізде «Гулзар» үйірмесі жұмыс жасайды. Үйірмеге бастауыш, сонымен қатар 5-6 сыныптың оқушы қыздары қатысады. Үйірменің мақсаты: бөлме гүлін күту, сонымен қатар оның Пайдасы мен зиянын ажырата білуге үйрету. Жасөспірімдердің гүл өсіруге деген қызығушылықтарын арттыру, гүл өсіре отырып денсаулығымызға пайдасы бар екенін үйрету. Үйірме жетекшісі Төлегенова Анар Бимаханбетқызы. |
2018-10-26 15:40:11 |
Скачать Смотреть |
«Адам табиғат қоғам» үйірмесі аясында дөңгелек үстел өткізілді...24 қазан күні 4 сынып оқушыларымен «Адам табиғат қоғам» үйірмесі аясында дөңгелек үстел өткізілді. Үйірме жетекшісі Мағауина Г. Е. Дөңгелек үстелдің тақырыбы: «Экология. Жасыл ел және еліміздің экологиялық мәселелерін шешу жолдары». Мақсаты: Экология туралы білімдерін жетілдіру. Сонымен қатар, экологиялық проблемалар және олардың шешу жолдарын анықтау, жол бермеу, шешу. Дөңгелек үстел барысында оқушылар психологиялық дайындықпен бастады. Тақырыпты ізденушілікпен «Галерея шарлау» әдісімен ашты. Әрі қарай экология мәселер жайлы бейнеролікпен толықтырды. Берілген әріптерден сөз құру тапсырмалары. «Жасыл» сөзімен байланыстырып, оқушылар кластер құрап өз ойларымен бөлісіп ортаға салды. Дөңгелек үстел барысында экологиялық проблемаларды көрсетті. |
2018-10-24 17:22:20 |
Скачать Смотреть |
«Қаламгер» (Эко-журналистер) үйірмесі өз жұмысын жүргізуде...Ақпараттандыру ғасыр белесін басып отырмыз. Бүгінгі оқушыларымыз да кез келген көз алдындағы көрініс, дүниелердің барлығын сол мезетте көріп, сезіп, жаһанға жариялауға дайын. Осы орайда №2 мектеп-интернатының «Қаламгер» (Эко-журналистер) үйірме жұмысы жаңа оқу жылынан өз жоспарлы жұмыстарын жүргізуде. |
2018-10-08 21:20:38 |
Скачать Смотреть |