Размер шрифта:

МЕКТЕПТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТІ

Дәреже: Әлеуметтік педагог

1

Мектеп инспекторының қатысуымен «Кәмелетке толмағандардың мектептегі терроризм туралы көрінеу жалған хабарламалары үшін жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел...

«Құқықтық навигатор» тақырыптық апталығының 4-күні 16 ақпан күні «Кәмелетке толмағандардың мектептегі терроризм фактілерін біле тұра жалған хабарламалар үшін жауаптылығы» тақырыбында әлеуметтік педагог Катенова А. К. ұйымдастыруымен және мектеп инспекторы Касымжанова А. К. қатысуымен 8-10 сыныптарға дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру; жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу.

2023-03-01 15:28:39

Скачать Смотреть

«Буллинг, Кибербуллинг» туралы түсіндіру жұмысын жүргізді...

Ағымдағы жылдың 18-ші қаңтарында 5-11 сыныптар арасында мектеп инспекторы әлеуметтік педагогпен бірлесіп «Буллинг, Кибербуллинг» туралы түсіндіру жұмысын жүргізді. Буллингтің күш көрсету арқылы жүретін түрі адамның тәніне зиянын тигізеді, оның дүние-мүлкіне зардап әкеледі. Әдетте буллинг басқалай басталып, ақыр соңында күш көрсетуге алып келетіні туралы түсініктерін арттыру. Сонымен қатар, кездесу барысында кәмелетке толмағандар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, оқушыларға электронды темекі туралы түсінік беру, вейпингке теріс көзқарастың қалыптасуына ықпал ету мақсатында түсіндірме жұмысы жүргізілді. Вейп - көптеген улы заттар ерітілген бу генераторы. Никотиннен басқа сұйықтықта басқа улы заттар: формальдегид, глицерин ериді. Мұның бәрі қызады және өкпеге жетеді: бронх демікпесіне әкеледі және қатерлі ісіктің даму қаупін арттыратыны туралы ақпарат берілді.

2023-01-20 15:47:26

Скачать Смотреть

5-7 сынып оқушылары арасында балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу бойынша «Жол ережесін сақта» атты әңгіме өткізілді...

5 желтоқсан күні мектеп инспекторы А. Қ. Қасымжанова патрульдік полиция инспекторлары Т. Т. Мақажан және Д. Е. Сулембековпен бірлесіп, 5-7 сынып оқушылары арасында балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу бойынша «Жол ережесін сақта» атты әңгіме өткізді. Мақсаты: балалардың жолда жүру ережелері және мектеп оқушыларының жол-көлік жарақаттарының алдын алу туралы білімдерін бекіту. Өзара көмек атмосферасын құра отырып, ойлау қабілетін, реакция жылдамдығын, танымдық белсенділігін дамытуға ықпал ету.

2022-12-05 17:32:47

Скачать

«Террористік акт, өрт, газ шабуылы кезінде білім беру ұйымының басшысы мен қызметкерлерінің іс-әрекеті», «Буллинг және кибербуллинг» тақырыбында семинар

Ағымдағы жылдың 5 желтоқсанында Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№4 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі КММ негізінде балалар қауіпсіздігі бойынша жаттықтырушы, «Михаил Русаков атындағы мектеп-интернаты» КММ» әлеуметтік педагогы Катенова А. К. «Террористік акт, өрт, газ шабуылы кезінде білім беру ұйымының басшысы мен қызметкерлерінің іс-әрекеті», «Буллинг және кибербуллинг» тақырыбында семинар өткізді. Тақырып аясында бейнероликтер, слайд материалдары көрсетілді. Семинарға қатысушылар әрекеттер алгоритмімен таныстырылды. АӘТД ұйымдастырушысы мектепті эвакуациялау жоспарымен таныстырды. Семинарға 78 қызметкер қатысты.

2022-12-05 17:31:16

Скачать

«Қамқоршы күнін» атап өту дәстүрге айналды...

Қазақстан Республикасында 2011 жылдан бастап 29 қазан «Қамқоршы күнін» атап өту дәстүрге айналды. Осы орайда қамқоршы, қорғаншыларға алғыс білдіру, құттықтау, құрметтеу, жетім және қамқорлыққа алынған балалардың құқықтарын қорғау мақсатында 28 қазан күні қамқоршыларға мектеп әкімшілігінің атынан алғыс хаттар табысталды, оқушылар өз ризашылықтарын, тілектерін білдірді.

2022-10-30 17:51:15

Скачать

"Түнгі қаладағы балалар" рейді...

2022-2023 оқу жылының 23 қыркүйегінде барлық мектептердің әлеуметтік педагогтері және мектеп инспекторлары бірлесіп "Түнгі қаладағы балалар" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу ұйымдастырылды. Мақсаты-балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, оның ішінде кәмелетке толмағандарды ойын-сауық мекемелерінде және тұрғынжайдан тыс жерлерде тәуліктің кешкі және түнгі уақытында анықтауға бағытталған.

2022-09-26 17:06:50

Скачать Смотреть

«Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқықбұзушылық» тақырыбы бойынша дәріс сабақ ұйымдастырылды...

1-қыркүйек күні «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқықбұзушылық» тақырыбы бойынша 10-11 сынып оқушыларымен дәріс сабақ ұйымдастырылды. Дәрісті мектептің әлеуметтік педагогі А. К. Катенова және ювеналды полиция қызметкері А. Касымжанова жүргізді. Мақсаты: оқушыларды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу, түрлі жағымсыз жағдайлардан бойларын аулақ ұстау, салауатты өмір салтын ұстануға бағыттау;

2022-09-02 12:17:30

Скачать Смотреть

«Оқушылардың қоғамдық орындардағы жүріс-тұрыс мәдениеті», «Әкімшілік жауапкершілік», «Түнгі уақыт», «Оқушылардың жазғы демалысындағы қауіпсіздік» тақырыптарында әңгіме-кеңес, пікірталастар жүргізді...

11-17 мамыр күндері аралығында Балқаш қаласы прокуратурасының прокуроры Қуанышбек А. Қ. , әлеуметтік педагог Катенова А. К., Балқаш қаласының ПБ-нің ЕҚҚІҚБ-нің жедел уәкілі полиция лейтенанты Абитаев Е. А. және мектеп инспекторы Қасымжанова А. Қ. 3 - 9 сынып білім алушыларымен «Оқушылардың қоғамдық орындардағы жүріс-тұрыс мәдениеті», «Әкімшілік жауапкершілік», «Түнгі уақыт», «Оқушылардың жазғы демалысындағы қауіпсіздік» тақырыптарында әңгіме-кеңес, пікірталастар жүргізді. Мақсаты: қылмыстың – қоғамға қауіпті әрекет, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмысы, қылмыстық жауапкершілік, оған қолданылатын жаза түрлері, кінәні жеңілдететін, өз әрекеттеріне баға бере білуге баулу, сонымен қатар шылым шегудің адам ағзасына тигізетін зиянды әсері түсіндіру. Есірткі қолданудың зиянды әсерлерін ашу, оның салдарынан туатын аурулар туралы оқушылар білімін арттыру мақсатында «Зиянды заттардың зардабы» бейнефильмі көрсетіліп талқыланды.

2022-05-18 16:59:13

Скачать Смотреть

Рейдтік іс-шара өткізілді...

«Балалар жылы» аясындағы іс-шараларды жүзеге асыру аясында 2022 жылдың 12 мамырында рейдтік іс-шара өткізілді. Басты мақсат отбасыларға жан-жақты қолдау көрсету, келеңсіздіктердің себептерін жою. Балалы отбасылардың деректер қорын жүргізу. Рейдтік шараға барлық мектеп мұғалімдері мен инспекторлар қатысты.

2022-05-16 15:21:17

Скачать Смотреть

«Bala Qorgau» жобасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді...

18-27 сәуір аралығында мектеп психологы мен әлеуметтік педагог 5-11 сынып оқушылары арасында «Bala Qorgau» жобасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. «Bala Qorgau» жобасы – зорлық-зомбылыққа ұшыраған, жақынынан айырылған, күйзеліске ұшыраған, қолдауды қажет ететін балалар мен ата-аналарға психологиялық көмек. Балаларға мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарына көмектесу үшін арнайы құрылған https://bala.gov.kz/ru/ сайтында оқушылар да, ата-аналар да кеңес алуға болатын түрлі айдарлар бар екені егжей-тегжейлі айтылды. Сайтта қалай жұмыс істеу керектігі түсіндірілді. Сондай-ақ мектеп фойесінде ақпараттық стендте сайтқа өтуге QR код орнатылған, ол арқылы оқушылар сайтқа оңай кіріп, мазалап жүрген сұрақтарына жауап ала алады.

2022-04-27 17:18:26

Скачать Смотреть

Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері туралы буклет таратылды...

2022 жылдың 8-ші сәуір күні оқушының құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру, оқушыларды адам құқықтарына оқыта отырып, түрлі өмірлік жағдайларда өз мүмкіндіктерін жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту мақсатында «Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері» тақырыбында оқушыларға буклеттер таратылды.

2022-04-08 18:01:17

Скачать Смотреть

«Өз құқығыңды қалай қолдануға болады?» тақырыбында ситуативті әңгіме жүргізілді...

11 ақпан күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан "Құқықтық навигатор" апталығы аясында оқушыларға құқықтық тәрбие беру арқылы оқушылардың бойына заңға деген жауапкершілік сезімін ояту. мақсатында 7 сынып оқушылары арасында «Өз құқығыңды қалай қолдануға болады?» тақырыбында ситуативті әңгіме жүргізілді.

2022-02-13 21:02:53

Скачать Смотреть

бiрiншiсi алдың. 1 2 3 4 соңғысы