Дәреже: Все

«Террористік акт, өрт, газ шабуылы кезінде білім беру ұйымының басшысы мен қызметкерлерінің іс-әрекеті», «Буллинг және кибербуллинг» тақырыбында семинар

Ағымдағы жылдың 5 желтоқсанында Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№4 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі КММ негізінде балалар қауіпсіздігі бойынша жаттықтырушы, «Михаил Русаков атындағы мектеп-интернаты» КММ» әлеуметтік педагогы Катенова А. К. «Террористік акт, өрт, газ шабуылы кезінде білім беру ұйымының басшысы мен қызметкерлерінің іс-әрекеті», «Буллинг және кибербуллинг» тақырыбында семинар өткізді. Тақырып аясында бейнероликтер, слайд материалдары көрсетілді. Семинарға қатысушылар әрекеттер алгоритмімен таныстырылды. АӘТД ұйымдастырушысы мектепті эвакуациялау жоспарымен таныстырды. Семинарға 78 қызметкер қатысты.

2022-12-05 16:31:16

Скачать

Михаил Русаков атындағы мектеп – интернатының 2022 – 2023 оқу жылындағы 1 тоқсан білім сапасы

Директор баяндамасы

2022-12-02 15:34:53

Скачать Смотреть

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығы

2022-12-01 16:44:24

Скачать Смотреть

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ. «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫ

Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «мемлекеттік стандартқа», «мемлекеттік стандарттарға», «мемлекеттік стандарттарын» деген сөздер тиісінше «ұлттық стандартқа», «ұлттық стандарттарға», «ұлттық стандарттарын» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2012.06.28N 23-VКонституциялық Заңымен. (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)

2022-12-01 16:38:57

Скачать Смотреть

Биыл 2022 жылы біздің мектебіміздің жылыжайына 10 жыл толып отыр...

2012 жылы қала әкімінің қолдауымен мектебімізде жылыжай салынған. Биыл 2022 жылы біздің мектебіміздің жылыжайына 10 жыл толып отыр. Жылыжайды құру максаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, жылыжайда эксперименттік-практикалық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы биология сабақтарында алған теориялық білімдерін толықтыру. Жылыжайларда жұмыс істеу мектеп бағдарламасын практикалық жаттығулармен толықтырады және мұғалімдерге сабақтан тыс қызықты сабақтар өткізуге тамаша мүмкіндік береді. Мектеп оқушылары көкөністер, шөптер өсіреді, ал жиналған өнім демонстрациялық жобалар мен жарыстарда пайдаланылады.

2022-12-01 15:46:14

Скачать Смотреть

Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне қойылатын ең төменгі талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 14 қарашадағы № 456 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 қарашада № 30534 болып тіркелді

2022-11-30 08:35:54

Скачать Смотреть

Қарағанды облысының білім беру мекемелерінде қолайсыз ауа райы жағдайында сабақтарды тоқтату туралы Ұсыныстар (28.10.2022 ж.)

1. Сабақты тоқтату күндері жалпы білім беру ұйымында сабақтарды тоқтату және оқу процессін ұйымдастыру тәртібі

2022-11-22 16:14:06

Скачать Смотреть

Мектепішілік бақылау жоспары, 1 жартыжылдық 2022-2023 оқу жылы

Мақсаты: мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту негізінде жалпы білім сапасын көтеру

2022-11-22 13:40:13

Скачать Смотреть

Мектеп инспекторы А. Қ. Қасымжанова 9-сынып оқушыларымен «Қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ» тақырыбында әңгіме өткізді...

11 қараша күні мектеп инспекторы А. Қ. Қасымжанова 9-сынып оқушыларымен «Қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ» тақырыбында әңгіме өткізді. Мақсаты: адамзат қоғамының өмірін реттейтін ережелермен таныстыру; оқушылардың мәдениеті мен тұлғааралық қарым-қатынасын қалыптастыру. Міндеттері: мектепте, көлікте, кеште, кітапханада өзін-өзі ұстау туралы білімдерін жүйелеу; өз ісіне жауапкершілік, заңды құрметтеу сезімін тәрбиелеу; әдептілікке баулу. Оқушылар ақпарат алып, сұрақтарын қойды.

2022-11-11 16:20:47

Скачать Смотреть

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 сәуірде № 20317 болып тіркелді.

2022-11-08 16:44:30

Скачать Смотреть

«Мұғалім жұмысында MS Excel электрондық кестелерін қолдану» семинар-практикум өтті...

23 қыркүйек күні ұстаздарға «Мұғалім жұмысында MS Excel электрондық кестелерін қолдану» семинар-практикум өтті. Мақсаты: Ұстаздардың электронды деректерді құру білімдерін тереңдету, толықтыру. Семинар барысында 1) Кесте құруға және оларға ат қойып, дискіге сақтауға; 2) Сақталған кестелерді ашуға және оларға түзету жасауға; 3) Кестеге жол, баған, немесе ұяшықтар қосуға; 4) Кестеден жол, баған немесе ұяшықтардан алып тастауға; 5) Жол, баған немесе ұяшықтарды ішіндегісін көшіруге немесе орнын ауыстыруға; 6) Ұяшықтардан ішіндегісін өсуі немесе кемуі бойынша сұрыптауға; 7) Формулалар бойынша есептеулер жүргізуге; 8) Диаграмма тұрғызуға; 9) Графикалық объектілер кірістіруге; 10) Баспаға шығаруға мүмкіндік береді; Ұстаздар белсене қатысып, өздеріне электронды деректерді құру негізін меңгеріп шықты.

2022-11-03 09:35:44

Скачать Смотреть

2022-2023 оқу жылының 1 тоқсанындағы оқушылардың білім сапасы

2022-2023 оқу жылының 1 тоқсанындағы оқушылардың білім сапасы

2022-10-31 15:51:23

Скачать

бiрiншiсi 1 2 3 4 5 6 61 соңғысы