"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы
Дәреже: "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы
2017 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №827 Қаулысымен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – орта мерзімді перспективада цифрлық технологияларды пайдалану арқылы республика экономикасының даму қарқынын жеделдету және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада Қазақстан экономикасын болашақтың цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму жолына көшіру үшін жағдай жасау.
Бағдарлама 2018-2022 жылдар кезеңінде іске асырылады және елдің флагмандық салаларын технологиялық жаңғыртуға қосымша серпін береді, еңбек өнімділігінің ауқымды және ұзақ мерзімді өсуіне жағдай жасайды.
Бағдарламаның толық мәтінін жүктеп алу
«Скриншотты әрі қарай қолдануға пайдалы және ыңғайлы болу үшін қалай дұрыс түсіру керек» тақырыбында цифрлық сауаттылық сабақтары өткізілді...19-20 қараша күндері мектеп педагогтері арасында /пән мұғалімдері, тәрбиешілер/ «Скриншотты әрі қарай қолдануға пайдалы және ыңғайлы болу үшін қалай дұрыс түсіру керек» тақырыбында цифрлық сауаттылық сабақтары өткізілді. Мақсаты: педагогтердің АКТ құзырлығын жоғарылату. Мұғалімдер «Скриншот» ұғымымен, скриншоттар қандай мақсатта қолданылатындығымен танысты. Сондай-ақ, скриншоттың форматтары егжей-тегжейлі қарастырылды. Скриншоттың пішімі өте маңызды, өйткені сапасыз немесе бұлыңғыр сурет сізге адамға не көрсеткіңіз келетіні туралы нақты түсінік бермейді. PNG – кескіндерді сапасын жоғалтпай сақтайтын графикалық пішім. Оның кемшілігі салыстырмалы түрде үлкен файл өлшемі болып табылады. JPEG – Бұл пішім сапада белгілі бір жоғалтумен кескінді қысады. GIF – мөлдірлік пен анимацияны қолдайтын пішім. Деректер сапаны жоғалтпай қысылады. Сондай-ақ мұғалімдер іс жүзінде компьютерде экранның сапалы скриншотын жасауды үйренді. Бағдарламалар мен кірістірілген ДК функцияларын пайдалана отырып, компьютерде скриншоттарды қалай түсіру керектігі егжей-тегжейлі қарастырылып, мұғалімдерге практикалық түрде жеткізілді. |
2021-12-03 16:03:52 |
Скачать |
Электронды цифрлық қолтаңбаны қашықтан алу бойынша бейне оқуhttps://youtu.be/oTNv4r9Fldk |
2021-10-05 14:08:26 |
Скачать Смотреть |
«Электронды қызметтер» тақырыбында мектеп қызметкерлерімен оқыту семинары ұйымдастырылып өткізілді...26 наурыз күні «Цифрлық әлемге қадам» облыстық жобасы аясында азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында «Электронды қызметтер» тақырыбында мектеп қызметкерлерімен оқыту семинары ұйымдастырылып өткізілді. Семинар аясында қала әкімдігі тарапынан тыңдаушыларға egov.kz порталының бөлімдері мен танымал қызметтері көрсетілді, онлайн режимінде осы немесе басқа ақпаратты қалай алуға болатынын түсіндірді. Тренерлер порталға тіркелу және электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу тәртібін түсіндірді. Сонымен қатар, пайдаланушылар жол ережесін бұзғаны үшін салықтар, алымдар, мемлекеттік баждар мен айыппұлдарды төлеуді үйренді, сондай-ақ мемлекеттік органдарға электрондық үндеу жіберу тәртібімен танысты. Семинардың 2 бөлімінде мектеп қызметкерлерімен директордың ақпараттандыру ісінің орынбасары Н.Рахимберлина айтылған ақпараттарға қосымша «Egov.mobile» қосымшасы туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Халыққа қызмет көрсету ораталығына бармай-ақ «egov. mobile» және «TelegramBot» мобильді қосымшалары арқылы уақытты үнемдеп, онлайн қызмет алу жолдарын түсіндірді. Семинар соңында қатысушылар өздерінің көкейтесті сұрақтарына толыққанды жауаптарын алды. |
2021-04-01 09:11:54 |
Скачать Смотреть |
"Цифрлық әлемге қадамдар" жобасы негізінде «Киберқылмыскерге сіздің компьютеріңіз не үшін қажет» - Интернетте қауіпсіз жұмыс істеу негіздерінен педагогтермен мектепішілік семинар өткізілді..."Цифрлық әлемге қадамдар" жобасы негізінде «Киберқылмыскерге сіздің компьютеріңіз не үшін қажет» - Интернетте қауіпсіз жұмыс істеу негіздерінен педагогтермен мектепішілік семинар өткізілді. Ұстаздарға "киберұауіпсіздік" дегенді қалай түсінесіз, не үшін қажет деген сұрақтар қойылды. Интернетті қолданушыларға ымырауға келу үшін көптеген әдістер қолданылып жатыр, олардың ақпаратын киберқылмыскерлер ала алады. Компьютер бұзылғаннан кейін, киберқылмыскерлер пайдаланушының деректерін кез келген нәрсе үшін пайдалана алады. Киберқылмыскерлер жарнамаларды компьютерлерді бұзудың құралы ретінде пайдаланатыны туралы мағұлмат берілді. Ұстаздарға мағлұматтар беріліп, ортаға өз ойларын салды. |
2021-03-12 15:24:36 |
Скачать Смотреть |
«Қолданбалы қосымша дегеніміз не?»«Қолданбалы қосымша дегеніміз не?» тақырыбы бойынша бейне оқулық көруді ұсынамыз. * Microsoft корпорациясының бейнесі |
2021-02-19 13:47:40 |
Скачать Смотреть |
Компьютерде папка жасау туралы видео нұсқаулықБіз «Компьютерде папка қалай құруға болады» тақырыбында бейне сабақтарды көруді ұсынамыз. * Microsoft корпорациясының бейнесі |
2021-02-19 13:44:50 |
Скачать Смотреть |
«Операциялық жүйе дегеніміз не» тақырыбындағы бейне сабақ«Операциялық жүйе дегеніміз не?» тақырыбында бейне оқулық көруді ұсынамыз. |
2020-12-20 17:41:29 |
Скачать Смотреть |
Компьютер түрлеріСізге «Компьютер түрлері» видеооқулықтарын көруді ұсынамыз. |
2020-12-20 17:39:22 |
Скачать Смотреть |
Сандық сауаттылықтың негізгі сабағы «Компьютердің негізгі компоненттері«Компьютердің негізгі компоненттері» тақырыбы бойынша бейне сабақтарды көруді ұсынамыз. |
2020-12-20 17:36:38 |
Скачать Смотреть |
Сандық сауаттылықтың негізгі дағдылары«Компьютер дегеніміз не?» Тақырыбы бойынша бейне сабақтарды көруді ұсынамыз. |
2020-12-20 17:22:13 |
Скачать Смотреть |
«Цифрлық білім» жобасын жүзеге асыру...Орта білім 2021 жылдан бастап «Цифрлы сауаттылық» пәні 1-сыныптан бастап енеді. 25 арнаулы IT-лицей ашылды, 447 STEM зертханасы мен 2 мыңға жуық робот техникасы кабинеті ұйымдастырылды. Оқушылар сарайларында 560-тан астам технопарк және робот техникасы кабинеттері ашылды. Педагогтер IT сауаттылығын арттыру курстарынан өтеді. |
2020-07-03 12:40:13 |
Скачать Смотреть |
Халықты «цифрлық сауаттылыққа» оқыту курсын талдау...Адами капиталды дамыту мақсатында – "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының бағыттары, халықты цифрлық сауаттылыққа оқыту бойынша оқу бағдарламалары әзірленді. Қазіргі уақытта 2019 жылдың 1 шілдеден 31 шілдеге дейін 322 адам, көп балалы аналар, зейнеткерлер, жұмыссыздар, оқушылар болды. Олардың барлығы курстан өтіп, оқу сертификаттары табыс етілді. |
2019-07-31 21:27:17 |
Скачать Смотреть |