МЕКТЕПТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТІ
Дәреже: Әлеуметтік педагог
«Мектепке жол» акциясы туралы қорытынды ақпарат2021 жылғы 1 тамыз және 30 қыркүйек аралығында өтетін дәстүрлі жалпы республикалық "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы бастау алды. Акцияның мақсаты - аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан алушыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде материалдық және өзге де көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу. Біздің әрқайсымыз халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта аламыз, оның мектепке жолы ең жақсы және бақытты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлықпен назар аудара аламыз! |
2021-10-05 17:53:54 |
Скачать Смотреть |
1 маусым - халықаралық балаларды қорғау күні "Жақсылық жасай біл" атауымен мерекелік іс-шаралар өткізілді...1 маусым - халықаралық балаларды қорғау күні "Жақсылық жасай біл" атауымен мерекелік іс-шаралар өткізілді. Аз қамтылған отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қызықты мультфильмді тамашалауға "Мир синема" кинотеатрына шақырылып, тәтті сыйлықтар алды. |
2021-06-02 15:13:49 |
Скачать Смотреть |
Қала көшелері бойынша рейд жүргізілді...25 мамыр күні мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілері және сынып тәрбиешілері мектеп инспекторымен біріге отырып қала көшелеріне шығып рейд жүргізді. Рейдтің жүргізілу мақсаты: мектеп бітіруші түлектердің бейсауат көше қыдырып, немесе қала кафелері мен ресторандарында бас қосуын болдырмау, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу. Рейд жүргізу барысында аталған іс-әрекетке жол берген оқушылар анықталаған жоқ және тәртіп бұзушылықтар да жоқ. |
2021-05-28 10:12:36 |
Скачать Смотреть |
“Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері” буклеттіЖоғарыда көрсетілген ҚР заңнамалық актілерін орындау үшін Михаил Русаков атындағы санаторий-мектеп-интернатының әкімшілігі сіздерге мереке және демалыс күндері, сондай-ақ каникул уақытында балалардың қауіпсіздігі мен өмірі үшін жауапкершілік ата-аналарға жүктелетінін хабарлайды |
2021-04-15 21:21:29 |
Скачать Смотреть |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша құқықтық кешенді жұмыс өткізілді ...Сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алудың пәрменді тетігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғаннан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер мектеп қабырғасында дәйектілікпен жүзеге асырылуда. Осы бағыттағы шаралар мен көкейтесті мәселелерді шешуде заңдылықты жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Күні бүгін, халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында мектеп әкімшілігі, сондай-ақ Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес, мектеп ұжымымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы жан-жақты құқықтық жалпы білім беру жұмысын өткізді. Педагогикалық этикаға сәйкес, мұғалімдер өздерінің қызметтік және қызметтік емес уақыттарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын қабылдап, өзінің жеке мінез-құлқы, жүріс-тұрысы арқылы адалдық, бейтараптық және әділеттіліктің үлгісін көрсетуі керектігі туралы тағы бір мәрте ескертілді. Михаил Русаков атындағы мектеп-интернатының ұжымы «Сенің ЖОҚ дегенің өте маңызды» деген қағидасын ұстанып СЫЙЛЫҚ түріндегі сыбайлас жемқорлыққа ҚАРСЫ!!! |
2021-03-04 21:43:13 |
Скачать Смотреть |
9-11 сыныптар арасында мектеп инспекторымен кездесу өтті...12 ақпан күні «Құқықтық навигатор» құқықтық сауаттылық аптасы аясында 9-11 сыныптар аралығында «Маманмен кездесу» тақырыбында құқықтық кеңес алу мақсатында мектеп инспекторымен кездесу өтті. Кездесу барысында Е. М. Жукин оқушыларға «Қылмыстық кодексте көзделген кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімнің қылмыстық жауапкершілігі» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндама барысында қылмыстық жауапкершілікпен оған берілетін жаза түрлерін және ол қылмыстардың қандай баптарда қаралатындығы жайында түсіндіріп кетті. Сонымен қатар, қала көшелерінде орын алып отырған вандализм әрекеттеріне тоқталып, мұндай ерсі қылықтарға бармауларын ескертті. Оқушылар инспекторға заңдар мен баптар туралы сұрақтар қойып, ұтымды да нақты жауаптар алды. |
2021-02-19 14:19:28 |
Скачать Смотреть |
6-7 сынып оқушылары арасында «Мектептегі терроризм фактілері туралы біле тұра жалған хабарламалар үшін кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі» тақырыбында әлеуметтік педагог Касимова Г.-мен дәріс сағаты өткізілді ...10 ақпан күні «Құқықтық навигатор» атауымен өтіп жатқан құқықтық сауаттылықты дамыту апталығының аясында 6-7 сынып оқушылары арасында «Кәмелетке толмағандардың мектептегі терроризм фактілерін біле тұра жалған хабарламалар үшін жауаптылығы» тақырыбында әлеуметтік педагог Г. Касимованың ұйымдастыруымен дәріс беру сағаты өтті. Мақсаты: оқушыларды терроризм актісін жалған хабарлау туралы жауапкершілікпен таныстыру; Білім алушылардың, кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының түрлері туралы білімдерін кеңейту; Өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік таныты білуге тәрбиелеу. Ел азаматтары осындай жалған хабар беріп, құқықбұзушылыққа бармас үшін не істеуге болады және заңда тәртіп бұзғандарға қандай жауапкершілік көзделген? Оқушылар өздерін толғандырған осы сұраққа тартымды, нақты жауаптар ала алды. |
2021-02-19 13:38:49 |
Скачать Смотреть |
Жаңа жыл қарсаңында Балқаш қаласының жеке кәсіпкерлері балаларды тәтті сыйлықтарымен қуантты...Жаңа жыл қарсаңында Балқаш қаласының жеке кәсіпкерлері балаларды тәтті сыйлықтарымен қуантты. Мұқтаж, көп балалы отбасылардан және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 175-тен астам мектеп оқушылары тәтті сыйлықтар алды. Аяз ата мен Ақша қар ертегілер, мультфильмдер, комикстердің танымал және сүйікті кейіпкерлердің қатысуымен бейнеқұттықтау, жаңа жылдық әндер мен билер жолдады. Жаңа жылдық сыйлықтармен қуантқан қала меценаттарына оқушылар мен ата-аналарымыздан алғысымызды білдіреміз. |
2020-12-30 22:33:03 |
Скачать |
Рейдтер жүргізілді...2020 жылдың 11 желтоқсанында мектептің әлеуметтік педагогы Г. Касимова бастаған мобильді топ (аналар кеңесі, әкелер кеңесі мүшелері, мектеп инспекторы, алғашқы әскери дайындық, дене шынықтыру мұғалімдерінен құралған) түнгі уақытта жасөспірімдердің ересек адамның қадағалауынсыз көшеде бос жүруін тексеру мақсатында қала ішінде орналасқан ойын-сауық орталықтарын, дүкендер мен жертөлелерді тексеріп рейд жасады. Сонымен қатар жайсыз отбасылардың, есепте тұратын оқушылардың үйлеріне барып, қал-жағдайларын білді. Рейд барысында оқушылар үйлерінде болды, ешқандай құқық бұзушылық жағдайлар орын алған жоқ. |
2020-12-15 15:06:47 |
Скачать Смотреть |
«Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» акциясы туралы ақпаратАкцияның мақсаты: кәмелетке толмағандардың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру үшін жағдай жасау. Бір-біріне достық қарым-қатынасты қалыптастыру. Акция аясында ересектердің назарын қатыгез қарым-қатынас проблемаларына аударуға және жасөспірімдер арасында қатыгез көріністерге жол бермеу туралы ақпарат таратуға бағытталған кең ауқымды іс-шаралар өткізілді. Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін келесі іс-шаралар жүргізілді. |
2020-11-18 19:49:13 |
Скачать Смотреть |
Ата-аналар жиналысы «Зорлық-зомбылықтың алдын алу. Отбасы, мектеп, қоғам проблемасы» «Баланың құқықтары»9 қараша күні сағат 18: 00-де ата-аналар жиналысы онлайн режимінде өтті. Күн тәртібіне келесі сұрақтар кірді: «Зорлық-зомбылықтың алдын алу. Отбасы, мектеп, қоғам проблемасы» «Баланың құқықтары». Мақсаты: Балаларға қатыгез және немқұрайлы қарау мәселесіне назар аудару және балаларға зорлық-зомбылықтың қолайсыз болып табылатындығына, сондай-ақ жасына, даму деңгейіне, әлеуметтік жағдайына қарамастан әрбір адамның өмірі мен әл-ауқаты өте құнды деген сенімдерді қалыптастыру. |
2020-11-18 19:44:50 |
Скачать Смотреть |
Республикалық "Мектепке жол" акциясына қатысқан демеушілерге алғысымызды білідіреміз...Еліміздің келешегі тәрбиелі, білімді ұрпаққа байланысты болғандықтан, қамқоршысы жоқ, аз қамтылған, мүжәлсіз отбасы балаларының білім алуына мүмкіндік жасап, қоғамға пайдасын тигізетін азаматтар тәрбиелеу баршаға ортақ іс. |
2020-11-18 19:39:36 |
Скачать Смотреть |