Психологтың жұмысы

Дәреже: Психологтың жұмыстары

«Мен болашақта кім боламын?» сурет терапиясының ақпары

Мектебімізде Қаңтар айының 21-інші жұлдызындаоқушылардың мамандыққа деген қызығушылығын ояту мақсатында1 А, Ә, Б сынып оқушыларымен«Мен болашақта кім боламын?» сурет терапиясы жүргізілді. Басым бөлігі «Полиция», «Мұғалім» сынды мамандық таңдап сурет салды. Орындаған: Абеуова С.О

2022-01-21 11:05:48

Скачать Смотреть

«Мэдис ОҚЭДӘ» әдістемесінің ақпараты

Мектебімізде 13. 12 жұлдызында 1 А, Ә және 2 А, Ә, Б сынып оқушыларынан «Мэдис ОҚЭДӘ» әдістемесі алынды. Балалардың интелектуалды дамуын диагностикалау, дамыту. 6-7 жас жастағы балалардың ой қабілеттері деңгейін анықтауға арналған. ОҚЭДӘ интеллектке арналған әлемдік тестлер негізінде авторлардың ұсынған авторлық әдістемесі. Бұл тест 6 – 7 жасар балаларға толық бейімделген. ОҚЭДӘ-нің тапсырмалары сурет ретінде ұсынылған. Тапсырмалардың әр түрлігі көптеген ой әрекеттерін ең аз уақытта қамтуға жағдай жасалады. Тест баланың бастауыш мектепте оқуға қабілеті туралы жақсы анықтама береді. Мақсаты: Балалардың интелектуалды дамуын диагностикалау, дамыту.

2022-01-05 13:18:33

Скачать Смотреть

«Діни экстремизмнің психологиялық аспектілері» оқушыларға арналған психологиялық Тренинг

Мектебімізде мектеп психологы желтоқсан айының 28жұлдызында 9-сынып оқушыларына «Діни экстремизмнің психологиялық аспектілері» деген тақырыпта тренинг өтті. Мақсаты: «Желілік компания» Оқушылар 2-топқа бөлініп отырады, бірінші топ, екінші топты алдап, желілік компанияның құрамына кіргізгісі келеді.Екі топтың әңгімесі бақыланады. «Жоқ деп айтуға үйрен» Мақсаты: Қатысушылар 2-шағын топқа бөлінеді. Бірінші топтағылар әртүрлі эмоцияларды қолдана отырып «жоқ» деп айту керек, ал 2-ші топ айтушының дауыс ырғағына қарап, оның қандай эмоционалды күйді білдіріп тұрғанын танып білу керек.

2021-12-28 13:47:38

Скачать Смотреть

11 сынып оқушыларымен «Өзіндік Менім» оқушылардың өзіне деген сенімділіктерін арттыру мақсатында тренинг

Мектебімізде мектеп психологы желтоқсан айының 15-жұлдызында 11 сынып оқушыларымен «Өзіндік Менім» оқушылардың өзіне деген сенімділіктерін арттыру мақсатында тренингі өтті. Оқушылармен көздерін жұмып аспандағы жұлдыздарды елестету арқылы аутотренинг Өз жұлдызыңды тап» жаттығуымен басталды. «Менің есімім», «Атомдар мен молекулалар», «Сыр сандық», «Лимон» «Тұлғаның өзіне сенімділігін психологиялық дайындау» жаттуғалары жасалып, өздеріне деген сенімділіктері арта түсті. Оқушыларға бақытты ғұмыр болмайды, ол бақытты секунд, бақытты минут, бақытты сәттерден тұратынын, біз сол бақытты сәтті сезіне білу арқылы бақытты болатынымыз айтылды. Бір-бірінің қолдарынан ұстап жоғары көтеріп, біркелкі хор дауыспен «Біз ҰБТ-ға сеніммен барамыз!» деп айтып, тренингімізді аяқтадық. Мақсаты: Өзіне деген сенімділікті арттыру. ҰБТ психологиялық дайындық дағдыларын меңгеру. Оқушылардың өздеріне деген сенімдерін нығайтып, өзі туралы ойын дамытып, коммуникациялық іскерлікті жетілдіру, өзін сенімді сезіну үшін тұлғаны психологиялық күйге келтіру.

2021-12-20 13:47:44

Скачать Смотреть

«Жаңа мамандықтар атласы XXI ғасырдың сұранысқа ие мамандықтары»

Мектебімізде мектеп психологы: Садуакасова Ф.Ж 11.12.21 күні 10-сынып оқушыларына «Жаңа мамандықтар атласы XXI ғасырдың сұранысқа ие мамандықтары» тақырыбында психологиялық кеңес өткізді. Әлемде 10 мыңнан аса мамандықтың бары, мамандық таңдаудың 7- факторлары:отбасы, мұғалім, қабілет,бедел,оқудың жақын орналасуы,тәжірибиенің болуы,достары әсер ететінін айтып, бұрыннан бар мамандықтар және жаңадан пайда болған мамандықтар туралы ақпарат берілді.Оқушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Мақсаты: Мектеп бітірушілерге кәсіби бағдар беру, оқушыларға болашақ мамандық таңдауға көмектесу; 2. Оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарастарын дамыту, алдағы уақытта мамандықты дұрыс таңдай білуге,таңдаған мамандығының өз білімділігімен қабілетімен сәйкес келуіне бағыт бағдар беру; 3. Түрлі мамандық иелерімен кездесіп, оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын арттыру,ғылымға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;

2021-12-11 11:14:26

Скачать Смотреть

«Мен өмірді сүйемін»

Мақсаты: 1. Өмір адам баласына бір-ақ рет берілетін өте қымбат сый екенін түсінуге, асыл қасиет адам бойында болатынын түсінуге ықпал ету; 2. Жақсы қасиетке үйретіп, жаман қасиеттен жиренту арқылы адамгершілік сезімдерін дамыту; 3. Оқушылардың өздерін жан-жақты тереңірек ашуына бағыт-бағдар беру, оқушы көзқарасын қалыптастыру. Мектебімізде мектеп психологы: Садуакасова Ф.Ж 10.12.2021 күні қыздар жиналысын өткізді. Жиналыста «Өмірге бағыт» байқау тестті арқылы қыздарға ұлы тұлғалардың суреттері беріліп, оның өзіне үлгі, өнеге боларлық ісі, мінез-құлқы туралы әңгімелеп берді. «Сын түзелмей, мін түзелмейді» психологиялық ойын өткізілді. Бұл ойында оқушы алдында екі орындық қойылып,оқушы өз сыныбындағы бір оқушының жақсы-жаман қасиеттерін айтты. Ойын барысында «Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады», «Егер сені ешкім қадір тұтпаса, мұның себебі өзіңде», «Қызғаншақтық–таяз ақылдың белгісі» деген мақалдарды ұстанды. Жиналыс соңында өзіне ұнайтын гүлді салу тапсырылды.

2021-12-10 14:23:40

Скачать Смотреть

«Оқушыларды ҰБТ-ге психологиялық тұрғыда дайындау» тренингі

Мектебімізде желтоқсан айының 8-жұлдызында 11 сынып оқушыларымен «Оқушыларды ҰБТ-ге психологиялық тұрғыда дайындау» тренингі өтті. «Сәлемдесу» Мақсаты: амандасу, топты ұйымдастыру.«Интуицияңды тексер»жаттығуы.Мақсаты: Оқушылардың интуициясының қаншалықты дамығандығын диогностикалау.Рөлдік ойын: «Кездесу» Мақсаты:Өзгенің орнында болып, тығырықтан шығу жолын табуға тырысу.«Мен хирургпін» Мақсаты:Оқушылардың ой-пікірін ортаға салу, адамгершілік қасиетін анықтау.«Гүлге қонған көбелек» Нәтижесінде оқушылар психологиялық тұрғыда дайындықтары жоғары деңгейде болды.

2021-12-08 12:54:46

Скачать Смотреть

«Қабілеттілікті зерттеу»

Мектебімізде 3.12.2021 күні 7-сыныптар арасында «Қабілеттілікті зерттеу» бойынша оқушылардан автоматтандырылған жүйе бойынша сауалнама алынды. Мақсаты: Мамандыққа деген танымдық қызығушылық ынтасын, байқаушылығын, ілтипаттылығын дамыту; Жеке тұлғаның психологиялық құрылымы туралы түсінік беру; Сауалнаманың нәтижесі:

2021-12-06 14:26:30

Скачать Смотреть

«Өзімді өзім танумен өсіп келем...» тренинг

Мектебімізде 18.11.21 күні 5 - 6 сынып оқушыларымен «Өзімді өзім танумен өсіп келем...» атты психологиялық тренинг өткізілді.Өскелең ұрпақтың адам тәрбиесі мен қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын, ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болатындарына тоқтала өтті. «Ойлануға арналған сұрақтар», «Мейірімді жүрек», «Биіктік», «Дракон ойыны», «Қызға 40 үйден тыйым» әдістерін қолданып оқушылармен топтық жұмыс жаттығулары жүргізілді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, белсенділік танытты. Тренинг соңында әр оқушы өз ойларын көбелек қиындысына жазып жайқалып өсіп тұрған емен ағашына жапсырды.

2021-11-30 15:05:13

Скачать Смотреть

«Біз әртүрліміз, бірақ біргеміз»

Мектебімізде 19.11.2021 күні 7-сыныптар арасында «Біз әртүрліміз, бірақ біргеміз» атты тренинг өткізілді. Мақсаты: Толеранттық ұғымын кеңейту. Айнала қоршаған адамдарға кешіріммен, түсінушілікпен,ізгілікпен қарауға үйрету. Жасаған әрекеттеріне жауапкершілікпен, қасындағы адамдарға шыдамдылықпен қарауға тәрбиелеу. Ата-ана мен бала арасындағы байланысты күшейту, оқушыларды инабаттылыққа, тәртіптілікке шақыру.Ұжымдық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру.

2021-11-29 11:46:21

Скачать Смотреть

«Менің арманым» тренинг-сағат

Мектебімізде 26.11.21күні 3 сыныптарға балалардың санасына мамандық туралы ой салу мақсатында «Менің арманым» тренинг-сағаты өткізілді. Мақсаты: оқушылардың өмірге деген көзқарасын дамыту, олардың армандары мен мақсаттары жайында білу.

2021-11-27 10:04:07

Скачать Смотреть

«Өзін-өзі бағалау» әдістемесінің ақпараты

Мектебімізде 15. 11 жұлдызында 2, 4 сынып оқушыларынан «Өзін-өзі бағалау» әдістемесін мектеп психологы С. Абеуова алынды. Оқушылардың алдына дөңгелекшелер суреттелінген карточкалар берілді. Карточкада 9 дөңгелекшелердің ішіне өзін қай деңгейде екенін анықтау тапсырылды. Мақсаты: Оқушының өзін-өзі бағалау шамасын, ата-анамен, достарымен қарым-қатынасын анықтау, кеңес беру.

2021-11-18 10:44:29

Скачать Смотреть

бiрiншiсi 1 6 7 8 9 10 14 соңғысы