Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Дәреже: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
«Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ»01.12.2025 күні 7-сынып оқушыларына «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында эссе жазу жұмысы өткізілді. Мақсаты – жас ұрпақты адалдыққа, әділдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық ұстанымын қалыптастыру. Оқушылар өз ойларын шығармашылық тұрғыда жеткізіп, әділ қоғам құруға деген сенімдерін білдірді. Эссе жұмыстары арқылы олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастары мен болашаққа деген үміттері айқын көрініс тапты. |
2025-12-02 10:13:14 |
Скачать Смотреть |
«Адал азамат-Адал еңбек-Адал табыс»Қараша айы Әділдік және жауапкершілік айы 03.11.25 күні «Адал азамат-Адал еңбек-Адал табыс» құндылығына сәйкес сынып сағаты 8-11 қауіпсіздік сабақтары өтті. Оқушыларды адал еңбек етуге, табандылық пен жауапкершілікке тәрбиелеу,Адал еңбектің адам өміріндегі маңызын түсіндіру мақсатында ұйымластырылды. |
2025-11-04 17:23:53 |
Скачать Смотреть |
АқпаратМектеп директоры Р.Ерубаева Сыбайлас жемқорлыққа іс -қимыл қарсы күрес негізінен заң мен сот алдындағы теңдік принципіне, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағыттары айтылды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және жою бойынша шаралар талқыланды. |
2025-09-30 14:37:58 |
Скачать Смотреть |
«Адалдық – адамдықтың белгісі»: 1-сынып оқушыларына «Адалдық дүкені» таныстырылды✅«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 16.09.2025 күні «Адал ұрпақ» жобасы шеңберінде мектебімізде «Адалдық дүкені» жұмыс жасайтыны 1-ші сынып оқушыларына таныстырылды. ✅Мақсаты — жас ұрпақтың бойында адалдық, жауапкершілік және сенім құндылықтарын қалыптастыру. ✅Оқушыларға дүкеннің сатушысыз жұмыс істейтіні, сатып алушылардың өз-өздеріне адал бола отырып, ақшаны арнайы жәшікке салуы керектігі түсіндірілді. |
2025-09-16 12:12:46 |
Скачать |
«Жемқорлық індет – жою міндет» тақырыбында сынып сағат ақпаратыМектебімізде 02.12.24 күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Жемқорлық індет – жою міндет», «Адал бол!» тақырыбында сынып сағаты өтті. Оқушыларға сыбайлас жемқор лық ұғымы, сыбайлас жемқорлықтың салдары, сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің түрлі салаларына тигізетін кері әсері туралы және тақырыпты ашатын бейнероликтер көрсетілді. «Адал ұрпақ қандай болу керек? Сыбайлас жемқорлық дегенімізді қалай түсінесіңдер? деген сұрақтар қойылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрбір азаматтың парызы және әр жеке тұлға белсенді азаматтық ұстаным білдіруі қажет. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу әр адамның өз қолында екенін түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрбір азаматтың парызы және әр жеке тұлға белсенді азаматтық ұстаным білдіруі қажеттілігі жайында баса айтылды. |
2024-12-02 21:46:03 |
Скачать Смотреть |
Ақпарат18.11.24 күні 8-11 сыныптарда «Адал ұрпақ» ұйымының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында «Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасы аясында эссе жазды. Оқушыларға «Сыбайлас жемқорлық» деген ұғымды түсіндіру, өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейтіп, жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. |
2024-11-19 09:42:03 |
Скачать Смотреть |
Ақпарат02.09.24 күні мектебімізде «Адалдық дүкені» жұмысын жалғастыруда. Мұнда оқушылар өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауар үшін ақшаны кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысады. Яғни, дүкенде сатушы жоқ, затты сатып алушылар өз-өздеріне қызмет көрсететін болады. Мұндай дүкендерді енгізу жастардың жағымды моральдық қасиеттерін, соның ішінде ішкі парасаттылық пен адалдықты тәрбиелеуге бағытталған. Бұл факторлар "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті" қалыптастыруға тікелей әсер етеді. |
2024-11-18 14:08:41 |
Скачать |
«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында дөңгелек үстел30.09.2024 күні мектебізіде «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара барысында жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетіліп, оқушыларға түрлі тапсырмалар орындады. Сыбайлас жемқорлық салдарынан қоғамда болып жатқан кері әсерлер туралы ақпараттар айтылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрбір азаматтың парызы және әр жеке тұлғаның белсенді азаматтық ұстанымы екенін түсінетіндіктерін жеткізді. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу әр адамның өз қолында. Қарағандыоблысыбілім09 #Біртұтас_тәрбие #ҚОББТӘРБИЕ #uo_krg @balqash_qalasy_bilim_bolimi @rumcdo_official @umckrg @balqash_qalasy_akimdigi @balqash_qbb |
2024-09-30 16:41:29 |
Скачать |
«Адалдық сағаттары» өткені жайында ақпаратМектебімізде 23.09.24 күні «Адалдық сағаты» болып өтті. Адалдық сағатының мақсаты: Жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар аясында өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелеу. Адалдық, Парасаттылық, Әділдік және Сенім құндылықтарын насихаттау мақсатында, жемқорлық – індет, оның алдын алу міндет екендігі, жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар аясында өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелеу жайында екендігі, «Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ» немесе «Адалдық жүрген жерде адамдық жүретіндігі туралы оқушыларға айтып, түсіндірді |
2024-09-25 15:53:26 |
Скачать Смотреть |
«Біз жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында сурет көрмесі26- сәуір 2023 жылы “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп,пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру мақсатында «Біз жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында 5-9сынып оқушылары арасында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Аталған тақырыпта оқушылар сурет салып, салынған суреттерін қорғап шықты. |
2024-04-29 12:15:01 |
Скачать Смотреть |
АқпаратАқпан айының 16күні №9 жалпы білім беретін мектебінде "Мен және менің құқығым" тақырыбында 5-сыныптар арасында суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру; әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажеттігі, сондай-ақ басқалардың құқықтарын бұзбауы, олардың өміріне, денсаулығына, ар-намысына қол сұқпауы керек екенін түсіндіру. Үздік деп танылған жұмыстар алғыс хатпен марапатталды. |
2024-03-04 15:02:53 |
Скачать Смотреть |
Ақпарат01.02.2024 күні мектебізіде «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында іс - шара өткізді. Іс-шара барысында жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетіліп, оқушылар өзара талқылады. Іс-шараның басты мақсаты оқушыларға сыбайлас жемқорлық салдарынан қоғамда болып жатқан кері әсерлер туралы ақпараттар берілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрбір азаматтың парызы және әр жеке тұлғаның белсенді азаматтық ұстанымы екенін түсінетіндіктерін жеткізді. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу әр адамның өз қолында. Қарағандыоблысыбілім09 #Біртұтас_тәрбие #ҚОББТӘРБИЕ #uo_krg @balqash_qalasy_bilim_bolimi @rumcdo_official @umckrg @balqash_qalasy_akimdigi @balqash_qbb |
2024-02-02 13:55:15 |
Скачать Смотреть |