Дәреже: Все

«Қауіп-қатер тобына жататын балаларға көмек көрсетудегі мұғалім рөлі» атты өткізілген іс-шараның ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 4.10. 22 күні мектеп психологы Р.М.Сатимбекова «Қауіп-қатер тобына жататын балаларға көмек көрсетудегі мұғалім рөлі» атты тақырыпта баяндама оқыды. Мектептегі жасөспірімдердің физикалық және психикалық денсаулығын нығайту және деструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында өткізілген іс-шарада қауіп факторлар мен себептері айтылды. Мектеп тарапынан жасөспірімдерге қандай қолдау көрсетуге болады, олармен қай бағытта жұмыстар атқарылатыны түсіндірілді.

2022-10-06 11:39:16

Скачать Смотреть

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Оқы да, жеңіске жет!» атты кітап оқу марафонының ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында 05.10.22ж 4 А – 9 А сыныптар «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Оқы да, жеңіске жет!» атты кітап оқу марафоны ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушылардың кітап оқу дағдысын қалыптастыру, кітапқа деген қызығушылығын артыру, кітап оқуға үндеу,

2022-10-05 13:55:32

Скачать Смотреть

5 және 9 сынып ата-аналарымен «Егер балада аутодеструктивті мінез-құлық белгілері байқалған жағдайда не істеуге болады?» деген тақырыпта өткізілген іс-шараның ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 4.10.22 күні мектеп психологы бесінші және тоғызыншы сынып ата-аналарына «Егер балада аутодеструктивті мінез-құлық белгілері байқалған жағдайда не істеуге болады?» деген тақырыпта баяндама оқып, ұсыныстар айтты. Аутодеструктивті міңез-құлықтың баланың қалыпты дамуына, психологиясына әсер етуі жайлы ақпараттар берілді. «Бірбеткей баланы қалай тәрбиелеу керек? Өсу мен салауатты дамуды қолдау үшін қандай әдістерді қолдану керек? Абдырамауға және беделімді қалай сақтауға болады?» – деген сұрақтарға жауап алды. Жасөспірімнің ата-аналарына арналған ұсыныстар айтылды.

2022-10-04 14:11:50

Скачать Смотреть

7-сынып оқушыларымен «Өз көңіл-күйіңе әсер ет!» атты өткізілген тренингтің ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 03.10.22 күні мектеп психолгі Р.Сатимбекова 7 сынып оқушыларына «Өз-көңіл-күйіңе әсер ет» атты тренинг өткізді. Оқушылардың өз мінезіне басшылық жасай алуын, көңіл-күйін игере білуге және басқаруға қалыптастыру мақсатында өткізілген тренингте жағымды көңіл-күйдің әсерін түсініп, сезіне білді. Есте сақтау қабілеттерін тексеріп, логикалық жұмбақтар шешті. Соңында оқушылар өздерінің тілектерін арнады.@balqash_qalasy_bilim_bolimi #ҚОББтәрбие

2022-10-03 11:00:14

Скачать Смотреть

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Оқы да, жеңіске жет!» атты кітап оқу марафонының ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында 26.09.22ж 2-7 сыныптар арасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Оқы да, жеңіске жет!» атты кітап оқу марафоны ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушылардың кітап оқу дағдысын қалыптастыру, кітапқа деген қызығушылығын артыру, кітап оқуға үндеу,

2022-09-27 17:39:45

Скачать Смотреть

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Оқы да, жеңіске жет!» атты кітап оқу марафонының ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында 27.09.22ж 3 -8 сыныптар арасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Оқы да, жеңіске жет!» атты кітап оқу марафоны ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушылардың кітап оқу дағдысын қалыптастыру, кітапқа деген қызығушылығын артыру, кітап оқуға үндеу,

2022-09-27 17:37:11

Скачать Смотреть

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу актісі

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу актісі

2022-09-27 11:24:37

Скачать Смотреть

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссияның тексеріс ақпараты

2022 жылдың қыркүйек айының 23 күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссия мүшелері мектеп асханасына тексеріс жүргізді. Асханада балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру сапасын бақылау нәтижесінде санитарлық-эпидемиологиялық шектеу шаралары бұзылмағаны анықталды. Ас дайындау бөлмесіндегі ыдыс-аяқтар таңбаланған және жеке арнайы шкафта сақталған. Барлық асхананың бөлмелері құрғақ және санитарлық талаптарға сай. Азық –түлікті сақтау температурасының нормасы сақталынған.

2022-09-27 11:08:23

Скачать Смотреть

8-сынып оқушыларымен «Өмірімнің мәні...» атты өткізілген тренингтің ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 26.09.22 күні мектеп психолгі Р.Сатимбекова жасөспірімдер арасында жағымды ахуал қалыптастыру және өмірге деген құлшынысын арттыру мақсатында «Өмірімнің мәні ...» атты тренинг өткізді. Оқушылардың көңіл-күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге арналған жаттығулар орындалып, қорқыныш сезімінен арылуға және өзіне деген сенімділікті арттыруға арналған ойындар ұйымдастырылды. @balqash_qalasy_bilim_bolimi #ҚОББтәрбие

2022-09-26 09:30:42

Скачать Смотреть

"Адал Ұрпақ" ерікті мектеп клубының «Адал ұрпақ-болашақ негізгі ұрпақ негізі» тақырыбында отырысының ақпараты.

Мектебімізде 15.09.22 ж күні "Адал Ұрпақ" ерікті мектеп клубының ұйымдастыруымен «Адал ұрпақ-болашақ негізгі ұрпақ негізі» тақырыбында отырыс өткізілді. Отырыс барысында "Адал Ұрпақ" ерікті мектеп клубының мақсат, міндеттері айтылды. Отырыста аға тәлімгер «Адал ұрпақ-болашақ негізгі ұрпақ негізі» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндама мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.

2022-09-23 17:28:42

Скачать Смотреть

Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «М.Әуезов –қазақ әдебиетінің тарланы» атты кітапхана сағатының ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында 23.09.22ж бүгін ұлы тұлға,заңғар жазушы,қоғам қайраткері, Мұқтар Әуезовтың дүниеге келгеніне 125 жыл толуына орай 5 Ә сынып оқушыларының қатысуымен, кітапхана сағаты ұйымдастырылды. Жазушының өмірі мен шығармаларына тоқталып, кітаптарына шолу жасалынды. Мақсаты: Мұхтар Әуезовтің өмір жолы мен жазушылық қызметінен, шығармашылығынан мағлұмат беру. Жазушының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы оқушылардың білімдерін жүйелеу. Оқушылардың өзіндік ізденіс жұмыстарына баулу,ой-өрісін , рухани жан дүиесін байыту. Ойын ашық білдіру, еркін сөйлеу дағдыларын жетілдіру.

2022-09-23 17:12:03

Скачать Смотреть

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Оқы да, жеңіске жет!» атты кітап оқу марафонының ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында 21.09.22ж 5 -10 сыныптар арасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Оқы да, жеңіске жет!» атты кітап оқу марафоны ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушылардың кітап оқу дағдысын қалыптастыру, кітапқа деген қызығушылығын артыру, кітап оқуға үндеу,

2022-09-22 16:08:33

Скачать Смотреть

бiрiншiсi алдың. 1 2 3 44 соңғысы