Размер шрифта:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Дәреже: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Ақпарат

Ақпан айының 16күні №9 жалпы білім беретін мектебінде "Мен және менің құқығым" тақырыбында 5-сыныптар арасында суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру; әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажеттігі, сондай-ақ басқалардың құқықтарын бұзбауы, олардың өміріне, денсаулығына, ар-намысына қол сұқпауы керек екенін түсіндіру. Үздік деп танылған жұмыстар алғыс хатпен марапатталды.

2024-03-04 16:02:53

Скачать Смотреть

Ақпарат

01.02.2024 күні мектебізіде «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында іс - шара өткізді. Іс-шара барысында жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетіліп, оқушылар өзара талқылады. Іс-шараның басты мақсаты оқушыларға сыбайлас жемқорлық салдарынан қоғамда болып жатқан кері әсерлер туралы ақпараттар берілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрбір азаматтың парызы және әр жеке тұлғаның белсенді азаматтық ұстанымы екенін түсінетіндіктерін жеткізді. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу әр адамның өз қолында. Қарағандыоблысыбілім09 #Біртұтас_тәрбие #ҚОББТӘРБИЕ #uo_krg @balqash_qalasy_bilim_bolimi @rumcdo_official @umckrg @balqash_qalasy_akimdigi @balqash_qbb

2024-02-02 13:55:15

Скачать Смотреть

Ақпарат

31- қаңтар 2024 жылы «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен бопсалауды болдырмаудың алдын алу» тақырыбында мұғалім Ельшибеков С, Жеткін А. мектеп ұстаздары мен ата-аналар арасында дөңгелек үстел өткізілді. Осы жоспар жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың көбеюі. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін балаларымыздың бойында дұрыс құқықтық тәрбие мен құқықтық білім беруіміз керек екендігі жайлы айтылды.

2024-01-31 15:19:25

Скачать Смотреть

«Парасаттылық туралы», «Ұрпаққа аманат» жобалары тақырыбында сынып сағаттары

Бірыңғай тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 15.01.24 күні «Парасаттылық туралы», «Ұрпаққа аманат» жобалары тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағатында оқушылар әдептілік, адалдық, адамгершіліктің асыл қасиет екені туралы пікірлесіп, өз ойларын ортаға салды.Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақсүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын адамгершілігі бар бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.

2024-01-15 14:51:25

Скачать Смотреть

Ақпарат

Желтоқсан айының 12күні №9 жалпы білім беретін мектебінде "Сыбайлас жемқорлықпен күрес-бүкілхалықтық іс" тақырыбында суреттер байқауы 10-11 сыныптар арасында ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты –оқушылар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды насихаттау арқылы ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды, жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.Үздік деп танылған жұмыстар алғыс хатпен марапатталды. Мектебіміздің оқушылары жаһандық індетпен күресу жолында өздерінің мүмкіндіктерін аяп қалмады.

2024-01-08 10:22:35

Скачать Смотреть

Ақпарат

«9 желтоқсан – Халықаралық жемқорлықпен күрес күніне» орай 2022 жылдың 8- желтоқсанында мектебіміздің денешынықтыру пәнінің мұғалімі Рымкулова Б.А. биология пәнінің мұғалімі Ботаханова С.Т. «9-желтоқсан халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл күніне» орай ұстаздар мен кіші қызметкерлер арасында әңгіме сағат өткізді. Әңгіме сағат барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылығын арттыру бағытында ақпараттар беріліп, жемқорлыққа қарсы бірігіп тұруға және әлеуметтік зұлымдық – жемқорлыққа қарсы күрес жұмысына өзіндік үлес қосуға шақырды.

2024-01-08 10:21:29

Скачать Смотреть

Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу жөніндегі шаралар туралы

Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу жөніндегі шаралар туралы

2023-12-12 09:56:07

Скачать Смотреть

Қалалық «Адал болайық» слеті

30.11.2023 күні Адал ұрпақ ұйымының мүшелері қалалық 30.11.2023 күні Адал ұрпақ ұйымының мүшелері қалалық «Адал болайық» слетіне белсене қатысып І дәрежелі дипломмен марапатталды. Қарағандыоблысыбілім09 #Біртұтас_тәрбие #ҚОББТӘРБИЕ #uo_krg @balqash_qalasy_bilim_bolimi @rumcdo_official @umckrg @balqash_qalasy_akimdigi @balqash_qbb не белсене қатысып І дәрежелі дипломмен марапатталды. Қарағандыоблысыбілім09 #Біртұтас_тәрбие #ҚОББТӘРБИЕ #uo_krg @balqash_qalasy_bilim_bolimi @rumcdo_official @umckrg @balqash_qalasy_akimdigi @balqash_qbb

2023-12-01 12:10:59

Скачать Смотреть

Ақпарат

Қараша айының 30-күні 9-11сыныптар арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиені қалыптастыру» атты тақырыпта үздік бейнебаян сайысы ұйымдастырылды. Аталған тақырыпқа оқушылар бейнебаян жасады. 9 «ә» сынып оқушыларының жасаған бейнебаяны «Ең үздік» деп танылды.

2023-11-30 09:54:12

Скачать Смотреть

«Жемқорлыққа қарсы күрес - бәрімізге ортақ жауапкершілік» тақырыбында байқау

2023 жылдың 17 қараша күні мектебімізде құндылыққа бағытталған Адалдық айлығы аясында «Жемқорлыққа қарсы күрес - бәрімізге ортақ жауапкершілік» тақырыбында байқау өткізілді. Байқауға 6-7 сынып оқушылары қатысып, жемқорлық індет екенін, еліміздің ұлттық мүддесіне қауіп төндіретінін көрініс арқылы жеткізе білді. Мақсатымыз: Адамгершілік пен адалдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.Сыбайлас жемқорлыққа қарсылық ұстанымын, жас ұрпақтың саналы түрде сыбайластық пен жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру. Байқау қорытындысы бойынша І-орынмен 6 «Ә»,7 «Б» сынып оқушылары марапатталды. ІІ-орынмен 6 «А» 7 «Ә» сынып оқушылары марапатталды. ІІІ-орынмен 6 «Б», 7 «А» сынып оқушылары марапатталды. Қарағандыоблысыбілім09 #Біртұтас_тәрбие #ҚОББТӘРБИЕ #uo_krg @balqash_qalasy_bilim_bolimi @rumcdo_official @umckrg @balqash_qalasy_akimdigi @balqash_qbb

2023-11-20 09:45:37

Скачать Смотреть

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізу– баршамызға ортақ міндет» тақырыбы

18- қазан 2023 жылы мектебімізде өндірістік жиналыс болып өтті. Онда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізу– баршамызға ортақ міндет» тақырыбы қозғалды. Мектеп директоры Жолдасова Дина Турсыновна педагогикалық әдеп,сыбайлас жемқорлық туралы және жалпы ережелері туралы айтып мағлұмат берді. Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Козгуренова Гүлжан Сабденбаевна мен Орынтаева Жанар Айтбековна тоқталып өтті.

2023-10-19 11:57:07

Скачать Смотреть

«Сыбайлас жемқорлық және сыбайлас жемқорлықтың салдары»

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жоспарына сәйкес «Сыбайлас жемқорлық және сыбайлас жемқорлықтың салдары» тақырыбында шығарма байқауы өткізілді. Оқушылардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетін қалыптастырып, құқықтық сауаттылығын арттыру.Қоғамдық қасіретке әкелетін бұл материалдық құндылықтар дағдарысынан шығу және оны жою туралы түсіндірілді. Жемқорлықтың себептері мен салдары оларды болғызбаудың алдын алу жайында мәлімет беріліп, оқушылар өздерінің тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. #uo_krg @orken.media @balkhashtv @severnoe_pribalkhashe_news @balqash_oniri_gazeti @balqash_qalasy_akimdigi @umckrg @balqash_qalasy_bilim_bolimi

2023-10-17 12:42:13

Скачать Смотреть

бiрiншiсi алдың. 1 2 3 9 соңғысы