Психологтың жұмысы
Дәреже: Психологтың жұмыстары
«Мен болашақта кім боламын?» сурет терапия ақпараты 2023-2024 оқу жылы27.10.2023 күні 3-4 сынып оқушыларымен «Мен болашақта кім боламын?» сурет терапиясы жүргізілді. Оқушылардың мамандық таңдауы туралы ойларын кеңейту, нығайту. Мамандықты дұрыс таңдауына ықпал ететіндей, мамандықтар әлемінен ақпараттар беру. Елімізде болып жатқан жаңалықтардан хабардар болып өз көзқарастарын, ой пікірлерін дәл, еркін жеткізе білуге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.Оқушылармен «Әріпті мамандық» және«Ең жақсы мамандыққа» байланысты әр түрлі әдіс- тәсілдер арқылы ойындар жүргізілді. @uo_krg@#balgash_galasy_bilim_bolimi#ҚОББтәрбие |
2023-10-27 13:44:14 |
Скачать Смотреть |
1-ші сынып оқушыларының бейімделу процесін анықтауға жүргізілген диагностиканың ақпараты.09.10.23күні 1а,1б,1ә сынып оқушыларымен бейімделу процесін анықтауға Йирасек-Керн тесті жүргізілді. Тест үш тапсырмадан тұрады:«Сөздерді көшіріп жазу»,«Бір топ нүктелерді көшіріп салу», «Ер адамның суретін салу». Мақсаты: Баланың нәзік қимыл әрекеттерінің қалыптасқанын және үйлесімділігін анықтау. Диагностикаға қатысқан оқушылар саны -59.Жоғары,орташа,қанағаттанарлық деңгейлерді көрсетілді. |
2023-10-09 16:43:34 |
Скачать Смотреть |
1 -5 сынып оқушылардың ата-аналарымен бейімделуіне өткізілген жиналыстың ақпараты15.09.22 күні 1-5 сынып оқушыларының ата-аналарарымен жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында оқушылардың бейімделуіге арналған дөңгелек үстелде психологиялық кеңестер мен ұсыныстар айтылды. «Бейімделу» деген не? , жалпы түсініктеме берілді.Ата-аналармен «Танысу» тренингі жүргізілді. Әр оқушының талаптары, бейімделуі қалай өтетіні жайлы ескерілді. Мектепке бейімделудің деңгейлері ашып айтылды. Ата-аналар өз ойларын жеткізіп, алдағы уақытты сынып жетекшімен және мектеп психологымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасалатынына сенім білдірді. @uo_krg@#balgash_galasy_bilim_bolimi#ҚОББтәрбие |
2023-09-21 10:10:21 |
Скачать Смотреть |
«Біз 5 сыныпқа барамыз!» тренинг ақпаратыҚыркүйек айында 5а,5б,5ә сынып оқушыларымен, оқу жағдайына бейімделу кезеңінде психо-педагогикалық қолдау көрсету мақсатында «Біз 5 сыныпқа барамыз!» атты тренинг өткізілді.Тренинг барысында оқушылардың өзіне деген сенімділікті және батылдықты дамыту үшін «Ой қозғау», «Сөйлемді жалғастыр», «Тыныштық сәті» атты жатығулар орындалып,өз ойларын жеткізді. @uo_krg@#balgash_galasy_bilim_bolimi#ҚОББтәрбие |
2023-09-08 11:54:34 |
Скачать Смотреть |
Ата-аналарға психологиялық кеңестерАта-аналарға психологиялық кеңестер |
2023-08-17 14:29:18 |
Скачать |
«Балаларды қорғау» күніне орай жүргізілген ойын жаттығулар.2-3 сынып оқушыларымен 1 маусым «Балаларды қорғау» күніне орай жүргізілген ойын жаттығулар. Жағымды көңіл-күй сыйлау мақсатында өткізілген іс-шарада оқушылармен «Ватмандағы саяхат»,«Менің көңіл-күйім»,«Шеңбер бойындағы тәттіге толы доп» ойындар жүргізілді. @balqash_qalasy_bilim_bolimi#ҚОББтәрбие#9мектеппсихолог @uo.krg@umckrg@g.kozhakhmetova |
2023-05-31 14:45:56 |
Скачать Смотреть |
№9 жалпы білім беретін мектебінде мектеп психологының 11- сынып оқушыларына арналған іс-шараның ақпаратыАта-ананың психологиялық қолдауы– баланың ҰБТ-ны сәтті тапсыруының бірден-бір маңызды факторы. Осы орайда ата-ана мен бала арасындағы сүйіспеншілікті нығайту, өзіне деген сенімділігіне тәрбиелеу мақсатында әр ата-ана баласына «Қолдау хат» жазып берді. Бұл хат оқушылардың психологиялық күйіне оң ісерін тигізетіні анық. |
2023-05-29 11:30:59 |
Скачать Смотреть |
10-сынып оқушыларымен «Мен және менің ортам» атты өткізілген тренингтің ақпараты№9 жалпы білім беретін мектебінде 22.05.23 күні мектеп психолгі 10-сынып оқушыларына «Мен және менің ортам» атты психологиялық тренинг өткізді. Тренинг мақсаты:өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру. Оқушылар тренингті «Жан жылуы» атты жаттығуды орындау арқылы жағымды көңіл-күймен бастады. Сонымен қатар, «Эмоцияңды көрсет», «Жүйрік ой» атты жаттығуларды орындады. Рефлексияда әрбір қасиетке лайық деп танылған оқушыға жеке-жеке қошемет көрсетілді. Соңында оқушылар шеңбер құрып , әр қайсысы кезекпен кезек тренингтің өткізілуіне байланысты өз ойларын білдірді. |
2023-05-22 12:00:21 |
Скачать Смотреть |
«Қыз –еркем,қылығымен -көркем» ақпараты.Мамыр айында мектеп психологі 5-6 сынып қыз балаларымен «Қыз –еркем, қылығымен -көркем» дөңгелек үстел өткізілді. Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: әдептілікке, әдемділікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа, мейірімділікке, төзімділікке, шыншылдыққа тәрбиелеу ата-баба дәстүрін біліп, үлкенге ізет, кішіге ілтипат көрсете білуге. Иманды да инабатты қазақ қыздарының бейнесін қалыптастыру.Қыз баланың бойына әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана, шаңырақтың құт-берекесі екенін ұғындыру. @balqash_qalasy_bilim_bolimi#ҚОББтәрбие#9мектеппсихолог @uo.krg@umckrg@g.kozhakhmetova |
2023-05-16 11:01:35 |
Скачать Смотреть |
11-сынып оқушыларымен «Емтиханға бір ай қалғанда» атты өткізілген тренинг ақпараты№9 жалпы білім беретін мектебінде 19.04.2023 күні мектеп психолгі Р.Сатимбекова 11-сынып оқушыларымен «Емтиханға бір ай қалғанда» атты тренинг өткізді. ҰБТ тапсырушы 11 - сынып оқушыларының бойындағы стрестік қалыптан арылту, сенімді мінез - құлық дамыту мақсатында өткізілген іс-шарада әр-түрлі жаттығулар орындалды. Психологиялық қысымнан арылту үшін релаксациялық жаттығу орындады. Оқуда кездесетін кедергілерді жеңу және кедергіден шығу жолдарын білу мақсатында жаттығу орындап,әсерлерімен бөлісті. @umckrg @goroo_krg @balqash_qalasy_bilim_bolimi #ҚОББтәрбие |
2023-04-26 13:57:40 |
Скачать Смотреть |
«Нейро жаттығу» ақпараты.17.04.23 күні мектеп психологі 2-3 сынып оқушыларымен «Нейро жаттығу» жүргізілді. Нейро жаттығу - бұл арнайы жаттығулар арқылы мидың табиғи механизмін жандандыру.Мақсаты: Оқушылардың зейін тұрақтылығы мен есте сақтауды,сөйлеу тілін дамытуды,интеллектуалды және шығармашылық дамуды жетілдіру,стрессті сейілтуде,эмоционалды көңіл-күйін орнықтыруда қолданылады. Нейрожаттығулардың пайдасы: 1. Мидың оң жақ және сол жақ жарты шарларының үйлесімді жұмыс істеуін жақсартады. 2. Ұсақ және ірі моториканы дамытады. 3. Ақпаратты тез қабылдап, қорытуға көмектеседі. 4. Зейінді шоғырландырады. 5. Есте сақтау қабілетін арттырады. 6. Оқу және жазу процесстерін жеңілдетеді. 7.Мидың жұмыс істеу өнімділігін арттырады. @balqash_qalasy_bilim_bolimi #ҚОББтәрбие#9мектеппсихолог |
2023-04-18 14:25:35 |
Скачать Смотреть |
8-11 сынып қыздарымен өткізген «Жылы жүрек- жақсы тілек» атты психологиялық іс-шараның ақпараты№9 жалпы білім беретін мектебінде 5.04.23 күні мектеп психолгі 8-11 сынып қыз балаларымен «Жылы жүрек- жақсы тілек»» атты тренинг өткізді. Мақсаты: Қыздардың психологиялық көңіл- күйлерін көтеру,өздеріне құрметпен қарауға баулу,ұжымда сыйластық қарым-қатынас орнату. Қыздар тренинг басында әр түрлі түстерді таңдап алды және сол түске орай сипаттамалар айтылды. «Жүзіктегі жазулар» атты ертегі терапиясында мәтінге байланысты өсиет сөздерді жазды. Соңында «Жақсы мінез – адам – өмірінің сарқылмас байлығы», «Айнымас досы бар адам ең бақытты адам», «Мінезі бірқалыпты адамның өмірі де жаймашуақ болады», «Жақсы көңіл күй – жан тыныштығы» нақыл сөздерін пайдаланып адам өмірінде жақсы қарым-қатынас жасау үшін мінездің алатын орны ерекше екені түсіндірілді. |
2023-04-11 09:40:32 |
Скачать Смотреть |