Психологтың жұмысы

Дәреже: Психологтың жұмыстары

«Бейіміне қарай мамандық таңдау» атты өткізілген тренингтің ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 18.01.23 күні мектеп психолгі 9-сынып оқушыларына өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау мақсатында «Бейіміне қарай мамандық таңдау» тақырбында психологиялық тренинг өткізді. Кәсіби бағдар беру, мамандықтың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, түрлі жаттығулар арқылы өз пікірлерін жеткізді. «Мамандық қасиеттері», «Жасырылған мамандықты тап!» атты жаттығулар орындап, ситуациялық мәселелерді шешті. #Балаларжылы09 #oqu_agartu_ministrligi; #RUMCDOMONRK #ҚРБҒММОНРК #РУМЦДОМОНРК #9мектеппсихолог #karagandyoblysybilimbaskarmasy #balkash_qalasy_bilim_bolimi @balqash_qalasy_akimdigi @agdarbekovagulmira @uo.krg @umckrg @g.kozhakhmetoova

2023-01-19 14:50:07

Скачать Смотреть

№9 жалпы білім беретін мектебінде мектеп психологының 1 сыныптар аралығында «Мен болашақта кім боламын?» тақырыбында өткізілген психологиялық іс-шараның ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 10.01.23 күні мектеп психолгтары 1А,Ә,Б сыныптар аралығында «Мен болашақта кім боламын?»сурет терапиясы өткізілді. Мақсатымыз:оқушыларға түрлі мамандықтар туралы түсінік беру арқылы бұрын беймәлім мамандықтар жайлы жалпы ұғым қалыптастыру. Балаларды әрқилы мамандықтарға сын тұрғысынан қарап, ойлау қабілетін, өрісін кеңейту. Оқушыларға сурет салар алдында мамандықтарға байланысты суреттер көрсетілді. Оқушылардың басым көпшілігі дәрігер,мұғалім, полиция,әнші болғылары келеді екен. Мектеп психологы: Дулатова Т.Т. Сатимбекова Р.М.

2023-01-10 12:16:27

Скачать Смотреть

№9 жалпы білім беретін мектебінде мектеп психологының 10-11 сынып қыздарымен «Қыздар қауымы қандай болу керек?» тақырыбында өткізілген психологиялық іс-шараның ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 10.01.23 күні мектеп психолгі 10-11сынып қыз балаларымен «Қыздар қауымы қандай болу керек?» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Мәдени сөйлеу біліктілігін дамытуға, өзара жағымды қарым – қатынасын арттыру, оларды адамгершілікке, шындыққа, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада қыздарға кеңестер айтылды. Қыздардың бойында қызға тән мінез – құлық, әдеп ережелері туралы ұғым қалыптастыру мақсатында жаттығулар орындалып, пікірлері тыңдалды. Өзін – өзі тәрбиелеу, өз-өзіне жауапкершілікпен қарау мүмкіндігін дамыту үшін «Қадір – қасиет» жаттығуы орындалды. Бұл іс-шарада оқушылар бір бірімен жақсы қарым – қатынаста болғандарын айтып, жанындағы дос қыздарының мінездерін білді. Қыздар пікіралмасуға белсене қатысып жақсы әсер алғандарымен бөлісті. Мектеп психологы: Сатимбекова Р.М.

2023-01-10 10:19:07

Скачать Смотреть

№9 жалпы білім беретін мектебінде мектеп психологының 5-9 сынып қыздарымен өткізген «Қазақ қызы қайдасың?» атты психологиялық іс-шараның ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 20.12.22 күні мектеп психолгі 5-11 сынып қыз балаларымен «Қазақ қызы қайдасың?» атты тренинг өткізді. Қыз балалардың бойына қыз бейнесіне тән мінез – құлық сипатын қалыптастыру, оқушыларды бір – бірімен, айналадағы ортамен үйлесімді қарым – қатынас жасауға дағдыландыру мақсатында өткізілген іс-шарада әр-түрлі психологиялық жаттығулар орындалды. Қыздарды кез келген жастар ортасында, ағымында болған жағдайда да өздерінің әлеуметтік ортаның нормасына сәйкес қыз бала бейнесін сақтап қалуға көмектесуге арналған «Хиппи» жаттығуы орындалды. «Мен басқаның көзімен» жаттығуында оқушылар бір қызды таңдап сол қыздың бойындағы мінезін айтады. Қыздарға кеңес тақырыбында өлең жолымен кеңестер берілді. Тренинг қыздардың көңіл – күйлерін көтерді. Әр оқушының бойында сенімділік пайда болды. #Балаларжылы09 #oqu_agartu_ministrligi; #RUMCDOMONRK #ҚРБҒММОНРК #РУМЦДОМОНРК #AskatAimagambetov #karagandyoblysybilimbaskarmasy #balkash_qalasy_bilim_bolimi @balqash_qalasy_akimdigi @agdarbekovagulmira @uo.krg @umckrg @g.kozhakhmetoova Мектеп психологы: Сатимбекова Р.М.

2022-12-20 10:27:46

Скачать Смотреть

№9 жалпы білім беретін мектебінде мектеп психологының 6- сынып оқушыларымен өткізген психологиялық іс-шараның ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 7.12.22 күні мектеп психолгі 6-сынып оқушыларымен коммуникативті мәдениетін дамыта отырып, оларға қарым-қатынас жасау тәсілін үйрету мақсатында психологиялық тренинг өткізді.Оқушылар «Менің эмоциям» жаттығуында артистік қабілеттерін белсенді көрсетіп, өздерін еркін сезінді. «Өз эмоциянды қалай басқару керек» тақырыбында мини-лекция тыңдалды. Жағымсыз эмоцияны қалай кетіруге болатыны жөнінде жаттығулар көрсетілді. Зейінді дамыту, эмоциялық қатаюдан арылту, көңіл-күйді көтеру мақсатында жаттығулар өткізілді. Психолог: Сатимбекова Р.М.

2022-12-06 09:35:39

Скачать Смотреть

№9 жалпы білім беретін мектебінде 1-11 сынып ата-аналарына арналған психологиялық іс-шараның ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 24.11.22 ж. күні ZOOM платформасында 1-11сынып оқушыларының ата –аналар жиналысы өтті. «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы бойынша директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Д.Сагимбекова ,«Бала тәрбиесіндегі имандылық тәрбиенің маңызы» тақырыбында мектеп психологы Р.Сатимбекова баяндама оқыды. Дін мен оның құндылықтарының қоғам өміріндегі маңызы және оқушыларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында тренинг өткізіп, сауалнама алынды.

2022-11-24 16:48:22

Скачать Смотреть

№9 жалпы білім беретін мектебінде мектеп психологының 9- сынып оқушыларымен өткізген психологиялық іс-шараның ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 21.11.22 күні мектеп психолгі 9- сынып оқушыларына кәсіптік бағдар таңдау бойынша психологиялық қолдау көрсету мақсатында «Менің мамандығым - менің болашағым» атты тренинг өткізді. Оқушылар мамандық таңдау, олардың әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта - ықыласын, қызығушылықтарын арттыруға тапсырмалар орындады. «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында оқушылар таңғадаған мамандықтары туралы ақпарат берді. ."Әріпті мамандық», «Ең - ең...» ойындарында көптеген мамандық атауларымен танысты. #Балаларжылы09 #oqu_agartu_ministrligi; #RUMCDOMONRK #ҚРБҒММОНРК #РУМЦДОМОНРК #AskatAimagambetov #karagandyoblysybilimbaskarmasy #balkash_qalasy_bilim_bolimi #9мектеппсихологы @balqash_qalasy_akimdigi @agdarbekovagulmira @uo.krg @umckrg @g.kozhakhmetoova

2022-11-23 11:46:17

Скачать Смотреть

9 жалпы білім беретін мектебінде мектеп психологының 7 сынып оқушыларымен жүргізілген іс-шараның ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 21.11.22 күні мектеп психолгі 7 сынып оқушыларымен сынып қолайлы психологиялық климат орнату және ұжымды біріктіру мақсатында психологиялық тренинг өткізді. Тренинг барысында сынып жайлы әңгімелесіп, оқушылар арасындағы қарым - қатынас туралы кеңестер айтылды. «Екеуміздің ұқсастығымыз сонда...» жаттығуында оқушылар бір-бірінің жағымды қасиеттерін айтып, мақтау сөздерін арнады. Тұлға аралық қатынастағы кедергілерді жою, коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Мен саған сенемін» атты жаттығу орындады. «Тілектер» жаттығуында оқушылар бір-біріне тілектерін арнап , тренингтен алған әсерлерімен бөлісті. #Балаларжылы09 #oqu_agartu_ministrligi; #karagandyoblysybilimbaskarmasy #balkash_qalasy_bilim_bolimi @balqash_qalasy_akimdigi @uo.krg @umckrg

2022-11-21 12:10:30

Скачать Смотреть

Жетінші және он бірінші сынып оқушыларының «Діни сауаттылық» сауалнама қорытындысының ақпараты

Өткізілген уақыты: 13.10.2022жыл. Мақсаты: оқушылардың діни сауаттылығын анықтау. Теріс ағым туралы ұғымдарын білу, діни сауаттылықты қалыптастыру. Қатысқандар: 7 – 11сынып оқушылар Барлық оқушы саны- 218 оқушы Сауалнама 5 сұрақтан құрылған және ашық түрде жүргізілді.

2022-11-17 10:10:45

Скачать Смотреть

7-8-9 - сынып оқушыларынан «Сіз өз құқығыңызды білесіз бе»? тақырыбында өткізілген сауалнама қорытындысы

Өткізілген күні: 15.11.2022жыл Қатысуышлар: 7-8-9- сынып Қатысқан оқушы саны: 104 15 қараша күні 7-8-9- сынып оқушыларына «Сіз өз құқыңызды білесіз бе?» тақырыбында саланама жүргізілді. Сауалнама 10 сұрақтан құралған және жабық түрде жүргізілді.

2022-11-17 10:08:24

Скачать Смотреть

9 жалпы білім беретін мектебінде мектеп психологының 4- сынып оқушыларымен өткізген психологиялық іс-шараның ақпараты

14 қараша күні мектеп психологы Сатимбекова Р.М. баланың қабілетін, ақыл-ойын дамыту, көңіл-күйін игере білуге және басқаруға арналған психологиялық тренинг өткізіді. Сыныпта оқушылардың көңіл күйлерін дұрыс бағалай білу мақсатында « Менің көңіл-күйім» жаттығуы жүргізілді. Ойлау қабілетін дамыту әдістемесі бойынша «Төртінші артық» атты жаттығуы орындалды. Жаттығу барысында оқушылар бір-бірімен бірлесе жұмыс жасады. Тренинг соңында оқушыларға есімдері жазылған жапырақтар таратылып, тілек жазу ұсынылды. Жазылған тілектер жақсылыққа бағытталған болу керектігі ескерілді. Соңында әр оқушының пікірі тыңдалды. Психолог: Сатимбекова Р.М.

2022-11-16 12:08:43

Скачать Смотреть

мектеп психологының 10- сынып оқушыларымен жүргізілген іс-шараның ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 14.11.2022 күні мектеп психолгі 10- сынып оқушыларымен сыныптағы қарым-қатынасты нығайту, өзіне деген сенімділік қабылетін дамыту мақсатында « Адами қарым-қатынас» тақырыбында тренинг өткізді. Тренингті жағымды атмосферамен бастап, өздерін жоғары бағалауға дағдыландыру үшін «Менің есімім» жаттығуы орындалды. «Өзіңді тереңірек тани біл» тақырыбында берілген сөздер арқылы әр оқушыға сипаттама берілді. «Мен ғажаппын» жаттығуында өздеріне баға беріп, мақтау, мадақтау сөздерді көбірек айтылу керектігі ескерілді. Тренинг соңында, оқушылар бір-біріне тілектерін жеткізіп, релаксациялық жаттығу жасалды. Психолог: Сатимбекова Р.М.

2022-11-14 10:48:26

Скачать Смотреть

бiрiншiсi 1 2 3 4 5 6 13 соңғысы