Психологтың жұмысы

Дәреже: Психологтың жұмыстары

7-сынып оқушыларымен «Өз көңіл-күйіңе әсер ет!» атты өткізілген тренингтің ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 03.10.22 күні мектеп психолгі Р.Сатимбекова 7 сынып оқушыларына «Өз-көңіл-күйіңе әсер ет» атты тренинг өткізді. Оқушылардың өз мінезіне басшылық жасай алуын, көңіл-күйін игере білуге және басқаруға қалыптастыру мақсатында өткізілген тренингте жағымды көңіл-күйдің әсерін түсініп, сезіне білді. Есте сақтау қабілеттерін тексеріп, логикалық жұмбақтар шешті. Соңында оқушылар өздерінің тілектерін арнады.@balqash_qalasy_bilim_bolimi #ҚОББтәрбие

2022-10-03 10:00:14

Скачать Смотреть

8-сынып оқушыларымен «Өмірімнің мәні...» атты өткізілген тренингтің ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 26.09.22 күні мектеп психолгі Р.Сатимбекова жасөспірімдер арасында жағымды ахуал қалыптастыру және өмірге деген құлшынысын арттыру мақсатында «Өмірімнің мәні ...» атты тренинг өткізді. Оқушылардың көңіл-күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге арналған жаттығулар орындалып, қорқыныш сезімінен арылуға және өзіне деген сенімділікті арттыруға арналған ойындар ұйымдастырылды. @balqash_qalasy_bilim_bolimi #ҚОББтәрбие

2022-09-26 08:30:42

Скачать Смотреть

11-сынып оқушыларымен «Сенімділік – менің серігім!» атты өткізілген тренингтің ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 22.09.22 күні мектеп психолгі Р.Сатимбекова 11-сынып оқушыларына ҰБТ-ке байланысты өзіне сенімділігін арттыру мақсатында «Сенімділік – менің серігім!» атты тренинг өткізді. Оқушылардың психикалық көңіл-күйлерін көтеруге, өз бойындағы шығармашылық қабілеттерін бағалай білуге, стресстен арылуға арналған жаттығулар орындалды. Оқушылар өз қызығушылықтарымен бөлісіп, бір-біріне жылы сөздерін арнады. @balqash_qalasy_bilim_bolimi #ҚОББтәрбие

2022-09-22 13:36:59

Скачать Смотреть

Ата-аналар жиналысының ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 14.09.22 күні 10-11 сынып оқушыларының ата-аналарына мектеп директоры Д.Жолдасова жиналыс өткізді. Барлығы 42 ата –ана қатысты. Мектеп басшысы ата-аналарды отбасы күні меркесімен құттықтады. Биылғы оқу жылындағы оқу үрдісі бойынша ерекшеліктер айтылды. Мектеп психолгі Р.Сатимбекова «Мамандық таңдауға жеті қадам» тақырыбында баяндама оқып, тренинг өткізді. ҰБТ жайында ата- аналарға жаңа ақпараттар берілді. Жиналыс соңында мектеп ата-аналары сұрақтар қойып, өз ойлары мен пікірлерін білдірді. @uo_krg@#balqash_qalasy_bilim_bolimi#ҚОББтәрбие

2022-09-15 10:52:30

Скачать Смотреть

Жас мамандармен « Еңбек жолыңа сәттілік, жас маман!» атты өткізілген тренингтің ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 13 .09.22 күні мектеп психолгі Р.Сатимбекова жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында «« Еңбек жолыңа сәттілік, жас маман!» атты тренинг өткізді. Тренинг қатысушылардың бір-бірімен қарым-қатынас жасаудағы кедергілерді жою және біріктіруге арналған «Шеңбер бойынша қол шапалақтау» жаттығуымен басталды. Жас мамандар әртүрлі жағдаяттан шығу жолдарын шешіп, өз ойларын жеткізді. Сенімділік және құрметтілік атмосферасына құрылған тренингтен алған әсерлерімен бөлісіп, жағымды сөздер айтып аяқтады. @balqash_qalasy_bilim_bolimi #ҚОББтәрбие

2022-09-13 14:28:10

Скачать Смотреть

5-сынып оқушыларымен «Алақай, мен 5-сыныпта оқимын!» атты өткізілген тренингтің ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 7.09.22 күні мектеп психолгі Р.Сатимбекова 5- сынып оқушыларына, оқу жағдайына бейімделу кезеңінде психо-педагогикалық қолдау көрсету мақсатында «Алақай, мен 5-сыныпта оқимын!» атты тренинг өткізілді.Тренинг барысында өзіне деген сенімділікті және батылдықты дамыту үшін «Өзіңді мақта!» жаттығуы жасалды. Көңіл-күйлерін көтеріп, бір-бірі туралы қосымша ақпарат алуға мүмкіндік беру мақсатында «Орнымызды ауыстырамыз» атты жаттығу орындап, өз ойларын жеткізді. @balqash_qalasy_bilim_bolimi #ҚОББтәрбие

2022-09-08 14:06:12

Скачать Смотреть

«Өмірлік дағдылар» атты ата-аналар форумы

28.05.22 күні «Өмірлік дағдылар» атты үш алаң бойынша ата-аналар форумында, мектеп психологі С.Абеуова "Ана, сен бақыттысың" тақырыбында тренинг өткізді.Қала мектептерінің аналар кеңесінің мүшелері қатысты.

2022-05-30 13:40:41

Скачать Смотреть

«Емтиханға 1-ай қалғанда» ақпарат

Мамырдың 11 жұлдызында мектеп психологы Садуакасова Ф.Ж 9-сынып оқушыларына «Емтиханға 1-ай қалғанда» атты тренинг өткізді.Тренингтің мақсаты оқушыларды емтихан тапсыру кезінде өзін қалай ұстау ережесімен,жігерлендіру жаттығуларымен оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру, қалай депрессиядан арылуға болатыны айтып «алғашқы көмек», «10сөз», «жағдайлар», «бір-бірімізді тыңдай білейік» атты жаттығулар өткізді.

2022-05-11 10:28:09

Скачать Смотреть

«Талабыңа нұр жаусын» дарынды оқушыларға арналған тренингі

27.04.22- жұлдызында мектеп психологы: С.Абеуова 3-сынып оқушыларына «Талабыңа нұр жаусын» дарынды оқушыларға арналған тренингін өткізді. Дарындылық және қабілет ұғымы туралы түсінік беріліп, өзін-өзі бағалауға, өзін-өзі тануына мүмкіндік жасалды. Тренинг арқылы бір-бірімен жағымды қарым-қатынас орнатылды. Іс-шара шаттық шеңберімен бастау алып,«Кім екенін тап», «Түрлі-түсті шарлар», «Достық сақинасы», «Суретті аяқта және жалғастыр» ойындарымен оқушылардың көңіл-күйлері серпіліп,қызығушылықтары арта түсті.

2022-04-28 09:49:34

Скачать Смотреть

«Ұстаз күннің құдыретті сәулесі» Ақпарат

27.04.22 жұлдызында мектеп психологы Ф.Садуакасова «Ұстаз күннің құдыретті сәулесі» атты тренинг өткізді. Мұғалімдердің эмоционалды көңіл күйлерін көтеріп, психологиялық ахуал тудырып,топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту мақсатында өткізілді. Шеңбер құрып сәлемдесу жаттығуымен басталды. «Жасырын хат, ойлан тап!», «Достық сақинасы», «Түрлі түсті шарлар», «Көрші» ойындарымен жалғасын тапты. Ұстаздардың көңіл-күйі көтеріліп, эмоционалды әсерге бөленді.

2022-04-27 12:55:04

Скачать Смотреть

«Ұстаз күннің құдыретті сәулесі» Ақпарат

27.04.22 жұлдызында мектеп психологы Ф.Садуакасова «Ұстаз күннің құдыретті сәулесі» атты тренинг өткізді. Мұғалімдердің эмоционалды көңіл күйлерін көтеріп, психологиялық ахуал тудырып,топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту мақсатында өткізілді. Шеңбер құрып сәлемдесу жаттығуымен басталды. «Жасырын хат, ойлан тап!», «Достық сақинасы», «Түрлі түсті шарлар», «Көрші» ойындарымен жалғасын тапты. Ұстаздардың көңіл-күйі көтеріліп, эмоционалды әсерге бөленді.

2022-04-27 12:55:03

Скачать Смотреть

«Мен бос уақытымда немен айналысамын?» Ақпарат

Сәуірдің 6-шы жұлдызында мектеп психологтары Садуакасова Ф, Абеуова С Кибербуллинг бойынша «Мен бос уақытымда немен айналысамын?» тақырыбында дөңгелек стөл өткізді. Тренингке 5-6 сынып оқушылары қатысты. Оқушыларға бос уақыттарын тиімді өткізу ұсынылды. Іс-шара шаттық шеңберінен бастау алып, «5-жақсы қасиет», «Жағдайлар» рефлекциясы жасалды. Бос уақытыңда не істейсің?, қандай үйірмелерге қатысасың? Үйірме несімен ұнайды? сынды сұрақтар талқыланды. Тренинг соңында оқушыларға интернеттегі қауіпсіздік, неден сақтану қажет, интернетпен жұмыс жасаған кезде қандай қауіпсіздік ережелерін ұстану қажет екені баяндалды.

2022-04-06 16:33:22

Скачать Смотреть

бiрiншiсi 1 4 5 6 7 8 14 соңғысы