Дәреже: Все

«Мемлекеттік қызмет – ел мүддесіне адал енбек» тақырыбында эссе байқауы өткізілді...

2023 жылдың қантар айының 23-25 аралығында 7-9 сынып оқушыларымен «Мемлекеттік қызмет – ел мүддесіне адал енбек» тақырыбында эссе байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты - оқушыларға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру, «жемқорлық» деген не екенін түсіндіру. Патриоттық тәрбие қалыптастыру. «Сыбайлас жемқорлық, парақорлық» сөздерінің мағынасы мен сыбайлас жемқорлық, әсіресе, мемлекеттік билік органдарында, экономикаға қауіпті екенін түсіндіру.

2023-01-25 18:12:11

Скачать Смотреть

«Буллинг, Кибербуллинг» туралы түсіндіру жұмысын жүргізді...

Ағымдағы жылдың 18-ші қаңтарында 5-11 сыныптар арасында мектеп инспекторы әлеуметтік педагогпен бірлесіп «Буллинг, Кибербуллинг» туралы түсіндіру жұмысын жүргізді. Буллингтің күш көрсету арқылы жүретін түрі адамның тәніне зиянын тигізеді, оның дүние-мүлкіне зардап әкеледі. Әдетте буллинг басқалай басталып, ақыр соңында күш көрсетуге алып келетіні туралы түсініктерін арттыру. Сонымен қатар, кездесу барысында кәмелетке толмағандар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, оқушыларға электронды темекі туралы түсінік беру, вейпингке теріс көзқарастың қалыптасуына ықпал ету мақсатында түсіндірме жұмысы жүргізілді. Вейп - көптеген улы заттар ерітілген бу генераторы. Никотиннен басқа сұйықтықта басқа улы заттар: формальдегид, глицерин ериді. Мұның бәрі қызады және өкпеге жетеді: бронх демікпесіне әкеледі және қатерлі ісіктің даму қаупін арттыратыны туралы ақпарат берілді.

2023-01-20 15:47:26

Скачать Смотреть

Мектепішілік бақылау жоспары, 2- жартыжылдық 2022-2023 оқу жылы

Мақсаты: мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту негізінде жалпы білім сапасын көтеру

2023-01-19 14:18:47

Скачать Смотреть

ҚАҢТАР АЙЫНДАҒЫ ҰБТ БАСТАЛДЫ

Өтініштерді қабылдау ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында 20 желтоқсаннан 6 қаңтарға дейін жүргізілді. Қаңтардағы ҰБТ-ға ЖОО-ға шартты түрде қабылданған студенттер, шығармашылық дайындықты талап ететін БББТ-дан басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген ЖОО-ның білім алушылары, ️ ақылы негізде «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласына ауысуға ниет білдірушілер, сондай-ақ қалауы бойынша ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін мектеп түлектері қатысады. Тіркелу кезінде тест тапсырушылар емтихан орнын, күнін және уақытын өздері таңдайды.

2023-01-19 14:08:29

Скачать Смотреть

Қамқоршылық кеңесінің №4 хаттамасы

30.12.2022 хаттама үзіндісі

2023-01-11 23:42:16

Скачать

«Орта білім беру ұйымдарының жалпыға міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы No 26 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 534 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылы 5 қаңтарда № 31563 болып тіркелді.

2023-01-11 23:37:19

Скачать

Мектепте сабақты тоқтату туралы жадынама...

Қыс мезгілінде білім беру ұйымдарындағы сабақтардың температуралық режимі туралы жадынама

2023-01-10 16:06:03

Скачать

«Мультимедиялық презентацияларды жасауға арналған Prezi. Powtoon. Piktochart сервистерін қолдану мүмкіндіктері» тақырыбында воркшоп

6 қаңтар күні қалалық Білім бөлімінің «Педагогтердің АКТ құзыреттілігін жоғарылату» жобасының жұмыс жоспары бойынша «Михаил Русаков атындағы мектеп-интернаты» КММ-нің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Коктаева Нургуль Нуроллаевна Zoom сервисі арқылы қала мұғалімдеріне «Мультимедиялық презентацияларды жасауға арналған Prezi. Powtoon. Piktochart сервистерін қолдану мүмкіндіктері» тақырыбында воркшоп ұйымдастырып өткізді.

2023-01-08 13:45:37

Скачать Смотреть

Online Test Pad, Quizlet ойындар мен тесттер жасау қызметтерінің қолдану тиімділігі» тақырыбында семинар

6 қаңтар күні қалалық білім бөлімінің «Педагогтердің АКТ құзыреттілігін жоғарылату» жобасының жұмыс жоспары бойынша «Михаил Русаков атындағы мектеп-интернаты» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Біләл Наздана Жаңабекқызы Zoom сервисі арқылы қала мұғалімдеріне «Бастауыш сыныптарды оқытуда Online Test Pad, Quizlet ойындар мен тесттер жасау қызметтерінің қолдану тиімділігі» тақырыбында воркшоп ұйымдастырып өткізді.

2023-01-08 13:43:43

Скачать Смотреть

Көктайғақта абай болыңыздар!

Құрметті ата-аналар, оқушылар! Ауа-райының өзгеруіне байланысты барлық қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз! Көктайғақта абай болыңыздар! Көктайғақ жағдайында қарапайым қауіпсіздік қағидаттарын білу және оларды сақтау өте маңызды.

2023-01-05 14:23:22

Скачать

Ата-аналар мен оқушылар назарына! Қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері

Өрт кезіндегі іс-әрекеттер, пиротехникалық заттарды қолдану туралы жадынамалар. Күзгі-қысқы кезеңдегі су қоймасындағы тәртіп ережелері мен қауіпсіздік шаралары.

2022-12-30 15:06:03

Скачать

Үлгерім мен білім сапасының нәтижелері. Кезең: 2 тоқсан, 2022-2023 оқу жылы

2 тоқсан бойынша білім сапасы – 33,3% Үлгерім - 100%

2022-12-30 14:37:41

Скачать

бiрiншiсi 1 2 3 4 61 соңғысы