"Жасыл Отан" экоклубы (мектеп жылыжайындағы жұмыстар)

Дәреже: Экоклуб "Жасыл Отан" (мектеп жылыжайының жұмысы)

Халықаралық туризм күні

27 қыркүйек күні «Халықаралық туризм күніне» орай біздің оқушылар тағы бір мәрте мектепшілік экология «ауылдық экотуризм» жобасына экскурсия жасады. Оның басты мақсаты - қоршаған ортаны қорғау, баламалы энергия көздерін пайдалану, туған жердің әдет-ғұрыптарымен таныстыру.

2021-09-27 11:42:39

Скачать

«Мейрімділікті табиғаттан үйренеміз!»

Табиғат – адамзат өмір сүріп жатқан орта, ортақ үй, ортақ мекен. Адам мен табиғат – егіз ұғым. 13 қыркүйек күні «Мейрімділікті табиғаттан үйренеміз!» айдарында 2-9 сынып оқушылары арасында сауалнама жұмыстары жүргізілді. Оқушылардың 77 % өздерін «жас эколог» ретінде сезінетіндерін жеткізді. Сауалнамадан басқа, мектеп оқушыларына экобокс жәшіктері жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

2021-09-15 17:10:32

Скачать Смотреть

Экосаябаққа саяхат...

Жаңа оқу жылы басталып, оқушылар мектепке келді. Оларды мектепте білім нәрін себетін аяулы ұстаздарымен бірге экосаябақ та қарсы алды. Жас экологтардың көкейінде «неге, қайдан?» деген көптеген сұрақтар болды. Табиғатты қорғай, аялай білетін әрбір жеткіншек «Табиғат-Анаға» ешқашан зиян келтірмек емес. Олар өсімдік әлеміне қамқорлық жасап, өскенде мектеп ауласын жақсартуға өз үлестерін қосатын болады.

2021-09-11 12:57:53

Скачать

Мектеп экопаркінде...

Жаз ортасы. Барлық балалар мен мектеп қызметкерлері жазғы демалысқа шықты, ал біздің жасыл достарымыз әлі де гүлденіп, айналаға қуаныш сыйлайды. Мектеп асханасының алдында гүлденген жаңа гүлзарлар көздің жауын алады. «Түрлі-түстілік» жобасы барқытшөп, шырайгүл, түймедақ, канна гүлдерімен сәндендірілген. Еліміздің тәуелсіздігінің мерейтойлық күніне орай 30 саны түрінде гүлзар отырғызылды. Мектеп экопаркінде раушан көшеті гүлденіп, хош иіс беріп тұр! Дөңгелек гүлзарға әр түрлі көпжылдық өсімдіктер отырғызылған. Ал эксперименталды тұқымдармен өсірілген «Көкөніс бағы» жаңа жобасы өз жемісін бере бастады. Ыстық жаз біздің жасыл достарымызға кедергі емес, ең бастысы, оқушыларымыз аман-сау болып, күн, ауа және су болғаны.

2021-07-12 16:23:06

Скачать Смотреть

Экологиялық саябақ өз есігін айқара ашты...

Балаларды қорғау күніне орай оқушылар мен ересектердің көмегімен Михаил Русаков атындағы санаторлық мектеп-интернатында экологиялық саябақ қайтадан өз есігін айқара ашты. Құстар ұшып келіп, өздерінің ұяларына орналасып, шарлармен безендірілген киіз үй түріндегі үлкен гүлзар үйге қазтамақ, бақытгүл, нәркес, барқытшөп сияқты гүлдерді қонақжайлықпен қабылдады. Саябақта әдемі гүлзар пайда болып, етегі шырайгүлмен безендірілген, ал түймедақ гүлі мақтанышпен төменде тамыр жайған. Саябақтың аумағы балалар мен технология мұғалімдерінің қолымен жасалған эко-шамдармен жарықтандырылған. Құдықтың жанында, күн сәулесіне жылынып тасбақалар, аумақты күзететін күшік орналасқан. Тіпті биыл отырғызылған раушангүлдер мен көпжылдық өсімдіктер гүлденіп үлгерді. Ағаштар да әдемі ақ гүлдермен гүлденді. Оқушыларымыз ерекше күтім жасайтын әлі кішкентай, көк шырша да әдемі күлімсіреп тұр. Биылғы жылы тәжірибелік көкөніс бағының жұмысы басталды. Неліктен тәжірибелік? Ол баққа себілген тұқымдар Нұр-Сұлтан қаласының агротехникалық университетінің студенттері біздің топырақ жағдайында сынау үшін сыйға тартты. Алда экологиялық саябаққа арналған көптеген шығармашылық жобалар күтіп тұр. Келесі жылы оқушыларымыз мектепке келіп, одан да қызықты және шығармашылық жобалар ойлап табады деген үміттеміз. Балаларымызға мықты денсаулық және жаз мезгілі жақсы өтсін деп тілейміз!

2021-06-02 15:16:15

Скачать Смотреть

«Жандану» тақырыбында қалдықтардан жасалған қолөнер бұйымдарының байқауы өтті...

Қоршаған ортаның ластану мәселесі қазіргі кезде ең өзекті болып табылады. Таңқаларлық емес: кәсіпкерлер күн сайын тамақ өнімдерін пластмассадан, металдан немесе басқа да материалдан жасалған пакеттерге орап шығарады, содан кейін олар лақтырылып, қоршаған ортаны ластайды. Осы қауіптің алдын алу мақсатында 28 сәуір күні «Біз болашаққа жауаптымыз!» атты экологиялық білім беру апталығы аясында «Жандану» тақырыбында қалдықтардан жасалған қолөнер бұйымдарының байқауы өтті. Балалар қалдық заттардан (пластикалық бөтелкелер, ыдыс-аяқтар, қақпақтар, қораптар, картон және т.б.) қолөнер туындыларын жасады, дайын жұмыстарды суретке түсіріп, тіпті біреулері оны видеоға да түсіріп алды. Үздік жұмыстардың авторларына орындар берілді: І орын – Нұрали Айша 5 «А», Қабиден Нұрай 5 «А», Имангелді Қымбат 9 «Ә»; ІІ орын – Қасымжанова Сабина 7 «Ә», Олжабаев Сұлтан 5 «А», Аманғали Жанель 6 «А»; ІІІ орын – Қанатқызы Әмина 7 «Ә», Сейфолла Дильназ 5 «А», Нөкешова Айгерим 5 «А». Белсене қатысқандары үшін: Касенова Көркем, Сабит Ерасыл, Сансызбайқызы Гүлім алғыс хаттарға ие болды.

2021-04-29 12:52:14

Скачать Смотреть

7-8 сынып оқушылары арасында «Табиғатпен үйлесімді өмір сүру» атты викториналық ойын өтті...

27 сәуір күні «Біз болашаққа жауаптымыз!» атты экологиялық білім беру апталығы аясында 7-8 сынып оқушылары арасында «Табиғатпен үйлесімді өмір сүру» атты викториналық ойын өтті. Оқушыларға табиғатты аялау, оған қамқорлық жасау әрбір адамның міндеті екенін түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу мақсатында құрылған шарада оқушылар ойларын ортаға салып, нақты дәлелдер келтіре отырып, тақырыпты аша білді.

2021-04-28 11:48:49

Скачать Смотреть

«Біз болашаққа жауаптымыз!» атты жалпы республикалық экологиялық білім беру апталығының ашылуы...

26 сәуір күні «Біз болашаққа жауаптымыз!» атты жалпы республикалық экологиялық білім беру апталығының ашылуының салтанатты жиыны 1-11 сыныптар арасында онлайн түрде өтті. Жиын барысында апталықтың жалпы мақсаты мен міндеттері түсіндірілді. Сонымен қатар, оқушылардың назарына аға тәлімгер Л. Мадиеваның жетекшілігімен «Мектеп парламенті» дайындаған тақырыптық үгіт-насихат жұмыстары бейнеролик түрінде ұсынылды. Жиын соңында апталық барысындағы іс-шаралардың өткізілу тәртібі таныстырылды.

2021-04-28 10:40:40

Скачать Смотреть

«Біз болашаққа жауаптымыз!» ұранымен ағаш отырғызу акциясын өткізілді...

24 сәуір күні мектеп ауласын көгалдандыру және абаттандыру мақсатында «ЭкоЖер» клубының мүшелері «Біз болашаққа жауаптымыз!» ұранымен ағаш отырғызу акциясын өткізді. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» демекші, клуб мүшелері акция барысында мектеп ауласына 62 түп раушан гүлдерінің бұтасы мен 50 түп көпжылдық гүлдер екті. Енді алдағы уақытта осы отырғызылған бұталар мен гүлдерге арнайы күтім көрсетіліп, өсуіне жағдай жасалады. Бұл шараның өткізілуі мектебіміздің ауласын абаттандыруға ғана емес, экологиялық жағдайды жақсартуға да ықпал етеді.

2021-04-24 22:43:41

Скачать Смотреть

“Құстарға арналған үздік үй” атты экологиялық акциясы...

1 сәуір - Халықаралық құстар күніне орай оқушылар сарайы “Құстарға арналған үздік үй” атты экологиялық акциясын өткізді. Бұл акция Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай "Қайырымды істер марафоны" жалпыұлттық жобасы аясында ұйымдастырылды. Акцияға қатысу үшін оқушылар ұяшық нобайларын дайындап, безендіріп, үйдің жанында немесе саябақта құс үйін іліп, жұмысты суретке түсіріп жіберу керек болатынды. Акцияға мектебіміздің оқушылары белсенді қатысып жүлделі орындарға ие болды. 2 орын - Шабденов Али; 2 орын - Төлеген Айназ; 2 орын - Өміржан Жантөре; 2 орын - Дүйсенбі Ерсанат; 2 орын - Балтабек Нұрай. Құттықтаймыз!

2021-04-05 10:58:29

Скачать Смотреть

Мектепте экологиялық акция өткізілді..

Мектепте экологиялық акция өткізілді - бөлме гүлдері мен қалдық материалдардан жасалған тұрмыстық заттардың сатылымы ұйымдастырылды. Оқушылар мен мұғалімдер өмірде пайдалы болатын жаңа нәрселерге екінші өмір сыйлады. Жиналған қаражат мектеп ауласын абаттандыруға жұмсалады.

2021-03-17 17:02:49

Скачать Смотреть

«Жасыл Отан» журналының кезекті номерінің тұсаукесері өтті...

Михаил Русаков атындағы санаторлық мектеп-интернатында мектебіміздің «Жасыл Отан» журналының кезекті номерінің тұсаукесері өтті. Журнал жас экологтардың ізденістегі, ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы, қоршаған ортаны қорғау және сүйікті мектебімізді көгалдандыру бойынша атқарылған жұмыстарын көрсетеді.

2021-02-15 01:13:56

Скачать Смотреть

бiрiншiсi 1 2 3 4 5 8 соңғысы