ҰБТ, ООЖБ, халықаралық зерттеулер аясындағы тестілеу нәтижелері

Дәреже: ҰБТ, ООЖБ, халықаралық зерттеулер аясындағы тестілеу нәтижелері

ҚАҢТАР АЙЫНДАҒЫ ҰБТ БАСТАЛДЫ

Өтініштерді қабылдау ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында 20 желтоқсаннан 6 қаңтарға дейін жүргізілді. Қаңтардағы ҰБТ-ға ЖОО-ға шартты түрде қабылданған студенттер, шығармашылық дайындықты талап ететін БББТ-дан басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген ЖОО-ның білім алушылары, ️ ақылы негізде «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласына ауысуға ниет білдірушілер, сондай-ақ қалауы бойынша ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін мектеп түлектері қатысады. Тіркелу кезінде тест тапсырушылар емтихан орнын, күнін және уақытын өздері таңдайды.

2023-01-19 13:08:29

Скачать Смотреть

2022-2023 оқу жылы 11 «А» сынып оқушыларының аралық тестілеуінің қорытындысы

11 «А» сынып оқушыларының аралық тестілеуінің қорытындысы /Қыркүйек, қараша 2022-2023 оқу жылы/

2022-12-06 11:20:32

Скачать Смотреть

Келесі ҰБТ-дан бастап Қазақстан тарихы мен оқу сауаттылығы пәндері бойынша өзгерістер енгізіледі

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Тохтарбекұлы келесі ҰБТ-дан бастап Қазақстан тарихы мен оқу сауаттылығы пәндері бойынша өзгерістер енгізілетінін хабарлаған болатын. Бұл туралы осы жазбада Сіздерге толық түсіндіріп өтсек. Сонымен, басты жаңалық Қазақстан тарихы пәнінің бір нұсқасында енді 20 тест тапсырмасы болады: 1-ден 10-ға дейін – бір дұрыс жауапты таңдауға арналған; 11-ден 20-ға дейін – контекстке негізделген бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары (5 сұрақтан 2 контекстік мәтін). Осылайша, контекстік тест тапсырмаларының саны көбейіп, талапкерлердің білімін одан да терең бағалауға мүмкіндік артады. Сондай-ақ, бұған дейін талапкерлерге оқу сауаттылығынан 20 тест тапсырмасы берілсе, енді 3 мәтін бойынша 15 тест сұрағы ұсынылады. Бұл шешім арқылы талапкерлер өз білімдерін жан-жақты көрсете алады деп сенеміз.

2022-09-21 14:03:30

Скачать Смотреть

ҰБТ-2023-тен бастап енгізілетін тест тапсырмаларының құрылымындағы өзгерістер туралы ақпарат

Сонымен Сіздердің нәтижелеріңізді тиімді бағалап, нақты талдау жасау үшін тест тапсырмаларында дистракторлар (жауап нұсқалары) санын азайту туралы шешім қабылданды. Яғни нұсқалар саны бір дұрыс жауабы бар сұрақтарда 5-тен 4-ке дейін; бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар сұрақтарда (үш дұрыс жауаптан көп емес) 8-ден 6-ға дейін азайтылады. Бұл өзгерісті оңынан қабылдайсыздар деген үміттеміз. Айта кетейік, ресми жаңалықтар тек www.testcenter.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда жарияланады.

2022-09-21 13:59:01

Скачать Смотреть

2022 жылдың 13 сәуір күні мектебімізде 11 сынып мектеп бітірушілері, ата-аналары және пән мұғалімдерімен бірлескен жиналыс өтті...

2022 жылдың 13 сәуір күні мектебімізде 11 сынып мектеп бітірушілері, ата-аналары және пән мұғалімдерімен бірлескен жиналыс өтті. Мақсаты: оқушылардың ҰБТ-ге дайындық нәтижелері, мемлекеттік қорытынды аттестатаудан өткізу ережелерімен таныстыру. Жиналыста директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М. Сахариева ҰТБ-ге дайындық барысында жыл бойы алынған сынама тест қорытындыларына талдау жасап өтті. Сонымен қатар білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізудің тәртібі жайлы толық түсіндіріп, ақпарат берді.

2022-04-14 15:24:24

Скачать

2021-2022 оқу жылы 11 «А» сынып оқушыларынан алынған аралық тест қорытындысы

Аралық тест 2022 жыл /қаңтар/

2022-03-16 17:14:06

Скачать Смотреть

2021-2022 оқу жылы 11 «А» сынып оқушыларынан алынған аралық тестілеу қорытындысы, 09.12. 2021 жыл /мектепішілік/

2021-2022 оқу жылы 11 «А» сынып оқушыларынан алынған аралық тестілеу қорытындысы, 09.12. 2021 жыл /мектепішілік/

2022-03-16 17:12:27

Скачать

11 сынып оқушыларымен «ҰБТ-ға сеніммен барайық!» атты тренинг жүргізілді.

11 қараша күні 11 сынып оқушыларымен «ҰБТ-ға сеніммен барайық!» атты тренинг жүргізілді. Тренингке барлық оқушы қатысты. Мақсаты оқушыларды психологиялық тұрғыдан дайындау, аффирмация туралы түсінік қалыптастыру. Оқушылардың өзін тану арқылы, өзіндік бағалауын қалыптастыру, стрессті жеңуге жол көрсету.

2022-03-16 17:11:22

Скачать

Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау жоспарының орындалу барысы туралы ...

ҰБТ-ға қатысу түлектің білім деңгейін ашып қана қоймайды, сонымен қатар оның үнемі өзгеріп отыратын шындық жағдайларына әлеуметтік-психологиялық дайындығын тексерудің өзіндік түрі болып табылады. Осыған байланысты бітірушілерді ҰБТ-ға дайындауда оқу, әдістемелік, психологиялық жұмыстардың көп қырлы қажеттілігі туындады. ҰБТ-ның болжамды жоғары көрсеткіші білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының (оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар) терең және жан-жақты дайындықты талап етеді.

2022-03-16 17:10:16

Скачать Смотреть

ҚР жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтары жіктеуішінің және Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандықтар жіктеуішінің сәйкестік кестесі

ҚР жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтары жіктеуішінің және Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандықтар жіктеуішінің сәйкестік кестесі

2022-03-16 17:07:59

Скачать Смотреть