Психологтың жұмысы
Дәреже: Психологтың жұмыстары
«Достық шеңбері» тақырыбында тренингАқпан айының 10-жұлдызында мектеп психологы: С.Абеуова 4-сынып оқушыларымен «Достық шеңбері» тақырыбында тренинг өткізді. Шаттық шеңберімен бастап , есімдерінің бас әрпінен басталатын сын есімдерден бір-бірлеріне жақсы сөз айтып,жүрекпен алмасты. «Жағдаят», «Достық сақинасы», «Достық ағашы», «Досыңды тап» жаттығуларымен жалғасын тап. |
2022-02-10 16:15:23 |
Скачать Смотреть |
«Алтын белгіге»,«Үздік аттестатқа» психологиялық қолдауАқпан айында мектеп психологы Ф.Садуакасова 11-сынып оқушысы «Алтын белгіге»,«Үздік аттестатқа» үміткер оқушымен психологиялық жеке кездесу өткізді. Совет Мухаммадрасулға психологиялық бағыт бағдар, кеңестер беріліп, сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ дұрыс тамақтану,күн тәртібі, қорқыныш, мазасыздану, ҰБТ-ға қалай дұрыс дайындалуға болатыны айтылып, болашағын қағаз бетіне түсіру терапиясы арқылы, болашақтағы өзінің іс-әрекетін бейнелеп берумен аяқталды. |
2022-02-09 11:25:17 |
Скачать Смотреть |
«Нақты сенім»тренингМектебімізде мектеп психологы Ф.Садуакасова 11-сынып оқушыларымен «Нақты сенімді тұлға» атты тренингі өткізді. «Талдау», «Жас түлектердің стреске жақындығын айқындау», «Менің жаңа өмірім», «Афермация» жаттығулары жасалып, осы тренингтен алған әсерлерін айтып бөлісті. Мақсаты: Мектеп түлектерінің ҰБТ-ға дайындығын тексере отырып, қорқыныш пен іштей қинаған сезімдерден құтылуға, адал болуға психологиялық көмек көрсете отырып, бойларына сенімділік ұялату. |
2022-02-09 11:22:15 |
Скачать Смотреть |
«Өмірімнің мәні» атты тренингіАқпан айында 9-сынып оқушыларымен мектеп психологы Ф.Садуакасова «Өмірімнің мәні» атты тренингін жүргізді. «Өмірдің мәні туралы ойланбайтын адам бар ма?» деп оқушыларға сұрақ қоюдан басталды. Оқушылар шеңберге жиналып, бір - бірімен сәлемдесті де М. Мақатаевтың «Өмір жайлы» әнін айтып, талдау сұрақтарына жауап берді. Тренингте «Түймедейді түйедей ету», «Мен жалғыз емеспін», «Ассоциация» жаттығулары өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың өмірге деген ой пікірлерін ортаға салдыру, олардың адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа, достыққа, сыйластыққа үйрету; Өмірден өз орындарын таба білу, өмірге жақсы көзқараспен қарауға, қадірлей, бағалай білуге тәрбиелеу. |
2022-02-08 16:30:15 |
Скачать Смотреть |
7-11 сынып оқушыларының ата- аналарына жиналысМектебімізде мектеп психологы Ф.Садуакасова 5.02.22 күні 7-11 сынып оқушыларының ата- аналарына жиналыс өткізді. Күн тәртібінде «Мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастық», «Мамандық таңдау», «Балалардың желі қауіпсіздігі» тақырыптарына тоқталды. Жиналыс барысында ата–аналарға баланың болашақ өмірін қалыптастыру, интернетті дұрыс пайдалану жолдары, зияны және пайдасы туралы түсінік берілді. Жеткіншектердің мамандыққа бейімделу мен қабілеттілігін ертерек анықтап, болашақ мамандықтарын бірлесе отырып шешу керектігіне тоқталды. |
2022-02-07 10:17:11 |
Скачать Смотреть |
«Отбасылық өмірге дайындық үрдісі»Мектебімізде мектеп-психологы: Ф. Садуакасованың ұйымдастыруымен 10-11 сынып оқушыларына «Отбасылық өмірге дайындық үрдісі»тақырыбында психологиялық тренинг өтті. Тренингімізді бастамас бұрын, стресс кезінде денені бос ұстау жаттығуларынан бастап, «Күн шуағы», «Отбасым-сыйластық,жарастық орнаған ортам» (шағын дәріс),«Тілек шамы» сынды тренингтермен жалғасын тапты. Мақсаты:Оқушыларға отбасы туралы мағлұмат бере отырып, отбасын құрметтеуге,ата-анасын сыйлауға,кішіге қамқор,тату болуғатәрбиелеу. Оқушылардың отбасытуралыбілім беру,отбасы мұшелерін сыйлауға,ата-ананы құрметтеуге,біріне-бірі қамқор болуға,әр адамның отбасындаөз орны болатынын түсінуге тәрбиелеу. |
2022-02-03 11:17:57 |
Скачать Смотреть |
«Есірткі улы психотропты заттардың зияны» туралы жасөспірімдерге ақпаратМектебімізде ақпан айының 3-жұлдызында мектеп психологы Ф.Садуакасованың ұйымдастыруымен 7,8,9,10 сынып оқушыларына «Есірткі улы психотропты заттардың зияны» туралы жасөспірімдерге ақпарат,кеңес берілді. Мақсаты:Жасөспірімдерге есірткі, улы психотропты заттардың зияны түсінік беру. Теріс қылықтардан сақтандыру. |
2022-02-03 11:14:32 |
Скачать Смотреть |
«Жас мамандардың кәсіби күйіп кетпеу профилактикасы!» арт-терапияҚаңтар айында жас мамандарға арналған «Жас мамандардың кәсіби күйіп кетпеу профилактикасы!» арт-терапия тренинг өтті. Тренинг мақсаты: Мамандарды қызметтен жалығуға бой алдырмау үшін жүргізілетін терапиялармен таныстыру. Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда психологиялық ахуал қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл-күйін көтеру. |
2022-01-27 10:17:28 |
Скачать Смотреть |
«Мен болашақта кім боламын?» сурет терапиясының ақпарыМектебімізде Қаңтар айының 21-інші жұлдызындаоқушылардың мамандыққа деген қызығушылығын ояту мақсатында1 А, Ә, Б сынып оқушыларымен«Мен болашақта кім боламын?» сурет терапиясы жүргізілді. Басым бөлігі «Полиция», «Мұғалім» сынды мамандық таңдап сурет салды. Орындаған: Абеуова С.О |
2022-01-21 12:05:48 |
Скачать Смотреть |
«Мэдис ОҚЭДӘ» әдістемесінің ақпаратыМектебімізде 13. 12 жұлдызында 1 А, Ә және 2 А, Ә, Б сынып оқушыларынан «Мэдис ОҚЭДӘ» әдістемесі алынды. Балалардың интелектуалды дамуын диагностикалау, дамыту. 6-7 жас жастағы балалардың ой қабілеттері деңгейін анықтауға арналған. ОҚЭДӘ интеллектке арналған әлемдік тестлер негізінде авторлардың ұсынған авторлық әдістемесі. Бұл тест 6 – 7 жасар балаларға толық бейімделген. ОҚЭДӘ-нің тапсырмалары сурет ретінде ұсынылған. Тапсырмалардың әр түрлігі көптеген ой әрекеттерін ең аз уақытта қамтуға жағдай жасалады. Тест баланың бастауыш мектепте оқуға қабілеті туралы жақсы анықтама береді. Мақсаты: Балалардың интелектуалды дамуын диагностикалау, дамыту. |
2022-01-05 14:18:33 |
Скачать Смотреть |
«Діни экстремизмнің психологиялық аспектілері» оқушыларға арналған психологиялық ТренингМектебімізде мектеп психологы желтоқсан айының 28жұлдызында 9-сынып оқушыларына «Діни экстремизмнің психологиялық аспектілері» деген тақырыпта тренинг өтті. Мақсаты: «Желілік компания» Оқушылар 2-топқа бөлініп отырады, бірінші топ, екінші топты алдап, желілік компанияның құрамына кіргізгісі келеді.Екі топтың әңгімесі бақыланады. «Жоқ деп айтуға үйрен» Мақсаты: Қатысушылар 2-шағын топқа бөлінеді. Бірінші топтағылар әртүрлі эмоцияларды қолдана отырып «жоқ» деп айту керек, ал 2-ші топ айтушының дауыс ырғағына қарап, оның қандай эмоционалды күйді білдіріп тұрғанын танып білу керек. |
2021-12-28 14:47:38 |
Скачать Смотреть |
11 сынып оқушыларымен «Өзіндік Менім» оқушылардың өзіне деген сенімділіктерін арттыру мақсатында тренингМектебімізде мектеп психологы желтоқсан айының 15-жұлдызында 11 сынып оқушыларымен «Өзіндік Менім» оқушылардың өзіне деген сенімділіктерін арттыру мақсатында тренингі өтті. Оқушылармен көздерін жұмып аспандағы жұлдыздарды елестету арқылы аутотренинг Өз жұлдызыңды тап» жаттығуымен басталды. «Менің есімім», «Атомдар мен молекулалар», «Сыр сандық», «Лимон» «Тұлғаның өзіне сенімділігін психологиялық дайындау» жаттуғалары жасалып, өздеріне деген сенімділіктері арта түсті. Оқушыларға бақытты ғұмыр болмайды, ол бақытты секунд, бақытты минут, бақытты сәттерден тұратынын, біз сол бақытты сәтті сезіне білу арқылы бақытты болатынымыз айтылды. Бір-бірінің қолдарынан ұстап жоғары көтеріп, біркелкі хор дауыспен «Біз ҰБТ-ға сеніммен барамыз!» деп айтып, тренингімізді аяқтадық. Мақсаты: Өзіне деген сенімділікті арттыру. ҰБТ психологиялық дайындық дағдыларын меңгеру. Оқушылардың өздеріне деген сенімдерін нығайтып, өзі туралы ойын дамытып, коммуникациялық іскерлікті жетілдіру, өзін сенімді сезіну үшін тұлғаны психологиялық күйге келтіру. |
2021-12-20 14:47:44 |
Скачать Смотреть |