Мектеп кітапханасы
Дәреже: Мобильді кітапхана
Мобильді кітапхана
«Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» атты интеллектуалды ойын өткізілді.Бүгін 9 - желтоқсан мектеп кітапханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» атты интеллектуалды ойын өткізілді. Шараның негізгі мақсаты – оқушылардың тарихи санасын қалыптастыру, ел тарихына деген қызығушылығын арттыру және тәуелсіздіктің құндылығын сезіндіру. Ойынға мектептің әр сыныбынан құрама командалар қатысып, олар бірнеше кезең бойынша өз білімдерін сынады. Әр кезең Қазақстан тарихы, тәуелсіздік жылдарындағы елеулі оқиғалар, ұлттық рәміздер, елдің дамуына үлес қосқан тұлғалар туралы сұрақтар мен тапсырмалардан тұрды.Шара тартысты әрі қызықты өтті. Қатысушылар өздерінің тапқырлығын, білім деңгейін және ойлау қабілеттерін жан-жақты көрсетті. |
2025-12-17 11:03:12 |
Скачать Смотреть |
Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында мектеп директоры, педагогтар және оқушылардың қатысуымен рухани-танымдық кездесу ұйымдастырылды.Балқаш қаласы №9 жалпы білім беретін мектебінде «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында мектеп директоры, педагогтар және оқушылардың қатысуымен рухани-танымдық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – білім алушылар арасында кітап оқуды дәріптеу, оқу мәдениетін арттыру және жастарды зияткерлік дамуға бағыттау болды. Кездесу барысында мектеп директоры оқушыларға кітап оқудың маңызы, оның тұлғалық даму мен білім сапасын арттырудағы рөлі туралы ой бөлісті. Педагогтар өздері ұсынатын кітаптар тізімімен бөлісті, оқушыларға оқу дағдысын дамытуға бағытталған кеңестер берілді. |
2025-12-17 11:00:30 |
Скачать Смотреть |
Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында мектеп директоры, педагогтар және оқушылардың қатысуымен рухани-танымдық кездесу ұйымдастырылды.Балқаш қаласы №9 жалпы білім беретін мектебінде «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында мектеп директоры, педагогтар және оқушылардың қатысуымен рухани-танымдық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – білім алушылар арасында кітап оқуды дәріптеу, оқу мәдениетін арттыру және жастарды зияткерлік дамуға бағыттау болды. Кездесу барысында мектеп директоры оқушыларға кітап оқудың маңызы, оның тұлғалық даму мен білім сапасын арттырудағы рөлі туралы ой бөлісті. Педагогтар өздері ұсынатын кітаптар тізімімен бөлісті, оқушыларға оқу дағдысын дамытуға бағытталған кеңестер берілді. |
2025-12-17 11:00:28 |
Скачать Смотреть |
1-4 сыныптарға сынып сағаттары өткізілді✅«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарлама аясында 1-4 сыныптарға сынып сағаттары өткізілді. Қазақ ағартушысы ақын, жазушы Міржақып Дулатұлының туғанына 140жыл толуына орай ұйымдастырылды. Міржақып Дулатұлы ХХ ғасыр басындағы қазақ мәдениеті мен әдебиетінің көрнекті өкілі. Міржақыптың алғашқы өлеңдер жинағы 1909 жылы Қазан қаласында «Оян, қазақ!» деген атпен жарық көрді. Бұл кітаптың қазақ оқырмандарына әсері өте күшті болды. |
2025-11-10 22:22:20 |
Скачать Смотреть |
Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған «Шоқанның ұлылығы» атты кітап көрмесі✅«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарлама аясында «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру мақсатында мектебіміздің кітапханасында ұлы ғалым, шығыстанушы, этнограф әрі ағартушы Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған «Шоқанның ұлылығы» атты кітап көрмесі өтті. ✅Мақсаты: Қазақ халқының біртуар перзенті Шоқан Уәлихановтың ғылыми және рухани мұрасын дәріптеу, жас ұрпақты ұлы тұлғаның өмірінен өнеге алуға баулу. |
2025-11-10 22:19:17 |
Скачать Смотреть |
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Бір сынып-бір кітап» атты кітап оқу марафонының ақпараты.13.01.25ж «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы,«Балалар кітапханасы» жобасы аясында 2 «А» сынып оқушысы Мейырманұлы Нұрәділ «Мен оқыған бір ертегі» тақырыбында оқыған ертегісімен бөлісіп, өз айтты. Көп ертегі ішінде «Түлкі мен қоян» ертегісін оқыған.Ондағы кейіпкерлерді жақсы және жаман қасиеттерін айтып шықты.Басқа оқушыларға оқуға кеңес берді. #Қарағандыоблысыбілім09 #Біртұтас_тәрбие @balkhashtv @balqash_qalasy_akimdigi @umckrg @balqash_qalasy_bilim_bolimi |
2025-01-13 14:11:46 |
Скачать Смотреть |
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Бір сынып-бір кітап» атты кітап оқу марафонының ақпараты.18.12.24ж «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында «Бір сынып – бір кітап» атты кітап оқу марафоны 3- сыныптар арасында жалғасын тапты. Мақсаты: Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, кітап оқуға құмарлығын, кітап оқу арқылы олардың сөздік қорын,ой-өрісінің дамуын, рухани байлығын, кітап оқуға қызығушылығын арттыру. #Қарағандыоблысыбілім09 #Біртұтас_тәрбие @balkhashtv @balqash_qalasy_akimdigi @umckrg @balqash_qalasy_bilim_bolimi |
2024-12-18 16:41:12 |
Скачать Смотреть |
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Бір сынып-бір кітап» атты кітап оқу марафонының ақпараты.25.011.24ж «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында «Бір сынып – бір кітап» атты кітап оқу марафоны 4-8 сыныптар арасында жалғасын тапты. Мақсаты: Оқушылардың кітап оқу дағдысын қалыптастыру, кітапқа деген қызығушылығын артыру, кітап оқуға үндеу. #Қарағандыоблысыбілім09 #Біртұтас_тәрбие @balkhashtv @balqash_qalasy_akimdigi @umckrg @balqash_qalasy_bilim_bolimi |
2024-11-25 14:54:00 |
Скачать Смотреть |
«Мемлекеттік нышандарды құрметтеу» атты кітап көрмесінің ақпараты.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек нысанды. Бұл – Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы. Біртұтас_тәрбие #uo_krg @balqash_qalasy_bilim_bolimi @rumcdo_official @umckrg # #@umckrg # |
2024-10-02 10:54:15 |
Скачать Смотреть |
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Бір сынып-бір кітап» атты кітап оқу марафонының ақпараты.27.09.24ж «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында «Бір сынып – бір кітап» атты кітап оқу марафоны жалғасын тапты. Мақсаты: Кітап оқу және білім алуға қызығушылықты қалыптастыру кітап оқуды сәнге айналдыру, өмір бойы өзін-өзі жетілдіруді және білім беруді қолдау. Біртұтас_тәрбие #uo_krg @balqash_qalasy_bilim_bolimi @rumcdo_official @umckrg # #@umckrg # |
2024-09-27 15:59:20 |
Скачать Смотреть |
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Оқы да, жеңіске жет!» атты кітап оқу марафонының ақпараты.26.04.24ж 4 Ә -сынып арасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Балалар кітапханасы жобасы » аясында « Ұрпаққа аманат» жоба аясында «Ұлттар достастығы» тақырыбында сынып сағат өтті. Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет - ғұрпын сыйлауға үйрету. Қарағандыоблысыбілім09 #Біртұтас_тәрбие #ҚОББТӘРБИЕ #uo_krg @balqash_qalasy_bilim_bolimi @rumcdo_official @umckrg @balqash_qalasy_akimdigi @balqash_qbb |
2024-04-26 11:56:03 |
Скачать Смотреть |
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Оқы да, жеңіске жет!» атты кітап оқу марафонының ақпараты№9 ЖББ мектеп кітапханасында 23.04.24ж 1«Ә» сынып арасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Кітаптар сөйлейді» атты кітап оқу марафоны ұйымдастырылды. Оқушылар ертегі кітаптармен танысып,ертегі кейіпкерлеріне қызығып, қысқаша сұрақ-жауап ретінде пікірлесіп шықты. Мақсаты: Кітап - өмір ұстазы. Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Қарағандыоблысыбілім09 #Біртұтас_тәрбие #ҚОББТӘРБИЕ #uo_krg @balqash_qalasy_bilim_bolimi @rumcdo_official @umckrg @balqash_qalasy_akimdigi @balqash_qbb |
2024-04-23 11:18:37 |
Скачать Смотреть |