Нашақорлыққа жол жоқ
Дәреже: Нашақорлыққа жол жоқ
АқпаратМектебімізде 11 сынып оқушыларына «Есірткі және құқық бұзушылық» тақырыбында сынып сағаты өтті.Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратының ескерту. Есірткі, ішімдік және темекенің ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары, адам ағзасына теріс әсері туралы түсіндірілді. Өмір – адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние. Адамның ұзақ, мәнді де сәнді өмір сүруінің негізгі – оның денсаулығы. Денсаулық адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселенің бірі – адамның денсаулығы. Адам өміріне қауіп төндіретін жағдайларға соғыс, ашаршылық, экологиялық жағдай және адам ағзасын улайтын зиянды әдеттер болып табылатындығы айтылды. |
2024-02-27 16:44:07 |
Скачать Смотреть |
АқпаратМектебімізде 31.01.24 күні мектеп психологі 10- сынып оқушыларына «Жаман әдет- барша жамандықтың кілті» тақырыбында тренинг өткізді. Оқушыларға тоқырау мен деградация жағдайында адам өзіне қандай да бір әрекеттерді жүктегісі келмейді. Жалқаулық әдеті уақыт өте келе адам тіпті болмашы нәрселерден де шаршайтындай күшейе түседі және қарапайым нәрсені жасаудың өзңне күш-қуат таппайды.Нақты айтқанда, жақсыдан үйреніп, жаманнан жирену – өмірлік ұстаным. Өйткені, дағды – адам баласына жақсы қасиеттерді үлгі етіп, бойына сіңіру үшін берілген қасиет. Жаман әдетке бойұсынған адам өмір бойы орны толмас өкініштерге ұрынып жатса, ал жақсы қасиеттерді үлгі еткендер сый-құрмет пен абыройға бөленетінін айтып өтті. |
2024-02-01 09:52:20 |
Скачать Смотреть |
Ақпарат05.12.23 күні Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, Ар – Ұят, әдеп нормаларын ұстану құндылықтар бағыты бойынша «Ұлағат» әкелер ұйымының төрағасы Б.Рахымбеков, ұлдар ұйымының жетекшісі С.Ельшибеков «Дені сау балалар – ұлттың болашағы», тақырыбында ұл балаларға дәріс сабақ өткізді. Денсаулық – салауатты өмір кепілі. Осы салауатты өмір кепілін, оның қыр-сырын білу – басты міндет. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ. Салауатты өмір сүру дегеніміз – әлеуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды әрекеттерден аулақ болу.Елдің айнасы – жастар. Егемендікті сақтайтын да – болашақ ұрпақ. Тәуелсіз Қазақстанның кемел келешегі шыныққан, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын ұстанған ұрпаққа байланысты. Кез келген мемлекеттің басты байлығы – адам және оның денсаулығы екені айтылды. |
2023-12-05 10:53:28 |
Скачать Смотреть |
«Электронды темекінің зияны» тақырыбында өткізілген дәрістің ақпараты2023 жылдың 4 желтоқсаны күні құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша 7-9 сынып оқушыларына мектеп инспекторы А.Нұрбек, «Ұлағат» әкелер ұйымының төрағасы Б.Рахымбеков, ұлдар ұйымының жетекшісі С.Ельшибеков «Электронды темекінің зияны» тақырыбында дәріс өткізілді. Мақсаты: темекі шегудің денсаулыққа қауіпті екендігі туралы мағлұмат беріп, темекі улы екенін айтып, ұжым болып жұмыс істеуге тәрбиелеу. Оқушыларды зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға, салауатты өмір салтын сақтауға, жат қылықтан аулақ болуға тәрбиелеу. Қарағандыоблысыбілім09 #Біртұтас_тәрбие #ҚОББТӘРБИЕ #uo_krg @balqash_qalasy_bilim_bolimi @rumcdo_official @umckrg @balqash_qalasy_akimdigi @balqash_qbb |
2023-12-04 14:29:15 |
Скачать |
Жаман әдеттерден аулақ бол!» тақырыбы бойынша өткізілген дәрістің ақпараты2023 жылдың 27 қарашасы күні қалалық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Е.М.Артыкбаев 9-11 сынып оқушыларына «Дүниежүзілік балаларды қорғау күні: балаларға арналған өмір» республикалық онкүндігі аясында «Жаман әдеттерден аулақ бол!» тақырыбында дәріс өткізді. Мақсаты: оқушыларды ғасыр дерті болып саналатын зиянды әдеттер – темекі шегу, есірткі заттарды пайдаланудан аулақ болуға шақыру. Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің, темекінің зиянын және улы екенін түсіндіре отырып саналыққа, салауатты өмірді таңдауға тазалыққа, лас істерден аулақ болуға жан сұлулығымен қатар тән сұлулығын сақтауға тәрбиелеу. Қарағандыоблысыбілім09 #Біртұтас_тәрбие #ҚОББТӘРБИЕ #uo_krg @balqash_qalasy_bilim_bolimi @rumcdo_official @umckrg @balqash_qalasy_akimdigi @balqash_qbb |
2023-11-28 12:07:04 |
Скачать Смотреть |
«Есірткі және жасөспірім» нашақорлықтың алдын алу тақырыбында өткізілген жиналыстың ақпараты2023 жылдың 23 қазаны күні мектебімізде нашақорлықтың алдын алу мақсатында «Есірткі және жасөспірім» тақырыбында Балқаш қаласы прокурорының прокуроры А.Куанышбек 8-10 сынып оқушыларына дәріс өткізді. Оқушыларға нашақорлық дегеніміз – адамның есірткіге тәуелділігі. Бұл дерт организмнің тіршілік етуі үзілмей, оны белгілі дәрежеде ұстап тұрып есірткіні үнемі тұтынуға және дене мен жүйке қызметінің әбден әлсіреуіне алып келетінін, нашақорлық адамзат баласының денсаулығы мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатердің бірі екенін айтып өтті. Сонымен қатар, нашақорлықтың алды алу, біздің ортақ мақсатымыз. Ғасыр індетімен күресу, оның жайылуына қарсы тұру біздің міндетіміз екенін айтты. Қарағандыоблысыбілім09 #ҚОББтәрбие #ҚОББТӘРБИЕ #uo_krg @balqash_qalasy_bilim_bolim |
2023-10-27 14:38:37 |
Скачать Смотреть |
«Электрондық темекі туралы мифтер мен шындық» тақырыбында пікірталас ақпараты20.09.23 күні 9 сыныптар арасында «Электрондық темекі туралы мифтер мен шындық» тақырыбы аясында Американдық парламенттік форматында пікірталас ойыны өтті. Мақсаты: өркениетті елдің әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал- ахуалы жақсы болуы үшін шылым шегуден жиреніп, денсаулыққа, болашақ ұрпаққа зиян екендігін ұғындыру. Қарағандыоблысыбілім09 #ҚОББтәрбие #ҚОББТӘРБИЕ #uo_krg@balqash_qalasy_bilim_bolim |
2023-09-21 16:56:31 |
Скачать Смотреть |
Тыныс ал! Қозғалыңыз!Өмір сүр!» сынып сағат ақпараты18.09.23 күні мектебімізде 9-11 сыныптарда «Тыныс ал! Қозғалыңыз!Өмір сүр!» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Оқушылар өз ойларымен бөлісті. Менің ойымша,өмірде көптеген құндылықтар бар. Ол әуелі-мен, менің кіші Отаным – отбасым, достарым, білім деңгейім және денсаулығым. Осы аталған құндылықтарға жету жолында адамзат баласы көп қиындықтан өтіп, уақыты мен күшін сарп етеді. Біз өз өмірімізді құнды заттармен толықтырып, білім деңгейімізді жетілдіріп, өмірдегі мақсат-мұратымызды айқындап, жаңа өмір позициясын игере отырып қана нағыз адам боламыз деп ойларын айтты. |
2023-09-18 11:22:31 |
Скачать Смотреть |
«Нашақорлықтың алдын» алу ақпаратыБалқаш қаласының Полиция бөлімінің Криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы Полиция подполковнигі Мустафин Асет Жарылкаганович 4.09.23 күні 8-11 сынып оқушыларына «Нашақорлықтың алдын алу» тақырыптарында баяндама оқып ақпарат берді. ХХІ ғасыр індеті – синтетикалық есірткі. Әсіресе жастар арасында еліктіргіштің осы түрі жалпыласқан. Ғасыр індеті деуіміздің себебі, әдеттегі есірткіге тәуелді болған адамдарды дәрігерлер емдей алады екен. Ал синтетикалық есірткіге үйреніп алғандарға медицинаның қауқары жете бермейді. Бұл тәнді де, жанды да жаралайтын өте жауыз еліктіргіш. Есірткі жарнамалары қазір көшеде, үй қабырғаларында жазылатын болған. Одан қалса, тілдей қағазға «Жұмыс тауып береміз» деген жарнамалар да толып тұр. Жарнама беруші оңай ұсталмайды, есірткі бизнесі солай көзге көрінбейтін қылмыс болып тұрғанын айтып өтті. Сондықтан ата-аналар, педагогтар мен жұртшылық нашақорлықтың алдын алу бойынша бірлескен жұмыс жүргізуі тиіс, балаларда салауатты өмір салтына деген ұмтылысты дамыту қажет.Есіңізде болсын, назар аудару, қамқорлық және достық қарым-қатынас әр балаға өте маңызды. |
2023-09-04 14:57:06 |
Скачать Смотреть |
Нашақорлық және есірткінің алдын алу бойынша дәргері- эпидемиолог мен кездесу ақпаратыЖИТС - тың алдын алу жане куресу орталыгының Балқаш қаласы бойынша бөлімінің дәрігер- эпидемиологы - Батырбекова Айгуль Абдолдаева, №1 поликлиника дәрігер – педиатр - Клюников Сергей Владимирович, психолог - Ледовское Татьяна Владимировна 16.05.23 күні 8-11 сынып оқушыларына «Нашақорлық – бұл ауру, оны емдегеннен гөрі алдын алған жөн» тақырыбында әңгіме түрінде дәріс өтті. Дәріс барысында «ЖИТС – алдын алудың өзекті мәселелері» ЖИТС ауруының эпидемиологиялық (індеттің) жағдайы тақырыбында ақпараттар берілді. Нашақорлық адам өміріне қауіпті , оның тұқымқуалау қасиеттері де бар. Нашақорлық – есірткіні жүйелі пайдалану кезінде пайда болатын ауыр психикалық ауру. Нашақорларға жүргізілген көптеген зерттеулер, әсіресе жастарға жүргізілген сауалнамалар, әртүрлі жас топтарындағы жастардың есірткіге тәуелді болуына себеп болатын көптеген факторлар мен себептер бар екенін айтты. Есірткіге тәуелділік алкогольге қарағанда айқынырақ сипатталады. Барлығын аз уақытта шеттетіп, тез арада ішкі дүниеде бос сезім пайда болып, тегінде шыңыраудан шығу азабына түскеннен ,сол құзға апаратын жолға түспей жүру керектігін ескертті. Оқушылар сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салды. |
2023-05-16 17:00:48 |
Скачать Смотреть |
«Нашақорлық дертін болдырмау – жастар қолында» сынып сағаттарының ақпараты15.05.23 күні «Нашақорлық дертін болдырмау – жастар қолынд» тақырыбында 7-11 сыныптарда сынып сағаттары өтті. Қазіргі заман жастарының көбісі нашақорлыққа, есірткі мен темекіге тәуелді болып жүр. Осылардың әсерінен адамдардың денсаулығына көп зиян келеді. Есірткіні қолданған адамның денсаулығында қан айналымы мен түрлі түзілістердің жұмысы қиындап, адамның өмір жасы азаяды. Сонымен қатар, түрлі ауруларға ұшырап, бет - әлпеті өзгеріске ұшырайды. Ісік ауруларымен көп ауыратын болып кететіндігін айтып өтті. Оқушылар өз ойларымен толықтырды. |
2023-05-15 09:36:20 |
Скачать Смотреть |
«Есірткісіз болашақ!» сынып сағаттарының ақпараты17.04.23 күні «Есірткісіз болашақ!» тақырыбында 7-11 сыныптарда сынып сағаттары өтті. Нашақорлық – әлеуметке ортақ проблема, қоғамның дерті. Жер бетінде миллиондаған өмірлерді алып кетіп жатқан бұл ауру әлемдік трагедия, өз ауқымы жағынан дүниежүзілік соғыстармен тең. Бүкіләлемдік дертке арнайы мамандар ғана емес әрбір тұрғыны қарсы күрес жүргізе білгенде ғана мәселенің шешімін табады. Сондықтан да, сіз болып, біз болып салауатты өмір салтын қалыптастырайық! Біздің алдымызда жастардың бойында салауатты өмір салты, отбасылы құндылықтар және табысты болашақ құру принциптерін қалыптастыру міндеті тұрғанын айтып өтті.Оқушылар өз ойларын айтты. |
2023-04-17 11:08:18 |
Скачать Смотреть |