ТҮЛЕКТЕР ТАҚТАСЫ

Көптеген жылдар бойы мектеп қабырғасын көптеген түлектер бітіріп, әр түрлі салаларда өз орындарын тапты. Біздің мектептің түлектері еліміздің түпкір-түпкірінде қызмет етіп, жұмыс істейді. Олардың қатарында мұғалімдер мен құрылысшылар, жұмысшылар мен кәсіпкерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен жеке кәсіпкерлер, әскери офицерлер және дәрігерлер бар. Бұл адамдардың барлығы біздің мектепте білім алған. Олардың әрқайсысы туралы естеліктер мектеп қабырғаларында мұқият сақталады. Мектеп өзінің түлектерін мақтан тұтады. Біздің түлектер өздеріне қандай таңдау жасаса да, мектеп олардың өмірлерінде мәңгі жарқын бастама ретінде сақталады.

Дәреже: Мектеп өзінің түлектерін мақтан тұтады
Саденов Азамат

Саденов Азамат

       № 2 мектеп-интернатының  түлегі (1992 - 2003ж.ж.) Мысыр Араб Республикасы «Әл-Азһар» университетінің студенті (2005 – 2010 ж.ж.). Қазақстан  Республикасы  Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы магистрі (2011 - 2013ж.ж.). Сауд Арабиясы   Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы  елшілігінде «Аудармашы  және  жалпы  қарым- қатынастар»  қызметін атқарады.
Саденов Дархан

Саденов Дархан

      № 2 мектеп-интернатының  түлегі (1992 - 2003 ж.ж.) Қазақ   Ұлттық техникалық  Университетінің түлегі ( 2003 - 2007 ж.ж.). Балқаш  қаласында  кең  байыту фабрикасында еңбек жолын бастады ( 2008 - 2015 ж.ж.). 2015 жылдан бастап Қарағандыдағы   Қазақмыс  Корпорациясының  басқармасында  Экспертті группаның  байыту   бағытында бас маманы қызметін атқарады.
Сатыбалдина Ләззат Серікқызы

Сатыбалдина Ләззат Серікқызы

    Ләззат Серікқызы біздің мектебіміздің 2007-ғы түлегі. Ләззәттің  педагогикалық  ұстанымы: «Еліміздің  ертеңі – бүгінгі  жас  ұрпақтың  қолында,  ал  жас  ұрпақтың  тағдыры  –  ұстаздардың  қолында» Н. Ә. Назарбаев. Мектеп бітірген жылы Қарағанды қаласындағы «Болашақ» университетінің филология факультетіне түсіп, 2011 жылы тәмәмдады. Еңбектегі өмір жолын Қарағанды қаласындағы №...
Ахмадиев Қайрат

Ахмадиев Қайрат

     2007 жылы мектеп бітіріп Алматы қаласы байланыс және радиоэлектроника әскери инженерлік институна түсіп, 2012 жылы радиоинженер мамандығы бойынша бітіріп шықты. Қазіргі таңда Аягөз қаласы 54835-А әскери бөлімінде (авиациялық комендатура) радиотехникалық қамтамасыз ету және байланыс торабының бастығы. 
Қалмағанбетов Медет Қайдарұлы

Қалмағанбетов Медет Қайдарұлы

     Медет № 2 мектеп-интернатының  2009 жылғы түлегі. Ұстанымы: «Табанды болып, алдыға қойған мақсатына жету үшін талпыну». Сол жылы Алматы әскери радиоэлектроника және байланыс институтының   курсанты атанды. 2014 жылы  жоғарғы оқу орнын аяқтап, сол жылы тамыз айынан  бастап  Приозерск  қаласындағы  № 44841  әскери   бөлімінде    «Байланыс   ротасының    командирі...
Шаймерденов Аманжол Болатұлы

Шаймерденов Аманжол Болатұлы

     Біздің мектепті 2009 жылы бітірген. Ұстанымы:«Ата-анамның сенімін ақтап, Қазақстанның жарқын   болашағына үлес қосатын азамат болу». Алихан Мусин атындағы гуманитарлы-техникалық колледждің «музыка пәні мұғалімі» факультетіне оқуға түсіп, 2013 жылы бітіріп шықты. 2016-2017 жж. Мағауия Хамзин атындағы Балқаш қалалық мәдени-сауық орталығында аккомпаниатор, Қазақмыс корпорациясының политехникалық колледжінде музыка жетекшісі реті...
Даданбаев Шыңғыс Серикболұлы

Даданбаев Шыңғыс Серикболұлы

     № 2 мектеп-интернатының 2010 жылғы түлегі. Өмірлік ұстанымы: Бастама бастаған соң, тастама!!! Шыңғыс 2010 жылы Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті студенті атанды. 2014 жылы көлік, көліктік теxника және теxнологиясы мамандығының иесі атанды. Қазір жеке кәсіпкер. «Ас адал» асxаналар желісінің директоры.
Берікбол Айсұлу Талғатқызы

Берікбол Айсұлу Талғатқызы

    № 2 мектеп-интернатының  түлегі (2002 - 2011 ж.ж.) Өмірлік ұстанымы: Тәңірдің берген бағын ұлықтасын, қу мансап, құнықпасын. Әр адам биігінде қалу үшін, төменнен бастағанын ұмытпасын! Орталық- Қазақстан Академиясының түлегі (2011 - 2015 ж.ж.). Балқаш  қалалық  № 1 емханада «есепші» қызметін атқарады.
Қордабаева Ләззат Бақытқызы

Қордабаева Ләззат Бақытқызы

     Ләззат Бақытқызы М. П. Русаков атындағы №2 мектеп-интернатын 2016 жылы бітіріп, Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық Университетінің механика-математика факультетіне  түсті. Мемлекеттік грант иесі. Механика-математика факультетінің «Жас Отан»  Жастар қанатының төрағасы. Өмірлік ұстанымы: «Адам болып келдім өмірге, Адам боп қалу парызым».
Кумисбеков Алибек Серикболович

Кумисбеков Алибек Серикболович

Мектебіміздің 2010 жылдың түлегі. Михаил Русаков атындағы ағашқы әскери және технологиялық дайындық жетекшісі. Білімі - жоғары. 2014 ж. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін аяқтаған. Дене шынықтыру және АӘД факультеті, бакалавр дәрежесі бар алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі. Педагогикалық еңбек өтілі - 2 жыл. Осы ұйымдағы алғашқы әскери дайындық жетекшісі ретіндегі жұмыс өтілі - 2 жыл.