Шаймерденов Аманжол Болатұлы
Дәреже: Мектеп өзінің түлектерін мақтан тұтады
Біздің мектепті 2009 жылы бітірген. Ұстанымы:«Ата-анамның сенімін ақтап, Қазақстанның жарқын болашағына үлес қосатын азамат болу».
Алихан Мусин атындағы гуманитарлы-техникалық колледждің «музыка пәні мұғалімі» факультетіне оқуға түсіп, 2013 жылы бітіріп шықты. 2016-2017 жж. Мағауия Хамзин атындағы Балқаш қалалық мәдени-сауық орталығында аккомпаниатор, Қазақмыс корпорациясының политехникалық колледжінде музыка жетекшісі ретінде қызмет атқарса, 2017 жылы алтын ұя мектебіне келіп ұстаздық жолын бастады.