Размер шрифта:

Дәреже: Все

9-11 сыныптар арасында мектеп инспекторымен кездесу өтті...

12 ақпан күні «Құқықтық навигатор» құқықтық сауаттылық аптасы аясында 9-11 сыныптар аралығында «Маманмен кездесу» тақырыбында құқықтық кеңес алу мақсатында мектеп инспекторымен кездесу өтті. Кездесу барысында Е. М. Жукин оқушыларға «Қылмыстық кодексте көзделген кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімнің қылмыстық жауапкершілігі» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндама барысында қылмыстық жауапкершілікпен оған берілетін жаза түрлерін және ол қылмыстардың қандай баптарда қаралатындығы жайында түсіндіріп кетті. Сонымен қатар, қала көшелерінде орын алып отырған вандализм әрекеттеріне тоқталып, мұндай ерсі қылықтарға бармауларын ескертті. Оқушылар инспекторға заңдар мен баптар туралы сұрақтар қойып, ұтымды да нақты жауаптар алды.

2021-02-19 15:19:28

Скачать Смотреть

Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ата-аналарын қолдау үшін Telegram каналында чат іске қосылды...

2021 жылғы қаңтардан бастап Қарағанды облысының білім басқармасымен ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ата-аналарын қолдау үшін Telegram каналында чат іске қосылды. Чатта ата-аналарға білім беру бөлімдерінің басшыларынан, психологиялық - медициналық - педагогикалық консультациялар, психологиялық - педагогикалық түзеу кабинеттерінің мамандарынан балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша консультациялық көмек алу мүмкіндігі берілді. Чатқа сілтеме: https://t.me/joinchat/Fvduc9qdXDn2bc_p

2021-02-19 15:15:20

Скачать Смотреть

«Қолданбалы қосымша дегеніміз не?»

«Қолданбалы қосымша дегеніміз не?» тақырыбы бойынша бейне оқулық көруді ұсынамыз. * Microsoft корпорациясының бейнесі

2021-02-19 14:47:40

Скачать Смотреть

Компьютерде папка жасау туралы видео нұсқаулық

Біз «Компьютерде папка қалай құруға болады» тақырыбында бейне сабақтарды көруді ұсынамыз. * Microsoft корпорациясының бейнесі

2021-02-19 14:44:50

Скачать Смотреть

6-7 сынып оқушылары арасында «Мектептегі терроризм фактілері туралы біле тұра жалған хабарламалар үшін кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі» тақырыбында әлеуметтік педагог Касимова Г.-мен дәріс сағаты өткізілді ...

10 ақпан күні «Құқықтық навигатор» атауымен өтіп жатқан құқықтық сауаттылықты дамыту апталығының аясында 6-7 сынып оқушылары арасында «Кәмелетке толмағандардың мектептегі терроризм фактілерін біле тұра жалған хабарламалар үшін жауаптылығы» тақырыбында әлеуметтік педагог Г. Касимованың ұйымдастыруымен дәріс беру сағаты өтті. Мақсаты: оқушыларды терроризм актісін жалған хабарлау туралы жауапкершілікпен таныстыру; Білім алушылардың, кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының түрлері туралы білімдерін кеңейту; Өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік таныты білуге тәрбиелеу. Ел азаматтары осындай жалған хабар беріп, құқықбұзушылыққа бармас үшін не істеуге болады және заңда тәртіп бұзғандарға қандай жауапкершілік көзделген? Оқушылар өздерін толғандырған осы сұраққа тартымды, нақты жауаптар ала алды.

2021-02-19 14:38:49

Скачать Смотреть

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары көрсететін мемлекеттік қызметтер тізімі

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары көрсететін мемлекеттік қызметтер тізімі

2021-02-15 13:06:10

Скачать Смотреть

«Жасыл Отан» журналының кезекті номерінің тұсаукесері өтті...

Михаил Русаков атындағы санаторлық мектеп-интернатында мектебіміздің «Жасыл Отан» журналының кезекті номерінің тұсаукесері өтті. Журнал жас экологтардың ізденістегі, ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы, қоршаған ортаны қорғау және сүйікті мектебімізді көгалдандыру бойынша атқарылған жұмыстарын көрсетеді.

2021-02-15 02:13:56

Скачать Смотреть

Қарағанды ​​облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «Михаил Русаков атындағы санаторлық мектеп-интернаты» КММ 2020-2021 оқу жылындағы қызметкерлер құрамы және тарификациялық тізімі /қаңтар/

Қарағанды ​​облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «Михаил Русаков атындағы санаторлық мектеп-интернаты» КММ 2020-2021 оқу жылындағы қызметкерлер құрамы және тарификациялық тізімі /қаңтар/

2021-01-29 20:50:15

Скачать

«Терезедегі бақ» экологиялық жобасын аяқтаймыз...

Жас агрономдарымыз «Терезедегі бақ» экологиялық-ауылшаруашылық жобасын аяқтады. Бүгін біздің оқушылар өнім жинап, нәтижесін салаттар, экологиялық таза өнімдер түрінде көрсетіп жатыр.

2021-01-26 03:09:26

Скачать Смотреть

"Қашықтықтан оқыту жағдайында ІІІ тоқсанда оқыту-тәрбие процесін ұйымдастыру" тақырыбымен «Басшы сағаты» өтті...

2021 жылдың 9 қаңтары күні сағат 13:00-де ZOOM платформасы арқылы "Қашықтықтан оқыту жағдайында ІІІ тоқсанда оқыту-тәрбие процесін ұйымдастыру" тақырыбымен «Басшы сағаты» өтті. Кездесу барысында ата-аналарға ІІІ тоқсандағы білім берудегі онлайн жүйеге оқушылардың дайындығы және бастауыш сыныптар мен 5, 9, 11 кезекші сыныптарының оффлайн түрде оқу жүйесі туралы ақпараттар берілді. Сонымен қатар, санитарлық тәртіпті сақтап, қатаң түрде ұстану керектігі баса айтылды. Кездесу соңында мектеп директоры ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

2021-01-09 19:28:36

Скачать

Қауіпсіздік шараларын сақтау өте маңызды...

Пиротехникалық құралдармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік нұсқаулары.

2021-01-03 11:19:28

Скачать

Жаңа жыл қарсаңында Балқаш қаласының жеке кәсіпкерлері балаларды тәтті сыйлықтарымен қуантты...

Жаңа жыл қарсаңында Балқаш қаласының жеке кәсіпкерлері балаларды тәтті сыйлықтарымен қуантты. Мұқтаж, көп балалы отбасылардан және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 175-тен астам мектеп оқушылары тәтті сыйлықтар алды. Аяз ата мен Ақша қар ертегілер, мультфильмдер, комикстердің танымал және сүйікті кейіпкерлердің қатысуымен бейнеқұттықтау, жаңа жылдық әндер мен билер жолдады. Жаңа жылдық сыйлықтармен қуантқан қала меценаттарына оқушылар мен ата-аналарымыздан алғысымызды білдіреміз.

2020-12-30 23:33:03

Скачать

бiрiншiсi 1 27 28 29 30 31 61 соңғысы