Размер шрифта:

Дәреже: Все

"Өзін-өзі тану" пәнінен нормативті-құқықтық құжаттар

1. Нормативті құжаттар - барлық нормативті актілер, бұйрықтар, Заңдар, ережелер, хаттар және т.б.) 2. Есеп-қисап құжаттары – пән бойынша барлық есеп құжаттары (сапалы құрам, педагогтардың курстық дайындығы, курстық дайындықтың перспективалы жоспары, пән бойынша перспективалы жоспары, кабинет куәлігі, оқушылардың өзін-өзі ұстау ережесі т.б. 3. «Өзін-өзі тану» пәні бойынша талдау құжаттары 4. «Өзін-өзі тану» пәні бойынша жалпы құжаттар (байқауларға, конференцияларға қатысу, рухани-адамгершілік тәрбиелеу бойынша кезеңдік баспа, кіріс-шығыс құжаттары және т.б.)

2021-06-15 19:46:09

Скачать Смотреть

Экологиялық саябақ өз есігін айқара ашты...

Балаларды қорғау күніне орай оқушылар мен ересектердің көмегімен Михаил Русаков атындағы санаторлық мектеп-интернатында экологиялық саябақ қайтадан өз есігін айқара ашты. Құстар ұшып келіп, өздерінің ұяларына орналасып, шарлармен безендірілген киіз үй түріндегі үлкен гүлзар үйге қазтамақ, бақытгүл, нәркес, барқытшөп сияқты гүлдерді қонақжайлықпен қабылдады. Саябақта әдемі гүлзар пайда болып, етегі шырайгүлмен безендірілген, ал түймедақ гүлі мақтанышпен төменде тамыр жайған. Саябақтың аумағы балалар мен технология мұғалімдерінің қолымен жасалған эко-шамдармен жарықтандырылған. Құдықтың жанында, күн сәулесіне жылынып тасбақалар, аумақты күзететін күшік орналасқан. Тіпті биыл отырғызылған раушангүлдер мен көпжылдық өсімдіктер гүлденіп үлгерді. Ағаштар да әдемі ақ гүлдермен гүлденді. Оқушыларымыз ерекше күтім жасайтын әлі кішкентай, көк шырша да әдемі күлімсіреп тұр. Биылғы жылы тәжірибелік көкөніс бағының жұмысы басталды. Неліктен тәжірибелік? Ол баққа себілген тұқымдар Нұр-Сұлтан қаласының агротехникалық университетінің студенттері біздің топырақ жағдайында сынау үшін сыйға тартты. Алда экологиялық саябаққа арналған көптеген шығармашылық жобалар күтіп тұр. Келесі жылы оқушыларымыз мектепке келіп, одан да қызықты және шығармашылық жобалар ойлап табады деген үміттеміз. Балаларымызға мықты денсаулық және жаз мезгілі жақсы өтсін деп тілейміз!

2021-06-02 16:16:15

Скачать Смотреть

1 маусым - халықаралық балаларды қорғау күні "Жақсылық жасай біл" атауымен мерекелік іс-шаралар өткізілді...

1 маусым - халықаралық балаларды қорғау күні "Жақсылық жасай біл" атауымен мерекелік іс-шаралар өткізілді. Аз қамтылған отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қызықты мультфильмді тамашалауға "Мир синема" кинотеатрына шақырылып, тәтті сыйлықтар алды.

2021-06-02 16:13:49

Скачать Смотреть

1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мектеп басшысының құттықтауы...

Балалар – бұл біздің болашағымыз. Бастаған ізгі істеріміздің - жалғастырушысы, үкілеп ұшырған үміт құсымыздың қанаты. Балалар – тыныштық символы. Балалар – мейірім тотемі. Сол себепті олардың бақытты болуы үшін ештеңе де аямаймыз. 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мектеп басшысы П. Жамшыбаева мектеп оқушыларын және барлық бүлдіршіндер мен жасөспірімді атаулы мерекелерімен құттықтап ізгі де жылы тілегін білдірді.

2021-06-02 16:07:43

Скачать Смотреть

28 мамыр күні 9-сынып түлектерінің мемлекеттік қорытынды аттестациясы басталды...

28 мамыр күні 9-сынып түлектерінің мемлекеттік қорытынды аттестациясы басталды. Түлектер 3 міндетті емтихан тапсырады: мемлекеттік тіл, алгебра және орыс тілі. Балқаш қаласының «Михаил Русаков атындағы санаторлық мектеп-интернаты» КММ-де эссе түріндегі қазақ тілінен мемлекеттік емтихан сағат 9.00-де басталды. Санитарлық нормаларға сәйкес мектепте барлық жағдайлар жасалды: мектепке кіреберістегі температураны өлшеу, желдету және сыныптарды кварцтау, маска режимі және әлеуметтік арақашықтықты сақтау. Емтихандардың сәтті өтуіне тілектеспіз!

2021-05-29 10:23:14

Скачать Смотреть

Қала көшелері бойынша рейд жүргізілді...

25 мамыр күні мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілері және сынып тәрбиешілері мектеп инспекторымен біріге отырып қала көшелеріне шығып рейд жүргізді. Рейдтің жүргізілу мақсаты: мектеп бітіруші түлектердің бейсауат көше қыдырып, немесе қала кафелері мен ресторандарында бас қосуын болдырмау, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу. Рейд жүргізу барысында аталған іс-әрекетке жол берген оқушылар анықталаған жоқ және тәртіп бұзушылықтар да жоқ.

2021-05-28 11:12:36

Скачать Смотреть

Кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде ұсынылатын көмектің түрлері мен көлемдерін айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 1032 қаулысы.

2021-05-14 20:13:49

Скачать Смотреть

Мектеп формасына қойылатын талаптар

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңның талаптарына сәйкес мектеп формасы міндетті. Оны кию тәртібі мен стилі ата-аналар комитетімен немесе қамқоршылар кеңесінің келісімімен мекеме басшысының бұйрығымен бекітіледі. Мектеп формасы білім берудің зайырлы сипатына сәйкес келуі керек. Мектеп формасына киім-кешектерді, оның ішінде бас киімдер мен түрлі конфессиялардың діни ұстанымдарының атрибуттарын енгізуге жол берілмейді; Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығында айқындалған жалпы талаптарға сәйкес келуі керек; «Мектеп формасының үлгісі, түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады, үшеуден асырмай түстерді араластыруға рұқсат етіледі. Мектеп формасының түсі қалыпты және ашық емес түстерден таңдалады. Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай енгізіліп, күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді» Ұлдардың мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде. Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады. Қыздардың мектеп формасы: пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады. Ұлдардың мерекелік формасы күнделікті формаға қосымша ақ жейдеден, қыздар үшін ақ түсті блузкадан құралады. Мектеп формасына классикалық пішіндегі мектеп формасының негізгі түсіне сәйкес келетін галстук тігіледі. «Мектеп формасына түрлі конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды» Мектеп формасына орта білім беру ұйымының ерекшелік белгілерін (белгілер, тігіспелер және т.б.) салуға болады. Олар киімнің немесе аксессуардың (пиджак, жилет, галстук) жоғарғы бөлігінде орналасады. Сондай-ақ, жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарлар киюге тыйым салынады. Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттық шалбар, куртка, футболка), спорттық аяқ киімнен (крассовка, кеды) тұрады. Мектеп формасының матасы ретінде қасиеттері жақсартылған жартылай жүн және мақта, киіске төзімді, антибактериалдық, антимикробтық және антистатикалық қасиеттері бар маталар қолданылады.

2021-05-14 20:03:52

Скачать Смотреть

«Жандану» тақырыбында қалдықтардан жасалған қолөнер бұйымдарының байқауы өтті...

Қоршаған ортаның ластану мәселесі қазіргі кезде ең өзекті болып табылады. Таңқаларлық емес: кәсіпкерлер күн сайын тамақ өнімдерін пластмассадан, металдан немесе басқа да материалдан жасалған пакеттерге орап шығарады, содан кейін олар лақтырылып, қоршаған ортаны ластайды. Осы қауіптің алдын алу мақсатында 28 сәуір күні «Біз болашаққа жауаптымыз!» атты экологиялық білім беру апталығы аясында «Жандану» тақырыбында қалдықтардан жасалған қолөнер бұйымдарының байқауы өтті. Балалар қалдық заттардан (пластикалық бөтелкелер, ыдыс-аяқтар, қақпақтар, қораптар, картон және т.б.) қолөнер туындыларын жасады, дайын жұмыстарды суретке түсіріп, тіпті біреулері оны видеоға да түсіріп алды. Үздік жұмыстардың авторларына орындар берілді: І орын – Нұрали Айша 5 «А», Қабиден Нұрай 5 «А», Имангелді Қымбат 9 «Ә»; ІІ орын – Қасымжанова Сабина 7 «Ә», Олжабаев Сұлтан 5 «А», Аманғали Жанель 6 «А»; ІІІ орын – Қанатқызы Әмина 7 «Ә», Сейфолла Дильназ 5 «А», Нөкешова Айгерим 5 «А». Белсене қатысқандары үшін: Касенова Көркем, Сабит Ерасыл, Сансызбайқызы Гүлім алғыс хаттарға ие болды.

2021-04-29 13:52:14

Скачать Смотреть

7-8 сынып оқушылары арасында «Табиғатпен үйлесімді өмір сүру» атты викториналық ойын өтті...

27 сәуір күні «Біз болашаққа жауаптымыз!» атты экологиялық білім беру апталығы аясында 7-8 сынып оқушылары арасында «Табиғатпен үйлесімді өмір сүру» атты викториналық ойын өтті. Оқушыларға табиғатты аялау, оған қамқорлық жасау әрбір адамның міндеті екенін түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу мақсатында құрылған шарада оқушылар ойларын ортаға салып, нақты дәлелдер келтіре отырып, тақырыпты аша білді.

2021-04-28 12:48:49

Скачать Смотреть

«Біз болашаққа жауаптымыз!» атты жалпы республикалық экологиялық білім беру апталығының ашылуы...

26 сәуір күні «Біз болашаққа жауаптымыз!» атты жалпы республикалық экологиялық білім беру апталығының ашылуының салтанатты жиыны 1-11 сыныптар арасында онлайн түрде өтті. Жиын барысында апталықтың жалпы мақсаты мен міндеттері түсіндірілді. Сонымен қатар, оқушылардың назарына аға тәлімгер Л. Мадиеваның жетекшілігімен «Мектеп парламенті» дайындаған тақырыптық үгіт-насихат жұмыстары бейнеролик түрінде ұсынылды. Жиын соңында апталық барысындағы іс-шаралардың өткізілу тәртібі таныстырылды.

2021-04-28 11:40:40

Скачать Смотреть

«Біз болашаққа жауаптымыз!» ұранымен ағаш отырғызу акциясын өткізілді...

24 сәуір күні мектеп ауласын көгалдандыру және абаттандыру мақсатында «ЭкоЖер» клубының мүшелері «Біз болашаққа жауаптымыз!» ұранымен ағаш отырғызу акциясын өткізді. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» демекші, клуб мүшелері акция барысында мектеп ауласына 62 түп раушан гүлдерінің бұтасы мен 50 түп көпжылдық гүлдер екті. Енді алдағы уақытта осы отырғызылған бұталар мен гүлдерге арнайы күтім көрсетіліп, өсуіне жағдай жасалады. Бұл шараның өткізілуі мектебіміздің ауласын абаттандыруға ғана емес, экологиялық жағдайды жақсартуға да ықпал етеді.

2021-04-24 23:43:41

Скачать Смотреть

бiрiншiсi 1 22 23 24 25 26 61 соңғысы