Размер шрифта:

Дәреже: Все

«Живи елочка, деревце!»...

«Живи елочка, деревце!» атты экологиялық бейбітшілікті сақтау акциясы аясында мектебімізде «Жаңа жылдық шыршада», «Қысы-жазы бір түсте» атты бастауыш сынып оқушыларының фотоколлаждарын және тақпақтарын назарларыңызға ұсынамыз.

2022-01-11 13:34:09

Скачать Смотреть

«Жасөспірімдер түнгі қалада»...

2022 жылдың 4 қаңтар күні «Жасөспірімдер түнгі қалада» атты профилактикалық рейдтік іс-шара жүргізілді. Рейд барысында ойынханалар, кафе, мейрамхана, тойханалар араланып, иелеріне беймезгіл уақытта кәмелетке толмағандарды жұмысқа тарту, оларға ойын ойнауға рұқсат беру құқықтық жауапкершілікке соқтыратыны түсіндірілді. Рейдттік іс-шаралар жалғасады.

2022-01-11 09:47:20

Скачать Смотреть

«Бөл, тапсыр, қайта өңде» қалдықтармен жұмыс істеу фестивалі аясында...

«Қазақмыс» Корпорациясының қолдауымен Қарағанды экологиялық мұражайы ұйымдастырған «Бөл, тапсыр, қайта өңде» қалдықтармен жұмыс істеу фестивалі аясында мектеп ұжымы және осы іс-шараға жетекшілік еткен педагог Махмутова Динара алғыс хатпен марапатталды. Құттықтаймыз!

2021-12-28 14:54:05

Скачать Смотреть

«Экологтар күні»...

Табиғаттың адам өміріндегі зор маңыздылығын насихаттау, оны аялап, сақтауға, экологиялық білімдерін молайту, экологиялық тәрбие беру мақсатында мектебімізде жыл сайын 19- желтоқсан «Экологтар күні» аталып өтеді. Осы мақсатта 6-сыныптар арасында Г. Касимованың ұйымдастыруымен «Табиғат - сенің өз үйің» атты танымдық сабақ, 7-8 сыныптар арасында «Әлемдік эко-мұражайларға саяхат» атты виртуалды экскурсия сабақтары болып өтті. Сондай-ақ, аталмыш бағыт бойынша арнайы бұрыш ұйымдастырылып, «Экология және біз» атты теле бағдарлама оқушыларға таныстырылды. Қоршаған ортаны қорғау – басты міндеттері деп білген «жас экологтар» өткізілген шараларға белсене қатысты.

2021-12-21 22:43:23

Скачать Смотреть

7-9 сыныптар оқушылары «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» акциясына қатысты...

10 желтоқсан күні 7-9 сыныптар оқушылары «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» акциясына қатысып, тақырып төңірегінде әлеуметтік бейнероликтерін дайындап ұсынды.

2021-12-13 16:47:25

Скачать Смотреть

Шығармалар мен плакаттар байқауы...

«Бөл, тапсыр, қайта өңде» қалдықтармен жұмыс істеу фестивалі аясында мектебімізде іс-шаралар өз жалғасын тапты. «Қоқыстан Жер-Ананы қорғау. Неліктен орманға, көлге қоқыстарды бейберекет шашпау керек?» тақырыбында 3-4 сыныптар арасында эссе ұйымдастырылса, 3-7 сыныптар аралығында «Адамдар Жер-Ананың тазалығын сақтауға міндетті» атты плакаттар байқауы болып өтті.

2021-12-10 16:36:14

Скачать Смотреть

"Жемқорлық –құқық бұзушылықтың картасы" атты дөңгелек үстел өткізілді...

2021 жылдың 8 желтоқсан күні «Жемқорлық –құқық бұзушылықтың картасы» атты дөңгелек үстел өтті. Аталған іс-шараға 9 сынып оқушылары қатысып осы тақырып бойынша өз ойларын ортаға салды. Дөңгелек үстелдің мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру. Дөңгелек үстел 2 бөлімнен тұрды. 1 бөлімде «Жемқорлық – ғасыр дерті» бейнеролигі көрсетіліп, сюжет бойынша пікірлерін ортаға салса, 2 бөлімде «Сыбайлас жемқорлық туралы не білесіз?» тәрізді сұрақтар қойылып, оқушылармен жауаптар талқыланды.

2021-12-09 17:00:55

Скачать Смотреть

«Вейптің денсаулыққа әсері» дәрісі өтті...

7 желтоқсан күні білім алушыларға вейптің қаупі және оған салынатын шектеулер туралы ақпарат беру мақсатында әлеуметтік педагог А. К. Катенованың және ЮПТ инспекторы А. Қ. Қасымжанованың ұйымдастыруымен 7-9 сыныптарға арналған «Вейптің денсаулыққа әсері» тақырыбында дәріс өтті.

2021-12-07 17:35:44

Скачать Смотреть

«Бөл, тапсыр, қайта өңде» қалдықтармен жұмыс істеу фестивалі аясында...

«Бөл, тапсыр, қайта өңде» қалдықтармен жұмыс істеу фестивалі аясында мектебіміздің 9 «А» сынып оқушысы, экология министрі Төлеуқұл Алтын мектеп оқушыларына қалдықтарды қалай жинап, бөлу бойынша видео түсіндірме жұмыстарын жариялады. Сондай-ақ мектеп фойесінде оқушыларға арналған телебағдарлама да назарға ұсынылды.

2021-12-07 15:21:35

Скачать Смотреть

«Скриншотты әрі қарай қолдануға пайдалы және ыңғайлы болу үшін қалай дұрыс түсіру керек» тақырыбында цифрлық сауаттылық сабақтары өткізілді...

19-20 қараша күндері мектеп педагогтері арасында /пән мұғалімдері, тәрбиешілер/ «Скриншотты әрі қарай қолдануға пайдалы және ыңғайлы болу үшін қалай дұрыс түсіру керек» тақырыбында цифрлық сауаттылық сабақтары өткізілді. Мақсаты: педагогтердің АКТ құзырлығын жоғарылату. Мұғалімдер «Скриншот» ұғымымен, скриншоттар қандай мақсатта қолданылатындығымен танысты. Сондай-ақ, скриншоттың форматтары егжей-тегжейлі қарастырылды. Скриншоттың пішімі өте маңызды, өйткені сапасыз немесе бұлыңғыр сурет сізге адамға не көрсеткіңіз келетіні туралы нақты түсінік бермейді. PNG – кескіндерді сапасын жоғалтпай сақтайтын графикалық пішім. Оның кемшілігі салыстырмалы түрде үлкен файл өлшемі болып табылады. JPEG – Бұл пішім сапада белгілі бір жоғалтумен кескінді қысады. GIF – мөлдірлік пен анимацияны қолдайтын пішім. Деректер сапаны жоғалтпай қысылады. Сондай-ақ мұғалімдер іс жүзінде компьютерде экранның сапалы скриншотын жасауды үйренді. Бағдарламалар мен кірістірілген ДК функцияларын пайдалана отырып, компьютерде скриншоттарды қалай түсіру керектігі егжей-тегжейлі қарастырылып, мұғалімдерге практикалық түрде жеткізілді.

2021-12-03 17:03:52

Скачать

«Пайдаланылған қағаздардан не жасауға болады?» тақырыбында тәжірибелік сабақ ұйымдастырылды...

«Бөл, тапсыр, қайта өңде» қалдықтармен жұмыс істеу фестивалі апталығының екінші күні «Пайдаланылған қағаздардан не жасауға болады?» тақырыбында тәжірибелік сабақ ұйымдастырылды. Сабақ барысында 7-сынып оқушылары қағаздан әр түрлі, әдемі бұйымдар жасауға болатынын үйреніп, тәжірибе алмасты.

2021-12-03 15:42:35

Скачать Смотреть

«Қоқыс. Не үшін оларды бөлеміз?» атты танымдық сабақ болып өтті...

30 қараша күні мектебімізде «Бөл, тапсыр, қайта өңде» қалдықтармен жұмыс істеу фестивалі аясында тәрбиеші Г. А. Нөкербекованың ұйымдастыруымен 8- сыныптар арасында «Қоқыс. Не үшін оларды бөлеміз?» атты танымдық сабақ болып өтті. Қалдықтардың пайда болуын азайту және алдын алу, оларды қайта өңдеп, кәдеге асырудың жолын іздеуге бағытталған сабақта оқушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.

2021-12-02 14:31:09

Скачать Смотреть

бiрiншiсi 1 17 18 19 20 21 61 соңғысы