Психологтың жұмысы
Дәреже: Психологтың жұмыстары
№9 жалпы білім беретін мектебінде мектеп психологының 11-сынып оқушыларымен «Емтиханға 1 ай қалғанда» тақырыбында өткізілген психологиялық тренинг ақпараты№9 жалпы білім беретін мектебінде 04.04.23 күні мектеп психолгі 11-сынып оқушыларымен өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыруға , өзін-өзі бақылауын, стреске қарсы тұру қабілетін дамытуға , көңіл-күйін көтеру мақсатында психологиялық тренинг өткізді. Жағымды қарым - қатынас, достық сезім қалыптастыруға «Достық торы», «Сәлемдесу» жаттығуларды орындалды. «ҰБТ - ға дайындалуға психологиялық көмек» жадынамасы таратылып , талқыланды. «Менің жарқын үміттерім, менің қауіп - қатерлерім» атты бөлімде оқушылар өздерінің ҰТБ - ға байланысты өз ішкі сезімдерін жазды. Талапкерлердің бойындағы уайымды, жан күйзелісін, қорқыныш пен үрейді төмендету үшін өткізілген тренингке оқушылар белсене қатысты. |
2023-04-07 11:27:03 |
Скачать Смотреть |
№9 жалпы білім беретін мектебінде 9-11сынып оқушыларына арналған "Буллинг менің мектебімде емес!" тақырыбында зум желісі арқылы өткізілген облыстық вебинар ақпараты№9 жалпы білім беретін мектебінде 9.03.2023 күні 9 -11сынып оқушыларына арналған "Буллинг менің мектебімде емес!" тақырыбында зум желісі арқылы облыстық вебинар өтті. Вебинар барысында тақырыпқа сай бірнеше видео көрсетіліп, талқыланды. #karagandyoblysybilimbaskarmasy #balkash_qalasy_bilim_bolimi @uo.krg @umckrg @g.kozhakhmetoova #алғысымызшексіз, #algysymyzsheksiz #арамыздағыбатырлар, #aramyzdagybatyrlar |
2023-03-10 01:43:01 |
Скачать Смотреть |
«№ 9 жалпы білім беретін мектебі» КММ «Ұсақ қол моторикасын дамытуға» арналған психологиялық іс-шараның ақпараты. 2022-2023оқу жылыМектебімізде ақпан айында 1-2 сынып оқушыларының арасында «Ұсақ қол моторикасын дамытуға» арналған жаттығулар жүргізілді. Мақсаты: Әр түрлі іс-әрекеттер арқылы мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың ұсақ моторикасымен қол үйлесімділігін дамыту. Сухомлинский айтқандай: «Қабілет бастауы мен балалар дарыны – саусақ ұштарында. Ұсақ қол моторикамен қоса балалардың есте сақтау қабілеті мен назары, сондай –ақ, сөздік қоры да дами түседі.Осыларды ескере отырып, өз жұмысымның мақсатын анықтадым: мектеп жасына дейінгі балаларды түрлі қызметтер арқылы ұсақ қол моториканы дамыту және қол қызметін үйлестіру. @balqash_qalasy_bilim_bolimi #ҚОББтәрбие#9мектеппсихолог |
2023-02-13 13:26:27 |
Скачать Смотреть |
6-11 сынып оқушыларымен өткізген психологиялық іс-шараның ақпараты№9 жалпы білім беретін мектебінде 09.02.23 күні мектеп психолгі 6-11 сынып оқушыларымен «Әлеуметтіе желілерде қандай проблемалар болуы мүмкін» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді. Әлеуметтік желінің зиянды жақтарын ажырата білуге үйрету және оны тиімді пайдаланудың жолдарын көрсету, сандық сауаттылығын арттыру мақсатында өткізілген іс-шарада оқушылар әлеуметтік желілерді сапалы пайдалануға үйренді. қпарат ала отырып, өздерінің әлеуметтік желі туралы білімдерін арттырады. Ақпарат ала отырып, өздерінің әлеуметтік желі туралы білімдерін арттырады. |
2023-02-09 08:40:23 |
Скачать Смотреть |
психологының 11-сынып оқушыларымен «Сенімділік күш береді» атты өткізілген тренингтің ақпараты№9 жалпы білім беретін мектебінде 6.02.23 күні мектеп психолгі 11-сынып оқушыларына «Сенімділік күш береді» атты психологиялық тренинг өткізді. Оқушылардың сенімділігіне, мінез-құлық сфера дағдысын психологиялық тұрғыдан қалыптастыру мақсатында өткізілген іс-шарада «Болашаққа бастар жол», «Жағымды ҰБТ», «Сомолет» атты жаттығуларды орындады. «Менің көңіл-күйім» атты сауалнама жүргізіліп, оқушылардың әдеттері мен жеке ерекшеліктері туралы ойлануына мүмкіндік берді. @balqash_qalasy_bilim_bolimi #ҚОББтәрбие #9мектеппсихолог |
2023-02-06 10:44:02 |
Скачать Смотреть |
Ұжымды біріктіру19.01.2023жылы ұжымды біріктіру, оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынас жасаудағы кедергілерді жою, эмоциялық көңіл-күйді белсендіру мақсатында 7-сынып оқушыларымен психологиялық жаттығу орындады. |
2023-01-20 10:14:20 |
Скачать Смотреть |
«Бейіміне қарай мамандық таңдау» атты өткізілген тренингтің ақпараты№9 жалпы білім беретін мектебінде 18.01.23 күні мектеп психолгі 9-сынып оқушыларына өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау мақсатында «Бейіміне қарай мамандық таңдау» тақырбында психологиялық тренинг өткізді. Кәсіби бағдар беру, мамандықтың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, түрлі жаттығулар арқылы өз пікірлерін жеткізді. «Мамандық қасиеттері», «Жасырылған мамандықты тап!» атты жаттығулар орындап, ситуациялық мәселелерді шешті. #Балаларжылы09 #oqu_agartu_ministrligi; #RUMCDOMONRK #ҚРБҒММОНРК #РУМЦДОМОНРК #9мектеппсихолог #karagandyoblysybilimbaskarmasy #balkash_qalasy_bilim_bolimi @balqash_qalasy_akimdigi @agdarbekovagulmira @uo.krg @umckrg @g.kozhakhmetoova |
2023-01-19 13:50:07 |
Скачать Смотреть |
№9 жалпы білім беретін мектебінде мектеп психологының 1 сыныптар аралығында «Мен болашақта кім боламын?» тақырыбында өткізілген психологиялық іс-шараның ақпараты№9 жалпы білім беретін мектебінде 10.01.23 күні мектеп психолгтары 1А,Ә,Б сыныптар аралығында «Мен болашақта кім боламын?»сурет терапиясы өткізілді. Мақсатымыз:оқушыларға түрлі мамандықтар туралы түсінік беру арқылы бұрын беймәлім мамандықтар жайлы жалпы ұғым қалыптастыру. Балаларды әрқилы мамандықтарға сын тұрғысынан қарап, ойлау қабілетін, өрісін кеңейту. Оқушыларға сурет салар алдында мамандықтарға байланысты суреттер көрсетілді. Оқушылардың басым көпшілігі дәрігер,мұғалім, полиция,әнші болғылары келеді екен. Мектеп психологы: Дулатова Т.Т. Сатимбекова Р.М. |
2023-01-10 11:16:27 |
Скачать Смотреть |
№9 жалпы білім беретін мектебінде мектеп психологының 10-11 сынып қыздарымен «Қыздар қауымы қандай болу керек?» тақырыбында өткізілген психологиялық іс-шараның ақпараты№9 жалпы білім беретін мектебінде 10.01.23 күні мектеп психолгі 10-11сынып қыз балаларымен «Қыздар қауымы қандай болу керек?» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Мәдени сөйлеу біліктілігін дамытуға, өзара жағымды қарым – қатынасын арттыру, оларды адамгершілікке, шындыққа, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада қыздарға кеңестер айтылды. Қыздардың бойында қызға тән мінез – құлық, әдеп ережелері туралы ұғым қалыптастыру мақсатында жаттығулар орындалып, пікірлері тыңдалды. Өзін – өзі тәрбиелеу, өз-өзіне жауапкершілікпен қарау мүмкіндігін дамыту үшін «Қадір – қасиет» жаттығуы орындалды. Бұл іс-шарада оқушылар бір бірімен жақсы қарым – қатынаста болғандарын айтып, жанындағы дос қыздарының мінездерін білді. Қыздар пікіралмасуға белсене қатысып жақсы әсер алғандарымен бөлісті. Мектеп психологы: Сатимбекова Р.М. |
2023-01-10 09:19:07 |
Скачать Смотреть |
№9 жалпы білім беретін мектебінде мектеп психологының 5-9 сынып қыздарымен өткізген «Қазақ қызы қайдасың?» атты психологиялық іс-шараның ақпараты№9 жалпы білім беретін мектебінде 20.12.22 күні мектеп психолгі 5-11 сынып қыз балаларымен «Қазақ қызы қайдасың?» атты тренинг өткізді. Қыз балалардың бойына қыз бейнесіне тән мінез – құлық сипатын қалыптастыру, оқушыларды бір – бірімен, айналадағы ортамен үйлесімді қарым – қатынас жасауға дағдыландыру мақсатында өткізілген іс-шарада әр-түрлі психологиялық жаттығулар орындалды. Қыздарды кез келген жастар ортасында, ағымында болған жағдайда да өздерінің әлеуметтік ортаның нормасына сәйкес қыз бала бейнесін сақтап қалуға көмектесуге арналған «Хиппи» жаттығуы орындалды. «Мен басқаның көзімен» жаттығуында оқушылар бір қызды таңдап сол қыздың бойындағы мінезін айтады. Қыздарға кеңес тақырыбында өлең жолымен кеңестер берілді. Тренинг қыздардың көңіл – күйлерін көтерді. Әр оқушының бойында сенімділік пайда болды. #Балаларжылы09 #oqu_agartu_ministrligi; #RUMCDOMONRK #ҚРБҒММОНРК #РУМЦДОМОНРК #AskatAimagambetov #karagandyoblysybilimbaskarmasy #balkash_qalasy_bilim_bolimi @balqash_qalasy_akimdigi @agdarbekovagulmira @uo.krg @umckrg @g.kozhakhmetoova Мектеп психологы: Сатимбекова Р.М. |
2022-12-20 09:27:46 |
Скачать Смотреть |
№9 жалпы білім беретін мектебінде мектеп психологының 6- сынып оқушыларымен өткізген психологиялық іс-шараның ақпараты№9 жалпы білім беретін мектебінде 7.12.22 күні мектеп психолгі 6-сынып оқушыларымен коммуникативті мәдениетін дамыта отырып, оларға қарым-қатынас жасау тәсілін үйрету мақсатында психологиялық тренинг өткізді.Оқушылар «Менің эмоциям» жаттығуында артистік қабілеттерін белсенді көрсетіп, өздерін еркін сезінді. «Өз эмоциянды қалай басқару керек» тақырыбында мини-лекция тыңдалды. Жағымсыз эмоцияны қалай кетіруге болатыны жөнінде жаттығулар көрсетілді. Зейінді дамыту, эмоциялық қатаюдан арылту, көңіл-күйді көтеру мақсатында жаттығулар өткізілді. Психолог: Сатимбекова Р.М. |
2022-12-06 08:35:39 |
Скачать Смотреть |
№9 жалпы білім беретін мектебінде 1-11 сынып ата-аналарына арналған психологиялық іс-шараның ақпараты№9 жалпы білім беретін мектебінде 24.11.22 ж. күні ZOOM платформасында 1-11сынып оқушыларының ата –аналар жиналысы өтті. «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы бойынша директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Д.Сагимбекова ,«Бала тәрбиесіндегі имандылық тәрбиенің маңызы» тақырыбында мектеп психологы Р.Сатимбекова баяндама оқыды. Дін мен оның құндылықтарының қоғам өміріндегі маңызы және оқушыларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында тренинг өткізіп, сауалнама алынды. |
2022-11-24 15:48:22 |
Скачать Смотреть |