The work of a psychologist

Category: the work of the psychologist

Girls 'hour"what is sex life and Prevention of early pregnancy"

In February, girls of grades 9, 10, 11 were given a psychological conversation-consultation on the topic "What is sex life and Prevention of early pregnancy". The purpose of the event is to prevent negative events that occur in the world and in the country as a whole, and to give advice on how to properly pay attention to the upbringing of girls, explaining how harmful it is to the health of early pregnancy among girls. What is early pregnancy for girls? A social video about early pregnancy, psychological advice was given to the girls.

2021-02-19 13:45:29

To download To watch

"Мамандықты оңай таңдауға көмектесетін 4 сұрақ" тақырыбында психолог кеңес

Еңбек күніне орай Zoom платформасы арқылы 9 сынып оқушыларына арналған "Мамандықты оңай таңдауға көмектесетін 4 сұрақ" тақырыбында психолог кеңестері айтылды. Мақсат: Оқушыларға мамандық таңдауда олардың негізгі түрлері, классификациясы белгілері, мамандық тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта – ықыласын, қызығушылықтарын арттыру.

2020-09-27 13:19:48

To download

7-11 сынып қыз балаларымен «Үлгілі үйдің қыздары" атты онлайн жиналыс.

2020 жылдың 23қыркүйек күні Zoom платформасы арқылы 7-11 сынып қыз балаларымен «Үлгілі үйдің қыздары» атты онлайн-жиналыс өтті. Мақсаты: қыздарды ұлттық салт-дәстүрлерді қастерлеп, тәрбиелі, білімді, өнерлі болып өсуге, қыз бала гигиеналық тазалықты дұрыс және күнделікті сақтауға үйрету; өз бойларын, ойын дөрекіліктен сақтандыру; қыздарды инабатты қыз болып өсуге баулу.

2020-09-24 08:12:36

To download

Мектеп психологінің мамандық таңдау бойынша кеңестері

Мектеп психологінің мамандық таңдау бойынша кеңестері

2020-04-17 13:32:19

To download To watch

Баланың ойлау қабілетін дамыту

.

2020-04-13 14:38:54

To download

«Өмір сен маған қымбатсың!» тренинг-сағат

Қаңтар айында 6 -7 сынып оқушыларымен «Өмір, мен сені сүйемін!» тренинг-сағаты өтті.Мақсаты: Жасөспірімдер арасында өзіне – өзі қол жұмсаудың алдын алу жолдары. Жасөспірімдерге, өмір құндылығын сезінуге, оған бейімділікке, бір-бірлерімен жақсы қарым - қатынаста болуларына шақыру, адамның өмірі өз қолында екендігін түсіндіріп, өмірді сүюге дағдыландыру.

2020-02-13 10:56:12

To download To watch

«Сынып және мен» тренинг-сағат

Қаңтар айында 1-2 сынып оқушыларымен «Сынып және мен» тақырыбында тренинг-сағат өткізілді. Тренинг мақсаты: Сынып ұжымын біріктіру. Қолайлы психологиялық климат орнату,достыққа үйрету.

2020-02-13 10:53:54

To download To watch

«Өзін-өзі бағалауын арттыру» тренинг-сағат

Қаңтар айында 4 сынып оқушыларынан «Өзін-өі бағалау» тестісі алынды. Тест қорытындысы бойынша оқушылардың өзін-өзі бағалауын арттыру мақсатында «Өзін-өзі бағалауын арттыру» тренинг-сағат өткізілді.

2020-02-13 10:50:20

To download To watch

«Қыздың өзі де, тәрбиесі де нәзік!» тренинг-сағат 2019-2020 оқу жылы

Желтоқсан айында 9-10 сынып қыздарымен «Қыздың өзі де, тәрбиесі де нәзік!» психологиялық тренинг-сағаты өткізілді. Мақсаты: Қыздармен әңгімелесе отырып, ар - намысын, пәктігін, сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абыройлы болуға тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту.

2020-02-13 10:46:54

To download To watch

«Тәртіптің ең тамаша мектебі – отбасы» тренинг-сағат

Қараша айында 1 Ә сынып оқушыларының ата-аналарымен «Тәртіптің ең тамаша мектебі – отбасы» психологиялық тренинг-сағаты өткізілді. Мақсаты: ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастарды жақсартуға мотивация қалыптастыру.

2019-11-18 11:58:26

To download To watch

«Мамандық әлеміндегі – Мен!» өткізілген тренинг-сағат туралы ақпары 2019-2020 оқу жылы

Қараша айында 11 сынып оқушыларымен «Мамандық әлеміндегі – Мен!» тренинг-сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға алдағы уақытта заман талабына сай дұрыс мамандық алу үшін бағыт-бағдар беру. Әр мамандықтың қызығы мен қиындығы болатындығын жете ұғындыру. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу.

2019-11-08 12:12:53

To download To watch

«Бәріміз бірге!» тренинг-жаттығулар ойыны

Қазан айында мектептің спорт залында 2 сынып оқушыларына «Бәріміз бірге!» тренинг-жаттығулар ойыны өткізілді. Мақсаты: балалардың бір-бірімен байланыс орнатуға үйрету, серіктесінің қозғалыс темпіне ыңғайлану.

2019-10-21 14:17:07

To download To watch

First 1 10 11 12 13 14 Last