Размер шрифта:
↑

Мектеп кітапханасы

Дәреже: Мобильді кітапхана
Мобильді кітапхана

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Оқы да, жеңіске жет!» атты кітап оқу марафонының ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында 05.12.22ж «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Оқы да, жеңіске жет!» кітап оқу марафонында 3 Ә сынып оқушылары әр түрлі ертегілерді оқып, талқылады. Мақсаты: Оқушылардың кітап оқу дағдысын қалыптастыру, кітапқа деген қызығушылығын артыру, кітап оқуға үндеу.

2022-12-05 16:32:40

Скачать Смотреть

5-6 сынып оқушыларының қатысуымен «Тәуелсіздік - тұғырым» атты мәнерлеп оқу сайысы

01.12.2022ж мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Тәуелсіздік күніне арналған 5-6 сынып оқушыларының қатысуымен «Тәуелсіздік - тұғырым» атты мәнерлеп оқу сайысы ұымдастырылды. Байқауда оқушылар Отан туралы өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтты. Белсене қатысқандары үшін мадақтама грамоталары мен марапатталды. Мақсаты: Оқушылардың Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, оқушылардың оқырмандық көзқарасын кеңейту. Өлеңді мәнерлеп оқуға машықтандырып, есте сақтау қабілеттерін дамыту. #Балаларжылы09 #oqu_agartu_ministrligi; #RUMCDOMONRK #ҚРБҒММОНРК #РУМЦДОМОНРК #AskatAimagambetov #karagandyoblysybilimbaskarmasy #balkash_qalasy_bilim_bolimi @balqash_qalasy_akimdigi @agdarbekovagulmira @uo.krg @umckrg @g.kozhakhmetoova

2022-12-02 10:03:26

Скачать Смотреть

«Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты кітап көрмесінің ақпараты.

16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздігі күніне орай кітапханада «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесі ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасалынды. Көрменің негізгі мақсаты – Тәуелсіздік күнінің маңызын, еліміздің бүгіні мен болашағын терең тарихымызбен байланыстыра отырып насихаттау. #Балаларжылы09 #oqu_agartu_ministrligi; #RUMCDOMONRK #ҚРБҒММОНРК #РУМЦДОМОНРК #AskatAimagambetov #karagandyoblysybilimbaskarmasy #balkash_qalasy_bilim_bolimi @balqash_qalasy_akimdigi @agdarbekovagulmira @uo.krg @umckrg @g.kozhakhmetoova

2022-12-01 12:07:11

Скачать Смотреть

Ахмет Байтурсынұлының туғанына 150 толуына байланысты конференция

Сәкен Сейфуллин атындағы «Ортарлықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ ның ұйымдастыруымен Ахмет Байтурсынұлының туғанына 150 толуына байланысты конференцияға өткізілді. мектебіміздің 8 В сынып оқушысы Сапар Сабина іс-шараға белсене қатысып, «Алғыс хатпен» марапатталды. #Балаларжылы09 #oqu_agartu_ministrligi; #RUMCDOMONRK #ҚРБҒММОНРК #РУМЦДОМОНРК #AskatAimagambetov #karagandyoblysybilimbaskarmasy #balkash_qalasy_bilim_bolimi @balqash_qalasy_akimdigi @agdarbekovagulmira @uo.krg @umckrg @g.kozhakhmetoova

2022-11-29 15:16:12

Скачать Смотреть

ЖББ №9 мектебінің «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 1 тоқсанда оқыған кітаптары бойынша қорытынды есеп

1 тоқсанда «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Оқы да, жеңіске жет!» марафоны бойынша 5-11 сынып оқушыларына оқуға мына кітаптар ұсынылды: 5 сынып «Қобыланды батыр», 6 сынып Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа», 7-сынып Мұқтар Әуезов «Көксерек», 8 – сынып Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» , 9- сынып Бейімбет Майлин «Шұғаның белгісі», 10 сынып Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы. Мақсаты: Оқушылардың кітап оқу дағдысын қалыптастыру, кітапқа деген қызығушылығын артыру, кітап оқуға үндеу, Осы оқылған кітаптар негізінде 5-10 сынып оқушыларынан оқылған шығармалары бойынша тест жұмыстары алынды. Нәтижесінде сыныптар төмендегідей көрсеткіш берді. 5 А сыныбы – 100% 5 Ә сыныбы - 52% 5 Б сыныбы - 30% 6 А сыныбы - 41% 6 Ә сыныбы - 33% 6 Б сыныбы - 62% 7 Ә сыныбы - 40% 7 Б сыныбы - 5% 8 А сыныбы - 25% 8 Ә сыныбы - 62% 8 Б сыныбы – 31% 8 В сыныбы - 88% 9 Ә сыныбы - 100% 9 Б сыныбы - 23% Кітап оқуда және шығарманың мазмұнын жетік білуде жақсы жетістік көрсеткен 5 А, 9 Ә сыныптарына алғыс білдіреміз.

2022-11-24 11:17:04

Скачать Смотреть

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Оқы да, жеңіске жет!» атты кітап оқу марафонының ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында 22.11.22ж «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Оқы да, жеңіске жет!» атты кітап оқу марафонында 5 сынып оқушылары Аяз би ертегісін оқып, талқылады. #Балаларжылы09 #oqu_agartu_ministrligi; #RUMCDOMONRK #ҚРБҒММОНРК #РУМЦДОМОНРК #AskatAimagambetov #karagandyoblysybilimbaskarmasy #balkash_qalasy_bilim_bolimi @balqash_qalasy_akimdigi @agdarbekovagulmira @uo.krg @umckrg @g.kozhakhmetoova

2022-11-22 17:12:13

Скачать Смотреть

«КАНИКУЛДА КІТАП ОҚИМЫЗ» атты республикалық марафонның бірінші кезеңі

1-10 қараша аралығында 2-11 сынып оқушылары «КАНИКУЛДА КІТАП ОҚИМЫЗ» атты республикалық марафонның бірінші кезеңіне белсене қатысып, мектебіміздің 3 Б сынып оқушылары тіркеліп электронды кітап сыйлыққа ұтып алды және сертификат, ата— аналары «Алғыс хатпен» марапатталды. Мақсаты: Ұлы Абайдың «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге, Артық ғылым кітапта, Ерінбей оқып көруге» деген мағыналы сөздерінен кітап оқудың кез-келген тұлғаны дамытудың қайнар көзі екенін түсіндіру.

2022-11-21 16:23:08

Скачать

№9 жалпы білім беретін мектебінде мектеп психологының бірінші сынып оқушыларымен өткізген психологиялық іс-шараның ақпараты

18 қараша күні мектеп психологы Сатимбекова Р.М.1-сынып оқушыларымен психологиялық жаттығулар ұйымдастырды. Бір-біріне деген сенімді және мейірімді қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында «Біз біргеміз», «Алақан» жаттығуларын жасады. Оқушыларға жағымды көңіл-күй сыйлап, сенімді байланыс орнатуға арналған «Құлап сену» жаттығуы орындалды. Соңын тыныс реттеу жаттығуларымен аяқтады. Психолог : Сатимбекова

2022-11-18 16:12:31

Скачать Смотреть

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Оқы да, жеңіске жет!» атты кітап оқу марафонының ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында 17.11.22ж «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Оқы да, жеңіске жет!» атты кітап оқу марафонында 3 Ә сынып оқушылары әр түрлі ертегі кітаптарын оқып, өз ойларын ортаға салды. #Балаларжылы09 #oqu_agartu_ministrligi; #RUMCDOMONRK #ҚРБҒММОНРК #РУМЦДОМОНРК #AskatAimagambetov #karagandyoblysybilimbaskarmasy #balkash_qalasy_bilim_bolimi @balqash_qalasy_akimdigi @agdarbekovagulmira @uo.krg @umckrg @g.kozhakhmetoova

2022-11-17 17:32:00

Скачать Смотреть

«Тоқта! Сақтан! Жол ашық»

16 қараша күні мектеп кітапханасында «Тоқта! Сақтан! Жол ашық» тақырыбында, 5 А сынып оқушыларының қатысуымен көрме ұйымдастырылды. Көрме аясында оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстырып, жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан өтуге жолда дұрыс жүруді түсіндіріп, оқушылар өз ойларын айтып пікірлерін білдірді.

2022-11-16 16:30:05

Скачать Смотреть

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Оқы да, жеңіске жет!» атты кітап оқу марафонының ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында 15.11.22ж «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Оқы да, жеңіске жет!» атты кітап оқу марафонында 4 Ә сынып оқушысы Ғазиз Елдар «Негеш» осынау бүлдіршіндердің сан алуан «негесіне» жауап беретін балалар энциклопедиясын оқып, өзі жауап ала алмай жүрген көптеген сұрақтарға жауап алды. #Балаларжылы09 #oqu_agartu_ministrligi; #RUMCDOMONRK #ҚРБҒММОНРК #РУМЦДОМОНРК #AskatAimagambetov #karagandyoblysybilimbaskarmasy #balkash_qalasy_bilim_bolimi @balqash_qalasy_akimdigi @agdarbekovagulmira @uo.krg @umckrg @g.kozhakhmetoova

2022-11-15 15:17:16

Скачать Смотреть

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Оқы да, жеңіске жет!» атты кітап оқу марафонының ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында 09.11.22ж «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Оқы да, жеңіске жет!» атты кітап оқу марафонында 4 Ә сынып оқушысы Қаржанов Нұркелді Элвин Холлдың «Ақша жайында әңгімелейік» кітабын оқып, ақша жайлы ойымен бөлісті. #Балаларжылы09 #oqu_agartu_ministrligi; #RUMCDOMONRK #ҚРБҒММОНРК #РУМЦДОМОНРК #AskatAimagambetov #karagandyoblysybilimbaskarmasy #balkash_qalasy_bilim_bolimi @balqash_qalasy_akimdigi @agdarbekovagulmira @uo.krg @umckrg @g.kozhakhmetoova

2022-11-09 11:40:16

Скачать Смотреть

бiрiншiсi 1 … 6 7 8 9 10 … 15 соңғысы