Нашақорлыққа жол жоқ

Дәреже: Нашақорлыққа жол жоқ

«Электронды темекінің зияны» тақырыбында өткізілген дәрістің ақпараты

2023 жылдың 4 желтоқсаны күні құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша 7-9 сынып оқушыларына мектеп инспекторы А.Нұрбек, «Ұлағат» әкелер ұйымының төрағасы Б.Рахымбеков, ұлдар ұйымының жетекшісі С.Ельшибеков «Электронды темекінің зияны» тақырыбында дәріс өткізілді. Мақсаты: темекі шегудің денсаулыққа қауіпті екендігі туралы мағлұмат беріп, темекі улы екенін айтып, ұжым болып жұмыс істеуге тәрбиелеу. Оқушыларды зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға, салауатты өмір салтын сақтауға, жат қылықтан аулақ болуға тәрбиелеу. Қарағандыоблысыбілім09 #Біртұтас_тәрбие #ҚОББТӘРБИЕ #uo_krg @balqash_qalasy_bilim_bolimi @rumcdo_official @umckrg @balqash_qalasy_akimdigi @balqash_qbb

2023-12-04 13:29:15

Скачать

Жаман әдеттерден аулақ бол!» тақырыбы бойынша өткізілген дәрістің ақпараты

2023 жылдың 27 қарашасы күні қалалық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Е.М.Артыкбаев 9-11 сынып оқушыларына «Дүниежүзілік балаларды қорғау күні: балаларға арналған өмір» республикалық онкүндігі аясында «Жаман әдеттерден аулақ бол!» тақырыбында дәріс өткізді. Мақсаты: оқушыларды ғасыр дерті болып саналатын зиянды әдеттер – темекі шегу, есірткі заттарды пайдаланудан аулақ болуға шақыру. Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің, темекінің зиянын және улы екенін түсіндіре отырып саналыққа, салауатты өмірді таңдауға тазалыққа, лас істерден аулақ болуға жан сұлулығымен қатар тән сұлулығын сақтауға тәрбиелеу. Қарағандыоблысыбілім09 #Біртұтас_тәрбие #ҚОББТӘРБИЕ #uo_krg @balqash_qalasy_bilim_bolimi @rumcdo_official @umckrg @balqash_qalasy_akimdigi @balqash_qbb

2023-11-28 11:07:04

Скачать Смотреть

«Есірткі және жасөспірім» нашақорлықтың алдын алу тақырыбында өткізілген жиналыстың ақпараты

2023 жылдың 23 қазаны күні мектебімізде нашақорлықтың алдын алу мақсатында «Есірткі және жасөспірім» тақырыбында Балқаш қаласы прокурорының прокуроры А.Куанышбек 8-10 сынып оқушыларына дәріс өткізді. Оқушыларға нашақорлық дегеніміз – адамның есірткіге тәуелділігі. Бұл дерт организмнің тіршілік етуі үзілмей, оны белгілі дәрежеде ұстап тұрып есірткіні үнемі тұтынуға және дене мен жүйке қызметінің әбден әлсіреуіне алып келетінін, нашақорлық адамзат баласының денсаулығы мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатердің бірі екенін айтып өтті. Сонымен қатар, нашақорлықтың алды алу, біздің ортақ мақсатымыз. Ғасыр індетімен күресу, оның жайылуына қарсы тұру біздің міндетіміз екенін айтты. Қарағандыоблысыбілім09 #ҚОББтәрбие #ҚОББТӘРБИЕ #uo_krg @balqash_qalasy_bilim_bolim

2023-10-27 13:38:37

Скачать Смотреть

«Электрондық темекі туралы мифтер мен шындық» тақырыбында пікірталас ақпараты

20.09.23 күні 9 сыныптар арасында «Электрондық темекі туралы мифтер мен шындық» тақырыбы аясында Американдық парламенттік форматында пікірталас ойыны өтті. Мақсаты: өркениетті елдің әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал- ахуалы жақсы болуы үшін шылым шегуден жиреніп, денсаулыққа, болашақ ұрпаққа зиян екендігін ұғындыру. Қарағандыоблысыбілім09 #ҚОББтәрбие #ҚОББТӘРБИЕ #uo_krg@balqash_qalasy_bilim_bolim

2023-09-21 15:56:31

Скачать Смотреть

Тыныс ал! Қозғалыңыз!Өмір сүр!» сынып сағат ақпараты

18.09.23 күні мектебімізде 9-11 сыныптарда «Тыныс ал! Қозғалыңыз!Өмір сүр!» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Оқушылар өз ойларымен бөлісті. Менің ойымша,өмірде көптеген құндылықтар бар. Ол әуелі-мен, менің кіші Отаным – отбасым, достарым, білім деңгейім және денсаулығым. Осы аталған құндылықтарға жету жолында адамзат баласы көп қиындықтан өтіп, уақыты мен күшін сарп етеді. Біз өз өмірімізді құнды заттармен толықтырып, білім деңгейімізді жетілдіріп, өмірдегі мақсат-мұратымызды айқындап, жаңа өмір позициясын игере отырып қана нағыз адам боламыз деп ойларын айтты.

2023-09-18 10:22:31

Скачать Смотреть

«Нашақорлықтың алдын» алу ақпараты

Балқаш қаласының Полиция бөлімінің Криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы Полиция подполковнигі Мустафин Асет Жарылкаганович 4.09.23 күні 8-11 сынып оқушыларына «Нашақорлықтың алдын алу» тақырыптарында баяндама оқып ақпарат берді. ХХІ ғасыр індеті – синтетикалық есірткі. Әсіресе жастар арасында еліктіргіштің осы түрі жалпыласқан. Ғасыр індеті деуіміздің себебі, әдеттегі есірткіге тәуелді болған адамдарды дәрігерлер емдей алады екен. Ал синтетикалық есірткіге үйреніп алғандарға медицинаның қауқары жете бермейді. Бұл тәнді де, жанды да жаралайтын өте жауыз еліктіргіш. Есірткі жарнамалары қазір көшеде, үй қабырғаларында жазылатын болған. Одан қалса, тілдей қағазға «Жұмыс тауып береміз» деген жарнамалар да толып тұр. Жарнама беруші оңай ұсталмайды, есірткі бизнесі солай көзге көрінбейтін қылмыс болып тұрғанын айтып өтті. Сондықтан ата-аналар, педагогтар мен жұртшылық нашақорлықтың алдын алу бойынша бірлескен жұмыс жүргізуі тиіс, балаларда салауатты өмір салтына деген ұмтылысты дамыту қажет.Есіңізде болсын, назар аудару, қамқорлық және достық қарым-қатынас әр балаға өте маңызды.

2023-09-04 13:57:06

Скачать Смотреть

Нашақорлық және есірткінің алдын алу бойынша дәргері- эпидемиолог мен кездесу ақпараты

ЖИТС - тың алдын алу жане куресу орталыгының Балқаш қаласы бойынша бөлімінің дәрігер- эпидемиологы - Батырбекова Айгуль Абдолдаева, №1 поликлиника дәрігер – педиатр - Клюников Сергей Владимирович, психолог - Ледовское Татьяна Владимировна 16.05.23 күні 8-11 сынып оқушыларына «Нашақорлық – бұл ауру, оны емдегеннен гөрі алдын алған жөн» тақырыбында әңгіме түрінде дәріс өтті. Дәріс барысында «ЖИТС – алдын алудың өзекті мәселелері» ЖИТС ауруының эпидемиологиялық (індеттің) жағдайы тақырыбында ақпараттар берілді. Нашақорлық адам өміріне қауіпті , оның тұқымқуалау қасиеттері де бар. Нашақорлық – есірткіні жүйелі пайдалану кезінде пайда болатын ауыр психикалық ауру. Нашақорларға жүргізілген көптеген зерттеулер, әсіресе жастарға жүргізілген сауалнамалар, әртүрлі жас топтарындағы жастардың есірткіге тәуелді болуына себеп болатын көптеген факторлар мен себептер бар екенін айтты. Есірткіге тәуелділік алкогольге қарағанда айқынырақ сипатталады. Барлығын аз уақытта шеттетіп, тез арада ішкі дүниеде бос сезім пайда болып, тегінде шыңыраудан шығу азабына түскеннен ,сол құзға апаратын жолға түспей жүру керектігін ескертті. Оқушылар сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салды.

2023-05-16 16:00:48

Скачать Смотреть

«Нашақорлық дертін болдырмау – жастар қолында» сынып сағаттарының ақпараты

15.05.23 күні «Нашақорлық дертін болдырмау – жастар қолынд» тақырыбында 7-11 сыныптарда сынып сағаттары өтті. Қазіргі заман жастарының көбісі нашақорлыққа, есірткі мен темекіге тәуелді болып жүр. Осылардың әсерінен адамдардың денсаулығына көп зиян келеді. Есірткіні қолданған адамның денсаулығында қан айналымы мен түрлі түзілістердің жұмысы қиындап, адамның өмір жасы азаяды. Сонымен қатар, түрлі ауруларға ұшырап, бет - әлпеті өзгеріске ұшырайды. Ісік ауруларымен көп ауыратын болып кететіндігін айтып өтті. Оқушылар өз ойларымен толықтырды.

2023-05-15 08:36:20

Скачать Смотреть

«Есірткісіз болашақ!» сынып сағаттарының ақпараты

17.04.23 күні «Есірткісіз болашақ!» тақырыбында 7-11 сыныптарда сынып сағаттары өтті. Нашақорлық – әлеуметке ортақ проблема, қоғамның дерті. Жер бетінде миллиондаған өмірлерді алып кетіп жатқан бұл ауру әлемдік трагедия, өз ауқымы жағынан дүниежүзілік соғыстармен тең. Бүкіләлемдік дертке арнайы мамандар ғана емес әрбір тұрғыны қарсы күрес жүргізе білгенде ғана мәселенің шешімін табады. Сондықтан да, сіз болып, біз болып салауатты өмір салтын қалыптастырайық! Біздің алдымызда жастардың бойында салауатты өмір салты, отбасылы құндылықтар және табысты болашақ құру принциптерін қалыптастыру міндеті тұрғанын айтып өтті.Оқушылар өз ойларын айтты.

2023-04-17 10:08:18

Скачать Смотреть

«Құқық бұзушылық пен оқушылардың зиянды әдеттерінің алдын алу», «Нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында өткен жиналыс ақпараты

03.04.23 күні мектебімізде «Құқықтық білім мен құқық бұзушылықтың алдын алу», «Діни экстремизм, терроризм — бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» , «Нашақорлықтың алдын алу» тақырыптарында Балқаш қаласы полиция бөлімі ЭҚІҚБ-нің жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Кусайнов С.А,Балқаш қаласы ПБ ЕҚҚІҚБ жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Шәкарім Н.Е., Балқаш қаласы ЖПКБ ЮПТ учаскелік полиция аға лейтенанты Нұрбек А.А., 8-10 сынып оқушыларына дәріс өткізді. Оқушылардың мектептегі, көшедегі өзін ұстау қағидалары, күнделікті өмірдегі негізгі құқықтары туралы,түнгі уақыттағы заңды өкілінсіз жүруіне тиым салынатындығы туралы, құқық бұзушылықтың алдын алу, электронды темекі ,түнгі уақытта ойын –сауық жерлерінде, кафелерде, саябақтарда жүруі, ұсақ бұзақылық, сабақты себепсіз босатуы,жайында тоқталды. Нашақорлықтын алды алу, біздің ортақ мақсатымыз. Ғасыр індетімен күресу, оның жайылуына қарсы тұру біздің міндетіміз екенін айтты. «Жалған терроризм» үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған» қазіргі таңда жалған ақпараттар беріп, елді дүрліктіретіндер кездесіп жатады. Оның ішінде терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау аса ауыр қылмыс қатарында тұр. Технология дамыған мына заманда жалған хабарды жеткізген адамның мекенжайы мен жеке басын анықтау қиын емес. Атап өтер болсақ, мұндай құқық бұзушылықтар қоғамдық резонанс тудырады. Сонымен қатар көбінесе жалған хабарламаларды мас халдегі ересектер немесе кәмелетке толмаған жасөспірімдер қасақана жасайтындығын ескертті.

2023-04-03 16:10:32

Скачать Смотреть

№9 жалпы білім беретін мектебінде 13.03.23 күні өткізілген ата –аналар жиналысының ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 13.05.23 ж. күні 5-10 сыныптың ата –аналарына ZOOM платформасы арқылы қашықтықтан ата-аналар жиналысы өткізілді.Жиналыста қала прокурорының прокуроры , Д. Куанышбеков құтқарушылар орталығының медбикесі Б.С. Абжанов, Балқаш қаласы бойынша бөлімінің дәрігері- эпидемиолог А Абдолдаева, мектеп психологі Р.Сатимбекова, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Сагимбекова қатысты. Күн тәртібіндегі қарастырылған мәселелер төмендегідей: 1.«Отбасы мен мектептің өзара қарым-қатынасының 2.«Зиянды әдеттердің алдын алу. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заң» 3.«Көктем мезгіліндегі мұздағы қауіпсіздік ережелері» 4.Жасөспірімдердің нашақорлығы - қазіргі қоғамның қасіреті 5. Буллинг және оның алдын алу сұрақтары қамтылды. Ата- аналарға қауіпсіздік шаралары туралы ақпараттар беріліп алдын алу жұмыстары жүргізілді.Балалардың өмірін, денсаулығын, қауіпсіздігін және бала құқығын қорғау туралы негізгі сұрақтары қамтылды.

2023-03-15 09:59:11

Скачать Смотреть

Нашақорлықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстардың ақпараты

Мектебімізде 2023 жылдың 23 ақпаны күні нашақорлықтың алдын алу мақсатында ZOO желісі арқылы 7-8 сынып оқушыларына «Электронды темекі –ХХІ ғасыр дерті» тақырыбында дәріс тыңдалды. Мақсаты: оқушыларға әлемді алаңдатып отырған нашақорлық, темекі сияқты зиянды әрекеттердің көбейіп бара жатқандығын ескерте отырып, оны болдырмаудың алдын – алуға тәрбиелеу. Оларды жаман әдеттерден сақтандыру. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту және тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру.

2023-02-03 13:40:03

Скачать Смотреть

бiрiншiсi 1 2 3 соңғысы