Мұражайлар байқауының нәтижесі...

Дәреже: Өлкетану мұражайы
Дата: 2019-04-28 11:29:34
Мұражайлар байқауының нәтижесі...
Қала мектептері арасында өткен мұражайлар байқауында N2 мектеп-интернаты түрлі бағыттарда I және II орынға ие болды. Ұсынылған видеоролик және буклет I орынға ие болса, "Үздік презентация" номинациясында ІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз! https://my.mail.ru/mail/internat2.rusakova/video/_myvideo/36.html

Оқушылар шығармашылығынан концерт...

Дәреже: Тәрбиелік іс-шаралар
Дата: 2019-04-25 16:56:09
Оқушылар шығармашылығынан концерт...
23 ақпан күні М. П. Русаков атындағы №2 санаторлық мектеп-интернатында «Өнер» онкүндігі 3-9 сынып оқушыларының қатысуымен Шаймерденов А. мен Айекеева И. есепті концертімен аяқталды. Іс-шарада әр түрлі билер биленіп, көнілді әндер мен қоса добырамен орындалған күйлер шырқалды.  

Қабырға газеттерінің байқауы өтті...

Дәреже: Тәрбиелік іс-шаралар
Дата: 2019-04-25 16:54:35
Қабырға газеттерінің байқауы өтті...
Сәуір айында мектеп жоспары бойынша "Өнер" әдістемелік бірлестігінің онкүндігі өткізілді. Осы онкүндік аясында қабырға газеттерінің байқауы өтті. Байқау нәтижесінде 1 орынға 9 "А" сыныптың әнші Димаш Құдайберген туралы, 8 "А" сыныбының актриса Әмина Өмірзақова туралы дайындаған газеттері ие болды.

Қалалық "Сәкен-сұңқар, Сәкен - сән, Сәкен - аңыз" атты Сәкен оқулары өтті...

Дәреже: "Волонтер жылына" арналған іс-шаралар
Дата: 2019-04-22 12:27:46
Қалалық
 20 сәуір күні көрнекті ақын, қоғам және мемлекет қайраткері, айтулы азамат, асылдардың асылы, аяулылардың аяулысы, күрескер ақын С. Сейфуллиннің 125 жылдық мерейтойына арналған қалалық "Сәкен-сұңқар, Сәкен - сән, Сәкен - аңыз" атты Сәкен оқулары өтті. Оның қатысушылары ақынның шығармаларын мәнерлеп жатқа айтып оқыды, сондай-ақ домбыраның сүйемелдеуімен әндерін орындады. № 2 мек...

«Салауатты өмір - көтеріңкі көңіл» атты спорттық көңілді ойын болып өтті...

Дәреже: Тәрбиелік іс-шаралар
Дата: 2019-04-22 12:21:05
«Салауатты өмір - көтеріңкі көңіл» атты спорттық көңілді ойын болып өтті...
19 сәуір күні №2 мектеп-интернатында 2 "Ә" сынып тәрбиешісі Ф. А. Мухаметжанованың ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқушылары арасында «Салауатты өмір - көтеріңкі көңіл» атты спорттық көңілді ойын болып өтті. Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қозғалыстың қажеттілігін, оның бағалы байлық екенін түсіндіру, оларды салауатты өмір салтына баулу, денесін...

«Іс-әрекеттегі зерттеу: сапалы білім беру негізі» магниттік мектептер үшін НЗМ тәжірибесін тарату бойынша ашық есік күні өтті...

Дәреже: Әдістемелік вернисаж
Дата: 2019-04-19 16:24:46
«Іс-әрекеттегі зерттеу: сапалы білім беру негізі» магниттік мектептер үшін НЗМ тәжірибесін тарату бойынша ашық есік күні өтті...
19 сәуір күні мектепте қалалық «Іс-әрекеттегі зерттеу: сапалы білім беру негізі» магниттік мектептер үшін НЗМ тәжірибесін тарату бойынша ашық есік күні өтті. Ашық есік күніне қала мектептерінің мұғалімдері қатысты. Ашық есік күні 3 бөлім бойынша өтті. 1-ші бөлімде Н. Н. Коктаева 3-ші сыныпқа «Rain, rain» тақырыбында ағылшын тілінен, А. Н. Амандыкова 5-ші сыныпқа «...

Мектеп психологы «Балар және ғаламтор» тақырыбында кездесу өткізді...

Дәреже: Қауіпсіз интернет бойынша өткізілген іс-шаралар
Дата: 2019-04-17 17:00:46
Мектеп психологы «Балар және ғаламтор» тақырыбында кездесу өткізді...
17 сәуір күні мектеп психологы Асылханова Ә. А . 5-7 сынып оқушыларымен «Балар және ғаламтор» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесуге әлеуметтік педагог, кітапxанашы, тәрбиеші педагогтар қатысты. Мақсаты: оқушыларға интернет желісінің зиян тұстары, келтіретін зардаптары туралы әңгімелесу. Пайда болатын психологиялық ауытқушылықтардың оқушы өміріне әсері жайында пікір алмасу....

"Біз әлемді өзгертуге қабілеттіміз!" 2019 - Жастар жылына арналаған іс – шаралар жоспары...

Дәреже: "Волонтер жылына" арналған іс-шаралар
Дата: 2019-04-17 16:25:31
"Біз әлемді өзгертуге қабілеттіміз!" 2019 -  Жастар жылына арналаған іс – шаралар жоспарын жүктеп алуға ұсынамыз

«Интернеттің пайдасы мен зияны» атты дебат өтті...

Дәреже: Қауіпсіз интернет бойынша өткізілген іс-шаралар
Дата: 2019-04-17 12:17:50
«Интернеттің пайдасы мен зияны» атты дебат өтті...
 16 сәуір күні 8-9 сынып оқушылары арасында «Интернеттің пайдасы мен зияны» атты дебат өтті. Дебаттың мақсаты: Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау, оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, ест...

«Интернетті қауіпсіз ету мүмкін бе?» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді...

Дәреже: Қауіпсіз интернет бойынша өткізілген іс-шаралар
Дата: 2019-04-15 16:58:21
«Интернетті қауіпсіз ету мүмкін бе?» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді...
15 сәуір күні «Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық акциясының тұжырымдамасын іске асыру мақсатында, 8-9 сынып оқушылары арасында «Интернетті қауіпсіз ету мүмкін бе?» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.  Дөңгелек үстел барысында алдымен оқушыларға «Әлеуметтік желідегі қауіпсіздік» бейнеролигі көрсетіліп, талқыланды. Интернеттегі ойын, сайттарға...

"Inter тентектер" командасы "Жайдарман" КТК ойынында жүлделі IIІ орынға ие болды...

Дәреже: Мектеп парламенті
Дата: 2019-04-15 10:49:27
КМҚК Оқушылар сарайында "Жайдарман" көңілді тапқырлар клубының ұйымдастыруымен қалалық "Өмірге шырайлы күлкімен" атты көңілді тапқырлар байқауында "Inter тентектер" командасы жүлделі IIІ орынға ие болды. Жарайсыңдар! Құттықтаймыз!

Космонавтика күні...

Дәреже: Тәрбиелік іс-шаралар
Дата: 2019-04-15 10:28:25
Космонавтика күні...
 Космонавтика күні біздің еліміздің тарихында маңызды мереке болып табылады. Осыған орай, 12 сәуір күні 5 сыныпта «Ғарыш әлемі» тақырыбында ашық тәрбие сағат өткізілді. Мақсаты: оқушыларды қазақтың қос ғарышкерімен таныстыру, өмірбаянына шолу жасау, мәлімет беру. Сонымен қатар, мектеп ауласында флешмоб ұйымдастырылды.

бiрiншiсi 1 132 133 134 135 136 196 соңғысы