«Іс-әрекеттегі зерттеу: сапалы білім беру негізі» магниттік мектептер үшін НЗМ тәжірибесін тарату бойынша ашық есік күні өтті...

Дата: 2019-04-19 16:24:46
«Іс-әрекеттегі зерттеу: сапалы білім беру негізі» магниттік мектептер үшін НЗМ тәжірибесін тарату бойынша ашық есік күні өтті...

19 сәуір күні мектепте қалалық «Іс-әрекеттегі зерттеу: сапалы білім беру негізі» магниттік мектептер үшін НЗМ тәжірибесін тарату бойынша ашық есік күні өтті. Ашық есік күніне қала мектептерінің мұғалімдері қатысты. Ашық есік күні 3 бөлім бойынша өтті.

1-ші бөлімде Н. Н. Коктаева 3-ші сыныпқа «Rain, rain» тақырыбында ағылшын тілінен, А. Н. Амандыкова 5-ші сыныпқа «Здоровый образ жизни» тақырыбында орыс тілінен ашық сабақтарын көрсетті.

2-ші бөлімінде мұғалімдерге арналған «Сабақ үрдісінде оқушыларға қолданылатын әдіс-тәсілдер» тақырыбында коучинг өткізілді.

3-ші бөлім «Мұражайда бір күн» және Bookcrossing жобасы аясында таныстырылымға арналды. 

Семинардың соңы «Сократтық әңгімелесу» әдісі арқылы тәмамдалды. Келген қонақтар ұйымдастырылған іс-шаралар мен өткізілген сабақтардың туралы өздерінің оң  пікірлерін білдірді.