8-11 сынып оқушылары арасында XXV республикалық Абай оқуларының қалалық кезеңі өтті.

8-11 сынып оқушылары арасында XXV республикалық Абай оқуларының қалалық кезеңі өтті.
19.04.2024  ж. күні Абай атындағы №2 мектеп-лицей базасында  жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында XXV республикалық Абай оқуларының қалалық кезеңі өтті. Мектеп –лицейімізден 4 номинация бойынша 4  оқушымыз қатысып, барлығы да жүлделі орынға  ие болды.
1. «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы» номинациясы бойынша 9А сынып оқушысы Рымова Нұрсая жүлделі І орын алып, облысқа жолдама алды. Жетекшісі: Амирбаева Г.М.
2. «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша 11А сынып оқушысы Ақылбекова Зульфия І орын алып, облысқа жолдама алды. Жетекшісі: Сейткалиева М.Ж.
3. «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша 8А сынып оқушысы Жамбыл Айжан  жүлделі І орын алып, облысқа жолдама алды. Жетекшісі: Имухаметова С.С.
4. «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша 8А сынып оқушысы Молдабай Бейбарыс жүлделі І орынға ие болды, облысқа жолдама алды.Жетекшісі: Еркинова Ж.Е.
Конкурсқа қатысқан барлық 4 оқушымыз да облысқа жолдама ұтып алды. Оқушыларымызға және жетекшілеріне Алғыс білдіре отырып, облыста сәттілік тілейміз!
Құттықтаймыз.
Дата: 22.04.2024, 22:56 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі