Category: Все

Жаңа жыл мерекесімен құттықтау...

Құрметті мектеп ұжымы, ата-аналар, оқушылар! Сіздерді келе жатқан Жаңа 2023 жылмен кіршіксіз көңіл, ыстық ықыласпен құттықтаймыз. Жаңа Жыл – қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ең сүйікті мерекеміз. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, Жаңа Жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен, нық қадаммен аттағанды қалайды. Келер Жылда отбастарыңызға құт-береке, қызметтеріңізге өрлеу тілейміз. Ізгі ниетпен: мектеп әкімшілігі

2022-12-29 14:21:54

To download

«Час директора»

26 декабря с родителями проведена встреча в формате «Час директора» посредством облачного сервиса ZOOM. В ходе встречи социальный педагог А. Катенова через слайдовый материал предоставила информацию о профилактике правонарушений и соблюдении правил безопасности среди подростков во время зимних каникул, о вреде электронных сигарет и вейп, какое наказание применяется к тем, кто сообщает заведомо ложные сообщения о терактах, о соблюдении правил пожарной безопасности при использовании электротехнических устройств. Директор школы П. Жамшыбаева в дополнении к сказанному, отметила что в предстоящие каникулы ученики не должны оставаться без присмотра родителей, а также о необходимости организации досуга в зимние каникулы, участие в мероприятиях. Также шла речь об организации новогодних мероприятий и утренников. По окончании встречи родители сделали обратную связь, задавали вопросы.

2022-12-27 13:31:20

To download

Экология апталығы өтті…

19-23 желтоқсан аралығында «Экологтар күніне орай мектебімізде бірқатар іс-шаралар өткізілді. Қалдық заттардан жасалған «Біз таза әлемді қолдаймыз» атты көрме ұйымдастырылды. 5-6 сынып оқушылары «Экология мәселелері» тақырыбында эссе жазды. 7-8 сынып оқушыларына арналған мектепішілік биология-экология пәндік олимпиадасы өткізілді. Барлық сыныптар арасында «Әлем экологиясы» атты сынып сағаттары өтті. Мақсаты: Табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру. Қоршаған ортаның сапасы мен ластануы туралы білімдерін арттыру.

2022-12-26 16:23:06

To download To watch

7-8 сынып оқушыларына арналған мектепішілік биология-экология пәндік олимпиадасы өткізілді...

2022 жылғы 20 желтоқсан күні Михаил Русаков атындағы мектеп-интернатында 7-8 сынып оқушыларына арналған мектепішілік биология-экология пәндік олимпиадасы өткізілді. Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері: – Оқушылар бойында шығармашылық ойлау қабілеттерін анықтау және білімдерін қолдануды ұғыну; – Оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, олардың теориялық білімі мен практикалық дағдыларын дамыту. Мектепішілік олимпиадаға 14 оқушы қатысып, 8 оқушы жүлделі орындарды иеленді. 8 сынып бойынша: I орын - Ашықбаева Нұрайым, II орын - Бекежанова Асем, III орын - Иманбаева Аружан, Дәуренұлы Мейіржан. 7 сынып бойынша: I орын - Шакирова Аружан, II орын - Жасуланова Ерке, III орын - Ұйқасбаева Аяулым, Еділқызы Әнел.

2022-12-22 16:26:55

To download To watch

«Адалдық сағаты» өтті...

20 желтоқсан күні мектебімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру мақсатында «Адалдық сағаты» өтті. Оқушылар "Әнет баба" мешітінің нәиб имамы Нұржігіт Оразалыұлының адалдық туралы айтқан нақыл сөздерін тындады. Мақсаты: оқушыларды адалдыққа, еңбекқорлықа, әдептілікке үйрету. Пара беру абыройлы іс емес және адамдар одан аулақ болып, оған қарсы тұруы және пара алудың қауіптілігін түсіндіруі керек. Бұл келеңсіздік мемлекеттің іргетасына нұқсан келтіріп, қоғамдық дамуды тежеп, оны жасайтындарды ерлік пен абыройдан айырады. Парақорлық, сыбайлас жемқорлық, сондай-ақ бөтеннің мүлкіне қол сұғудың басқа да түрлері харам екенін барлығына ескерткім келеді.

2022-12-20 17:16:15

To download To watch

Инструктаж

1. 2022-2023 жылдардағы эпидемиялық маусымға тұмау және ЖРВИ бойынша санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізу туралы" 2. Білім беру ұйымдарында эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу талаптары: 3. Қорғаныс маскаларын кию ережелері 4. Сынып бөлмесінің санитарлық-гигиеналық жағдайын дұрыс ұстану талаптары 5. Дезинфекция түрлері 6. Мектепте ауыз су режимін сақтауын қамтамасыз ететін талаптар.

2022-12-14 15:15:53

To download To watch

«Cыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - ортақ міндет» атты суреттер байқауы өткізілді...

2022 жылдың 5-12 желтоқсан аралығында жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған «Cыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - ортақ міндет» атты суреттер байқауы өткізілді. Байқаудың негізгі мақсаты - жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру және насихаттау. Оқушылар осы тақырыпты ашуда белсенділік танытты.

2022-12-12 16:35:40

To download

Оқушыларымыз "ProEco" экологиялық үгіт-насихат байқауында ІІІ орынға ие болды...

7 желтоқсан күні Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайында қалалық "ProEco" экологиялық үгіт-насихат байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: балалармен экологиялық жұмысты дамыту және насихаттау, экологиялық насихаттың дәстүрлі емес нысандары мен әдістері арқылы балаларды экологиялық проблемаларға тарту. Биология пәнінің мұғалімі Елемес О. М. жетекшілігімен оқушылар тобы байқауға қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!

2022-12-07 17:45:48

To download

«Презентация бағдарламасының қосымша мүмкіндіктері: схемалар, басқару элементтері, гиперсілтемелер» тақырыбында цифрлық сауаттылық сабағы өтті...

25 қараша күні Аманбекова Г. М., бастауыш сынып мұғаімі «Презентация бағдарламасының қосымша мүмкіндіктері: схемалар, басқару элементтері, гиперсілтемелер» тақырыбында цифрлық сауаттылық сабағы өтті. Мақсаты: Бағдарламаның негізгі мүмкіндіктері. Қазіргі таңдағы ақпараттық технология үрдісін қолдана отырып, презентация құруда слайдтармен жүйелі жұмыс жасау. Ұстаздар «PowerPoint» бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдалану ерекшеліктерімен бөлісті. Диаграммала жасау, схемалармен жұмыс жасау тиімділігін көрсетті.

2022-12-07 17:05:17

To download

«Мұғалім жұмысындағы бұлтты серверлер» атты мастер-класс өтті...

2022 жылдың 28 қазаны күні математика пәнінің мұғалімі Ахметова Д. Д. интернет қызметтерін қолдана отырып, құжаттарды құру, өзгерту және қарастыруда бірлесе жұмыс істеу мақсатында мұғалімдерге арналған «Мұғалім жұмысындағы бұлтты серверлер» атты мастер-класс өткізді. Мұғалімдерге: «Бүгінгі таңда деректерді жойылып кетуден сақтаудың қандай сенімді әдістерін білесіз?», «Өзіңнің деректеріңді әлемнің кез келген түкпірінде өңдеудің қандай мүмкіндіктері бар?» атты түрткі сұрақтарды қарастыру арқылы, бұлтты серверлердің түрлері қарастырылды. Бұлтты серверлердің жұмыс барысында «флеш-дискілерсіз» ақпаратты тасымалдауының, ақпаратты ұзақ мерзімге сақталуының артықшылықтары айтылды.

2022-12-06 16:57:56

To download To watch

2022-2023 оқу жылы 11 «А» сынып оқушыларының аралық тестілеуінің қорытындысы

11 «А» сынып оқушыларының аралық тестілеуінің қорытындысы /Қыркүйек, қараша 2022-2023 оқу жылы/

2022-12-06 12:20:32

To download To watch

5-7 сынып оқушылары арасында балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу бойынша «Жол ережесін сақта» атты әңгіме өткізілді...

5 желтоқсан күні мектеп инспекторы А. Қ. Қасымжанова патрульдік полиция инспекторлары Т. Т. Мақажан және Д. Е. Сулембековпен бірлесіп, 5-7 сынып оқушылары арасында балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу бойынша «Жол ережесін сақта» атты әңгіме өткізді. Мақсаты: балалардың жолда жүру ережелері және мектеп оқушыларының жол-көлік жарақаттарының алдын алу туралы білімдерін бекіту. Өзара көмек атмосферасын құра отырып, ойлау қабілетін, реакция жылдамдығын, танымдық белсенділігін дамытуға ықпал ету.

2022-12-05 17:32:47

To download

First 1 2 3 4 5 61 Last