Дәреже: Все

«Мен өмірді сүйемін»

Мақсаты: 1. Өмір адам баласына бір-ақ рет берілетін өте қымбат сый екенін түсінуге, асыл қасиет адам бойында болатынын түсінуге ықпал ету; 2. Жақсы қасиетке үйретіп, жаман қасиеттен жиренту арқылы адамгершілік сезімдерін дамыту; 3. Оқушылардың өздерін жан-жақты тереңірек ашуына бағыт-бағдар беру, оқушы көзқарасын қалыптастыру. Мектебімізде мектеп психологы: Садуакасова Ф.Ж 10.12.2021 күні қыздар жиналысын өткізді. Жиналыста «Өмірге бағыт» байқау тестті арқылы қыздарға ұлы тұлғалардың суреттері беріліп, оның өзіне үлгі, өнеге боларлық ісі, мінез-құлқы туралы әңгімелеп берді. «Сын түзелмей, мін түзелмейді» психологиялық ойын өткізілді. Бұл ойында оқушы алдында екі орындық қойылып,оқушы өз сыныбындағы бір оқушының жақсы-жаман қасиеттерін айтты. Ойын барысында «Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады», «Егер сені ешкім қадір тұтпаса, мұның себебі өзіңде», «Қызғаншақтық–таяз ақылдың белгісі» деген мақалдарды ұстанды. Жиналыс соңында өзіне ұнайтын гүлді салу тапсырылды.

2021-12-10 14:23:40

Скачать Смотреть

«Оқушыларды ҰБТ-ге психологиялық тұрғыда дайындау» тренингі

Мектебімізде желтоқсан айының 8-жұлдызында 11 сынып оқушыларымен «Оқушыларды ҰБТ-ге психологиялық тұрғыда дайындау» тренингі өтті. «Сәлемдесу» Мақсаты: амандасу, топты ұйымдастыру.«Интуицияңды тексер»жаттығуы.Мақсаты: Оқушылардың интуициясының қаншалықты дамығандығын диогностикалау.Рөлдік ойын: «Кездесу» Мақсаты:Өзгенің орнында болып, тығырықтан шығу жолын табуға тырысу.«Мен хирургпін» Мақсаты:Оқушылардың ой-пікірін ортаға салу, адамгершілік қасиетін анықтау.«Гүлге қонған көбелек» Нәтижесінде оқушылар психологиялық тұрғыда дайындықтары жоғары деңгейде болды.

2021-12-08 12:54:46

Скачать Смотреть

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған дөңгелек үстел ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінің «Адал ұрпақ» мектеп клубының мүшелері 7.12.21 күні Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай дөңгелек үстел өткізді. Бұл шараның негізгі мақсаты жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастыру.Жас буынға жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынуына және орындауына көмектесудің алғышарттарының бірі деп айтуға болады.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптасқан жағдайда адам адамгершілікке жат қылықтардан бойын аулақ ұстай бастайды, заңға қайшы келетін әрекеттерді жасауға жол бермеуге тырысады. Адамды бала кезінен қазақстандық патриотизм және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау, төзбеу рухында тәрбиелеп өсіру қажет екенін ортаға салды.

2021-12-07 15:48:08

Скачать Смотреть

«Қабілеттілікті зерттеу»

Мектебімізде 3.12.2021 күні 7-сыныптар арасында «Қабілеттілікті зерттеу» бойынша оқушылардан автоматтандырылған жүйе бойынша сауалнама алынды. Мақсаты: Мамандыққа деген танымдық қызығушылық ынтасын, байқаушылығын, ілтипаттылығын дамыту; Жеке тұлғаның психологиялық құрылымы туралы түсінік беру; Сауалнаманың нәтижесі:

2021-12-06 14:26:30

Скачать Смотреть

«Өзімді өзім танумен өсіп келем...» тренинг

Мектебімізде 18.11.21 күні 5 - 6 сынып оқушыларымен «Өзімді өзім танумен өсіп келем...» атты психологиялық тренинг өткізілді.Өскелең ұрпақтың адам тәрбиесі мен қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын, ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болатындарына тоқтала өтті. «Ойлануға арналған сұрақтар», «Мейірімді жүрек», «Биіктік», «Дракон ойыны», «Қызға 40 үйден тыйым» әдістерін қолданып оқушылармен топтық жұмыс жаттығулары жүргізілді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, белсенділік танытты. Тренинг соңында әр оқушы өз ойларын көбелек қиындысына жазып жайқалып өсіп тұрған емен ағашына жапсырды.

2021-11-30 15:05:13

Скачать Смотреть

«Біз әртүрліміз, бірақ біргеміз»

Мектебімізде 19.11.2021 күні 7-сыныптар арасында «Біз әртүрліміз, бірақ біргеміз» атты тренинг өткізілді. Мақсаты: Толеранттық ұғымын кеңейту. Айнала қоршаған адамдарға кешіріммен, түсінушілікпен,ізгілікпен қарауға үйрету. Жасаған әрекеттеріне жауапкершілікпен, қасындағы адамдарға шыдамдылықпен қарауға тәрбиелеу. Ата-ана мен бала арасындағы байланысты күшейту, оқушыларды инабаттылыққа, тәртіптілікке шақыру.Ұжымдық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру.

2021-11-29 11:46:21

Скачать Смотреть

«Менің арманым» тренинг-сағат

Мектебімізде 26.11.21күні 3 сыныптарға балалардың санасына мамандық туралы ой салу мақсатында «Менің арманым» тренинг-сағаты өткізілді. Мақсаты: оқушылардың өмірге деген көзқарасын дамыту, олардың армандары мен мақсаттары жайында білу.

2021-11-27 10:04:07

Скачать Смотреть

Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы

Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы

2021-11-26 13:55:06

Скачать Смотреть

Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілді тағайындау және міндеттерін жүктеу туралы

Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілді тағайындау және міндеттерін жүктеу туралы

2021-11-26 13:52:17

Скачать Смотреть

«Адалдық сағатына» ақпарат

Мектебімізде 25.11.21 күні 8-11 сыныптарға «JasOtan» жастар қанатының төрағасы Ержан Хамитовпен «Адалдық сағаты» болып өтті. Адалдық сағатында жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар аясында өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелеу. Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. «Адалдық» деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады.Көшпелі қазақтардың адамгершілік, адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза, мәрт болатындығы туралы шетелдік саяхатшылардың қолжазбалары мен күнделіктерінен де кездестіруге болады.Адамның өз ұжданы алдында адал, шыншыл болу – өзіне-өзі қасиетті болуынан, жүріс-тұрысы ізгі болуынан ғана туады.

2021-11-25 09:32:07

Скачать Смотреть

Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 12 мамырда № 20619 болып тіркелді. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 34-1) тармақшасына сәйкес, "Педагог мәртебесі туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 3-тармағына және 16-бабының 1-тармағына негізінде БҰЙЫРАМЫН:

2021-11-24 15:31:06

Скачать Смотреть

Педагогикалық әдеп коммисия мүшелері

1. Алтаева Гүлфархад Хамиевна 2. Акшолакова Гүлжазира Рымкуловна

2021-11-24 15:30:20

Скачать Смотреть

бiрiншiсi 1 38 39 40 41 42 66 соңғысы