Әдістемелік кеңес отырысы
Дәреже: Все
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Бір сынып-бір кітап» атты кітап оқу марафонының ақпараты.18.12.24ж «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында «Бір сынып – бір кітап» атты кітап оқу марафоны 3- сыныптар арасында жалғасын тапты. Мақсаты: Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, кітап оқуға құмарлығын, кітап оқу арқылы олардың сөздік қорын,ой-өрісінің дамуын, рухани байлығын, кітап оқуға қызығушылығын арттыру. #Қарағандыоблысыбілім09 #Біртұтас_тәрбие @balkhashtv @balqash_qalasy_akimdigi @umckrg @balqash_qalasy_bilim_bolimi |
2024-12-18 16:41:12 |
Скачать Смотреть |
Ақпарат09.10.2024 жылы 5 «Б» сыныбында психологиялық жаттығу сабағы болып өтті Тақырыбы:Эмоционалды қарым-қатынас ерекшеліктері. Эмоционалды байланыс орнату. Мақсаты: Оқушылардың эмоционалды қарым-қатынас жайымен таныстыру және жағымды эмоционалды байланыс орнату дағдыларын қалыптастыру |
2024-12-09 16:15:44 |
Скачать Смотреть |
«Қыздарға әсемдік жарасады» атты тренинг.05.12.24 күні «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» Халықаралық акция шеңберінде Біртұтас тәрбие бағдарламасының жоспарына сәйкес мектеп психологі Т.Дулатова 8- сынып қыз балаларына «Қыздарға әсемдік жарасады» атты тақырыбында тренинг өткізді.Өскелең ұрпақтың, қыздардың бойына сапалы білім мен саналы тәрбиені сіңіру, болашақ жар, ана екендіктерін ұғындыру, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау, адам баласының өмірінде болатын әрбір кезеңнің өз орны, өз уақыты бар екенін ұғындыру, қыз баланың ары мен абыройы, сыры мен сымбатын сақтауы, келешек өміріне даярлығы - қыз баланың болмысын биіктететін, оның тұлғалық ерекшеліктерін айқындайтын тәрбие мен Ұлттық құндылықтар туралы айтып өтті.Қарағандыоблысыбілім09 #Біртұтас_тәрбие @balkhashtv @balqash_qalasy_akimdigi @umckrg @balqash_qalasy_bilim_bolimi |
2024-12-05 16:21:02 |
Скачать Смотреть |
«Жемқорлық індет – жою міндет» тақырыбында сынып сағат ақпаратыМектебімізде 02.12.24 күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Жемқорлық індет – жою міндет», «Адал бол!» тақырыбында сынып сағаты өтті. Оқушыларға сыбайлас жемқор лық ұғымы, сыбайлас жемқорлықтың салдары, сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің түрлі салаларына тигізетін кері әсері туралы және тақырыпты ашатын бейнероликтер көрсетілді. «Адал ұрпақ қандай болу керек? Сыбайлас жемқорлық дегенімізді қалай түсінесіңдер? деген сұрақтар қойылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрбір азаматтың парызы және әр жеке тұлға белсенді азаматтық ұстаным білдіруі қажет. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу әр адамның өз қолында екенін түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрбір азаматтың парызы және әр жеке тұлға белсенді азаматтық ұстаным білдіруі қажеттілігі жайында баса айтылды. |
2024-12-02 21:46:03 |
Скачать Смотреть |
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу актісі №6Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу актісі №6 |
2024-11-27 15:55:55 |
Скачать Смотреть |
Ақпарат23.11. күні Ұлттық бріңғай тестілеу орталығының маманы Айзада Екпінқызы келіп 11сынып оқушылары мен ата-аналарына жиналыс өткізілді. Ата-аналармен оқушыларға ҰБТ-ға байланысты ақпаратты жеткізді. Дәлірек айтсақ: 1. ҰБТ жалпы 2. Аудиторияға кіргізу тәртібі 3. ҰБТ ұзақтығы 4. ҰБТ-ны өткізу барысында тыйым салынған заттар 5. Аппеляция 6. Сынақ тестімен таныстыру Сонында ата-аналардың сұрақтарына жауап берілді. #Қарағандыоблысыбілім09 #Біртұтас_тәрбие @balkhashtv @balqash_qalasy_akimdigi @umckrg @balqash_qalasy_bilim_bolimi |
2024-11-26 14:42:00 |
Скачать Смотреть |
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Бір сынып-бір кітап» атты кітап оқу марафонының ақпараты.25.011.24ж «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында «Бір сынып – бір кітап» атты кітап оқу марафоны 4-8 сыныптар арасында жалғасын тапты. Мақсаты: Оқушылардың кітап оқу дағдысын қалыптастыру, кітапқа деген қызығушылығын артыру, кітап оқуға үндеу. #Қарағандыоблысыбілім09 #Біртұтас_тәрбие @balkhashtv @balqash_qalasy_akimdigi @umckrg @balqash_qalasy_bilim_bolimi |
2024-11-25 14:54:00 |
Скачать Смотреть |
«Буллинг және кибербуллингтен өзімізді қалай сақтаймыз?» ақпаратыМектебіміздің педагог-психологы Т.Т.Дулатова 10-11 сынып оқушыларымен «Буллинг және кибербуллингтен өзімізді қалай сақтаймыз?» атты тақырыбында психолог сағаты өткізілді.Оқушыларға әлеуметтік желілерде және буллинг жағдайында қалай әрекет ету керек екендігі жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді және тақырыбқа сай тренинг өткізілді. Мақсаты: әрбір баланың табысты дамуы үшін қолайлы жағдай жасау,физикалық,психикалық және психологиялық денсаулығын сақтау. Буллинг әр түрлi мағынаны бiлдiруi мүмкiн. Ол: • адамды мазақтау, қорлау, cоқтығыcу • оның ақшаcын нe баcқа заттарын тартып алу, оларды бүлдiру • cол жайында өceк тарату • оны eлeмeу нeмece жeкeлeту • рeнжiтeтiн, жаман әзiл айтып, баcқа адамдардың алдында ыңғайcыз жағдайға қою • ұрып-cоғу, тeпкiлeу, итeру нeмece баcқаша зақым кeлтiру Біртұтас_тәрбие#uo_krg@balqash_qalasy_bilim_bolimi@rumcdo_official@umckrg # #@umckrg # |
2024-11-25 13:34:08 |
Скачать Смотреть |
Ақпарат18.11.24 күні 8-11 сыныптарда «Адал ұрпақ» ұйымының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында «Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасы аясында эссе жазды. Оқушыларға «Сыбайлас жемқорлық» деген ұғымды түсіндіру, өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейтіп, жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. |
2024-11-19 09:42:03 |
Скачать Смотреть |
Ақпарат02.09.24 күні мектебімізде «Адалдық дүкені» жұмысын жалғастыруда. Мұнда оқушылар өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауар үшін ақшаны кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысады. Яғни, дүкенде сатушы жоқ, затты сатып алушылар өз-өздеріне қызмет көрсететін болады. Мұндай дүкендерді енгізу жастардың жағымды моральдық қасиеттерін, соның ішінде ішкі парасаттылық пен адалдықты тәрбиелеуге бағытталған. Бұл факторлар "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті" қалыптастыруға тікелей әсер етеді. |
2024-11-18 14:08:41 |
Скачать |
АқпаратМектебімізде 15.11.2024 күні «Нашақорлықтың алдын алу, есірткіге қарсы күрес» тақырыбы бойынша 9-11 сынып оқушыларына деректі фильм көрсетілді. Фильм барысында басқан өткізген оқиғалар жайында айтылды. Сонымен қатар кәмелетке толмағандар арасында зорлық зомбылықтын, нашақорлықтың алдын алу жайында ақпараттар берілді. |
2024-11-15 10:39:29 |
Скачать Смотреть |
АқпаратБіртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Саламатты мектеп» жобасы аясында «Нашақорлық Қазақстанның болашағына зор қауіп» тақырыбында 7-11 сыныптар арасында дөңгелек үстел өтті. Оқушылардың ортаға салған тақырыптары: -Әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік: -Нашақорлық; -Ойынға құмарлық(лудомания) -Ғаламтор-алаятық -Жәбірлеу немесе қорлау (буллинг) мәселелері қозғалып нашақорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Оқушылар тақырыптарда ортаға салып ойларын толық айтып өтті. |
2024-11-13 17:43:54 |
Скачать Смотреть |