Психологтың жұмысы
Дәреже: Психологтың жұмыстары
«Емтиханға 1-ай қалғанда» тренинг АқпаратСәуір айында мектеп психологы Садуакасова Ф.Ж 11-сынып оқушыларымен «Емтиханға 1-ай қалғанда»атты тренингін жүргізді. ҰБТ тапсыру кезінде өзін қалай ұстау ережесімен, жігерлендіру жаттығуларымен оқушыларды таныстырып өтті. Тренинг барысында «Құлаққа массаж»,«10 сөз», «Алғашқы көмек»,«Жағдайлар» атты рефлекция жасалды. Алдағы ҰБТ-ға сәттілік тілеп, жақсы көңіл күймен аяқтады. |
2022-04-06 14:27:33 |
Скачать Смотреть |
«Мен әлеуметтік желідегі зорлық-зомбылыққа қарсымын» сурет салу арт терапиясыНаурыз айында мектеп психологы Ф.Садуакасованың ұйымдастыруымен 7-8 сыныптар аралығында «Мен әлеуметтік желідегі зорлық-зомбылыққа қарсымын» сурет салу арт терапиясы өтті. Мақсаты: Оқушыларға зорлық зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету Зорлық –зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру. Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау. |
2022-03-09 14:59:37 |
Скачать Смотреть |
Жеткіншектік кезеңдегі агрессивті мінез-құлықты төмендетуге, жеңуге бағытталған психологиялық жұмыс. (6-8 сыныптар тренинг)Наурыз айында 6-сынып оқушыларымен мектеп психологы Ф.Садуакасова жеткіншектік кезеңдегі агрессивті мінез-құлықты төмендетуге, жеңуге бағытталған психологиялық тренинг өткізді. «Жұп болып сурет салу», «Ертегі», «Реніштер жиыны, копилка», «Антоним» Мақсаты: Топтық ұйымшылдықты дамыту, қатысушылармен қарым-қатынас орнату, сабаққа жағымды мотивация қалыптастыру, тренингке қатысушыларды таныстыру. Өзіне сенімді қылық-əрекет дағдысын бекіту, ренішпен күресуді үйрету. |
2022-03-09 14:57:20 |
Скачать Смотреть |
5-сынып оқушыларына «Менің өмірлік құндылықтарым» атты тренингАқпан айының 11-жұлдызында мектеп педагог-психологтары: С.Абеуова Ф.Садуакасова 5-сынып оқушыларына «Менің өмірлік құндылықтарым» атты тренинг өткізді. Оқушыларға өмірлік құндылықтарын, құрметтей, бағалай білуге және өз ойларын, сезімін ашық, еркін қысылмай жеткізе білуге дағдыландырды. «Жүректен-жүрекке», «5-құндылық», «Ұстаздың ұлағаттысөздері»топтық жұмыс жаттығулары жүргізілді.Тренинг соңында оқушылар бір-біріне жылы сөздер айтып, оқушылар өз ойларын ортаға салып, белсенділік танытты. |
2022-02-15 10:46:28 |
Скачать Смотреть |
«Достық шеңбері» тақырыбында тренингАқпан айының 10-жұлдызында мектеп психологы: С.Абеуова 4-сынып оқушыларымен «Достық шеңбері» тақырыбында тренинг өткізді. Шаттық шеңберімен бастап , есімдерінің бас әрпінен басталатын сын есімдерден бір-бірлеріне жақсы сөз айтып,жүрекпен алмасты. «Жағдаят», «Достық сақинасы», «Достық ағашы», «Досыңды тап» жаттығуларымен жалғасын тап. |
2022-02-10 15:15:23 |
Скачать Смотреть |
«Алтын белгіге»,«Үздік аттестатқа» психологиялық қолдауАқпан айында мектеп психологы Ф.Садуакасова 11-сынып оқушысы «Алтын белгіге»,«Үздік аттестатқа» үміткер оқушымен психологиялық жеке кездесу өткізді. Совет Мухаммадрасулға психологиялық бағыт бағдар, кеңестер беріліп, сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ дұрыс тамақтану,күн тәртібі, қорқыныш, мазасыздану, ҰБТ-ға қалай дұрыс дайындалуға болатыны айтылып, болашағын қағаз бетіне түсіру терапиясы арқылы, болашақтағы өзінің іс-әрекетін бейнелеп берумен аяқталды. |
2022-02-09 10:25:17 |
Скачать Смотреть |
«Нақты сенім»тренингМектебімізде мектеп психологы Ф.Садуакасова 11-сынып оқушыларымен «Нақты сенімді тұлға» атты тренингі өткізді. «Талдау», «Жас түлектердің стреске жақындығын айқындау», «Менің жаңа өмірім», «Афермация» жаттығулары жасалып, осы тренингтен алған әсерлерін айтып бөлісті. Мақсаты: Мектеп түлектерінің ҰБТ-ға дайындығын тексере отырып, қорқыныш пен іштей қинаған сезімдерден құтылуға, адал болуға психологиялық көмек көрсете отырып, бойларына сенімділік ұялату. |
2022-02-09 10:22:15 |
Скачать Смотреть |
«Өмірімнің мәні» атты тренингіАқпан айында 9-сынып оқушыларымен мектеп психологы Ф.Садуакасова «Өмірімнің мәні» атты тренингін жүргізді. «Өмірдің мәні туралы ойланбайтын адам бар ма?» деп оқушыларға сұрақ қоюдан басталды. Оқушылар шеңберге жиналып, бір - бірімен сәлемдесті де М. Мақатаевтың «Өмір жайлы» әнін айтып, талдау сұрақтарына жауап берді. Тренингте «Түймедейді түйедей ету», «Мен жалғыз емеспін», «Ассоциация» жаттығулары өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың өмірге деген ой пікірлерін ортаға салдыру, олардың адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа, достыққа, сыйластыққа үйрету; Өмірден өз орындарын таба білу, өмірге жақсы көзқараспен қарауға, қадірлей, бағалай білуге тәрбиелеу. |
2022-02-08 15:30:15 |
Скачать Смотреть |
7-11 сынып оқушыларының ата- аналарына жиналысМектебімізде мектеп психологы Ф.Садуакасова 5.02.22 күні 7-11 сынып оқушыларының ата- аналарына жиналыс өткізді. Күн тәртібінде «Мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастық», «Мамандық таңдау», «Балалардың желі қауіпсіздігі» тақырыптарына тоқталды. Жиналыс барысында ата–аналарға баланың болашақ өмірін қалыптастыру, интернетті дұрыс пайдалану жолдары, зияны және пайдасы туралы түсінік берілді. Жеткіншектердің мамандыққа бейімделу мен қабілеттілігін ертерек анықтап, болашақ мамандықтарын бірлесе отырып шешу керектігіне тоқталды. |
2022-02-07 09:17:11 |
Скачать Смотреть |
«Отбасылық өмірге дайындық үрдісі»Мектебімізде мектеп-психологы: Ф. Садуакасованың ұйымдастыруымен 10-11 сынып оқушыларына «Отбасылық өмірге дайындық үрдісі»тақырыбында психологиялық тренинг өтті. Тренингімізді бастамас бұрын, стресс кезінде денені бос ұстау жаттығуларынан бастап, «Күн шуағы», «Отбасым-сыйластық,жарастық орнаған ортам» (шағын дәріс),«Тілек шамы» сынды тренингтермен жалғасын тапты. Мақсаты:Оқушыларға отбасы туралы мағлұмат бере отырып, отбасын құрметтеуге,ата-анасын сыйлауға,кішіге қамқор,тату болуғатәрбиелеу. Оқушылардың отбасытуралыбілім беру,отбасы мұшелерін сыйлауға,ата-ананы құрметтеуге,біріне-бірі қамқор болуға,әр адамның отбасындаөз орны болатынын түсінуге тәрбиелеу. |
2022-02-03 10:17:57 |
Скачать Смотреть |
«Есірткі улы психотропты заттардың зияны» туралы жасөспірімдерге ақпаратМектебімізде ақпан айының 3-жұлдызында мектеп психологы Ф.Садуакасованың ұйымдастыруымен 7,8,9,10 сынып оқушыларына «Есірткі улы психотропты заттардың зияны» туралы жасөспірімдерге ақпарат,кеңес берілді. Мақсаты:Жасөспірімдерге есірткі, улы психотропты заттардың зияны түсінік беру. Теріс қылықтардан сақтандыру. |
2022-02-03 10:14:32 |
Скачать Смотреть |
«Жас мамандардың кәсіби күйіп кетпеу профилактикасы!» арт-терапияҚаңтар айында жас мамандарға арналған «Жас мамандардың кәсіби күйіп кетпеу профилактикасы!» арт-терапия тренинг өтті. Тренинг мақсаты: Мамандарды қызметтен жалығуға бой алдырмау үшін жүргізілетін терапиялармен таныстыру. Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда психологиялық ахуал қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл-күйін көтеру. |
2022-01-27 09:17:28 |
Скачать Смотреть |