Психологтың жұмысы
Дәреже: Психологтың жұмыстары
№9 жалпы білім беретін мектебінде мектеп психологының 9- сынып оқушыларымен өткізген психологиялық іс-шараның ақпараты№9 жалпы білім беретін мектебінде 21.11.22 күні мектеп психолгі 9- сынып оқушыларына кәсіптік бағдар таңдау бойынша психологиялық қолдау көрсету мақсатында «Менің мамандығым - менің болашағым» атты тренинг өткізді. Оқушылар мамандық таңдау, олардың әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта - ықыласын, қызығушылықтарын арттыруға тапсырмалар орындады. «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында оқушылар таңғадаған мамандықтары туралы ақпарат берді. ."Әріпті мамандық», «Ең - ең...» ойындарында көптеген мамандық атауларымен танысты. #Балаларжылы09 #oqu_agartu_ministrligi; #RUMCDOMONRK #ҚРБҒММОНРК #РУМЦДОМОНРК #AskatAimagambetov #karagandyoblysybilimbaskarmasy #balkash_qalasy_bilim_bolimi #9мектеппсихологы @balqash_qalasy_akimdigi @agdarbekovagulmira @uo.krg @umckrg @g.kozhakhmetoova |
2022-11-23 10:46:17 |
Скачать Смотреть |
9 жалпы білім беретін мектебінде мектеп психологының 7 сынып оқушыларымен жүргізілген іс-шараның ақпараты№9 жалпы білім беретін мектебінде 21.11.22 күні мектеп психолгі 7 сынып оқушыларымен сынып қолайлы психологиялық климат орнату және ұжымды біріктіру мақсатында психологиялық тренинг өткізді. Тренинг барысында сынып жайлы әңгімелесіп, оқушылар арасындағы қарым - қатынас туралы кеңестер айтылды. «Екеуміздің ұқсастығымыз сонда...» жаттығуында оқушылар бір-бірінің жағымды қасиеттерін айтып, мақтау сөздерін арнады. Тұлға аралық қатынастағы кедергілерді жою, коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Мен саған сенемін» атты жаттығу орындады. «Тілектер» жаттығуында оқушылар бір-біріне тілектерін арнап , тренингтен алған әсерлерімен бөлісті. #Балаларжылы09 #oqu_agartu_ministrligi; #karagandyoblysybilimbaskarmasy #balkash_qalasy_bilim_bolimi @balqash_qalasy_akimdigi @uo.krg @umckrg |
2022-11-21 11:10:30 |
Скачать Смотреть |
Жетінші және он бірінші сынып оқушыларының «Діни сауаттылық» сауалнама қорытындысының ақпаратыӨткізілген уақыты: 13.10.2022жыл. Мақсаты: оқушылардың діни сауаттылығын анықтау. Теріс ағым туралы ұғымдарын білу, діни сауаттылықты қалыптастыру. Қатысқандар: 7 – 11сынып оқушылар Барлық оқушы саны- 218 оқушы Сауалнама 5 сұрақтан құрылған және ашық түрде жүргізілді. |
2022-11-17 09:10:45 |
Скачать Смотреть |
7-8-9 - сынып оқушыларынан «Сіз өз құқығыңызды білесіз бе»? тақырыбында өткізілген сауалнама қорытындысыӨткізілген күні: 15.11.2022жыл Қатысуышлар: 7-8-9- сынып Қатысқан оқушы саны: 104 15 қараша күні 7-8-9- сынып оқушыларына «Сіз өз құқыңызды білесіз бе?» тақырыбында саланама жүргізілді. Сауалнама 10 сұрақтан құралған және жабық түрде жүргізілді. |
2022-11-17 09:08:24 |
Скачать Смотреть |
9 жалпы білім беретін мектебінде мектеп психологының 4- сынып оқушыларымен өткізген психологиялық іс-шараның ақпараты14 қараша күні мектеп психологы Сатимбекова Р.М. баланың қабілетін, ақыл-ойын дамыту, көңіл-күйін игере білуге және басқаруға арналған психологиялық тренинг өткізіді. Сыныпта оқушылардың көңіл күйлерін дұрыс бағалай білу мақсатында « Менің көңіл-күйім» жаттығуы жүргізілді. Ойлау қабілетін дамыту әдістемесі бойынша «Төртінші артық» атты жаттығуы орындалды. Жаттығу барысында оқушылар бір-бірімен бірлесе жұмыс жасады. Тренинг соңында оқушыларға есімдері жазылған жапырақтар таратылып, тілек жазу ұсынылды. Жазылған тілектер жақсылыққа бағытталған болу керектігі ескерілді. Соңында әр оқушының пікірі тыңдалды. Психолог: Сатимбекова Р.М. |
2022-11-16 11:08:43 |
Скачать Смотреть |
мектеп психологының 10- сынып оқушыларымен жүргізілген іс-шараның ақпараты№9 жалпы білім беретін мектебінде 14.11.2022 күні мектеп психолгі 10- сынып оқушыларымен сыныптағы қарым-қатынасты нығайту, өзіне деген сенімділік қабылетін дамыту мақсатында « Адами қарым-қатынас» тақырыбында тренинг өткізді. Тренингті жағымды атмосферамен бастап, өздерін жоғары бағалауға дағдыландыру үшін «Менің есімім» жаттығуы орындалды. «Өзіңді тереңірек тани біл» тақырыбында берілген сөздер арқылы әр оқушыға сипаттама берілді. «Мен ғажаппын» жаттығуында өздеріне баға беріп, мақтау, мадақтау сөздерді көбірек айтылу керектігі ескерілді. Тренинг соңында, оқушылар бір-біріне тілектерін жеткізіп, релаксациялық жаттығу жасалды. Психолог: Сатимбекова Р.М. |
2022-11-14 09:48:26 |
Скачать Смотреть |
«Мен және менің ұжымым» атты өткізілген тренингтің ақпараты№9 жалпы білім беретін мектебінде 01.11.2022 күні мектеп психолгі Р.Сатимбекова ұстаздармен «Мен және менің ұжымым» атты тренинг өткізді. Тренинг барысында жеке қасиеттерін тани білу, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру маңыздылығы мақсат етілді. Мектебіміздің ұстаздары тренингке белсенділікпен қатысты. Өз бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерін білу, түзетуге жаттығулар орындалды. Ұстаздар бірін-бірі жақын танығандықтан, әр кім өзінің айтар тілегін, қошеметін, жағымды қылықтарын білдіріп ойларын жеткізді. @balqash_qalasy_bilim_bolimi #ҚОББтәрбие |
2022-11-01 10:29:29 |
Скачать Смотреть |
№9 жалпы білім беретін мектебінде мектеп психологының 6-сынып қыз балаларымен «Мен ғажаппын!» атты өткізілген тренингтің ақпараты№9 жалпы білім беретін мектебінде 27.10.22 күні мектеп психолгі Р.Сатимбекова 6 - сынып қыз балаларымен жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, эмоционалды көңіл – күйлерін көтеру мақсатында тренинг өткізді. «Бәрі мен туралы» атты жаттығуда өздерінің қызығушылықтарымен бөлісіп, «Мен ғажаппын» бөлімінде ортаға шығып ерекше қасиеттерін айтты. Қыздармен әңгімелесе отырып, ар - намысын, сұлулығын жоғары қоя білуді, салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамытып, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескертті. #Балаларжылы09 #balkash_qalasy_bilim_bolimi#ҚОББтәрбие#@umckrg! |
2022-10-27 15:28:45 |
Скачать Смотреть |
8-сынып ұл балаларымен «Мен достарыммен біргемін» атты өткізілген тренингтің ақпараты№9 жалпы білім беретін мектебінде 13.10.22 күні мектеп психолгі Р.Сатимбекова 8-сынып ұл балаларымен «Мен достарыммен біргемін» атты тренинг өткізді. Тренинг мақсаты: оқушылардың өзін-өзі тани білудің негізгі шарттарымен таныстыру, өзін бағалата отырып, өз бойындағы сапалық қасиеттерді анықтау және бір-біріне бауырмал, жақын ететін ізгілікті қарым-қатынас орнату.Тренингте оқушылар топқа бөлініп жұмыс жасады. Өздерінің қызығушылықтарын анықтап, әртүрлі жағдаяттарды шешті. @balqash_qalasy_bilim_bolimi #ҚОББтәрбие |
2022-10-13 13:51:38 |
Скачать Смотреть |
№9 жалпы білім беретін мектебінде мектеп психологының бірінші сынып оқушыларымен өткізген психологиялық іс-шараның ақпараты10 қазан күні мектеп психологы Сатимбекова Р.М. баланың қабілетін, ақыл-ойын дамыту, ертегі айтып оның мағынасын түсіндіру, сандарды,геометриялық фигураларды, түстреді ажырата білу мақсатында психологиялық жаттығулар өткізіді. Сыныпта «Шеңбер бойындағы доп», «Зейінді бол», «Шаршыны тап» атты жаттығулар жасалды. Оқушылар эмоциялық жай-күйін көрсетіп , берілген тапсырмаларды орындап шықты. |
2022-10-10 10:56:01 |
Скачать Смотреть |
«Қауіп-қатер тобына жататын балаларға көмек көрсетудегі мұғалім рөлі» атты өткізілген іс-шараның ақпараты№9 жалпы білім беретін мектебінде 4.10. 22 күні мектеп психологы Р.М.Сатимбекова «Қауіп-қатер тобына жататын балаларға көмек көрсетудегі мұғалім рөлі» атты тақырыпта баяндама оқыды. Мектептегі жасөспірімдердің физикалық және психикалық денсаулығын нығайту және деструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында өткізілген іс-шарада қауіп факторлар мен себептері айтылды. Мектеп тарапынан жасөспірімдерге қандай қолдау көрсетуге болады, олармен қай бағытта жұмыстар атқарылатыны түсіндірілді. |
2022-10-06 10:39:16 |
Скачать Смотреть |
5 және 9 сынып ата-аналарымен «Егер балада аутодеструктивті мінез-құлық белгілері байқалған жағдайда не істеуге болады?» деген тақырыпта өткізілген іс-шараның ақпараты№9 жалпы білім беретін мектебінде 4.10.22 күні мектеп психологы бесінші және тоғызыншы сынып ата-аналарына «Егер балада аутодеструктивті мінез-құлық белгілері байқалған жағдайда не істеуге болады?» деген тақырыпта баяндама оқып, ұсыныстар айтты. Аутодеструктивті міңез-құлықтың баланың қалыпты дамуына, психологиясына әсер етуі жайлы ақпараттар берілді. «Бірбеткей баланы қалай тәрбиелеу керек? Өсу мен салауатты дамуды қолдау үшін қандай әдістерді қолдану керек? Абдырамауға және беделімді қалай сақтауға болады?» – деген сұрақтарға жауап алды. Жасөспірімнің ата-аналарына арналған ұсыныстар айтылды. |
2022-10-04 13:11:50 |
Скачать Смотреть |