Мектеп кітапханасы
Дәреже: Мобильді кітапхана
Мобильді кітапхана
«Байқоңыр даласының алыптары»Бүгін,12.04.2020ж мектеп кітапханасында 12 сәуір-ғарышкерлер күні мерекесіне орай «Байқоңыр даласының алыптары» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.Шараға 6 «В» сынып оқушылары қатысты.Оқушылар көрмеге қойылған «Ғылым»,және «Білімдар» энциклопедияларымен,еліміздің ғарышкер-ұшқыштары,халық батырлары Т.Әубәкіров,Т.Мұсабаев және А.Айымбетовтердің өмірі,қызметтері және космос кеңістігін бағындырудағы жасаған ерліктері туралы да материалдармен таныстырылды. Іс-шараға оқушылар қызығушылықпен қатысты,өз ойларын ортаға салды. Мақсаты: Ғарыш кеңістігін игерудегі жетістіктерді қазіргі өмірмен байланыстыра отырып түсіндіру. Оқушылардың тарихи, ғылыми танымын кеңейту, білімділігін арттыру. |
2021-04-12 09:29:09 |
Скачать Смотреть |
«Наурыз-ынтымақтастық пен достық мерекесі »Жалпы білім беретін № 9 мектеп кітапханасында оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, ана тілін, оның тарихын, өнерін, мәдениетін қастерлеуге, қазақтың салт – дәстүрлерімен ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мақсатында «Наурыз-ынтымақтастық пен достық мерекесі » атты кітап көрмесі ұйымдастырылды Кітапханашы Г.Кәрім оқушыларға Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесінің тарихына шолу жасап, кітап көрмесіне қойылған «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті» атты энциклопедиялармен таныстырды.Сонымен қатар мемлекетімізде тұратын көптеген ұлт өкілдерінің бір шаңырақ астында тату-тәтті тең құқықпен өмір сүріп жатқандығы туралы айтып,оқушыларға үлгі етті.Қазақстандағы Наурыз құнарлылықты,достық пен махаббатты білдіретіндігі, осы күні адамдардың әсем киініп,туған-туыстарына,жақын адамдарға қонаққа баратындығы және жақсы тілектер білдіретіндіктері туралы айтылды. Оқушылар Наурыз туралы өз ойларын жарыса айтты,іс-шараға қызығушылықпен қатысты. |
2021-03-17 08:53:48 |
Скачать Смотреть |
«Ауғанстан-жүректегі жара» атты ерлік сабақ ақпарат12.02.2021 ж мектеп кітапханасында «Ауғанстан-жүректегі жара» атты ерлік сабағы өтті.Сабаққа 3 сынып оқушылары қатысты. «Ер есімі-ел есінде» атты көрмеге шолу жасалды. Шараның мақсаты: Ауған оқиғасы жайлы оқушыларға мәлімет беру. Тәуелсіздік жолында күрескен аға – апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу.Отанға деген патриоттық сүйіспеншілігін қалыптастыру;өз тарихына қызығушылығын арттыру. |
2021-02-12 14:18:27 |
Скачать Смотреть |
«Кітап-білім бұлағы» атты интеллектуалды ойын ақпаратыБүгін, 2021 жылдың 13 қаңтарында мектеп кітапханашысы Г.Кәрімнің ұйымдастыруымен «Кітап-білім бұлағы» атты интеллектуалды ойын өтті. Ойынға 5 «ә,б» сынып оқушылары қатысты.Интеллектуалды ойын 6 бөлімнен тұрды.Екі топқа бөлініп,топ басшылары сайланды.Анаграмма,жұмбақтар шешті,мақал-мәтелдер айтты,кітап жарнамасын жасады.Балалар қызығушылықпен атсалысып,тапқырлық танытты.Ойын соңында белсене қатысып,озық ойын көрсеткен топтарға І,ІІ орындар беріліп,алғыс хаттар табысталды. |
2021-01-14 09:36:37 |
Скачать Смотреть |
"Мемлекеттік рәміздер - ұлт мақтанышы атты кітап көрмесіБүгін, 2020 жылдың 07 қазан күні мектеп кітапханасында "Мемлекеттік рәміздер тарихы" атты кітапханалық сағат өтті. Шараға 4 сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы рәміздердің шығу тарихына жеке-жеке тоқталып, тың мағлұматтар берді. Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап берді, рәміздер туралы жазылған ақындардың өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар,кітапханашы "Мемлекеттік рәміздер - ұлт мақтанышы атты кітап көрмесіне шолу жасады. |
2020-10-07 13:35:47 |
Скачать Смотреть |
Оқуға ұсынылатын кітаптар. |
2020-05-17 17:42:22 |
Скачать |
Оқуға ұсынылатын кітаптар. |
2020-05-17 17:41:49 |
Скачать |
Оқуға ұсынылған кітаптар. |
2020-05-17 17:41:12 |
Скачать |
Кітап түрлері. |
2020-05-17 17:40:16 |
Скачать |
Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні#ЖББ9ортамектеп #23сәуір #Дүниежүзіліккітапжәнеавторлыққұқықкүні #Үйденшықпаелдісақта #Бізбіргеміз #Кітапоқы Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні 1996 жылдан бастап 23 сәуір күні тойланады. Ол 1995 жылы 15 қарашада ЮНЕСКО-ның 28-сессиясында бекітілді. |
2020-04-23 20:29:46 |
Скачать |
10 сынып10 сынып |
2020-04-10 12:20:01 |
Скачать |
10 сынып10 сынып |
2020-04-10 12:20:00 |
Скачать |