Нашақорлыққа жол жоқ

Дәреже: Нашақорлыққа жол жоқ

Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жүргізілген дәріс

2025 жылдың 7 қараша күні ЕҚҚІҚБ жедел уәкілі полция аға лейтенанты Б.А.Куанышбеков, мектеп инспекторы Г.А.Тохтиева «Нашақорлыққа жол жоқ», «Құқық бұзушылықтың алдын алу», «Түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың жүріс-тұрысы» тақырыбында 8-11 сынып оқушыларына дәріс өткізді. Мақсаты: құқық бұзушылық пен келеңсіз жағдайларды барынша болдырмау және алдын алу, оның зияндылығы мен қауіптілігін түсіндіруде - өскелең ұрпаққа құқықтық тәрбие беру, оның мақсат – міндеттерін дұрыс түсіндіру. Кәмелетке толмағандарға түнгі сағат 22.00-ден таңғы 06.00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде, түнгі сағат 23.00-ден кейін далада ата-анасының қарауынсыз жүруге тыйым салынатынын айтты.

2025-11-07 16:49:54

Скачать Смотреть

"Есірткі – біздің жауымыз" тақырыбында суреттер байқауы

05.11.2025 күні "Есірткі – біздің жауымыз" тақырыбында суреттер байқауы өткізілді. Байқау барысында оқушылар есірткіге қарсы көзқарастарын шығармашылықпен жеткізіп, салауатты өмір салтын насихаттады. Бұл оқушылардың рухани дамуына, шығармашылық қабілетін арттыруға және әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталды.

2025-11-05 14:20:54

Скачать Смотреть

Ақпарат

Мектебімізде 20.01.2025 күні «Нашақорлыққа жол жоқ тақырып» тақырыбы бойынша 5-11 сыныптарда сынып сағаттары жиын өтті. Оқушыларға есірткіден, темекіден, электрондық темекіден, энергетикалық сусындарды қолданудан аулақ болуға үйрету, түрлеріне тоқталып, зардабы мен зияны туралы ақпарат берілді.

2025-01-20 15:42:37

Скачать Смотреть

Ақпарат

Мектебімізде 15.11.2024 күні «Нашақорлықтың алдын алу, есірткіге қарсы күрес» тақырыбы бойынша 9-11 сынып оқушыларына деректі фильм көрсетілді. Фильм барысында басқан өткізген оқиғалар жайында айтылды. Сонымен қатар кәмелетке толмағандар арасында зорлық зомбылықтын, нашақорлықтың алдын алу жайында ақпараттар берілді.

2024-11-15 10:39:29

Скачать Смотреть

Ақпарат

Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Саламатты мектеп» жобасы аясында «Нашақорлық Қазақстанның болашағына зор қауіп» тақырыбында 7-11 сыныптар арасында дөңгелек үстел өтті. Оқушылардың ортаға салған тақырыптары: -Әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік: -Нашақорлық; -Ойынға құмарлық(лудомания) -Ғаламтор-алаятық -Жәбірлеу немесе қорлау (буллинг) мәселелері қозғалып нашақорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Оқушылар тақырыптарда ортаға салып ойларын толық айтып өтті.

2024-11-13 17:43:54

Скачать Смотреть

«Мектептегі бопсалаудың алдын алу. Жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында өткізілген дәрістің ақпараты

2024 жылдың 20 қыркүйек күні тақырыбында Балқаш қаласы прокуратурасының прокуроры Шаймұрат Айбол Қайыржанұлы 8-11 сынып оқушыларына «Мектептегі бопсалаудың алдын алу. Жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу» дәріс өткізді. Мақсаты: қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Оқушыларға нашақорлық адамзат баласының денсаулығы мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатердің бірі екенін айтып өтті. Сонымен қатар, нашақорлықтың алдын алу, біздің ортақ мақсатымыз. Ғасыр індетімен күресу, оның жайылуына қарсы тұру біздің міндетіміз екенін айтты. Біртұтас_тәрбие #uo_krg @balqash_qalasy_bilim_bolimi @rumcdo_official @umckrg # #@umckrg #

2024-09-24 14:10:42

Скачать Смотреть

Нашақорлықтың алдын алу ақпараты

Терроризмнің, нашақорлықтың алдын-алу бойынша мектеп оқушыларына деректі фильм көрсетілді. нашақорлықтың алды алу, біздің ортақ мақсатымыз. Ғасыр індетімен күресу, оның жайылуына қарсы тұру біздің міндетіміз екенін көрсетті. #Төтеншежағдай #ҚОББТӘРБИЕ #Балқашполиция_бөлімі Біртұтас_тәрбие #uo_krg @balqash_qalasy_bilim_bolimi @rumcdo_official @umckrg # #

2024-09-06 16:27:35

Скачать Смотреть

Нашақорлықтың алдын алу бойынша өткізілген дәрістің ақпараты

2024 жылдың 18 сәуірі күні Балқаш қаласы ПБ ЖПҚБ полиция бөлімінің қызметкері Қуанышбек Бексұлтан 11 сынып оқушыларына нашақорлықтың алдын алу бойынша «Жаман әдеттерден аулақ бол!» тақырыбында дәріс өткізді. Мақсаты: оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдептілікке, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу. Сонымен қатар жасөспірімдерге зиянды әдеттер өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерте отырып, есірткі, ішімдік, темекі, электронды темекімен ұсталғанда қолданатын шаралармен таныстырды. Қарағандыоблысыбілім09 #Біртұтас_тәрбие#ҚОББТӘРБИЕ #uo_krg @balqash_qalasy_bilim_bolimi @rumcdo_official @umckrg @balqash_qalasy_akimdigi @balqash_qbb

2024-04-18 16:40:21

Скачать

Жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын

Жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын .#Біртұтас_тәрбие #ҚОББТӘРБИЕ #uo_krg @balqash_qalasy_bilim_bolimi @rumcdo_official @umckrg @balqash_qalasy_akimdigi @balqash_qbb #

2024-04-10 17:58:03

Скачать

" Нашақорлықтың алдын алу"

Мектебімізде нашақорлық - ғасыр дерті екендігін,адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, алдын алу,саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу, оқушының ой-өрісін дамыту, іздендіру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында Мектеп парламенті 7 сынып оқушыларына " Нашақорлықтың алдын алу" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, топтық тапсырмалар орындатты. #Біртұтас_тәрбие #ҚОББТӘРБИЕ #uo_krg @balqash_qalasy_bilim_bolimi @rumcdo_official @umckrg @balqash_qalasy_akimdigi

2024-04-10 14:55:35

Скачать Смотреть

«Жас ұрпақ салауатты өмір салтын таңдайды» тақырыбында өткізілген спорттық ойын ақпараты

Мектебімізде 01.03.24 күні «Жас ұрпақ салауатты өмір салтын таңдайды» тақырыбында 1-6 сыныптар арасында эстафеталық спорттық ойындар өткізілді. Өркениетті дамыған қоғамды тек — дені сау адам ғана құра алады деп айтар болсақ, жастарымыздың денсаулығы мықты, рухани дүниесі бай, жаны мен тәні таза, танымдық белсенділігі мен шығармашылық қабілеті ерекше, адамгершілігі мен имандылық қасиеті үйлескен тұлғаларды тәрбиелеу басты міндетіміз.

2024-03-02 14:02:17

Скачать Смотреть

Ақпарат «Электрондық темекінің зияны»

29.02.2023 жылы мектебімізде 7-8 сынып оқушылар арасында «Электрондық темекінің зияны»тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: Жас ұрпаққа “Қазақстан – 2030” бағдарламасының басты міндеттерінің бірі–салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, бағалы байлық екендігін түсіндіріп, зиянды заттарды қолдануға деген теріс көзқарастарын қалыптастыра отырып, темекінің ағзаға тигізетін әсері және одан туындайтын ауру түрлерін білуге тәрбиелеу. Іс-шара барысында оқушылар аталған тақырып аясында өздерінің жұмыстарын слайд және бейнетаспа арқылы жан-жақты мәлімет беріліп қорғады. Шара соңында қатысушылардың жұмыстарын әділ-қазылар бағалап, I II III орынмен марапатталды.

2024-02-29 09:38:30

Скачать Смотреть

бiрiншiсi алдың. 1 2 3 соңғысы