Размер шрифта:

Нашақорлыққа жол жоқ

Дәреже: Нашақорлыққа жол жоқ

«Құқық бұзушылық пен оқушылардың зиянды әдеттерінің алдын алу», «Нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында өткен жиналыс ақпараты

03.04.23 күні мектебімізде «Құқықтық білім мен құқық бұзушылықтың алдын алу», «Діни экстремизм, терроризм — бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» , «Нашақорлықтың алдын алу» тақырыптарында Балқаш қаласы полиция бөлімі ЭҚІҚБ-нің жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Кусайнов С.А,Балқаш қаласы ПБ ЕҚҚІҚБ жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Шәкарім Н.Е., Балқаш қаласы ЖПКБ ЮПТ учаскелік полиция аға лейтенанты Нұрбек А.А., 8-10 сынып оқушыларына дәріс өткізді. Оқушылардың мектептегі, көшедегі өзін ұстау қағидалары, күнделікті өмірдегі негізгі құқықтары туралы,түнгі уақыттағы заңды өкілінсіз жүруіне тиым салынатындығы туралы, құқық бұзушылықтың алдын алу, электронды темекі ,түнгі уақытта ойын –сауық жерлерінде, кафелерде, саябақтарда жүруі, ұсақ бұзақылық, сабақты себепсіз босатуы,жайында тоқталды. Нашақорлықтын алды алу, біздің ортақ мақсатымыз. Ғасыр індетімен күресу, оның жайылуына қарсы тұру біздің міндетіміз екенін айтты. «Жалған терроризм» үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған» қазіргі таңда жалған ақпараттар беріп, елді дүрліктіретіндер кездесіп жатады. Оның ішінде терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау аса ауыр қылмыс қатарында тұр. Технология дамыған мына заманда жалған хабарды жеткізген адамның мекенжайы мен жеке басын анықтау қиын емес. Атап өтер болсақ, мұндай құқық бұзушылықтар қоғамдық резонанс тудырады. Сонымен қатар көбінесе жалған хабарламаларды мас халдегі ересектер немесе кәмелетке толмаған жасөспірімдер қасақана жасайтындығын ескертті.

2023-04-03 17:10:32

Скачать Смотреть

№9 жалпы білім беретін мектебінде 13.03.23 күні өткізілген ата –аналар жиналысының ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 13.05.23 ж. күні 5-10 сыныптың ата –аналарына ZOOM платформасы арқылы қашықтықтан ата-аналар жиналысы өткізілді.Жиналыста қала прокурорының прокуроры , Д. Куанышбеков құтқарушылар орталығының медбикесі Б.С. Абжанов, Балқаш қаласы бойынша бөлімінің дәрігері- эпидемиолог А Абдолдаева, мектеп психологі Р.Сатимбекова, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Сагимбекова қатысты. Күн тәртібіндегі қарастырылған мәселелер төмендегідей: 1.«Отбасы мен мектептің өзара қарым-қатынасының 2.«Зиянды әдеттердің алдын алу. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заң» 3.«Көктем мезгіліндегі мұздағы қауіпсіздік ережелері» 4.Жасөспірімдердің нашақорлығы - қазіргі қоғамның қасіреті 5. Буллинг және оның алдын алу сұрақтары қамтылды. Ата- аналарға қауіпсіздік шаралары туралы ақпараттар беріліп алдын алу жұмыстары жүргізілді.Балалардың өмірін, денсаулығын, қауіпсіздігін және бала құқығын қорғау туралы негізгі сұрақтары қамтылды.

2023-03-15 10:59:11

Скачать Смотреть

Нашақорлықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстардың ақпараты

Мектебімізде 2023 жылдың 23 ақпаны күні нашақорлықтың алдын алу мақсатында ZOO желісі арқылы 7-8 сынып оқушыларына «Электронды темекі –ХХІ ғасыр дерті» тақырыбында дәріс тыңдалды. Мақсаты: оқушыларға әлемді алаңдатып отырған нашақорлық, темекі сияқты зиянды әрекеттердің көбейіп бара жатқандығын ескерте отырып, оны болдырмаудың алдын – алуға тәрбиелеу. Оларды жаман әдеттерден сақтандыру. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту және тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру.

2023-02-03 14:40:03

Скачать Смотреть

«Нашақорлықтың алдын алу» ақпарат

16.01.23 күні мектебімізде «Нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында қала сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттарында оқушыларға нашақорлықтын алды алу, біздің ортақ мақсатымыз. Ғасыр індетімен күресу, оның жайылуына қарсы тұру біздің міндетіміз. Дүниедегі ең құнды, ең бағалы зат – ол сенің өмірің. Сенің өмірің, сенің амандығың, сенің жарқын әрі айқын болашағың өз қолыңда! Дұрыс таңдау – жарқын болашаққа бастар көпір және бақытты өмірдің айнасы екені атылды.

2023-01-16 14:44:10

Скачать Смотреть

Құқықтық білім беру отырысының ақпараты

2022 жылдың 1 желтоқсаны күні құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша 7-11 сынып оқушыларына «Электронды темекінің зияны» тақырыбында ұлдар ұйымының жетекшісі С.Ельшибеков, медбике Т.Ерденбек және әлеуметтік педагог Ж.Төлеген дәріс өткізілді. Мақсаты: темекі шегудің денсаулыққа қауіпті екендігі туралы мағлұмат беріп, одан жиіркенуге, темекі улы екенін айтып, ұжым болып жұмыс істеуге тәрбиелеу. Оқушыларды зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға, салауатты өмір салтын сақтауға, жат қылықтан аулақ болуға тәрбиелеу. #Балаларжылы09 #oqu_agartu_ministrligi #RUMCDOMONRK #ҚРБҒММОНРК#РУМЦДОМОНРК #karagandyoblysybilimbaskarmasy #balkash_qalasy_bilim_bolimi @balqash_qalasy_akimdigi @agdarbekovagulmira @uo.krg @umckrg @g.kozhakhmetoova

2022-12-01 10:21:03

Скачать

Ел жастарының ендігі ермегі – электронды шылым пікірталас

Мектебімізде 16.11.2022 күні Халықаралық темекімен күрес күніне орай “Ел жастарының ендігі ермегі – электронды шылым” атты тақырыбында 7-8 сынып оқушылар арасында пікірталас ұйымдастырылып, оқушылар өз ойлармен бөлісті. Оқушыларға темекі қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, сана-сезімдерін дамыта түсу, мақсатында ұйымдастырылды.

2022-11-16 12:10:18

Скачать Смотреть

ЖИТС - тың алдын алу жане куресу орталыгының Балқаш қаласы бойынша бөлімінің дәргері- эпидемиолог мен кездесу ақпараты

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының облыстық ЖИТС - тың алдын алу жане куресу орталыгының Балқаш қаласы бойынша бөлімінің дәрігері- эпидемиологы - Батырбекова Айгуль Абдолдаева мен 9.11.22 күні 8-11 сынып оқушылары кездесті. Кездесу барысында «ЖИТС – алдын алудың өзекті мәселелері» ЖИТС ауруының эпидемиологиялық (індеттің) жағдайы тақырыбында баяндама оқыды.Оқушылар сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салды.

2022-11-09 16:55:46

Скачать Смотреть

Нашақорлықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстардың ақпараты

Мектебімізде нашақорлықтың алдын алу мақсатында мектеп фойесіне ақпараттық стенд қойылып, мектеп оқушыларына таныстырылды. Оқушыларға жаман әдеттен аулақ болуға, адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдептілікке, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу мақсатында, сонымен қатар жасөспірімдерге зиянды әдеттер өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерте отырып, есірткі, ішімдік, темекі, электронды темекімен ұсталғанда қолданатын шаралармен таныстырылды. #балаларжылы09 #годребенка09

2022-10-28 11:32:52

Скачать Смотреть

«Жас қыран» ұлдар ұйымының ақпараты

26.10.22 күні 1-4 сынып оқушыларына «Әлімжеттік жасау – әлсіздік» тақырыбында «Жас қыран» ұлдар ұйымының жетекшісі С.Ельшибеков ұлдар жиналысын өткізді.Оқушыларға салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі- бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу екендігін түсіндіріп өтті.Сонымен қатар балалардың күз мезгілінде үйде, көшеде, табиғатта қауіпсіздік ережесін сақтай білу жөніндегі білімдерін бекіту өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға, қауіпсіздік ережелерін сақтау жайында ақпараттар берді.

2022-10-26 15:02:16

Скачать Смотреть

Нашақорлықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстардың ақпараты

2022 жылдың 18 қазаны күні құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша Балқаш қаласы ПБ ЖПКБ полиция капитаны Касымжанова Анар Кожановна 7-11 сынып оқушыларына «Жас өспірім және Заң» тақырыбында дәріс өткізді. Дәрісте оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдептілікке, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу. Сонымен қатар жасөспірімдерге зиянды әдеттер өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерте отырып, есірткі, ішімдік, темекі, электронды темекімен ұсталғанда қолданатын шаралармен таныстырды. #балаларжылы09 #годребенка09

2022-10-26 14:41:37

Скачать Смотреть

«Жас қыран» ұлдар ұйымының жиналысы

Мектебімізде 7 қазан күні «Ұлағат» әкелер ұйымының төрағасы Б.Рахымбеков «Ұл бала- ұлт қорғаны» тақырыбында 7-11 сынып оқушыларына жиналыс өткізді. Салауатты өмір сүру салтын насихаттау, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру, отбасында да, қоғамдық ортадағы тәрбиеде де ер баланы еңбек етуге, еңбексіз бос отыра алмайтындай сезімге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.Үлкен ұрпақтың тәжірібиесі, өмірдегі беделі, ақыл-кеңестері, ата-ананың өз борышын мүлтіксіз орындауы, бір-бірін құрметтеуі – үлкен тәрбие мектебі екеніне тоқталды.@uo_krg @balqash_qalasy_bilim_bolimi #ҚОББтәрбие

2022-10-26 14:39:19

Скачать Смотреть

Ата-аналар жиналысының ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 16.09.22 күні «Ата-ана баланың бас ұстазы» тақырыбында 1-9 сыныптың ата-аналарына жиналыс өтті. Жиналыста мектеп директоры Д.Жолдасова, Балқаш қаласы ЖПКБ ЮПТ учаскелік полиция аға лейтенанты Нұрбек Аян Алтайұлы, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Д.Сагимбекова мектеп психологы Р.Сатимбекова, әлеуметтік педагог Ж.Төлеген «Ұлағат» әкелер кеңесі, «Мейірім» аналар мектебінің мүшелері қатысты. Барлық қатысқан ата – аналар саны – . Мектеп директоры Д.Жолдасова биылғы оқу жылындағы оқу үрдісі бойынша ерекшеліктерге тоқталды. Ата-аналарға құқық бұзушылықтың алдын алу, электронды темекі ата –ананың заң алдындағы жауапкершілігі жайында ақпарат берілді. 7-9 сынып ата аналарына «Мамандық таңдауға жеті қадам» тақырыбында баяндама оқылды. Тамақтануды ұйымдастыру және тегін ыстық тамақпен қаматамасыз ету уақыттары хабарланды. Оқушы бейнесі,оқушылардың сабаққа келу уақыты мен мектеп ережесі ескертілді. @uo_krg@#balqash_qalasy_bilim_bolimi#ҚОББтәрбие#баларжылы09

2022-10-26 14:38:22

Скачать Смотреть

бiрiншiсi 1 2 3 кел. соңғысы соңғысы