Материалы
Категория: Все
Оспанбекова Ботагоз МаратовнаҰйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы 2-ші кіші топ Оспанбекова Ботагоз Маратовна Білім саласы: Коммуникация Бөлімі: Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Менің Қазақстаным» |
2019-04-04 15:42:39 |
Скачать Смотреть |
Тусупбекова Жания ИнтзарбековнаҰйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы 18.03.2019ж. Ортаңғы топ |
2019-04-04 15:21:01 |
Скачать Смотреть |
Тәрбиеші Божанова А.К.Оқу қызметі.Тақырыбы:Жыл мезгілі |
2019-04-03 22:09:25 |
Скачать Смотреть |
Ұйымдастырылған оқу қызметінің техналогиялық картасы Күні: 07 айы: қазан 2016 ж Білім беру салалары:коммуникация Бөлімі: Көркем әдебиет Тақырыбы: «Менің Отбасым» Мақсаты:Отбасы туралы түсініктерін кеңейту.Мақсаты:Отбасы туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: Білімділік: Отбасы мүшелерін дұрыс атауға, сәлемдесіп, қоштасуға, үлкенді сыйлап , құрметтеуге үйрету. Дамытушылық: Отбасында үлкенге-құрмет, кішіге қамқорлық жасауға баулу. Тілін дамыту. Тәрбиелік: Инабаттылыққа , кішіпейілділікке, адамгершілікке тәрбиелеу, өз ойын, пікірін жеткізе білуге баулу. Керекті құралдар: Отбасы жайлы суреттер Костілділік:отбасы- семья, ана-мама, әже-бабушка, ата-дедушка. Қызмет кезеңдері Тәрбиеші әрекеті Балалардың әрекеттері Мотивациялық түрткі болатын Балаларды шеңберге тұрғызып «Достық жыры» өлеңін айтқызады. Тәрбиешімен бірге өлең жолдарын орындайды. Ұйымдық іздену Балаларды орындарына жайғасады. - Балалар , бүгін біз оқу-іс әрекетінде «Менің отбасым» тақырыбында әңгімелесеміз. - Балалар сендер Отбасы деген сөзді қалай түсінесіңдер? Тақтаға «отбасы» тақырыбында сурет ілінеді. -Балалар суретте кімдерді көріп отырмыз? Дұрыс айтасыңдар балалар. Отбасы дегеніміз-сыйластықтың жақындықтың белгісі. Әр адамның өз отбасы болады. Отбасы бірнеше адамнан тұрады: Ата-әже, әке- ана,аға,әпке,іні-қарындас,олар кез- келген істі бірігіп атқарады, бір-біріне көмектеседі. -Кім бізге өз отбасы жөнінде әңгімелеп береді. -Сендер аналарынды, әже-аталарынды, әпке, сіңілдерінді, туыстарынды қалай жақсы көресіңдер? -Ал аналарын сендерді қалай жақсы көреді? Балалар шаршаған боларсыңдар, сергіп алайық. Атам домбыра тартады Әжем тоқыма тоқиды Әкем жарып ағашын Анам киім жуады, Ал мен болсам би-билеймін күлемін. Есік қағылып әже кіреді. -Амансыңдар ма балапандарым. Мен ұзын құлақтан «Ақжелкен» тобының балалары отбасы жайлы әңгімелесіп жатқанын естідім. Кішкентай немерелеріме ақылымды айтуға келдім және базарлығым тағы бар. Әженің әңгімесі. -Рахмет әже сіз шаршаған боларсыз.Енді балалардың отбасы жайлы тақпақтары болса тамашалайық. -Әже дидактикалық ойын ойнатады. «Дұрысын тап» Ойын шарты: тақтаға отбасы мүшелерінің суреттері ілінеді.(ата-әже, әке-ана). Осы суреттердің астында әр түрлі заттар бейнеленген ұсақ суреттер болады. Балалар кезек-кезек шығып, әркімнің өзіне тиесілі бұйымды отбасы мүшесінің тұсына орналастырады. -Рахмет сізге ойының өте қызықты екен. Бізде сізге сыйлық жасағымыз келіп тұр. -Балалар барлығымыз жүрегіміздің жылуын күн бейнесінде бейнелеп әжемізге сыйлайық. -Ал балалар мен үйге қайтайын, менің өсиеттерімді ұмытпаңдар. Сау, болыңдар. Тәрбиешіні мұқият, зейін қойып тыңдайды Сұрақтарға толық жауап береді. -Отбасы суретінде ата-әже, ана-әке,балалар бейнеленген. -балалардың жауаптары, Екі –үш бала өз отбасы туралы әңгімелеп береді. -құшақтаймыз, жылы сөздер айтамыз, мазаларын алмаймыз, ойыншықтарымызды жинаймыз, әкеміздің қасында көлігін жөндегенде құралдарды әперіп көмектесеміз. -ботам,жаным,күнім, мысығым. құлыным, Сергіту сәтін жасайды. Балалар әжемен амандасады. -Сәлеметсіз бе әже. -Әже келгеніне қуанады және әңгімесін зейін қойып тыңдайды. -Балалардың тақпақтары. -Әже алып келген ойынды ойнайды. -Балалар бояуға алақандарын малып, қағаз бетіне түсіреді. Рефлексивтік-түзету - Бүгін біз не жайында әңгімелестік? - Отбасы орысша қалай аталады? - Отбасы мүшелері туралы әңгімелестік. Орысша семья деп аталады. Күтілетін нәтиже: Нені біледі:Отбасы мүшелерін ажыратуды және олармен дұрыс қарым қатынас жасауды білді. Қандай түсініктерді игерді:Үлкенді сыйлап,құрметтеу керектігін түсінеді. Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Отбасы туралы түсініп өз ойларын толық жеткізе біледі. Тәрбиеші: Жұмашева А.М. |
2016-10-07 12:57:20 |
Скачать Смотреть |
«Ана тілім - асыл қазынам» ұйымдастырылған оқу қызметі. Өткізілетін күні: 06 қазан 2016жыл Жас ерекшелігі, топ атауы: Еркетай тобы Білім беру саласы: Қатынас Ұйымдастырылған оқу- қызметінің түрі: Тіл дамытуТақырыбы:Тіл- ел тірегі» Мақсаты: Мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру. Сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі қазақ тілін ұрпақтың бойына сіңіре білуге және туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу. Қолданылатын көрнекі құралдар: Қ.Р мемлекеттік рәміздері, шарлар, жалаушалар. Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап. Шаттық шеңбері Балалар шеңберге тұрып, педагогпен бірге бүгінгі күндеріне сәттілік тілейді. Т: Балалар қазір жылдың қай мезгілі. Б: Қазір жылдың күз мезгілі. Т: Күз айларын атаңдаршы? Б: Күз айлары қыркүйек, қазан, қараша. Т: Бүгін бізде мереке. Қандай мереке білесіңдер ме? Б: Бүгін 22 қыркүйек тіл мерекесі. Ана тілі-адам болып жаралғннан бері адамның жан дүниесінің айнасы, мәңгі құрметтейтін бәйтерегі. Т: Тіл туралы қандай тақпақ білесіңдер? Омар:Ана тілің-арың бұл Ұятың боп тұр бетте, Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте Айша: Ана тілім бал тілім Өзің барда шалқыдым Өз тілімде ән шырқап Термелетіп балқыдым Дина: Ақыл ойын дананың Ана тілден аламын Ана тілім ардақты Ақ сүтіндей анамның. Назар: Тілім барда мақтанам. Тілім менің аппақ ән Бірлігімді бүгінгі Ана тілім сақтаған. Шұғыла: Өсірген ой білімді Сүйем туған тілімді Мақсат етем әр сөздің Мәнін терең білуді Тамерлан: Ана тілді білмесем Шат-шадыман күлмес ем Жер бетінде сайраңдап Қазақ болып жүрмес ем Аділет: Ана тілің біліп қой Еркіндігің, теңдігің Ана тілің біліп қой Мақтанышың, елдігің Т:Жарайсыңдар балалар тіл туралы көптеген тақпақтар біледі екенсіңдер. Дидактикалық ойын: «Кім зерек» Ойын шарты:Тақтадан жануардың суреті беріледі. Сол суретке қарап, бала жануардың атын атап және сол жануардың төлінің атын атау керек. Т: Тіл туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер. Жансая: Өнер алды қызыл-тіл. Айша: Тіл қылыштан өткір. Ақсана: Тіл тас жарады Тас жармаса бас жарады. Қарлығаш: Басқа пәле тілден. Қорытындылау Осымен біздің Тіл мерекесіне арналған оқу іс-әрекетіміз өз мәресіне жетті Бағалау және мадақтау. Күтілетін нәтиже: Біледі: өз тілі туралы ұғынады, тілдің маңызды екенін біледі. Игереді: Өз тілінде анық еркін сөйлей алуды. Меңгереді: өз елінің ұлттық құндылықтарын. |
2016-10-07 12:52:36 |
Скачать Смотреть |
Мектепке дейінгі ұйымда ғылыми- әдістемелік жұмысты жаңа технологиялар арқылы жүзеге асыру Б. Даркеева тәрбиеші «Балқаш қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балдырған» мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мекеме» коммуналдық мемҚазіргі таңда еліміздің білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты - ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу. Білім ғылым саласында инновациялық педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Сондықтан мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты – баланың жеке басының қалыптасуымен дамуы болып отыр. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие-үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» деп атап көрсетілгендей бүгінгі таңда балабақшадағы оқу тәрбие жұмысын жан-жақты жетілдіру мәселесі басты назарда болуы тиіс.Сондықтан мемлекетіміздің даму, жаңару жолындағы жаңалықтар мен түрлі өзгерістер еліміздің білім беру саласында да өз әсерін тигізуі сөзсіз.Бүкіл әлемдік білім беру кеңістігіне ұмтылыстар,қоғам дамуында қалыптасып отырған жаңа жағдаяттар,тыңынан туындаған мәселелер,өзгеріп жатқан өмірге бейімделу қажеттілігі туындайды.Өйткені,Ғылым мен техника аршындап алға басып,қарыштап қадам басқан ххI ғасырда бүкіл әлемді шарлап келе жатқан жаһандану процесі,ғылым мен білімді игерудегі бәсекелестікке т.б.дүние өзгерістері бізді де толғандырады. Жаңа заман баласы ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр сырына нықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. Әрине, олүшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуында педагогтардың педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты. Яғни, инновациялық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау қазіргі таңдағы әрбір педагогтың міндеті. Қоғамдағы қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі мекемелердегі білім беру жүйесінде оқыту, тәрбие беру үрдісін технологияландыру - басты мәселенің бірі. Осыған орай мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеуді әртүрлі технологиялары жасалып енгізілуде. Білім беру жүйесінде қолданылып жүрген инновациялық технологиялар: ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру, ойын арқылы оқыту, проблемалық оқыту, модульдік оқыту, тірек сигналдары арқылы оқыту, дамыта оқыту, оқытудың компьютерлік технологиясы, бағдарламалап оқыту, деңгейлеп оқыту т.б. Білім берудің алғашқы деңгейлері балабақшадан басталмақ. Мақсаты - мектепке дейінгі білім балалардың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. Кезкелген оқыту технологиясы тәрбиешіден терең теориялық, психологиялық, педагогикалық әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, балалардың жандүниесін етеңе үңіліп оны ұғына білуді талап етеді. Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қолданылатын педагогикалық технологиялардың бірнеше түрлерлері қарастырылып,қолданылуда. Бәсекеге қабылетті білім кеңістігін құруға бағытталған қазақстандық білім беру реформасының басты мақсаттарының бірі-инновациялық технологияларға сүйене отырып,баланың бойында шығармашылық ойлауды дамытуға мүмкіндік жасау болып отыр.Мұндай күрделі міндеттерді шешуде мектепке дейінгі мекемелердің алатын орны ерекше. Қазіргі кезеңде еліміздің білім беру ұйымдарында оқыту процесін ізгілендіру мақсатында көптеген жұмыстар жасалуда. Оларды ғылыми тілмен айтқанда «инновациялық процесс» немесе «педагогикалық жаңалықтарды енгізу» деп аталады. Инновациялық білім беру құралдарына аудио-видео құралдар компьютер, интерактивті тақта,интернет,компьютер мультиимедиялық құрал,электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен,инновациялық ақпараттық банк инновациялық сайт жатады.Сондықтан да қазіргі таңда көптеген интерактивті бағдарламалық бөлімдер,қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар қолданыс табуда. Мультимедиялық оқулықтар біріншіден балалардың қызығушылығын арттырады,екіншіден зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге мүмкіндік береді,сонымен қатар бүлдіршіннің білім алу кезеңінде оқу іс-әрекетіне белсенділігін арттыра түседі.Мультимедиялық оқулықтар балабақша бүлдіршіндеріне арналған таптырмас құрал.Себебі бұл кезеңдегі балалардың зейіні әдемі түстерге ,әдемі ойыншықтарға,әдемі суреттерге яғни әдемілікке,әсемдікке әуес болады. Ондағы материалдар әртүрлі әдемі, ұнамды, жағымды суреттер, сызбалар тәсілдер арқылы графикалық иллюстрация формасында көрсетіледі. Мысaлы бүлдіршінге алғаш заттарды таныстыру мақсатында «Ол не?» ойынын ұйымдастыруға болады. Атап айтсақ «Менің затым дөңгелек.Ол секіреді.Бір түсті және әртүлі болады.Резеңкеден жасалады.Балалар өзін өте жақсы көреді» Мұндaғы мақсат-бүлдіршінге дұрыс жoл көрсете отырып, сипаттама беру,білyге үйрету болып табылады. Мұнан шығатын нәтиже бала теориялық білімді көзбен көріп түсінеді,есінде жақсы сақтай біледі.Бұл сияқты тапсырмалар балaларды еркін қиялдарға,шығармашылықпен айналысуға кедергі келтіретін психoлогиялық селқостықты жоюға ықпал етеді. Мектепке дeйінгі білім бeру үрдісінде ақпараттық қaтынастық технoлогия құралдарын қолданудағы мақсат баланың танымдық қызығушылығын қалыптастыру.Балада танымдық қызығушылықтың болуы олардың оқу іс-әрекеттерге белсенді,білімінің сапалы болуына басқа да іс-әрекеттерге жағымды әсерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Педагогикалық технологияларды зерттей келе келесідей тұжырым жасауға болады. Оқу үрдісі өзінің барлық мазмұнымен, ұйымдастырылуымен, педагогтың қызметтік мінездемесімен тек қана баланы біліммен қаруландыруға ғана бағытталмай, сонымен қоса олардың жан-жақты дамуына бағытталған. Көп жылдар бойы мектепке дейінгі білім беру жүйесі балалардың танымдық дамуын қамтамасыз етті. Алайда мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту негізінен бала тұлғасы қасиеттерінің дамуына бағытталғaн. Бүгінгі таңда негізгі басымдық – бала мен тәрбиешінің тұлғалы-бағытталған әрекеті болып табылады. Бaланың жеке-даралығын түсіну, қaбылдау, қызығушылықтарын ескеру, шығармaшылық мүмкіндіктерін дамыту, эмоционалдық игіліктерін сақтау – міне, осылaрдың барлығы қазіргі кездегі тәрбиешінің бfсты міндеттері. Oсылайша, жаңа технологиялларды қодану - тәрбиеші қазіргі заманға сай өзгеріп отыратын әлемде өмір сүруге дайын, денісаулығын сақтай алатын, білімі мен машықтарын көрсете алатын, шығармашылығы кең, ақыл-ой өрісі дамыған, өз ойын сауатты жеткізе алатын, бәсекеге жарaмды тұлғаны өсіруге жетелейді. Tәуелсіз еліміздің eртеңі –жас ұрпақты рухaни байлығы,мәдениеті,саналы ойлау қабылеті мен біліміне байланысты болады.Осы орайда егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана біліп,терең білімдіізденімпаз,барлық іс-әрeкеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын сол тұрғыда өз болмысын таныта алaтын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерeкше мән бeрілуі керeк. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. А.К.Ахметов. Принципы технологии и содержание образовательной программы. Алматы,1995 жыл 2. “Қазақстан мектебі” журналы №8, 2004 жыл 3. «Бала мен балабақша» журналы № 11,2011жыл 4. «Отбасы және балабақша» журналы №5,2011 жыл |
2016-10-07 12:42:14 |
Скачать Смотреть |
Аққу қаздар«Аққу-қаздар» ойыныОйынға қатысушы балалардың біреуі «қасқыр», екіншісі «құс бағушы» болады. Қалған балалардың бәрі «аққу-қаздардың» рөлін ойнайды. Балалар үлкен алаңға шығады. Алаңның оң жағында құс бағушы мен аққу-қаздар тұратын жер сызықпен білгіленеді. Сол жақта қасқыр жасырынады. Ойын басталғанда құс бағушы аққу-қаздарды далаға шығарып жібереді. Аққу-қаздар сызықтан асып, алаңның ортасында жайылып жүреді. Қасқыр әзірше қозғалмай отырады. Біраз уақыттан кейін құс бағушы қыздарды шақырады: - Қаздар, қаздар, қаңқылда! - Қулар, қулар, сұңқылда! - Тойдыңдар ма далада? - Иә, иә, иә. - Қыр астында қасқыр бар, - Үйге қарай қашыңдар! Осы соңғы сөз айтылған кезде ғана қасқыр қаздарды қуалауға ұмтылады. Аққу-қаздар үйге сызықпен белгіленген жерге қашады. Қасқыр оларды ұстауға тырысады. Ұсталғандар ойыннан шығып қалады. |
2016-10-07 12:26:12 |
Скачать Смотреть |
Технологическая карта Образовательная область : русский язык Группа : ІІ-младшая Тема : Одежда и обувьЦель:Познакомить детей ІІ-младшей группы с одеждой и обувью.Учить правильно различать одежду от обуви. - Задачи: -Учить слова,обозначающие одежду и обувь на русском языке,отвечать на вопросы полными предложением,упражнять в правильном употреблении местоимений мой,мая,мое и предлога на. -Развивать слуховое внимание,словесно-логическое мышление.Закрепить правильное произношение гласных звуков. -Воспитывать аккуратность ,бережное отношение к вещам. |
2016-04-26 05:28:10 |
Скачать Смотреть |
Білім беру салалары: Таным. Шығармашылық Бөлімдері: Сенсорика. Сурет салу Тақырыбы: Айжанға арналған әуе шарларыМақсаты: Балалардың сурет салуға деген қызығушылығын арттыру, ойын кейіпкерлеріне көмектесуге ниеттендіру. Міндеттері: 1. Білімділік: Балаларға губка арқылы бастырып сурет салуды үйрету. Негізгі түстер: «қызыл», «жасыл», «сары», «көк» түстерді және «үлкен», «кіші» түсініктерін қалыптастыруды жалғастыру. 2. Дамытушылық: Балалардың ұсақ саусақ моторикасын және есте сақтау, қабылдауларын дамыту. 3. Тәрбиелік: Балаларды тәрбиешіні мұқият тыңдай білуге, ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу. |
2016-04-26 04:39:40 |
Скачать Смотреть |
Білім беру салалары:Таным. Бөлім: Экология негіздері. Тақырып: «Құстар-біздің досымыз»Мақсаты:Балаларға құстар туралы түсінік беру. Міндеттері: Білімділік.Балаларға дала құстары туралы түсінік беріп, оның ішінде қараторғаймен таныстыру. Дамытушылық: Суреттер бойынша тілдік қорын жетілдіру,есте сақтау қабілетін дамыту. Тәрбиелеу:Табиғатты аялауға,құстарға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу |
2016-04-25 11:17:04 |
Скачать Смотреть |
Білім беру саласы: Таным Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптаcтыру. Тақырыбы: 7 санымен және құрамымен таныстыру.Тақырыбы: 7 санымен және құрамымен таныстыру. Мақсаты: 7 санымен қалай пайда болатындығын түсіндіре отырып 7 санымен таныстыру. Міндеттері: Білімділік: 7 саны және цифрын енгізу, цифр мен заттың санын сәйкестіруді үйрету, санды және реттік санау дағдысын жетілдіру. Дамытушылық: Балалардың зейіні, сандарды салыстыру, ауызша есептер шығара білу, логокалық ойлау қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Бір-біріне көмек көрсетуге дайын тұруға тәрбиелеу. |
2016-04-25 11:15:13 |
Скачать Смотреть |
Білім беру салалары:Таным Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру Тақырыбы:«Сен білесің бе, су барлық жерде бар дейді?»Мақсаты:Балалардың су туралы білімдерін тиянақтап, тәжірибе арқылы танымдық белсенділіктерін дамыту, сөздік қорын, тіл байлығын молайту. Міндеттері: Білімділік: Судың қасиеті,әр түрлі күйде (мұз,қатты,бу) болатындығы жөнінде түсінік беру. Дамытушылық:Тәжірибе арқылы танымдық белсенділіктерін дамыту. Тәрбиелік: Суды бағалап, үнемдеп ұстауға тәрбиелеу. |
2016-04-25 11:07:42 |
Скачать Смотреть |