Размер шрифта:

Дәреже: Все

«Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты кітап көрмесінің ақпараты.

16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздігі күніне орай кітапханада «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесі ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасалынды. Көрменің негізгі мақсаты – Тәуелсіздік күнінің маңызын, еліміздің бүгіні мен болашағын терең тарихымызбен байланыстыра отырып насихаттау. #Балаларжылы09 #oqu_agartu_ministrligi; #RUMCDOMONRK #ҚРБҒММОНРК #РУМЦДОМОНРК #AskatAimagambetov #karagandyoblysybilimbaskarmasy #balkash_qalasy_bilim_bolimi @balqash_qalasy_akimdigi @agdarbekovagulmira @uo.krg @umckrg @g.kozhakhmetoova

2022-12-01 12:07:11

Скачать Смотреть

Құқықтық білім беру отырысының ақпараты

2022 жылдың 1 желтоқсаны күні құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша 7-11 сынып оқушыларына «Электронды темекінің зияны» тақырыбында ұлдар ұйымының жетекшісі С.Ельшибеков, медбике Т.Ерденбек және әлеуметтік педагог Ж.Төлеген дәріс өткізілді. Мақсаты: темекі шегудің денсаулыққа қауіпті екендігі туралы мағлұмат беріп, одан жиіркенуге, темекі улы екенін айтып, ұжым болып жұмыс істеуге тәрбиелеу. Оқушыларды зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға, салауатты өмір салтын сақтауға, жат қылықтан аулақ болуға тәрбиелеу. #Балаларжылы09 #oqu_agartu_ministrligi #RUMCDOMONRK #ҚРБҒММОНРК#РУМЦДОМОНРК #karagandyoblysybilimbaskarmasy #balkash_qalasy_bilim_bolimi @balqash_qalasy_akimdigi @agdarbekovagulmira @uo.krg @umckrg @g.kozhakhmetoova

2022-12-01 10:21:03

Скачать

Ахмет Байтурсынұлының туғанына 150 толуына байланысты конференция

Сәкен Сейфуллин атындағы «Ортарлықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ ның ұйымдастыруымен Ахмет Байтурсынұлының туғанына 150 толуына байланысты конференцияға өткізілді. мектебіміздің 8 В сынып оқушысы Сапар Сабина іс-шараға белсене қатысып, «Алғыс хатпен» марапатталды. #Балаларжылы09 #oqu_agartu_ministrligi; #RUMCDOMONRK #ҚРБҒММОНРК #РУМЦДОМОНРК #AskatAimagambetov #karagandyoblysybilimbaskarmasy #balkash_qalasy_bilim_bolimi @balqash_qalasy_akimdigi @agdarbekovagulmira @uo.krg @umckrg @g.kozhakhmetoova

2022-11-29 15:16:12

Скачать Смотреть

№9 жалпы білім беретін мектебінде 1-11 сынып ата-аналарына арналған психологиялық іс-шараның ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 24.11.22 ж. күні ZOOM платформасында 1-11сынып оқушыларының ата –аналар жиналысы өтті. «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы бойынша директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Д.Сагимбекова ,«Бала тәрбиесіндегі имандылық тәрбиенің маңызы» тақырыбында мектеп психологы Р.Сатимбекова баяндама оқыды. Дін мен оның құндылықтарының қоғам өміріндегі маңызы және оқушыларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында тренинг өткізіп, сауалнама алынды.

2022-11-24 16:48:22

Скачать Смотреть

ЖББ №9 мектебінің «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 1 тоқсанда оқыған кітаптары бойынша қорытынды есеп

1 тоқсанда «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Оқы да, жеңіске жет!» марафоны бойынша 5-11 сынып оқушыларына оқуға мына кітаптар ұсынылды: 5 сынып «Қобыланды батыр», 6 сынып Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа», 7-сынып Мұқтар Әуезов «Көксерек», 8 – сынып Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» , 9- сынып Бейімбет Майлин «Шұғаның белгісі», 10 сынып Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы. Мақсаты: Оқушылардың кітап оқу дағдысын қалыптастыру, кітапқа деген қызығушылығын артыру, кітап оқуға үндеу, Осы оқылған кітаптар негізінде 5-10 сынып оқушыларынан оқылған шығармалары бойынша тест жұмыстары алынды. Нәтижесінде сыныптар төмендегідей көрсеткіш берді. 5 А сыныбы – 100% 5 Ә сыныбы - 52% 5 Б сыныбы - 30% 6 А сыныбы - 41% 6 Ә сыныбы - 33% 6 Б сыныбы - 62% 7 Ә сыныбы - 40% 7 Б сыныбы - 5% 8 А сыныбы - 25% 8 Ә сыныбы - 62% 8 Б сыныбы – 31% 8 В сыныбы - 88% 9 Ә сыныбы - 100% 9 Б сыныбы - 23% Кітап оқуда және шығарманың мазмұнын жетік білуде жақсы жетістік көрсеткен 5 А, 9 Ә сыныптарына алғыс білдіреміз.

2022-11-24 11:17:04

Скачать Смотреть

Аттестациядан өтудің перспективті жоспар

Аттестациядан өтудің перспективті жоспар

2022-11-23 19:31:19

Скачать Смотреть

№9 жалпы білім беретін мектебінде мектеп психологының 9- сынып оқушыларымен өткізген психологиялық іс-шараның ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 21.11.22 күні мектеп психолгі 9- сынып оқушыларына кәсіптік бағдар таңдау бойынша психологиялық қолдау көрсету мақсатында «Менің мамандығым - менің болашағым» атты тренинг өткізді. Оқушылар мамандық таңдау, олардың әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта - ықыласын, қызығушылықтарын арттыруға тапсырмалар орындады. «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында оқушылар таңғадаған мамандықтары туралы ақпарат берді. ."Әріпті мамандық», «Ең - ең...» ойындарында көптеген мамандық атауларымен танысты. #Балаларжылы09 #oqu_agartu_ministrligi; #RUMCDOMONRK #ҚРБҒММОНРК #РУМЦДОМОНРК #AskatAimagambetov #karagandyoblysybilimbaskarmasy #balkash_qalasy_bilim_bolimi #9мектеппсихологы @balqash_qalasy_akimdigi @agdarbekovagulmira @uo.krg @umckrg @g.kozhakhmetoova

2022-11-23 11:46:17

Скачать Смотреть

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Оқы да, жеңіске жет!» атты кітап оқу марафонының ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында 22.11.22ж «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Оқы да, жеңіске жет!» атты кітап оқу марафонында 5 сынып оқушылары Аяз би ертегісін оқып, талқылады. #Балаларжылы09 #oqu_agartu_ministrligi; #RUMCDOMONRK #ҚРБҒММОНРК #РУМЦДОМОНРК #AskatAimagambetov #karagandyoblysybilimbaskarmasy #balkash_qalasy_bilim_bolimi @balqash_qalasy_akimdigi @agdarbekovagulmira @uo.krg @umckrg @g.kozhakhmetoova

2022-11-22 17:12:13

Скачать Смотреть

«КАНИКУЛДА КІТАП ОҚИМЫЗ» атты республикалық марафонның бірінші кезеңі

1-10 қараша аралығында 2-11 сынып оқушылары «КАНИКУЛДА КІТАП ОҚИМЫЗ» атты республикалық марафонның бірінші кезеңіне белсене қатысып, мектебіміздің 3 Б сынып оқушылары тіркеліп электронды кітап сыйлыққа ұтып алды және сертификат, ата— аналары «Алғыс хатпен» марапатталды. Мақсаты: Ұлы Абайдың «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге, Артық ғылым кітапта, Ерінбей оқып көруге» деген мағыналы сөздерінен кітап оқудың кез-келген тұлғаны дамытудың қайнар көзі екенін түсіндіру.

2022-11-21 16:23:08

Скачать

9 жалпы білім беретін мектебінде мектеп психологының 7 сынып оқушыларымен жүргізілген іс-шараның ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 21.11.22 күні мектеп психолгі 7 сынып оқушыларымен сынып қолайлы психологиялық климат орнату және ұжымды біріктіру мақсатында психологиялық тренинг өткізді. Тренинг барысында сынып жайлы әңгімелесіп, оқушылар арасындағы қарым - қатынас туралы кеңестер айтылды. «Екеуміздің ұқсастығымыз сонда...» жаттығуында оқушылар бір-бірінің жағымды қасиеттерін айтып, мақтау сөздерін арнады. Тұлға аралық қатынастағы кедергілерді жою, коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Мен саған сенемін» атты жаттығу орындады. «Тілектер» жаттығуында оқушылар бір-біріне тілектерін арнап , тренингтен алған әсерлерімен бөлісті. #Балаларжылы09 #oqu_agartu_ministrligi; #karagandyoblysybilimbaskarmasy #balkash_qalasy_bilim_bolimi @balqash_qalasy_akimdigi @uo.krg @umckrg

2022-11-21 12:10:30

Скачать Смотреть

№9 жалпы білім беретін мектебінде мектеп психологының бірінші сынып оқушыларымен өткізген психологиялық іс-шараның ақпараты

18 қараша күні мектеп психологы Сатимбекова Р.М.1-сынып оқушыларымен психологиялық жаттығулар ұйымдастырды. Бір-біріне деген сенімді және мейірімді қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында «Біз біргеміз», «Алақан» жаттығуларын жасады. Оқушыларға жағымды көңіл-күй сыйлап, сенімді байланыс орнатуға арналған «Құлап сену» жаттығуы орындалды. Соңын тыныс реттеу жаттығуларымен аяқтады. Психолог : Сатимбекова

2022-11-18 16:12:31

Скачать Смотреть

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Оқы да, жеңіске жет!» атты кітап оқу марафонының ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында 17.11.22ж «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Оқы да, жеңіске жет!» атты кітап оқу марафонында 3 Ә сынып оқушылары әр түрлі ертегі кітаптарын оқып, өз ойларын ортаға салды. #Балаларжылы09 #oqu_agartu_ministrligi; #RUMCDOMONRK #ҚРБҒММОНРК #РУМЦДОМОНРК #AskatAimagambetov #karagandyoblysybilimbaskarmasy #balkash_qalasy_bilim_bolimi @balqash_qalasy_akimdigi @agdarbekovagulmira @uo.krg @umckrg @g.kozhakhmetoova

2022-11-17 17:32:00

Скачать Смотреть

бiрiншiсi 1 17 18 19 20 21 61 соңғысы