Размер шрифта:

Категория: Все

✅ EFU USA-Israel-Kazakhstan-Kyrgyzstan онлайн курс. Халықаралық авторлық жоба.

✅ EFU USA-Israel-Kazakhstan-Kyrgyzstan онлайн курс. Халықаралық авторлық жоба. ✅ EFU - English Friendly University. Халықаралық балаларға арналған қосымша білім беру университеті. Бүкіл әлемдік пандемия кезінде оқушылардың қашықтықтан оқыту кезінде уақытын тиімді және қызықты өткізу мақсатында ұсынылды. Бұл курс ағылшын тілінің базалық деңгейін және балалар мен жасөспірімдерге арналған жазушылар жобасын қамтиды. ✅Халықаралық онлайн чат жұмысы 24 наурыздан 26 сәуірге дейін тегін оқытылды . ✅Марапаттау, сертификат және EFU сағаты үздік оқыған қатысушыларға 3 мамыр күні тапсырылды. Электронды форматта. Бұл курсқа Нұр-Сұлтан қ, Алматы қ, Алматы облысы, Қарағанды облысы бойынша Балқаш қ, Сатпаев қ, Жезқазған қалаларынан әр түрлі жастағы оқушылар мен студенттер қатысты. ✅ Курс мақсаты: бастапқы ағылшын тілін дамыту, меңгеру. Нәтижесінде үздік қатысушылар EFU сертификаттарымен марапатталды. ✅Біздің мектеп-лицейімізден қатысқан оқушылар: Оразбай Ақерке – 6 «А» сынып Ермек Жанар – 6 «А» сынып Ілияс Гаухар – 6 «А» сынып Сартаев Жан – 7 «В» сынып Айтқұл Айша – 5 «Ә» сынып ✅Келесі «Жазушы» жобасына 1 айлық грант ұтып алған оқушылар: Ермек Жанар Оразбай Ақерке Ілияс Гаухар Оқушалар шексіз алғыстарын білдіріп, оң пікірлерімен бөлісуде. Жоба авторы: Паулина Кравцқа, бастамаға қолдау көрсеткен ата-аналар қауымдыстығы мен мектеп-лицей басшысы Қарлығаш Шәкарімқызына көп рахмет. Мақала авторы: Баженова Асель Оразбековна ағылшын тілі мұғалімі. Балқаш қаласы, Қарағанды облысы, Қазақстан Республикасы. #ООБ_школадома

2020-05-05 23:27:50

Скачать Смотреть

”Біздің күшіміз бен гүлденуіміз-Қазақстан Халқының бірлігінде”. #ООБ_1Мамыр

”Біздің күшіміз бен гүлденуіміз-Қазақстан Халқының бірлігінде”. Бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен құрметтің орнығуына негіз болған Тұңғыш Президентіміздің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Осыған орай, мектеп-лицейіміздің 1-11 сынып оқушыларына “Бірлік пен Келісім” тақырыбында онлайн тәрбие сағаттары болды. “Қашықтан оқу және оқыту технологиясы” бойынша жүргізілген тәрбие сағаттары түрлі платформаларда өткізілді. 1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! #ООБ_1Мамыр

2020-05-01 23:15:15

Скачать Смотреть

24.04.2020ж. күні жаратылыстану-математика кафедрасында ZOOM платформасы арқылы жиналыс өтті. Модераторы: Садвокасова А.Т. кафедра жетекшісі: Бақытқызы П. ➢ Цифрлық білім беру ресурстарын тиімді пайдалануда оқушылардың БЖБ,ТЖБ тапсырмаларын орындауда акад

24.04.2020ж. күні жаратылыстану-математика кафедрасында ZOOM платформасы арқылы жиналыс өтті. Модераторы: Садвокасова А.Т. кафедра жетекшісі: Бақытқызы П. ➢ Цифрлық білім беру ресурстарын тиімді пайдалануда оқушылардың БЖБ,ТЖБ тапсырмаларын орындауда академиялық адалдық.(тәжірибе алаңы) ➢ Төртінші тоқсанның жиынтық жұмыстарын ұйымдастыру; 29.04.2020ж. күні қоғамдық-гуманитарлық кафедрасында ZOOM платформасы арқылы жиналыс өтті. Модератор: Ерменбетова Г.О. кафедра жетекшісі: К.Б.Тайжанова ➢ Қашықтан оқыту үрдісінде цифрлық білім беру ресурстарын тиімді пайдалану; ➢ Төртінші тоқсанда жиынтық жұмыстарды жүргізу жөнінде әдістемелік ұсынымдар беру; 29.04.2020ж. күні бастауыш білім беру кафедрасында ZOOM платформасы арқылы жиналыс өтті. Модератор: Жакыпбекова М.Б. кафедра жетекшісі: Г.Сатыбалдина ➢ Қашықтан оқыту жағдайында тиімді кері байланыс жолдары.(тәжірибе алмасу) ➢ БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын ұйымдастыру; 30.04.2020ж. күні шет тілдер кафедрасында онлайн жиналыс өтті. Жиналыста 4-тоқсанның БЖБ және ТЖБ жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу кестесімен таныстырылды. #ООБ_школадома

2020-05-01 10:58:26

Скачать

28 сәуір 2020 жылы мектеп-лицей әкімшілігіне ZOOM платформасы арқылы мектеп-лицей директорының басшылығымен жиналыс өтті.

28 сәуір 2020 жылы мектеп-лицей әкімшілігіне ZOOM платформасы арқылы мектеп-лицей директорының басшылығымен жиналыс өтті. Жиналыс барысында: - қашықтан оқыту жағдайында тәрбие мен оқу үдерісіндегі сәуір айының медиа жоспарына сараптама жасалды; - 9,11-сыныптар үшін еңбекке орналасуы; - 11-сынып түлектерінің маусым айында өтетін ҰБТ-ға дайындығы; - «Алтын белгіге» үміткер оқушылардың құжаттарын зерделеу; - Мамыр айында атқарылатын медиа жоспарлары сараланды; - «Жаз-2020» іс-шараларын назарда ұстау; т.б

2020-04-29 13:22:30

Скачать Смотреть

«Оқу мәдениетін қалыптастырудағы отбасы өміріндегі кітаптың алатын орны»

18.04.2020 күні Қалалық Білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Әлихан Бөкейханов атындағы Балқаш қаласының № 15 мектеп –лицейі» КММ-нің кітапхана меңгерушісі Башарова Гульнар Тайкеновна «Оқу мәдениетін қалыптастырудағы отбасы өміріндегі кітаптың алатын орны» тақырыбында пікір-сұхбат өткізді. Спикер «Оқитын отбасы-табысты отбасы» жайлы төтенше жағдайларға байланысты отбасыларымен жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы қала кітапханашыларымен ой бөлісті.

2020-04-28 22:54:57

Скачать

«Қашықтан оқыту үрдісінде сергіту жаттығуларын ұйымдастыру»

Балқаш қаласының білім бөлімінің жоспарына сәйкес 17 сәуір күні педагогтармен ой бөлісіп, тәжірибе алмасуда “Әлихан Бөкейханов атындағы Балқаш қаласының №15 мектеп - лицейі” КММ-нің дене шынықтыру пән мұғалімі Искакова С.С. «Қашықтан оқыту үрдісінде сергіту жаттығуларын ұйымдастыру» тақырыбында қалалық деңгейде онлайн семинар өткізді. Мақсаты: балалардың денсаулығын нығайту, оқыту мотивациясын арттыру. Семинар барысында мұғалім өзі сабақ беретін 5 сынып оқушыларымен ұйымдастырып отырған таңғы және сабақ арасындағы сергіту жаттығуларымен ой бөлісті. Оқушылармен бірлесе жүргізген оқу сабақтарының кері байланысын ұсынды. #балқашбілім#школадома#бізбіргеміз

2020-04-28 16:25:43

Скачать Смотреть

"Қашықтықтан оқыту үрдісінде математика пәнінен БЖБ тапсырмаларын құрастыру және нәтижесін бақылау"

"Әлихан Бөкейханов атындағы Балқаш қаласының №15 мектеп -лицейі" КММ -нің жаратылыстану - математика кафедрасының математика пәнінің мұғалімдері А.Садвокасова мен Н.Тусупова 2020 жылдың 24 сәуірінде "Қашықтықтан оқыту үрдісінде математика пәнінен БЖБ тапсырмаларын құрастыру және нәтижесін бақылау" тақырыбында онлайн вебинар өткізді. Қашықтан оқыту-білім берудегі жаңа технологиялардың бірі CLASSROОM google. com бағдарламасында Google Форма арқылы БЖБ тапсырмаларын құрастыру және нәтижесін бақылау жолдарын көрсетті. Семинарда пəн мұғалімдері өз тəжірибелерімен бөлісті. #балқашбілім#школадома#бізбіргеміз

2020-04-28 16:10:59

Скачать

«Қашықтан оқыту үдерісінде математика сабақтарында қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын әзірлеу» тақырыбында қалалық онлайн семинар

“Әлихан Бөкейханов атындағы Балқаш қаласының №15 мектеп - лицейі” КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Кутжанова Анара Мажитовна «Қашықтан оқыту үдерісінде математика сабақтарында қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын әзірлеу» тақырыбында қалалық онлайн семинар өткізді. Педагогтарға өзіндік жұмысты ұйымдастыру процесі мен білім алушылардың тапсырмаларын орындау процессі жайлы ережелері және оқу тапсырмаларының көлемі және олардың орындалу уақыты, жайлы қысқаша ақпарат берді. Сонымен қатар қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын әзірлеу барысындағы өзінің іс тәжірибесі бойынша қолжетімді интернет- платформалар, цифрлық білім беру ресурстары, WhatsApp, басқа мессенджерлер пайдалануды қалай қолдану қажеттігі жайлы ой бөлісті. Әсіресе BilimLand, Darin online, Оpiq.kz, GoogleClassRoom ресурстарының білім алушылар мен педагогтарға тиімді жақтарын көрсетті. Білім алушылар мен әріптестердің денсаулығына қолдау мақсатында «Зерек» жобасының элементтері де қолданыс тапты. Семинар соңында әріптестер көкейкесті сұрақтарын қойып, пікір алмасып, олар да өз тәжірибелерімен бөлісті. #балқашбілім#школадома#бізбіргеміз

2020-04-28 15:58:39

Скачать

2020ж.28.03. "Әлихан Бөкейханов атындағы Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі" КММ-і педагогикалық ұжымымен Zoom платформасы арқылы онлайн педагогикалық кеңес өтті.

2020ж.28.03. "Әлихан Бөкейханов атындағы Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі" КММ-і педагогикалық ұжымымен Zoom платформасы арқылы онлайн педагогикалық кеңес өтті. #балқашбілім#школадома#бізбіргеміз

2020-04-28 14:14:04

Скачать

2019-2020 оқу жылының түлектері мен ата-аналарына арналған zoom платформасы арқылы онлайн вебинар өтті.

2019-2020 оқу жылының түлектері мен ата-аналарына арналған zoom платформасы арқылы онлайн вебинар өтті. Мектеп-лицей директоры Қарлығаш Шәкәрімқызы ең маңызды деген ақпараттарға тоқталды. ➢ «Орта техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығы бойынша өзгерістермен таныстырылды.(ҚР БҒМ 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 149 бұйрығы) ➢ Маусым айында өтетін ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін онлайн жүйесінде өтініш білдірудің ережесімен (https://ent2020.testcenter.kz/registration) жан-жақты таныстырылып мағлұмат берілді.

2020-04-28 13:26:41

Скачать

«Төртінші тоқсандағы екі апта» атты мектеп-лицей директоры Қарлығаш Шәкәрімқызының модераторлығымен тікелей эфирде ашық алаң ұйымдастырылды.

«Төртінші тоқсандағы екі апта» атты мектеп-лицей директоры Қарлығаш Шәкәрімқызының модераторлығымен тікелей эфирде ашық алаң ұйымдастырылды.

2020-04-21 20:58:18

Скачать Смотреть

✅ Мектеп-лицей психологынан оқушыларға кеңес #балқашбілім#школадома#бізбіргеміз

✅ Мектеп-лицей психологынан оқушыларға кеңес #балқашбілім#школадома#бізбіргеміз

2020-04-13 23:09:33

Скачать

первая 1 21 22 23 24 25 26 последняя