Мектеп-лицейдің паспорты

Атауы

Қарағанды облысы білім басқармасының

Балқаш қаласы білім бөлімінің

«Әлихан Бөкейханов атындағы

№15 мектеп-лицейі» КММ

Директор Дубирбекова Карлыгаш Шакаримовна
Мекен - жайы

Балқаш қаласы, Шашубай Қошқарбаев

мөлтек ауданы,11А.

Сыйымдылығы 1176 оқушы
Құрылыс басталуы 2007жыл.
Жұмыс орны Педагогтер– 113
Оқушылар контингенті

1—11 сыныптар-954

Даярлық сынып-100

Оқыту тілі Қазақ тілі
Мектеп-лицейдің  электрондық поштасы/веб -сайт

http://school15balkhash@mail.ru

https://balkhash.goo.kz/index/fromorg/15

Мінездеме

«Әлихан Бөкейханов атындағы Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» КММ

Елбасының «100 мектеп,100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы негізінде

2008 жылы 12-желтоқсанда ашылды. Ғимарат - үш қабатты, типтік ғимарат. Көп кешенді

корт – стадион, спорт залдар (кіші және үлкен), шеберханалар - 4 , мәжіліс залы -1, 240 орындық

асхана, екі медициналық кабинет. Жобалық қуаттылығы– 1176. Мектеп-лицейдің бағыты жаратылыстану-физика.

І қабатта «Көшбасшылар залы», «Ұлы дала мұрагерлері» орталығы, «Ұлттық орталық», «Туған өлкем-неткен көркем»,

«Жолда жүру ережесі» залдары бар. ІІ қабатта «Бабалар залы», «Түлектер аллеясы», «Тәуелсіздік тағылымы орталығы»,

ІІІ қабатта «Ерлік залы», «Алаштану» орталығы және оқушылардың рухани-адамгершілік дамуын қамтамасыз етуге

бағытталған мектеп-лицей кітапханасы барлық қажетті оқулықтармен, заманауи әдістемелік әдебиеттермен жабдықталған.

Қазақтың халық шығармашылығын насихаттау, ұлттық өнерге қолдау көрсету және жас ұрпақты өнерді құрметтеуге баулу

мақсатында жұмыс атқарылуда. Ұлы тұлғаның ұлағатты ісі мен қызметін насихаттау елін, жерін сүюге тәрбиелеуге бағыттауда

«Әлихантану» курсы жүргізілуде. Оқушыларды мамандықты саналы таңдауға дамытуда өнімді еңбекке тарту мақсатында қаладағы

колледждермен серіктестікте жұмыс істеу аясында  педагогикалық мамандыққа ынталандыру «Педсынып» жобасы іске асырылуда.

Оқушылардың жан жақты дамуына жағдай жасау мақсатында барлық сыныптарда үлгілік оқу жоспарындағы «Денешынықтыру» пәнінің үшсағатыныңбірсағаты«Тоғызқұмалақ»,«Үстелтеннисі»ойындарына, сонымен қатар, оқушыны ерте жастан кәсіпке баулуда мектеп-лицейде «Экономика және қаржы сауаттылығы» жүйелі жүргізілуде. Оқушыларды еңбек тәрбиесіне араластыру арқылы өз ұлтымыздың ұлттық қолөнеріне үйретуде «Гобелен», «Ши тоқу», «Сән студиясы», «Эксклюзив», сондай-ақ,«Жасыл мектеп» әлеуметтік-педагогикалық  жобасы өз нәтижесін және өнімін көрсетті

Мектеп-лицей оқушылары қалалық, облыстық, республикалық олимпиадалардың  бірнеше дүркін жеңімпаздары. Мектеп-лицей оқушыларынан соңғы үш жылдағы жетістіктері  оң динамиканы көрсетеді. Табысты оқушылардың үлесінің артуына мектеп-лицейдегі жобалардың ықпалы басым және оң нәтижелер көрсетуде, яғни зияткерлік әлеуетінің артуы мен  адами капиталдың сапалы өсуі басты басымдықта.