Размер шрифта:

Дәреже: Все

«Ертегі кейіпкерлері шақырады» атты библиофреш

№9 ЖББ мектебінде кітапханашының ұйымдастыруымен биылғы жылы мектеп кітапханасына келіп түскен жаңа кітаптармен таныстыру мақсатында «Ертегі кейіпкерлері шақырады» атты библиофреш өтті. Аталған іс-шараға 1сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: Оқушыларды жаңа кітаптармен таныстырып ,шолу жасау.Ертегі кейіпкерлері арқылы балаларды жан-жақты тәрбиелеу. Ертегі арқылы балаларды мейірімділікке, еңбексүйгіштікке,әрдайым көмек көрсете білулеріне, өмірлік оң көзқарастарына тәрбиелеу.

2022-02-15 14:31:11

Скачать Смотреть

5-сынып оқушыларына «Менің өмірлік құндылықтарым» атты тренинг

Ақпан айының 11-жұлдызында мектеп педагог-психологтары: С.Абеуова Ф.Садуакасова 5-сынып оқушыларына «Менің өмірлік құндылықтарым» атты тренинг өткізді. Оқушыларға өмірлік құндылықтарын, құрметтей, бағалай білуге және өз ойларын, сезімін ашық, еркін қысылмай жеткізе білуге дағдыландырды. «Жүректен-жүрекке», «5-құндылық», «Ұстаздың ұлағаттысөздері»топтық жұмыс жаттығулары жүргізілді.Тренинг соңында оқушылар бір-біріне жылы сөздер айтып, оқушылар өз ойларын ортаға салып, белсенділік танытты.

2022-02-15 10:46:28

Скачать Смотреть

«Ұрпаққа үлгі болған ерлік жылдар» атты көрмеге

11.02.2022 ж мектеп кітапханасында «Ұрпаққа үлгі болған ерлік жылдар» атты көрмеге шолу жасалды. Шараның мақсаты: Ауған оқиғасы жайлы оқушыларға мәлімет беру. Тәуелсіздік жолында күрескен аға – апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу.Отанға деген патриоттық сүйіспеншілігін қалыптастыру;өз тарихына қызығушылығын арттыру.

2022-02-11 08:21:51

Скачать Смотреть

«Достық шеңбері» тақырыбында тренинг

Ақпан айының 10-жұлдызында мектеп психологы: С.Абеуова 4-сынып оқушыларымен «Достық шеңбері» тақырыбында тренинг өткізді. Шаттық шеңберімен бастап , есімдерінің бас әрпінен басталатын сын есімдерден бір-бірлеріне жақсы сөз айтып,жүрекпен алмасты. «Жағдаят», «Достық сақинасы», «Достық ағашы», «Досыңды тап» жаттығуларымен жалғасын тап.

2022-02-10 15:15:23

Скачать Смотреть

«Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» атты кітапханалық сағат

№9 жалпы білім беретін мектебінде09.02.2022ж. ұлы ақын, Мұқағали Мақатаевтың (1931-1976) туғанына 91жыл толуына орай мектеп кітапханасында «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» атты кітапханалық сағат өтті,сонымен қатар « Мұқағали- мәңгілік ғұмыр» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.Шараға 3 Асынып оқушылары қатысты. Мақсаты: Оқушыларға Мұқағали Мақатаев ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы айтып, көрмеге шолу жасау.

2022-02-09 14:36:59

Скачать Смотреть

«Алтын белгіге»,«Үздік аттестатқа» психологиялық қолдау

Ақпан айында мектеп психологы Ф.Садуакасова 11-сынып оқушысы «Алтын белгіге»,«Үздік аттестатқа» үміткер оқушымен психологиялық жеке кездесу өткізді. Совет Мухаммадрасулға психологиялық бағыт бағдар, кеңестер беріліп, сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ дұрыс тамақтану,күн тәртібі, қорқыныш, мазасыздану, ҰБТ-ға қалай дұрыс дайындалуға болатыны айтылып, болашағын қағаз бетіне түсіру терапиясы арқылы, болашақтағы өзінің іс-әрекетін бейнелеп берумен аяқталды.

2022-02-09 10:25:17

Скачать Смотреть

«Нақты сенім»тренинг

Мектебімізде мектеп психологы Ф.Садуакасова 11-сынып оқушыларымен «Нақты сенімді тұлға» атты тренингі өткізді. «Талдау», «Жас түлектердің стреске жақындығын айқындау», «Менің жаңа өмірім», «Афермация» жаттығулары жасалып, осы тренингтен алған әсерлерін айтып бөлісті. Мақсаты: Мектеп түлектерінің ҰБТ-ға дайындығын тексере отырып, қорқыныш пен іштей қинаған сезімдерден құтылуға, адал болуға психологиялық көмек көрсете отырып, бойларына сенімділік ұялату.

2022-02-09 10:22:15

Скачать Смотреть

«Өмірімнің мәні» атты тренингі

Ақпан айында 9-сынып оқушыларымен мектеп психологы Ф.Садуакасова «Өмірімнің мәні» атты тренингін жүргізді. «Өмірдің мәні туралы ойланбайтын адам бар ма?» деп оқушыларға сұрақ қоюдан басталды. Оқушылар шеңберге жиналып, бір - бірімен сәлемдесті де М. Мақатаевтың «Өмір жайлы» әнін айтып, талдау сұрақтарына жауап берді. Тренингте «Түймедейді түйедей ету», «Мен жалғыз емеспін», «Ассоциация» жаттығулары өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың өмірге деген ой пікірлерін ортаға салдыру, олардың адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа, достыққа, сыйластыққа үйрету; Өмірден өз орындарын таба білу, өмірге жақсы көзқараспен қарауға, қадірлей, бағалай білуге тәрбиелеу.

2022-02-08 15:30:15

Скачать Смотреть

№9 жалпы білім беретін мектебі (Адалдық сағаты)

8.02.22 күні 5- сыныптарда «Адалдық сағаты» болып өтті. Адалдық сағатының мақсаты: Жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар аясында өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелеу. Адалдық, Парасаттылық, Әділдік және Сенім құндылықтарын насихаттау мақсатында, жемқорлық – індет, оның алдын алу міндет екендігі, жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар аясында өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелеу жайында екендігі, «Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ» немесе Адалдық жүрген жерде адамдық жүретіндігі туралы оқушыларға айтып, түсіндірді.

2022-02-08 14:32:01

Скачать Смотреть

7-11 сынып оқушыларының ата- аналарына жиналыс

Мектебімізде мектеп психологы Ф.Садуакасова 5.02.22 күні 7-11 сынып оқушыларының ата- аналарына жиналыс өткізді. Күн тәртібінде «Мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастық», «Мамандық таңдау», «Балалардың желі қауіпсіздігі» тақырыптарына тоқталды. Жиналыс барысында ата–аналарға баланың болашақ өмірін қалыптастыру, интернетті дұрыс пайдалану жолдары, зияны және пайдасы туралы түсінік берілді. Жеткіншектердің мамандыққа бейімделу мен қабілеттілігін ертерек анықтап, болашақ мамандықтарын бірлесе отырып шешу керектігіне тоқталды.

2022-02-07 09:17:11

Скачать Смотреть

«Жемқорлыққа жол жоқ»

7.02.22 күні «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында «Адал ұрпақ» еріктілер клубының ұйымдастыруымен 10-11 оқушылары арасында әңгіме сағаты өтті. Мақсаты – құқықтық және ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, еңбек дағдыларын және дүниетанымдарын кеңейту. Оқушылар өз ойларын жарыса айтып, ол жерде әділетсіздіктің орын алғанын баяндады. Одан әрі мұғалім «құқықбұзушылық», «коррупция» туралы түсініктер берді.

2022-02-07 09:13:15

Скачать Смотреть

Оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру үшін перспективті (ұсынылатын) екі апталық ас мәзірі

Оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру үшін перспективті (ұсынылатын) екі апталық ас мәзірі

2022-02-05 09:24:04

Скачать Смотреть

бiрiншiсi 1 35 36 37 38 39 66 соңғысы